тоғыз атаға шейін хандық үзілмей келді деп, əр нəрсенің дара жасы тоғыз тоғыздан болсын деп
ырым қылған екен. Сол үшін қазақ жұртында түйе бастатқан тоғыз мал байлайды. Торқалы
тойға тоғыз, топырақты өлімге тоғыз бастатып сый-сияпат қылысады”.
“Тоғыз” қазақтың əдет-ғұрып ережелерінің ішінде берік орын алған түсінік. Қазақ шежіресі оның
шығу тарихын бір жағынан генеалогиялық жүйемен байланыстырса (тоғыз ата бойынша туыстық
жалғастық), екіншіден саяси орнықтылықпен тікелей байланыстырады (тоғыз ата бойы биліктің
үзілмеуі). Бұл салт бертінге дейін əдет-ғұрып заңдары аясында қарым-қатынас құралы болып
қызмет атқарды. Сонымен бірге негізгі мағынасын сақтап қалуы да кездеседі. Мəселен, ерте
уақытта, жерге жеке меншікті мойындай қоймайтын кезде, бір жерде (қыстау) адамның қанша
жыл мекен еткеніне қарайды. Егер ол бір жерде үзбей тоғыз жыл отырса, онда сол жер сол кісінің
меншігі есепті (42, ч.3, с. 213).
Уыз хан заманындағы Евразия көшпелілерінің мемлекеттік – саяси құрылысы, этникалық
құрылымының ерекшеліктері “Оғыз-намэ” жырынан көрініс береді. Олардың ішінде көзге түсетіні
билік дəстүрлері, əкімшілік құрылым, мұрагерлік мəселелері. Мəселен, Уыз хан қалың əскерімен
Шам елінде жүргенде болған екен – мыс деп шежіре мынадай бір əңгімені айтады: “Ол жорықта
Уыздың қасында бір ақылғөй қария бар еді. Оның аты Ұлық Түрік еді. Сол қария бір күні түс
көреді, түсінде бір алтын жақ, үш күміс оқ көреді. Ұйқыдан тұрып түсінде көргенін Уыз ханға
білдіреді…Ақылмен жүрді. Уыз қаған Ұлық Түріктің сөзін жақсы көрді, ақылын сұрады.
Уыз ханның алты ұлы бар еді. Ұлық Түріктің ұсынысы бойынша үш үлкен ұлын шығыс жаққа
жұмсады, үш кіші ұлын күн батысқа жұмсады. “Күн, Ай, Жұлдыз (Уыздың балаларының аттары –
Ж.А.)көп аң, көп құс аулаған соң, жолда бір алтын жақ тауып алды, атасына əкеп берді…Тағы
онан соң Көк, Тау, Теңіз көп аң, көп құс аулаған соң, жолда үш күміс оқ тауып алды, атасына əкеп
берді.
-Сіз үш үлкен ұлым, - деді уыз хан, алтын жақ тауып əкелдіндер жəне оны бұзып алдыңыздар.
Сіздер бүгіннен бастап қиямет қайым болғанша “Бұзоқ” атанасыңдар.
-Сіз үш кіші ұлым, үш оқ тауып əкелдіңіздер, сіздер “үшоқ” атанасыздар.
-Жақты жəне оқты тапқандарың адамның ісі емес, тəңірінің бұйрығы. Бізден бұрын өмір сүрген
халық жақты патшаға теңеп, өздерін оқпыз деп білген. Мен өлгеннен кейін Күн хан менің тағыма
отырсын, - деп өсиет қылды Уыз хан. Ақыр заман болғанша Бұзоқтың бір жақсысы патша болып,
өзгелері дүние таусылғанша нөкерлікке риза болсын!” (66, б.40-41).
|