мен ру билігі арасындағы күрес те өз табиғатынан алшақ емес. Тіпті Ресейдің хан билігін
əлсіретуді көздеген арандату саясатының арқасында қара сүйек ішінен шыққан беделді билердің
тарапынан хан билігін мойындамау мысалдары көп. Хан мен билер арасындағы тірес, күресті біз
ерте көшпелілерден де көреміз. Бұл күрес орта ғасырларда да өз жалғасын тапты. Алтын Орда
заманында Шыңғыс əулетінің əлсіреуі, Бату тұқымының саяси сахнадан кетуі Тоқтамыс пен Едіге
арсындағы бақталастықты күшейтіп жібергенін де білеміз. Абылайға да алдымен қарсы тұрған өз
қарамағындағы Орта жүздің
бірсыпыра билері, оның ішінде Орта жүздің орда биі болған Қаз
дауысты Қазыбектің бел баласы Бекболат би еді.
Жаугершілік уақытта хан билігінің үстемдігін амал жоқ мойындайтын көшпелілер бейбітшілікте
саяси биліктің күшейгенін қолдай бермейді. Абылайдың ұлыс билігін күшейтпек мақсаты
Бекболат, Едіге сияқты билер тарапынан қарсылық туғызғаны да осы тұрғыдан заңды. Бұл қарама-
қарсылық тарихқа “Абылай аспас Арқаның Сарыбелі” деген атпен енді. Орта жүздің Мейрам
баласы (қуандық, сүйіндік, қаракесек) елдерінен жиналған үлкен
қол Абылайды шаппақ болып
айбат шеккені де осы оқиға аясында түсінікті болады.
Екі жақ Көкшетау маңында Жолдыөзек деген жерде кездескен екен дейді. “Ертең таң ата қараса
желкілдеген ту да жоқ, жер қайысқан қол да жоқ, бір-екі атты келеді екен дейді. Бұл неғылған жан
деп таңырқап тұрса Абылай хан мен Балта-керей Тұрсынбай батыр екен. Бұл жақтан Бекболат пен
Едіге атқа мініп екеуі алдынан шығысыпты” деп баяндайды шежіре. Сол жерде сөз қорыды, бітім-
тыным жарасты.
Абылай сұрапты екен дейді “Мылтық құрған кім еді?” деп. “Қозған Бекше мерген еді” депті.
“Талай жерде жорықта бірге жүріп, бір торсықтан малта жеп, бір табақтан ет жеген жолдас едік,
кісіні кісі жоқ жерде өлімге қия береді екен-ау” деп мылтығының аузын қырсық бассын деп,
мылтығының аузына бір түйе байлады дейді. Жүгіріп келіп ұстай алған кім еді дегенде Күлік
Жəңке дегеннің батыр баласы Жанақ десті. “Олар құдай жаратқан шын би ғой, баласын арашашы
бол деп қосқан ғой. Қазақ арасында ат шаптырған ұлы жиын ас болса, Жəңке батыр бидің
босағасына түйе бастатқан тоғыз байлансын. Жəңке
батыр осы ас ас-ақ десе, ат шауап, ас
тарқасын, əйтпесе ат шабылмайтұғын болсын да, ас тарқамасын” депті Абылай. Ол заманда кісі
өлген қаралы үйдің босағасында бір найза шаншулы тұрады екен. Кісісі өлген қаралы үй екенін
жұрт айтпай танып, сұрамай біліп бата қылсын деп, жылы біткенде сол найзаны Жанақ сындырып,
ат-шапан
оның жолы болсын деп, Абылай хан осы бітімді билерге кестіріп, жол-жора
қылыпты” (1, б. 322)
Хан мен ру басылар осылай бітімге келіпті. Бірақ бұдан əрі Абылай билігі шектеліп,
ірі-ірі ру
басыларына, ру көсемдері билер мен батырларға тəуелденді. Қазақ хандығының тəуелсіздік дəуірі
Абылай ханмен бірге тарих сахнасынан шығып əфсана қараңғылығына еніп бара жатқан заман
болатын. Мемлекетте саяси биліктің дəуірлеп тұрып сусып бара жатқанын бақылау Абылайға
ауыр болды. Ханның соңға өсиет сездерінен осы қапа болған көңілдің ауанын сезінеміз:
“Абылай хан ажал жастығына бас қойғанда Бұхар екең (Бұқар жырау) айтқан екен:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,
Сонда да қалар ма екен қайран жаның-ай –дегенде, Абылай хан:
-Тоқта, тоқта бұлай десең, мен діннен шығамын, сен жалғаншы боласың! Жиырма жасымда таққа
міндім. Қырық сегіз жыл қазаққа хан болып тұрдым.
Қанша жыл өмір сүріп, жас жасағанымнан