пределах нынешней Сыр-Дарьинской области) семь биев во главе с знаменитым бием Туле
Алимбековым и вместе с ним составил уложение, целиком основанное на древнем народном
обычае – адате и тогда же получившее название – “Джеты-Джарга”, т.е. “Обявление семи” (83,
с.204).
Қазақ ғалымдарының ішінде “Жеті жарғы” туралы алғашқы пікір білдіргендердің бірі академик
Ə.Х.Марғұлан “Жеті жарғыны” – жеті жарғыш, жеті, яғни жеті əділ,
қара қылды қақ жарған
билердің
билігі
дегенді
қолдады.
Сонымен
бірге
Ə.Х.Марғұлан
“Қазақ
совет
энциклопедиясындағы” “Жеті жарғыға” арналған мақаласында оның мазмұнының жеті түрлі
ережеден құралатындығы жайлы жазады. “Жеті жарғыға” кірген ережелер жетеу. Олар: 1).Мүлік
заңы; 2).Қылмыс заңы; 3).Əскери заң; 4).Елшілік жоралары; 5).Жұртшылық заңы; 6).Жесір дауы;
7.Құн дауы” (56, б. 542.).
Əлекеңнің “Жеті жарғы” мағынасы туралы бір мақалада қарама-қайшы екі пікір айтуы кездейсоқ
па? “Жарғыға” қатысушы билердің саны ережелердің санымен неге тең деген сұраққа дəл жауап
қайтару оңай емес. Негізінен “Жеті жарғы” бұрын соңды қолданыста болған заң жобаларын
жүйелеп, оның басын қосып жетеуге жеткізді деп қабылдау ешқандай дəлелге негізделмейді.
Ғылыми əдебиетте кейде “Жеті жарғы” мағынасына байланысты тіпті ұшқары пікірлер де
айтылады. Оның негізгі себебі зерттеушілер “жарғы” сөзінің мағынасына бойлай бермегендіктен
туындайды. Мəселен С.Е.Толыбековтың қазақ көшпелі қоғамына арналған кітабында “жарғы” сөзі
“жорға” деп беріледі: “Первый свод народных обычаев под названием “Джеты–жарга”,
составленный семью биями (точнее: “джеты–жорға–семью иноходцами) при хане Тауке…” (77, с.
343-344).
“Жарғы” жəне “жорға” сөздері бір-бірінен мағынасы бөлек атаулар. “Жарғы” – көне түрік тілінде
жарлық, билік, шешім деген мағына береді (26, б.630; 88, б.18-20).
М.Қашғари сөздігінде “жар”- (йар) – жару, жарғыш ұғымдарымен тікелей байланысты
қарастырылады (50, б. 46, 60).
Қазақ тіліндегі “жар” сөзінің түпкі мағынасы моңғолдың (қалмақтың) – “зар” сөзімен ортақ.
Мəселен моңғол тілінде “зар”–жар, хабар деген мағынада. “Зар тараах–жар, хабар тарату болып
адурылады. Сонымен қатар “Зардан” туындайтын “зарга”–дау айтыс, талас, тартыс, сонар дау,
егес, жанжал” мағынасын береді (63, б. 247). Ал енді “зарға шүүх” сөзі дауды тексеру, дау кесу,
шешім мағынасында айтылады (63, б. 248).
Моңғолдың “заргач” сөзі қазақтың “жарғышымен” төркіндес, дауға, билікке қатысы бар адам
туралы айтылады (63, б.248).
Соңғы жылдары ғылыми əдебиетте “Жеті жарғыны” жеті билік, жеті ереже мағынасында қолдану
көбрек кездеседі. Т.И.Султановтың осы тақырыпқа жазылған еңбегінде “В истории права ханского
периода известен только один законодательный памятник - “Жети Жаргы” (Семь установлений) -
деп аударылған (76, б. 64). Бұл біздің түсінігімізше шартты атау,
біздің қолымыздағы ешқандай
дерек Əз-Тəуке хан заманында қабылданған заңдардың жетеумен шектелгенін айтпайды.
Екіншіден дəстүрлі əдет-ғұрып заңдарында ережелерді белгілі бір принциптермен жүйелеу
кездесе қоймайды.
“Жеті жарғы” жайлы” деп аталатын соңғы жылдардың жақсы бір еңбегінде академик С.З.Зиманов
пен Н.У.Өсеров “Біздің пікірімізше “Жеті Жарғы”, “Жеті Жарлық”, “Жеті дау”, “Жеті шешім”
деген ұғымды білдіреді. Оларға жер дауы, құн дауы, барымта, айып-жаза, алым-салық т.б. кірген”
деп “жеті” мағынасын тек сандық тұрғыдан қабылдауды ұсынады (32, б.127). Авторлардың
пікірінше “Жеті жарғы” билер кеңесіне түскен, талқыланған, шешілген жарлықтың, даудың т.б.
жалпы санын береді.
“Жеті жарғының” мəн-мағынасын толық түсіну үшін тарихи-этнографиялық мəліметтерді ғылыми
айналысқа көбірек еңгізу міндеті осы жоғарыдағы шолудан туындаса керек. “Жарғы” сөзін жалпы
кеңес, өкілетті билік, заң тудырушы орын есебінде қабылдау өте дұрыс болғанымен, “Жетіге”
қатысты пікірлерді əлі де тереңірек қарастыру керек сияқты. “Жарғы” кеңес, заң мағынасында
тарихи деректерден ертеден жиі кездеседі, ал “жетінің” орнында басқа сандары кездестіріп
қаламыз (алты, сегіз).
Мəселен атақты саяхатшы Ибн Баттута 1333 жылы Хорезм əмірі Құтлық - Темір (ол кезде Хорезм
Алтын орданың əкімшілік бөлігі) қабылдауында болып ордадағы “Жарғы”
қызметі туралы
мəліметтер береді: “У этого эмира было принято, чтобы кади приходил каждый день в его
приемную и садился на место, отведенное для него, в вместе с ним факихи и писцы. Напротив
него садился один из главных эмиров и с ним восемь старших тюркских эмиров и шейхов,
называемых йаргуджи (жарғышы-Ж.А.). Люди обращаются к ним с тяжбами. Если дело относится
к шариатским, то по ним решение выносит кади, а по другим делам выносят решение эти эмиры.
Их решения точны, справедливы, потому что их не заподозрят в
пристрастии и они не берут
взяток” (35, с.76).
Ибн Баттута суреттеп отырған Құтлық-Темір бектің Хорезмдегі билігі аздаған үзілістермен 1321
жылдан басталып 1368 жылға дейін жүрді. Алтын Орда мемлекетінің ірі басшыларының бірі,
Өзбек ханға жақын болып келетін Құтлық-Темір Хорезм өлкесіндегі билігін жергілікті көшпелілер
дəстүрінің үлгілеріне сүйеніп жүргізгені дау тудырмаса керек. Бұл кезең Хорезм өлкесінің аса
гүлденіп тұрған кезі, ибн Баттутаның өзі де кітабының бірнеше жерінде бұрынғы жағдайына
қарағанда Хорезмнің көркейіп өскенін атап кетеді. Құтлық Темір бек сарайындағы “Жарғы”
қызметі мемлекеттік жоғары сот деп атауға келеді. Сонымен бірге мемлекет ішіндегі ірі
əмірлердің “Жарғы” қызметіне қатыстылығы мемлекетке аса қажет шаруалардың да осы
отырыстарда талқыланатынын білдіреді.
“Жарғы” мəні мен мағынасын түсінуге тікелей қатысты деректерді біз қалмақ тарихынан да жиі
кездестіреміз. Қазақ-қалмақ халықтарының этникалық субстраттағы жақындығы,
тарихының
ортақ кезеңдері, территориялық іргелестігі қалмақ деректерін қазақ тарихын зерттеуге көбірек
қолдану қажеттілігін дəлелдей түседі.
Қалмақ тілінде “Жарғы”-“Зарго” деп аталады жəне оның құрамы деректерде 6-8 адам шамасында
кездеседі. Осыған байланысты Қалмақ хандығы (Жоңғар заманы) жоғары билік (сот) кеңесіне
байланысты “найман Зарго” деген атаулар кездеседі. “Найман” қалмақша “сегіз” деген санды
білдіреді. Біздің түсінігімізше бұл сегіз бидің кеңесі деп аударылады. Енді қалмақ тарихының
білгірі В.М.Бакунинге сөзберейік: “Зарго, на их языке-суд, бывает всегда при доме ханском, и
присутствуют в особливой кибитке ханские первые и вернейшие зайсанги (ру басылар-Ж.А.),
между которыми бывают и из попов (ламалар-Ж.А) по человеку и по два, на которых верность хан
надежду имеет.
А всех, по их древнему обыкновению, больше осьми человек не бывает. По
стольку ж человек
бывало в Зарго и у зеньгорских ханов и главных владельцев, которых они называют еке нойон, то
есть великий князь.
При том суде бывает по нескольку человек нарочно определенных писцов, приставов,
рассылшиков и других служителей.
В той же кибитке Зарге присутствующие, на их языке называются тусулукчи и заргучи, то есть
советник и судья, а все вообще-саит, то есть министры. Писцы называются бичачи “(бітікші -
Ж.А.), а приставы-яргучи (ясауыл - Ж.А.). От той Зарги зависит правление всего калмыцкого
народа, и в оной сочиняются отправляемые ко двору императорскому доношения и к ближайшим
командирам российским письма, и указы ханские к калмыцким владельцам о публичных делах, и
черныя-приносятся к хану для апробации и потом переписываются набело и припечатываются
ханской печатью, которая хранится у первейшего и вернейшего его зайсанга” (12, с.146).
Жоғарыда келтірген құжаттар біздің “Жеті жарғы” жоғары мемлекеттік кеңес жəне
сот деген
пікірімізді нақтылай түседі. Əз Тауке заманында “Жеті жарғының” құрылуы ұзақ жылдарға
созылған дағдарыстан мемлекетті алып шығудың бір жолы есебінде қарастырылған болуы керек.
Екіншіден XVII ғасырдың соңына Евразиядағы геополитикалық ахуал ірі өзгерістерге түсіп қазақ
елінің төрт құбыласының бəрі қауіпті жауға айналып бара жатты. Көшпелілер мен отырықшылар
арасындағы арасалмақ соңғылардың пайдасына шешілгенін айтпағанның өзінде, шығыстан төнген
қалмақ (қара қалмақ) қазақ мемлекет басшыларының, ірі билердің жүрегін сыздатқаны анық.
Осының нəтижесінде өмірге “Жеті жарғы” аталатын қоғамның ең ауыр мəселелерін талқыға
салатын, шешетін, ел тыныштығын сақтайтын, сыртқы елдермен қалыптасқан өзекті мəселелерді
талқылайтын хан ордасы жанында Жоғары кеңес жəне билік орыны қалыптасты. Əуел баста хан
Тəуке ұсынысымен бұл “жарғыға” қазақ елінің қазақ елінің ең таудаулы деген жеті биі қатысқаны
себебті “Жеті жарғы” атанды. Тіпті мəселе жетіде де емес, мұндай ірі мемлекеттік кеңеске одан
көп те адам қатысуы мүмкін, бірақ белгілі субэтникалық жəне əлеуметтік топтардың мүддесіне
жауап беретін, қорғайтын адамның саны жетеу болғанға ұқсайды. Əз Тəуке хан тұсындағы Қазақ
хандығының құрамына енген жеті ұлыс елдің басшылары “Жеті жарғының” құрамында болды
десек біз тым қателеспейміз.