Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
235556 (1)

органа, которому принадлежит феодальное право совета, которое выражалось, прежде всего, в 
том, что хан без совета старшин не мог вынести ни одного решения” (5, с. 103). 
Н.Г.Аполлова “Жеті жарғының” негізгі қызметін өте дұрыс түсінген. “Жеті жарғының” 
құрамының өзі (ең беделді орда билерінің қатысуы) оның ең алдымен Мемлекеттік Кеңес 
қызметін атқаратынын айғақтайды. Сонымен қатар “Жеті жарғының” заң шығару, не болмаса 
билер шешімдеріне кесім жасауы (прецедент), бүкіл ел көлеміндегі билік істеріне үлгі пішіп
отыруы, “Жеті жарғының” жоғарғы сот, құқық қызметін атқарушы билік орыны екенін көрсетеді. 
Бұл жағынан “Жеті жарғы” белгілі дəрежеде конституциялық сот қызметін атқарып билік
нұсқаларын, жүргізілуі ережелерін реттеп отырды дей аламыз. “Тəуке ханның заңдары” аталатың 
заң ережелерінің бəрі де түбі ертеден келе жатқан дəстүрлерге сайғанымен XVII ғасырдың 
соңында жаңа електен өтіп, ел қызметіне жаңғырған қалпында кірісті. Автор монографияның 
екінші бетінде жоғарыда айтылған өз сөзіне қарсы да шығады: “Так называемые “законы 
Тауке” (“жеты – жарга” – законы семи судей), представляющие собой кодификацию обычного
права, дошли до нас лишь в переводах и отрывочных записях, сделанных в начале XIX века со 
слов казахских биев” (5, с.115). “Тəуке заңдары” қазақтың əдет-ғұрып ережелерінің жаңғырған, 
жүйеленген түрі деген автордың соңғы анықтамасына келісуге болады. 
Н.Г.Аполлова, Т.М.Күлтелеев, С.Л.Фукс сияқты тамаша ғалымдардың 40-50-ші жылдардағы 
еңбектерімен “Жеті жарғыны” зерттеудің тұтас бір кезеңі байланысты. Одан кейінгі ұзақ 


жылдарға созылған тоқырау татымды еңбек берген жоқ. Бұл тақырыпқа қызығушылық 80-ші 
жылдары қайта басталады. Алдымен С.Зиманов пен Н.Өсеров бірлесіп жазған екі мақала шықты 
да, кейіннен бұл тақырып шығыстанушылар тарапынан да белгілі қызығушылық туғызды (30; 31). 
Ең алдымен Т.И.Султановтың 1982 жылы “Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв.” кітабында 
“Жеті жарғыға” арнайы бөлім берілгенін айту керек. Бірақ автор тарихнамада өзіне дейін 
қалыптасқан дəстүрлерге толық бағынбай “Жеті жарғыны” тек құқықтық ескерткіш 
(законодательный 
памятник) 
тұрғысынан 
қарастырады. 
Шығыстанушы 
Т.И.Султанов 
құқықтанушы ғалымдардың мақалаларының тікелей əсерінде болды десек артық айтқандық
болмас. Автор “Жеті жарғының” қайнар көздері есебінде əдет-ғұрып заңдарын ұсынады: “в 
качестве источников “Жети Жаргы” следует признавать скорее всего не древние письменные
тексты, но старый, всем знакомый и всеми признаваемый обычай устного права, служивший 
основой и для Ясы, а также неписанные узаконения других казахских ханов, предшественников 
Тауке” (76, с. 67). 
Сонымен бірге автор “Жеті жарғыға” XVII ғасырдағы қазақ қоғамына қажет əскери-саяси жəне 
əлеуметтік өмірдің дамуы туғызған ережелер енді деп есептейді. Т.И.Султановтың құнды 
пікірлерінің бірі “Жеті жарғының” қазақ өмірінің əр бағыттарын яғни əкімшілік, қылмыстық, 
азаматтық мəселелерін, сонымен қатар алым-салық, дін, т.б. салаларын қамтамасыз ете алатын 
қабілеті зор” деген пікірі (76, с. 69). 
Расында да “Жеті жарғы” ережелері қазақ қоғамының əр саласын қамтиды, бұл А.И.Левшин 
жазбаларынан да анық көрінеді. Дегенмен А.И.Левшиннің “Жеті жарғыға” – қатысты ережелерді 
ғана билерден жазып алғанын дəлелдеу өте қиын мəселе, екіншіден “Жеті жарғының” қазақтың 
əдет-ғұрып заңдарынан айырмашылығы бар екенін, олардан іріктелінген заң ережелері екенін 
дəлелдеу де оңай емес. “Жеті жарғы” негізінен XVII-XVIII ғасырларда қолданыста болған əдет-
ғұрып ережелерінен, билердің оңтайлы шешімдерінен құрастырылса керек. “Жеті жарғы”, егер 
қазақ əдет-ғұрып заңдарының аясындағы жинақ десек көшпелілер қоғамындағы сергектік, 
билердің тың шешімдерін канонға айналдыру, əлеуметтік-шаруашылық өмірдегі өзгерістерге 
икемделу т.б. эволюциялық салтынан шығып кетуі мүмкін емес. Көшпелілердің əдет-ғұрып 
заңдары мəңгі көне қазына жəне мəңгі жас даналық. 
Т.И.Султановтың “При создании - “Жети Жаргы”, несомненно, важным и даже определившим сам 
его характер оказалось стремление приспособить существовавшие нормы обычного права к новым
потребностям феодализирующегося казахского общества, узаконив при этом лишь те из них, 
которые соответствовали интересам феодальной знати, создать вместо устаревших и неугодных ей 
норм новые и выгодные ей нормы. Во всяком случае, такое заключение можно вывести из многих 
положений статей памятника” (76, с. 68) - деген пікіріне келісу қиын. Қазақ қоғамындағы саяси 
биліктің белгілі бір заңдылықтар бойынша (сыртқы жəне ішкі жағдайлардың тоғысуы) күшеюінің 
феодализация процесіне тіпті ешқандай да қатысы жоқ. Бұл жерде əңгіме саяси билік 
институттарының (жоғарғы кеңес-билер кеңесі, құрылтай-маслихат, алым-салық т.б.) жандануы 
турасында жүруі керек. “Жеті жарғыны” талдау барысында мемлекет туралы мəселелер
Т.И.Султанов еңбегінде көтерілмейді. 
Біздің зерттеу еңбегіміз үшін Т.И.Султановтың қорытынды бөліміндегі пікірі аса құнды. Ол “Жеті 
жарғыны” бұдан əрі зерттеу жаңа тарихи-этнографиялық деректерді ғылыми айналымға қосу
барысында ғана жемісті болады деп есептейді: “определение периода действия-“Жети Жаргы”-…
едва ли можно осуществить, опираясь лишь на имеющиеся фрагментарные записи “Уложения” 
хана Тауке и не привлекая дополнительных данных историко-этнографического характера” (76, с. 
77). 
Құқықтанушы ғалымдардың еңбектерінде “Жеті жарғыға” тек құқықтық ескерткіш тұрғысынан 
қарау басым болатыны заңды. 
Қазақ заңгер ғалымдарының арасында “Жеті жарғы” тақырыбына соңғы уақытта қалам 
тартқандардың ішінен академик С.З.Зиманов мектебінің өкілдерін айту керек. Олар 


З.Ж.Кенжалиев, Н.С.Ахметова, К.А.Абишев, Н.У.Өсеров т.б. зерттеушілер. Бул аталған ғалымдар 
“Жеті жарғыға” ең алдымен құқықтық ескерткіш есебінде қарайды. Олардың “Жеті жарғыға” 
қатысты пікірлерін “Қазақ əдет ғұрып заңдарының мəселелері” аталған жинаққа кірген 
мақалалары арқылы талдауға болады. Н.Өсеров мақаласы “Жеті жарғы” тарихи маңызы зор ірі 
ескерткіш болып табылады” (32, б. 122) – деп басталады. 
Авторлардың пікірінше Əз Тəуке хан заманында қабылданған “ірі реформалардың бірі-тарихта 
“Жеті Жарғы” деп аталатын қазақ əдет-ғұрып заңдарының (нормаларының) жинағы…Оның 
көптеген жол-жобалары мен нормалары XX ғасырдың басына дейін ауыл, ру ішіндегі қарым-
қатынастарға қатысты болып келді” (32, б.122). Мақала мазмұнынан заңгерлердің “Жеті жарғыны” 
жаңа ғана зерттей бастағанын, оның құрамдас бөлігінде көптеген түсініксіз жағдайлар бар екенін, 
жекелеген дəстүрлердің мағынасын əлі де анықтауды керек ететінін аңғаруға болады. Мəселен 
мына бір жолдарды қалай түсінуге болады: “Осы жəйітте айта кететін бір дəстүр бар. Егер ханның 
өлімі өз қоластындағы тумаластарының бірінен болатын болса, онда ханның өлімі “құнсыз” 
болған. Себебі, ханды өлтіруші де халықты басқару өкілеттігіне ие дегендіктен. Мұндайда, əдет-
ғұрып заңы бойынша, өлген ханның меншігіндегі мал-мүліктерін қарауындағы халықтардың қолы 
жеткендері талап алушылық – жолды заң деп есептелген. Оны халық “хан талапай” деп атады. Бұл 
да ханға қастандық жасатпаудың айла-шарғысы” (32, б.132). 
Біріншіден бұл айтылған пікірлерде жүйесіздік анық сезіледі, “хан талапайдың” ханға қастандық 
жасатпайтын кепіл шарт екеніне сену өте қиын. Екіншіден, хан талапай тек өлген ханның дүние-
мүлкіне байланысты ғана қолданылатын əдет пе еді? Үшіншіден, ханның өлімі кімнің қолынан 
келсе де (мейлі жақын тумасы болсын) құнсыз, кексіз, аяқсыз қалуы мүмкін бе?! Бұл айтылған 
мəселелер бойынша заңгер ғалымдар бұдан да əрі зерттеулер жүргізіп, жоғарыда айтылған 
мəселелер туралы тың деректерді айналымға кіргізіп, өз пікірлерін дəлелдейді деп сенеміз. 
“Жеті жарғыны” бұдан əрі зерттеудегі қиыншылық, мəселелер академик С.Зимановтың 
“Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов” мақаласында да көтеріледі. Бұл 
бағыттаға көптеген мəселелерді атай келіп С.Зиманов “Жеті жарғыны” бұдан əрі зерттеу кеңейту, 
тереңдету үшін тарихи зерттеулердің, ізденістердің қажет екенін ескертеді: “Если не удастся 
найти более полный рукописный вариант, то воссоздание ведущих норм и основного содержания
“Жеты-Жаргы” по известным на сегодня отравкам является важнейшей задачей исторической и
историко-правоведческой науки” (33, с. 28). 
“Жеті жарғы” мəселелері З.Кенжалиевтің “Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық
мəдениет” монографиясында да көтеріледі. Автордың пікірінше “Жеті жарғы” қазақ қоғамының 
ішкі мəселелеріне көбірек назар аударады жəне соған байланысты бірсыпыра жаңа нормаларды
кіргізеді. З.Кенжалиев “Жарғы” мемлекеттік биліктің құқық түзу қызметінің өсіп-өніп, жаңа 
сатыға көтерілген тұсының туындысы жəне көрінісі” - деп есептейді (38, б. 83).
“Жеті жарғыға” қатысты тарихнамалық шолу, бұл тақырыпта əлі де салмақты зерттеу 
жұмыстарың жүргізілу қажеттігін көрсетеді. Оның бір бағыты тарихи-этнографиялық əдебиеттен 
“Жеті жарғыға” қатысты деректерді сүзіп алу, жүйелеу, тың пікірлер айту. Біздің кітапша осы 
мақсат биігінен көрінуге күш салады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет