Жетписбаев батыр адамович


§ 3. “Жеті жарғы” туралы дерктер



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
235556 (1)

§ 3. “Жеті жарғы” туралы дерктер
 
Əз Тəуке ханның заманы, сол заманда түзілген “Жеті жарғы” туралы деректер қазақ ауыз 
əдебиетінің əр саласынан кездесіп қалады. Зерттеушілердің көпшілігі “Жеті жарғы” ел есінде 
айшықты афоризмдер, қанатты сөздер түрінде сақталды деген пікірде, олай болса кəзіргі ел 
аузында ескілікті, қария сөз аталып жүрген рухани дүниенің көпшілігі ғасырлар елегінен өткен
“Жеті жарғының” сарқыншақтары, жұрнақтары деп есептеуге болады. 
Қазақ шежіресінде “Жеті жарғы” көбнесе “Күлтөбенің басында күнде кеңес” деген атаумен 
белгілі. М.-Ж.Көпеев бұл туралы: “Күлтөбеде күнде кеңес” осы Əз Тəуке тұсында айтылған сөз. 
“Кері кеткен елдің кеңесі көп болады, Кедей елдің көш басшысы көп болады” деген сөз де сол 
заманда айтылған сөз болса керек” – деген қисынды жорамал айтады (45, б.8). Əз Тəукеден кейінгі 
“ақтабан шұбырынды”, жаппай кедейшілік пен жүдеушілік XVII ғ. соңы – XVIII ғ. басындағы 
мəліметтерге сынай қарауға мəжбүр еткен болуы керек. 
Қ.Байболұлының “Төле бидің тарихы” шежіресінде “Жеті жарғыға” қатысты біраз əңгімелер бар: 
“Қазаққа қасқайтып жол көрсетіп, заң шығарып, өрнек салған себепті “Қасым ханның қасқа жолы” 
дейді. Сол Қасым ханның сызығымен елге жарлық жүргізген жағдайдан “Есім ханның ескі жолы” 
дейді. Оны жеңілдетіп Тəуке хан мен Төле бастаған үш бидің жобасы мынандай – ды…” (78, б.44).
Қазақ деректерінде “Жеті жарғы” қазақтың көне əдет-ғұрып заңдарынан бастау алатыны, “Қасым 
ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” атты заң ережелерімен тікелей сабақтас екені ылғи
да ескертіліп отырылады. Қазақ шежіресінің кейбір құсқаларында мемлекеттің тірегі “сегіз санат” 
туралы айтылады. Осы “сегіз санаттың” да “Жеті жарғыға” қатысы тікелей болуы мүмкін. Қазақ 
деректерін бүгінгі күні ғылыми түрде жүйелеп, əсіресе ел аузында айтылып жүрген аңыз, билік 
шешімдері мен дауларды зерделі ғылыми талқыға салып, олардың маңындағы тарихи шындықты, 
түп нұсқаны, дəуір ерекшеліктерін анықтайтын уақыт келді. Қазақ шежіресінде, жалпы ауыз 
əдебиетінде мемлекет пен құқық туралы бірнеше мың жылдар қордаланған деректер мол. Олар 
əуел бастан біздің адами болмысымызды қалыптастырған өзге де рухани қазынаның арасында
жүрген дүр моншақтай. 
“Жеті жарғы” ережелерінің жазба түрде елге, ғылыми қауымға танылуы Ресей зерттеушілерінің
ұлан-ғайыр еңбегіне байланысты. XVIII ғасырдың 30-шы жылдары басталған Қазақстанның 
Ресейге бағыну, бодандық процесімен қатар қазақ жерін, оның кен-қазына байлығын, оған қоса 
қазақ елінің мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымын, оның ерекшеліктерін, мемлекеттік жəне 
құқықтық түсініктерін зерттеу де басталды. Кейде үстірт, кейде тиянақты пікірлер кездескенімен 
орыс зерттеушілері қазақ халқының əдет-ғұрып ережелерін біршама жақсы жинақтады. Бүгінгі 
күні “Жеті жарғыға” байланысты ғылыми зерттеулердің көпшілігі XVIII-XIX ғғ. орыс 
зерттеушілері жинақтаған əдет-ғұрып заңдарының ережелеріне сүйенеді. 
Біздің пікірімізше “Жеті жарғыға” тікелей қатысты ережелерді алғаш хатқа түсіргендердің бірі
1731-1732 жылдары қазақтың Кіші жүзіне бодандық мəселесімен келген Ресей елшісі Мамет
(Құтлымамед) Тевкелев. Оның күнделік жазбаларының ішінде қолданыста жүрген “Жеті жарғы” 
ережелері, хандықтың жағдайы, қоғамдық қарым-қатынас, жеке бастың, рудың т.б. əлеуметтік 
өмірдегі белсенді күштердің жағдайына қатысты мол деректер бар. Соның ішінен тек біреуіне ғана 
тоқталайық. 
Алдымен қазақ еліндегі хан билігінің ерекшеліктері туралы. Əбілқайыр ханның Ресейге бодандық 
туралы өтінішпен елшілікті елмен ақылдаспай аттандырғаны белгілі, кейіннен Ресей елшілігін 
қарсы алған уақытта бұл мəселе ушығып ханның да, елшінің да өміріне тікелей қауіп туғызады: 
“…10 июня (1731 - Ж.А.) в собрание их, Абулхаир-хана и старшин кайсацких, Тевкелев был 
призван и от старшин спрашиван с великою яростью и гневом, зачем он, Тевкелев, к ним в 
Киргиз-Кайсацкую орду приехал. На что Тевкелев им ответствовал, что он прислан в Киргис-
Кайсацкую орду по указу е.и.в. своей всемилостивейшей государыни империтрицы всероссийской
з грамотою к Абулхаир-хану и ко всему киргиз-кайсацкому войску, против прошения Абулхаир-


хана и словесного предложения посланцев их…Что услыша, оная старшина начала говорить 
Абулхаир-хану, для какой притчины просил он, хан, подданства российского один без согласия 
их, киргизских старшин, и приводит их в неволю. Из древних-де лет имеетца обычай, что ханы без 
совету старшин ничего неповинны чинить, а он то учинил без совету, и прещаше ему 
смертью” (37, с. 53). 
Екінші мысал құн төлеуге байланысты. Қазақтармен қақтығыста Тевкелевтің жанындағы күзет
Баба бидің інісі Байқараны атып өлтіреді. Осыған байланысты ірі дау туындайды: “Март 9 дня 
(1732 - Ж.А.) противной стороны старшина Бабабей и Джантума в кочевье его, Абулхаир-хана, 
переехали многолюдно и стали от обозу Тевкелева неподалеку. Тогда к переводчику Тевкелеву
прислали двух человек кайсаков, которыя просили, чтоб он, Тевкелев, отдал им башкирца, при 
нем обретающегося, который застрелил брата Баба-бея, называемого Байкару. А ежели не отдаст, 
то они, особливо из лутчих, обретающихся при нем, ково поймав, изрубит в куски. Или б Тевкелев 
за того убитого Байкара заплатил по обыкновенному их из древних лет праву обыкновенному
цену, а имянно: 100 лошадей, 1 панцырь, 1 ясыр, 1 кречет, 1 ружье доброе, 1 верблюд, понеже 
права их так гласят. А ежели истец того платежа (құн – Ж.А.) взять не пожелает, то отдается на 
смерть убийца. И оной старшина, показуя свою склонность, дает ему, Тевкелеву, из двух сих, что 
способнее учинить…” (37, с. 69). 
“Жеті жарғы” ережелері туралы деректерді 1768-1774 жж. Ресей Академиясы ұйымдастырған 
экспедицияның жазбаларынан да мол кездестіреміз. Өкінішке орай П.С.Паллас, Г.Георги, 
И.Фальк, Н.П.Рычков мəліметтері толықтай сарапталып ғылыми айналысқа енген жоқ. Қазақ əдет-
ғұрып заңдарының алғашқы жинақтаушылары деп М.Тевкелевтен кейін жоғарыда аталған 
саяхатшылар мен ғалымдардың аттарын атаймыз. Мəселен Н.П.Рычков П.С.Палласпен бірге де, 
қызмет бабымен өзі жеке де қазақтар туралы аса құнды мəліметтерді көп жинады. Олардың ішінде 
ерекше атап өтуге лайығы 1772 жылы жарияланған: “Дневные записки путешествия в киргис-
кайсацкой степи, 1771 году”. Енді осы жазбалардан “Жеті жарғыға” қатысты бір-екі дерек 
келтірейік: “Убица не жертвует у них головою своею за убиенного, но вместо того за то платит он 
100 лошадей, одного пленника, двух верблюдов, наилучший суконный кафтан, черную лисицу, 
ястреба или беркута, панцырь и другие военные снаряжения, ближайшему родственнику 
убиенного. Есть ли ж собственного достатка убийцы не достает на сию заплату, то взыскивают 
недостаток с его родни…Сей устав Киргизцы называют Кун” (71, с. 24). 
“Изувечить человека почитается у них за половину убийства; а по тому половину должен платить 
изувеченному противу совершенного убийства” (71, с. 24). 
“Есть ли невеста по день сочетания своего сохранила себя безпорочну, то брачное пиршество 
отправляется с веселием, есть ли случится тому противное, то бывшие при оной церемонии сваты 
заколют убранную женихову лошадь, и в мелкие куски изрежут его одежду, означая тем самым 
неблагополучие сочетавшихся” (71, с.30). 
1768-1774 жж. жүргізілген академиялық зерттеулердің қазақ əдет-ғұрып заңдарын, оның ішінде 
“Жеті жарғыны” қалыпына келтіруге, терең түсінуге қосатын үлесі мол екені жоғарыдағы
мысалдар көрсетеді. 
Қазақ халқының мемлекет жəне құқық туралы түсініктерін толықтыра түсетін XVIII ғасыр 
дерегінің бірі И.Г.Андреевтің “Описание Средней орды киргиз-кайсаков” еңбегі. Көп жылдар 
шекаралық қызметте болып, қазақпен жақын араласқан капитан И.Г.Андреев əдет-ғұрып заңдары 
туралы тамаша мысалдар келтірілген. Олардың бəрін жинақтаса Г.И.Спасский, А.И.Левшин 
жазбаларынан бір де кем емес. Мəселен кітаптың “О нравах и поведения” бөлімінде: “…
признанной же вор во всяком воровстве платит, у кого он украл в девятеро (тоғыз-Ж.А.), под 
строгим же весьма наблюдением. Ежели добрый человек знает вора, который украл, и на него 
докажет, то он должен жизнь свою оному отмшать, и ничем иным, как барантою, яко с виновного. 
Будь муж убьет жену до смерти, то не точею вступается отец, мать или родственники, но и вся та 
волость, поставя себя за бесчестье, и взыскивают потомуж великий кун, из которого главные-


вещи; баба или девка, панцири, колчуги-отдаются отцу или матери, а лошадей и прочий скот 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет