А.И.Левшин кітабынан екі жыл бұрын жарияланған бұл ережелер əлі өз бағасын алған жоқ.
Деректерге қарағанда С.Б.Броневскийдің қазақ өмірін жақсы білгенін, əдет-ғұрып
заңдарын
жинақтауға тікелей қатысқанын аңғарамыз: “Собрание законов сих учинено из показаний
искуссных Биев и Муллов, они вообще у Киргизцев употребительны и редкой их незнает, но ни
имени изобретателя, ни времени их принятия никто не помнит” (16, с. 284). С.Б.Броневскийдің
бұл ескертпесі өте мағыналы, одан шығатын ең басты қорытынды қазақ қоғамындағы заң
ережелері халықтың бəріне таныс, өмірге бейімделген, тілі жатық дүниелер. Том-том боп шығып
жататын
заңдар шынайы өмірге бөтен, халыққа түсініксіз болса қоғамды заңсыздық билейтіні
анық. Сондықтан да аз болса сапалы болғанына не жетсін !
С.Б.Броневский жазбаларына үңіле келе, оның дені 1824-1825 жж. Батыс Сібір генерал-
губернаторының тапсырмасымен жинақталған Орта жүз қазақтары заңдарының қысқаша
көшірмесі екенін анықтаймыз. Талай уақыт архив қоймаларында жатып қалған бұл құнды
құжаттың ішінде Орта жүздің Сібір атырабындағы белгілі билерінен жазылып алынған 208 ереже
бар. Бұл құжаттың бір ңұсқасы (Санкт-Петербург) 1948 жылы жарияланған “Материалы по
казахскому обычному праву” жинағында жарияланды, бір нұсқасын біз Омбы мемлекеттік
мұрағат қоймасынан тауып пайдаландық, дегенмен əлі де зерттейтін тың дүние болып отыр.
Соңғысында аздаған айырмашылық бар екенін ескерте кеткенді дұрыс санаймыз.
Осы ережелердің бір көшірмесі Сенатор Губе арқылы Варшава университетінің кітапханасына
түсіп, кейіннен (1876 ж.) профессор Д.Я.Самоквасовтың “Сборник обычного права сибирских
инородцев” кітабында жарияланды (72). Оған сын пікірді Н.И.Гродеков, Н.Максимов
еңбектерінен оқуға болады.
“Жеті жарғы” заңдарының бір қатары қазақ жерінің батыс аймағынан, бұрынғы Орынбор генерал-
губернаторлығынан жиналды. Жоғарыда айтылған М.Тевкелев, А.И.Левшин деректері де көбінесе
Кіші жүз қазақтарының дəстүрлеріне негізделген. Кіші жүз қазақтарының əдет-ғұрып заңдарын
жаппай жинау жұмысы 1845 жылдан басталады. Оның көш басында Орынбор шекара комиссиясы
тұрғанын айтқан жөн. Жергілікті жерлердегі хатшылар мен өзге де чиновниктер тапсырма
бойынша 1846 жылы ондаған жазбалар тапсырды. Олардың ішінде тиянақты, терең еңбекпен
жасалғандары да, асығыс, жүрді-барды жасалғандары да бар. Шекара комиссиясына түскен
рапорттың ішінде ерекше атай кететін құжат поручик Аитовтың рапорты. Бұл көлемі шағын
болғынымен деректік қабілеті жоғары құжат “Кіріспе” бөлімінің өзімен-ақ қызықтырады.
Орынбор комиссиясының төрағасы атына жазылған бұл рапорттың алғашқы бетінде Аитов өзінің
қазақ əдет-ғұрып заңдарын терең білетіндігін танытады. Қазақ арасында кең тараған “барымта”
туралы айта келіп, оған қарсы Ресей үкіметінің қатал жаза беруін Аитов дұрыс санамайды. Ол
төрағадан барымтаға қарсы жазаны жеңілдету керектігін өтінеді: “Обстоятельство это я долгим
поставил объяснить Вашему Превосходительству для соображения, не признаете ли вы полезным
исходатайствовать о смягчений меры наказания за баранту, которая строгостью наказания,
обвиненным в оной, не прекращается, но усиливается взысканием
Куна за осужденных и
сосланных” (57, с. 98).
Жергілікті жерден келген рапорттарды жинақтап алған соң Орынбор шекара комиссиясы арнайы
тапсырмамен д,Андре мен Григорьевті ел арасына шығарып Кіші жүздің негізгі аудандарынан
əдет-ғұрып заңдарын жаппай жинауды бастады. Алты ай бойы жинақталған материалдардың
негізінде д,Андре өзінің белгілі “Описание киргизских обычаев, имеющих в орде силу
закона"”атты еңбегін жазды. Бұл көлемді еңбек зерттеушілер арасында танымал болғандықтан
бұдан əрі тоқталудың қажеті аз. Бірақ басқа белгілі деректер сияқты д,Андре жазбаларын терең
ғылыми негізде игеру жұмысы, бұл шаруаға құқықтанудан басқа да мамандық иелері қатысуы
кезек күттірмейтін іс.
XIX ғасырдың 70-80-ші жылдары “Жеті жарғыға” қатысты бірсыпыра еңбек жасалды.
Олардың
ішінде ерекше атап өтілуге тиістері Торғай облысының əскери губернаторы Л.Ф.Баллюзектің
“Народные обычаи имевшие, а отчасти и ныне имеющие, в Малой киргизской орде силу
закона” (1871 ж.), И.А.Козловтың “Обычное право киргизов” (1882 ж.), П.Е.Маковецкийдің
“Материалы для изучения юридических обычаев киргизов” (1886 ж.), Г.Загряжскийдің
“Юридические обычаи киргизов и о народном суде у кочевого населения Туркестанского
края” (1876 ж.) т.б..
Бұл аталған еңбектердің бəрі де бір жағынан авторлардың терең білімімен, екінші жағынан ел
ішінен жинақталған нақты ереже деректерімен тəнті қылады. Зерттеушілер қазақ тұрмысын,
қоғамдық өмірінің ерекшеліктерін, қазақ менталитетін терең түсінген, күнделікті тіршіліктің
қалтарысында қалып қоятын мемлекеттік жəне құқықтық түсініктерін
анықтап көре білген
адамдар. “Жеті жарғы” зерттеушілері үшін осы аталған еңбектердегі ережелер ғана емес,
авторлардың терең пікірлері құнды, талғамы, ғылыми бағасы қымбат.
Қазақ əдет-ғұрып заңдарына арнап арнайы еңбек жазбағанымен өз кітаптарында жəне
мақалаларында əдет-ғұрып заңдары мен түсініктеріне қатысты жарқын пікір білдірген адамдар,
тың деректерді айналысқа қосқан зерттеушілер қатарына М.Красовский, А.К.Гейнс, Я.И.Гурлянд,
И.Ибрагимов, И.И.Крафт, А.И.Крахалев, А.А.Леонтьев, Н.Максимов, Л.Мейер, В.И.Мякутин,
М.Шорманов, Б.Ю.Юзефович т.б. Осы аты аталған зерттеушілердің əр қайсысы туралы жеке
зерттеу еңбек жазуға болар еді, ол үшін олардың əдет-ғұрып заңдарын жинақтауға, талдауға
қатысты жасаған жұмысына алдымен баға беру керек болады.
“Жеті жарғыға” қатысты көптеген деректер XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін өмір сүріп
келді. Олардың кейбірі қоғамдық қолданыста белгілі функционалдық қызмет атқарса, кейбіреулері
өткеннің сарқыншағы есепті елдің ауыз екі əңгімесінде, иə болмаса моральдық құндылықтарға
қатысты мақал-мəтел есебінде қолданылды. Қайткен күнде де қазақтың əдет-ғұрып ережелері
өзінің өміршеңдігін дəлелді. Ендігі осыған байланысты ғалымдардың алдындағы зор міндет -
“Жеті жарғының”, қазақтың əдет-ғұрып заңдарының қайнар көздерін анықтау, терең зерттеу. Бұл
жұмыс тек заңгерлердің ғана емес, тарихшылар мен этнологтардың, фольклор танушы т.б. ғылым
салаларының басы қосылатын қиын да қызықты шаруа. Қазақтың əдет-ғұрып заңдарының білгір
зерттеушісі, заңгер С.Зиманов “одно из условий плодотворного и
активного изучения всего
комплекса проблем-достоверное и глубокое знание источников обычного права” – деп деректердің
зерттеушілер үшін құндылығын ерекше айтады (с. 27). Əлі де игерілмеген дерек көздерінің бар
екендігі С.Зимановтың өз тəжірибесінен де белгілі. Ғалым 1961-1963 жылдары Орта жүздің атақты
биі Саққұлақтың қолжазбасынан “Жеті жарғыға” тікелей қатысты деректерді тапты (33, с. 28).
Белгілі зерттеуші З.Кенжалиев біздің ойымызды бекіте түседі, оның пікірі бойынша “əдет-
ғұрыптық қағидалар, нормалар биресми күйде өмір сүру арқылы халық тұрмысына, оның
қажеттілігін өтеуге барынша жақын жəне бейім келеді” (38, с. 88).
Əдет-ғұрып заңдарының нысандарын, деректерін ел ауыз əдебиетінен іздеу фольклор танушы,
немесе этнолог мамандардардың қатысуымен іске асқаны жөн. Оған бір себеп соңғы кезде
“бəленше ақынның, жыраудың сөзі – мыс” деп ойдан шығарып айтылып жүрген нақыл, өтірік
жырлар көп. Олардың арасында өз сөзін Бұқар жырауға, Қожаберген батырға, Төлебиге теліп
жүрген əдебиет пен тарихтың дилетанттары бар (11, 84). Əрине мұндай жалған деректер ғылымға
пайда келтірмейді.