Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет6/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
235556 (1)

же аналогии высшего развития с низшим, на которое мы так любим ссылаться, имеет более 
гуманных сторон, чем законодательство, например, мусульманское, китайское и русское по
Русской Правде. В киргизских законах нет тех предупредительных и устрашающих мер, которыми 
наполнены новейшие европейские кодексы. У киргиз телесные наказания никогда не
существовали. А законы родовые, по которым члены рода ответствуют за своего родича, при 
родовых отношениях приносят много пользы” (17, с. 94). 
Ш.Уəлихановпен қатар қазақтың əдет-ғұрып заңдары жөнінде жəне ерекше “Жеті жарғы” туралы 
пікір білдірген М.Красовский. Ол “Жеті жарғы” заңдарының мемлекетті күшейту ниетімен 
жасалғанын жəне бұл заңдардың түп негізінде əдет-ғұрып ережелері жатқанын жазады: “Плодом 
стремления Тявки слить три казачьи орды были изданные им законы, сделавшие имя этого хана 
столь популярным в степи. Надобно однако думать, что эти законы имели силу, да и то условно-
обязательную, для казачьих племен только при жизни всеми уважаемого аксакала. Предпринятый 
Тявкою труд – согласить между собою обычаи розно управлявшихся народностей-было не по 
силам для одного человека, и хотя, в ходячих между нынешними киргизами понятиях о праве, в 
сохранившихся у них древних законах…мы должны видеть, главным образом, следы 
установившегося Тявкою устройства. Но так как до сих пор есть много и противоречащих одно
другому постановлений, то есть мы должны также предполагать, что и прежде, рядом с 
тявкинскими законами, действовали и законоположения других ханов или постановления, 
освященные обычаями разных вошедших в союз племен” (42, ч. 1. С.53). 
М.Красовскийдің басты қателіктерінің бірі қазақтың хан билігін, жалпы саяси – құқықтық 
құрылысын терең түсіне білмегендігінде. Ол хандардың билігінің шектеулі болуын себеп қылып
мемлекеттікті жоққа шығара салады. Шын мəнінде хан билігі халықтың билік құқықтық
көзқарастарының сыртқы ғана көрінісі жəне ол көрініс бірде күшейіп, бірде азайғанымен ел өзінің 


тəуелсіздігінен, мемлекеттігінен күдер үзді деп айту жөн емес. Көшпелілер қоғамы азаматтық 
қоғамның үлгісі, ол қоғамның əр мүшесі мемлекеттің кірпіші. Мемлекет ұғымы алдымен адам 
санасында, оның қоғамдық шаруаға қатысында танылады. Билік институттары, атрибуттары 
қоғамдық құрылымның бір ғана қыры, көзге түсетін тұсы. Көшпелілердің саяси құндылықтары 
мұхитта жүрген айсберг сияқты, негізгі бөлігі көзге түспей су астында жүзіп келеді. Өкінішке 
орай қазақ заң ережелерімен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі ол жағына мəн бере қоймаған. 
Сол себептен М.Красовский: “Изданные, например, ханом Тявкою узаконения, имевшие целью 
установление в степи однообразного устройства, не могли войдти в силу, а между тем Тявкою 
начиналась, ими же можно сказать и оканчивалась та популярность, до которой когда-нибудь 
достигла власть ханов” – деп жазады (42, ч.3, с.7). 
Жоғарыда аталған зерттеушілердің бəрі де “Жеті жарғы” тек заң ережелерінің жинағы ғана емес, 
мемлекеттік билік құрылымы, хан билігінің қабілетін күшейтетін Кеңес екенін жақсы аңғарған. 
Бұл көзқарас өкінішке орай “Жеті жарғыны” кейінгі уақытта зерттеушілердің арасында қолдау
таппай, тек ереже күйінде қабылдау басым болды. XIX ғ. екінші жартысында қазақтың əдет-ғұрып 
заңдарымен айналысқан зерттеушілердің көпшілігі қазақ мемлекеттілігі мəселесін тіпті де ауызға
алмай, заң ережелерін жеке бөліп алып қарастырады. Бұл бір жағынан түсінікті еді. Ресей 
бодандығына біржолата қараған қазақ елінің хандық дəуірі, мемлекеттілігі жөнінде сөз қозғау 
саясат тұрғысынан зерттеушілерге тиімсіз болды. Бірақ осы қалыпты сүрлеу Совет кезеңінде де өз
қалыпынан шыққан жоқ, зерттеушілердің көпшілігі қазақтың əдет-ғұрып заңдары туралы
жазғанымен, оның мемлекетпен қатынасы туралы мəселені айналып етуге дағдыланып алды. 
Бұл қалыпты жолдан бөлек еңбектер көп емес. Азды-көпті зерттеу еңбектердің ішінде 
Н.Г.Аполлованың 1948 жылы жарияланған “Присоединение Казахстана к России” монографиясы 
ерекше көңіл аударуға тұрады. Бұл зерттеу 40-жылдардағы қоғамтанушылары (тарихшы, заңгер 
т.б.) жеткен биікті көрсетеді жəне белгілі дəрежеде тарихқа көзқарастардың квинтэссенциясы
тəрізді. Өкінішке орай 50-ші жылдардың қоғамтанушылар арасында жүргізілген қудалау ғылыми
көзқарастарды артқа шегеріп, жұтатып тастады. 
Н.Г.Аполлова “Жеті жарғыны” қазақ қоғамының өмірінде ірі орын алатын саяси институт деп
атайды: “Совет биев (диван), состоявший из нескольких знатных биев, представлял собой 
совещательный орган при хане и, …совет состоял из семи биев. Предание приписывает им 
участие в составлении так называемых “законов Тауке”. Но законодательные функции совета биев 
были вообще ограничены, поскольку хозяйственная и политическая жизнь казахского общества
регулировалась нормами написанного обычного права (адата). Значительно шире его функции как 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет