Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет44/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
235556 (1)

Үшінші таған
 
Кек пен жаза
 
§1. Кек 
Қазақ ұғымында кек қайтару ғұрпы айыпталған емес, керісінше əлдеқалай бұзыққа, не келімсекке 
қандас туысының өшін жіберсе, не басының намысын қорғай алмаса, ондай азаматты халық қор 
санаған. Туысын өлтірген қылмыскердің өз қанын, не ағайынының қанын ішпей жіберу, 
кешірілмес кунə саналып, ондай еркектер жұрттың көзіне шыққан сүйелдей болып, онымен бір 
дастарқанға отыруға өзгелер арланған.  
Алаштың азаматына қас жауының кенірдегін қанжармен орып жіберіп, қанын ішу ата жолына
кіретін , əдет-ғұрып алдындағы абыройлы міндет. Ер жігіт түгілі қазақтың бойжеткен қызы 
да беліндегі кездігін тастамайды /ер кісесі жəне əйел кісесі/. 
Қазақтың ХУІІІ-XIX ғасырдағы қатал мінезі туралы А.И.Левшин былай деп жазады: 
”Қандай арманшыл адам болса да, бұл адамдар қауымына қызығуы қиын, оларды не рухани 
табиғаттың тамашасы, не тұрмыс-тіршілігі қызықтырмайды.Олар қаталдыққа əбден үйреніп 
алған жəне мінезді жұмсартатын нəрсенің бəрінен қашады, ұрлықты да қаталдық деп
ержүректілікті өмір бойы қан төгу деп түсінеді”. 
”Өзіне жасаған қорлыққа кек қайтара алмаған қазақ, ашу-ыза үстінде құтырған қасқырға ұқсас, 
- дейді А.И.Левшин, 1821 жылы Антонов бекінісінде сол маңда көшіп жүрген бір ордалық қазақ
менің көзімше өзін пышақпен бірнеше рет тілгілеп тастады, себебі оның төбелесіп жатқан бір 
орысын бірнеше Жайық орыс-казактары арашалап алып қалып, əбден шерін тарқатуға мүмкіндік 
берген жоқ. Екінші біреуі билердің кесімімен жазаға бұйрылғанына күйініп, жан шошырлық 
кейіпке түсті, қолма-қол өзін жаралап, əкесіне балта ала жүгірді, қызына жара салып, бірнеше 
жылқыны балталап тастады”. 
”Егерде талай кедергіден өтіп, көптен бері іздеп, ақырында өзінің кегі кеткен жауын тапқанда, 
ол тіпті нағыз жолбарысқа ұқсап кетеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Кіші жүздің Бай ұлы
елінің ішіндегі Беріш руынын қазақтары, өз туыстарының кегін қуып Əлім ұлына шабуыл
жасады жəне бірнеше жауларын қолға түсірді. Қолға түскен бақытсыз жандардың, оның 
ішінде кінəсіздері де бар, басына түскен тағдырын адам қиялы елестетуі неғайбыл. Жеңімпаздар 
оларды бейіт басына, өздерінің өлген туыстарының қабіріне алып келіп, бір-бірлеп, сол жерде-ақ 
өлтіреді, үлкенінің кенірдегін орып жіберіп, жиналған қанын уыстап тұрып ішкен “. 
Ханда билік, билерде бəтуə жоқ кезде қазақтын рулары өзара да қанды кек қуысатын болған, 
мүмкін сондай жан кештілік заманда өзін-өзі сақтау, халық болып, қалу да оңай болмаған болар, 
намысты жоғары қойған “Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді“ дейтін қазақ үшін қалыпты 
жағдай болған. 
Бірақ сөзге түсінген, сөзге жүгінген ел болғандықтан, қазақ руларының өзара дау-шараларын от 
тілді, орақ ауызды би-шешендері ушықтырмай, шешіп отырған. Қазақ “Сөз сүйектен, таяқ 
еттен өтеді“ -деп сөз өтетін жерде, шоқпарын ынғайламаған, сөзбен қағысып барып ештеңе 
шықпайтын болғанда ғана іске кіріскен, əйтпесе көшпелі ыдырап жүрген елді бір жеңнен қол, бір 
жағадан бас шығаратындай ұйымдасып, ынтымақтастырып отыру оңай болмаса керек. 
ХУІІІ ғасырда өмір сүрген Ақтамберді жəне Үмбетеай жыраулар бір дауға байланысты сөз
жарыстырғанда айтқаны: 
Ақтамберді:


Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлк етпес. 
Жуылмай қастың қанымен,
Намысқа тиген кір кетпес. 
Шабыссаң, қане, шығып көр,
Жау емессің күш жетпес. 
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кетпес! 
Еліңді жүндей түткізіп,
Қанды көбік жұтқызып,
Жайратамыз осы кеш. 
Үмбетей:
Ей, Ақтамберді! 
Суытпа босқа түсіңді,
Қайрама онша тісіңді. 
Сырт тазасы не керек. 
Тазарт əуел ішіңді,
Салмақтассаң айта ғой,
Хан алдында күшіңді.
Елімді иесіз деймісің,
Ерімді киесіз деймісің? 
Алты арысқа білдірмей,
Басып жеймін деймісің? 
Батпан-батпан мінің бар,
Қабынбай бітім қылыңдар. 
Міне, Үмбетбейдің дегенімен екі ру қазақтары қанды қырғынға бармай, бітімге құн төлеп 
келіскен. 
Ал енді сыртқы жау, бөтен елде кеткен кек іште қатқан шер болған. Жиембай іште қалған 


шерін былай деп айтқан: 
Керегеге ілінген,
Шабылмаған семсер тұр. 
Жаудан алмай кегімді,
Есіл де өмір өткен құр. 
Сыртқы елмен қатынаста құн төлеу, кешу, бітімге келу өте сирек болғандықтан, не жеңу, не 
жеңілу керек еді. Атақты Абылай заманындағы ағайынды батырлар Жауғаш, Биғаштың 
Жауғашы қалмақта өлгенде /елшілікте/ қазақ батырдың жолында қырылмақ болып, жеті ердің 
құнын алған. Сол сияқты кек қайтарушы кісіні “Қаскүнем” деп атаған, яғни өзінің ойындағы істі 
көпке дейін сəті келгенше күтіп іске асырушы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет