Жетписбаев батыр адамович


Қылмыстық жауаптылықтан босату



Pdf көрінісі
бет114/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Қылмыстық жауаптылықтан босату – қылмыстық заңдарға жəне қылмыстық iс жүргiзу заңдарына 
сəйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық шараларды қолданудан бас 
тартуы болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтан босату институтында сонымен қатар əдiлеттiлiк, 
iзгiлiк, жеке кiнəлi жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттары мiндеттi түрде бiрге 
жүзеге асырылып отырады. Кейбiр жағдайларда кiнəлi болып қалған адамды қыл мыстық жауаптылыққа 
тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бiрақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ 
жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлiгiн жеңiлiрек жазамен ауыстыру арқылы 
көзделген мiндеттер дi орындап тиiстi мақсатқа жетуге болады. Құқық қолдану органдары қызметкерлерi
осы мəселелердi шешу барысында қылмыстың жасалуының қоғамға қауiптiлiгiн ескередi, кiнəлiнiң жеке 
басына оның қылмыс жасағанға дейiнгi жəне қылмыс жасағаннан кейiнгi əрекеттерiне мəн беруi керек 
(шын өкiнуi, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға жəрдемдесуi, т.с.с.)
Қылмыстық жауаптылықтан босату адамның жасаған əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiгi аз, онша қауiптi
болмауы жəне адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуi мүмкiн болған жағдайларда қолданылады. 
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босату немесе жазаны
жеңiлiрек жазамен айырбастау институтын орнықтырған. 
Қылмыстық жазадан босату белгiлi бiр деңгейде қылмыстық жауаптылықтан босатуды еске түсiредi.
Дегенмен, босатудың бұл түрлерiнiң арасында қағидалық тұрғыдағы айырмашылықтары да
бар:
- қылмыстық жауаптылықтан əдетте ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс 
жасаған адам босатылады. Ал жазадан босату адам ауыр жəне аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда да
мүмкiн;

қылмыстық жауаптылықтан босатуды соттың айыптау үкiмi шығарылғанға дейiн сот қана емес, 
сондай-ақ тергеушi де, прокурор да, алдын-ала анықтау органы да жүзеге асырады. Ал жазадан босату 
айыптау үкiмi шығарылғаннан кейiн жəне осыған орай тек сотпен ғана жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет