Жетписбаев батыр адамович


§8. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау



Pdf көрінісі
бет112/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§8. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
 
 ҚР Қылмыстық заңы қылмыстардың қайталануының үш түрiн қарастырады: қайталану, қауiптi қайталану 
жəне аса қауiптi қайталану.
Қылмыстың қайталануының ең бiр шешушi белгiсi болып адамның соттылығының болуы табылады. 
Соттылық рецидивист тұлғасының жəне оның қылмыстық əрекетiнiң аса қауiптi екендiгiн куəландыратын 
фактор. Қылмыстың қайталануының қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнiң жоғары болуы кiнəлiнiң қайта қылмыс 
жасауымен ғана емес, сонымен бiрге тұлғаға қолданыл ған қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасына 
қарамастан сотталғаннан кейiн де тұлғаның жаңа қылмыс жасауымен де анықталады. Рецидивистiң 
қылмыстық əрекетi соттылығы бола тұра жүйелi түрде қылмыстар жасаудан көрiнетiн оның 
тұрақтылығымен сипатталады. 
ҚК-тiң 59-бабында қылмыстың қайталануы жағдайында қылмыс жасағандық үшiн жазаның негiзi мен шегi 
ашып қарастырылған. Мұнда заңшығарушы соттар осындай жаза тағайындау кезiнде ескеруi тиiс 
жағдайлардың тiзiмiн келтiредi:
1). Кiнəлiнiң бұрын жасаған қылмысының саны;
2). Бұрын жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi;
3). Оның алдындағы жазасының түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мəн-жайлар;
4). Жаңадан жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi.
Заңның осы талаптары жасалған қылмыс туралы жəне рецидивист кiнəлiнiң тұлғасы туралы барлық
мəлiметтердi ескере отырып жазаны жеке даралауға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге, ҚК-те əрбiр 
қайталану түрi кезiнде жаза тағайындай отырып соттар сақтауға мiндеттi шектердi енгiзген. Бұл кезде 
қайталану қауiптi болған сайын оған тағайындалатын төменгi жазаның өзi жоғары болып табылады:
а). қылмыстың қайталануы жағдайында жасалған қылмыстар үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған 
қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бiрiнен төмен 
болмауы;
б). қылмыстың қауiптi қайталануы жағдайында жасалған қылмыстар үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi 
жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң жартысынан 
төмен болмауы;
в). аса қауiптi қайталану жағдайында жасалған қылмыстар үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған 
қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен екiсiнен төмен 
болмауы керек.
Осы жоғарыда аталған ережелердi қолдануға болмайтын екi ерекше жағдайлар заңда көрiнiс тапқан:
1). Егер адамның соттылығы жасалған қылмыстың ауырлататын белгiсi болса: мысалы, ҚК-тiң 117 
бабының 3-бөлiгi, 270-баптың 2-бөлiгi жəне т.б жағдайларда қайталану фактiсiн қайталап ескерудi қажет 
етпейдi. Мұнда заңшығарушы қайталану фактiсi қылмыс сараланып отырған бап санкциясында ескерiлiп 
кеткендiгiне жүгiнедi. Бұл жағдайда жаза қайталануды, қауiптi қайталануды жəне аса қауiптi қайталануды 
анықтау кезiнде, егер сот қажет деп тапқан жағдайларда санкциядағы жазаның төменгi мерзiмi мен 
мөлшерiнде тағайындай алады;
2). Егер сот жасалған қылмыста жазаның шегiн төмендетуге, жеңiлiрек жаза тағайындауға негiз болатын 
ҚК-тiң 55-бабындағы ерекше жағдайлар бар деп тапса, ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бап санкциясының төменгi 
шегiнен де төмен жаза тайындауы мүмкiн. Аталған ереже қайталанудың кез келген түрiне қатысты 
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет