Жетписбаев батыр адамович


§3. Тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шаралары



Pdf көрінісі
бет125/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§3. Тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шаралары
 
Тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шаралары мемлекеттiк мəжбүрлеу шарасының бiр түрi, бiрақ жазаға 
қарағанда құқықтық мəнi бойынша соттылыққа əкеп соқпайды. Қылмыстық заң гуманизм принципiн 
басшылыққа ала отырып, кəмелетке толмағандарға тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданып 
оларды жазадан босату мəселесiн қарастырады. 
ҚК-нiң 81-бабына сəйкес тəрбиелiк əсерi бар мəжбүрлеу шараларын қолданып кəмелетке толмағандарды
жазадан босату үшiн:
а) кəмелетке толмаған адам қылмысты бiрiншi рет жасауы,
б) қылмыс онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа санаттардағы қылмысқа жатуы;
в) кəмелетке толмағанды тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану жолымен түзеу мүмкiндiгi 
болуы қажет.
Осы жоғарыда аталған негiздер болған жағдайда сот кəмелетке толмаған адамның жасаған қылмысының
қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiн жəне оның жеке басының қауiптiлiгiн ескерiп тəрбиелiк əсерi бар 
мəжбүрлеу шараларының мынадай түрлерiн тағайындауы мүмкiн:
а) ескерту;
б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттiк органның 
қадағалауына беру;
в) келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;
г) бос уақытын шектеу жəне кəмелетке толмаған адамның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу;
д) кəмелетке толмағандарды арнаулы тəрбие немесе емдеу-тəрбиелеу мекемесiне орналастыру. 
Ескерту кəмелетке толмаған адамға оның əрекетiмен келтiрiлген зиянды түсiндiруден жəне Қылмыстық 
кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсiндiруден тұрады. 
Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттiк 
органға кəмелетке толмаған адамға тəрбиелiк əсер ету жəне оның мiнез-құлқын бақылау жөнiнде мiндеттер 
жүктеуден тұрады.
Келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетi кəмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайын жəне оның 
тиiстi еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледi.
Кəмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу жəне оның жүрiс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу, 
белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақыттың белгiлi бiр нысанын, оның iшiнде механикалық көлiк құралын 
басқаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тəулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден 
тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттiк органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын
шектеудi көздеуi мүмкiн. Кəмелетке толмаған адамға бiлiм беру мекемесiне қайта оралу, оқуын жалғастыру 
немесе аяқтау, не мамандандырылған мемлекеттiк органның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы да 
қойылуы мүмкiн. Осы тiзбе түпкiлiктi болып табылмайды.
Алты айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге арнаулы тəрбие немесе емдеу-тəрбиелеу мекемесiне 
орналастыруды сот кəмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы
мүмкiн. Аталған мекемелерде болу адамның кəмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзетудi 
қамтамасыз етушi мамандандырылған мемлекеттiк органның қорытындысы негiзiнде сот кəмелетке 
толмаған адам өзiнiң түзелуi үшiн бұдан əрi шараны қолдануды қажет етпейдi деген тұжырымға келсе, 
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 
Кəмелеттiк жасқа толмағандарға арналған арнаулы тəрбие немесе емдеу-тəрбиелеу мекемесiнде болуды 
ҚК-тiң 83-бабының 5-бөлiгiнде көзделген мерзiм бiткеннен кейiн ұзартуға тек кəмелетке толмаған адамның 
жалпы бiлiм беретiн немесе кəсiптiк даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол берiледi, бiрақ ол 
кəмелетке толғанға дейiнгiсiнен аспауы керек. 
Кəмелетке толмаған адамның арнаулы тəрбие жəне емдеу-тəрбиелеу мекемесiнде болуының тəртiбi мен 
ережелерi заңдармен белгiленедi. 
Кəмелетке толмағандарға бiр мезгiлде тəрбиелiк əсерi бар бiрнеше тəрбиелеу шаралары тағайындалуы 
мүмкiн. Тəрбиелеу əсерi бар мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешiмдi iстi басты сот талқылауында 
қарап, айыптау үкiмiн шығарған кезде тек сот ғана қабылдайды. Тəрбиелiк əсерi бар мəжбүрлеу шаралары 
соттың пiкiрiнше, кəмелекте толмағанның түзелуiне немесе қайта тəрбиеленуiне қажет мерзiмге немесе ол 
он сегiз жасқа толғанша қолданыла алады. Мұндай шаралар қолданылған кəмелетке толмағандардың
соттылығы жоқ деп танылады. 
Кəмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың да өзiндiк 
ерекшелiктерi бар. Мерзiмiнен бұрын босату бас бостандығынан айыру жəне түзеу жұмыстарына сотталған
кəмелетке толмағандарға ғана қолданылады. 
Кəмелетке толмағанды мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату үшiн тағайындалған жазаны өтеудiң 
ересектерге қарағанда қысқа мерзiмдерi қарастырылған. Мұнда жазаны өтеу уақытының мерзiмi жасалған 
қылмыстың санатына байланысты құрылған:
а) ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң 


кемiнде үштен бiрi;
б) ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде жартысын;
в) аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн 
жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкiн. Қылмыстық заң кəмелетке 
толмағандарға жазаны жеңiлiрек жазамен ауыстыру ережесiн қолданбайды. 
Сонымен бiрге, қылмыстық жауаптылыққа тартудың жəне айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмдерi кəмелетке 
толмағандарға қатысты тең жартысынан қысқартылады. 
ҚК-тiң 86-бабына сəйкес он сегiз жасқа толғанға дейiн қылмыс жасаған адамдар үшiн ҚК-нiң 77-бабында 
көзделген соттылықты жою мерзiмдерi қысқартылады жəне тиiсiнше:
а) бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерiн өтегеннен кейiн төрт айға, 
б) ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен 
кейiн бiр жылға;
в) ауыр жəне аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейiн үш жылға тең болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет