II.
Қоғамға қауiптiлiк сипаты бiртектi қылмыстарды қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне қарай үш
түрге бөледi:
1)
Жай қылмыстар ( ҚК 96-бабының 1-бөлiгi),
2)
Сараланған немесе ауырлатылған қылмыстар (ҚК 96-бабының 2-бөлiгi);
3)
Жеңiлдетiлген қылмыстар (ҚК 97-100- баптары).
III.
Кiнəнiң нысаны бойынша қылмыстарды екi түрге бөледi:
1)
Абайсыз қылмыстар,
2)
Қасақана қылмыстар.
IV.
Қылмыстың қоғамға қауiптi сипаты мен дəрежесiне қарай оларды төрт санатқа бөледi:
1)
Ауырлығы онша емес қылмыстар,
2)
Ауырлығы орташа қылмыстар;
3)
Ауыр қылмыстар;
4)
Аса ауыр қылмыстар.
Қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi бойынша қылмыстарды мұндай санаттарға бөлу кiнəнiң нысаны
мен бас бостандығынан айырудың жоғарғы мерзiмi түрiндегi санкция арқылы нақтыланады.
ҚР ҚК 10-бабына сəйкес ауырлығы онша емес қылмыстарға мына қылмыстар жатады:
а) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан
аспайтын қасақана жасалған əрекет (мысалы, ҚК 112-бабы
″Қорқыту″ қылмысы);
б) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан
аспайтын абайсызда жасалған əрекет (ҚК 101-бабы
″Абайсызда адамға қаза келтiру″).
Ауырлығы орташа қылмыстарға мына қылмыстар жатады:
а) жасалғаны үшiн қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан
аспайтын қасақана жасалған əрекет (ҚК 126-бабы
″Бас бостандығынан заңсыз айыру″);
б) жасалғаны үшiн Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылдан астам мерзiмге бас
бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған əрекет (ҚК 296-бабының 3-бөлiгi
″Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы жəне көлiк құралдарын пайдалану
ережелерiн бұзуы
″).
Достарыңызбен бөлісу: |