3-тарау. Қылмыс ұғымы
§1. Қылмыс ұғымы жəне оның белгiлерi
Қылмыс, онымен тығыз байланысты жаза қоғам тарихының барлық дəiрлерiнде өзгермелi сипатта
болып келген ұғымдар. Қылмыс – бұл адам iс-əрекетiнiң бiр түрi. Осы тұрғыдан алғанда, қылмыстық
құқықта қылмыс ұғымына екi анықтама беру қалыптасқан.
Қылмыстың формальды анықтамасы бойынша, қылмыс дегенiмiз - қылмыстық заң арқылы жазалау
қатерiмен тыйым салынған адамның белгiлi бiр əрекетi. Алайда, мұндай анықтама қылмыстық əрекеттiң
мəнiн ашпайды, не үшiн заң шығарушы қандай да бiр əрекеттi жасауға тыйым салады, неге бұл əрекеттер
қылмыс деп табылады деген сұрақтарға толығымен жауап бермейдi. Сондықтан қылмыстың материалдық
анықтамасын енгiзу арқылы осы сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгi қарастырылды.
Қылмыстың материалдық анықтамасында қылмыстың негiзгi сапасы – оның қоғамға қауiптiлiгiмен
анықталады деген тұжырым жасалған. Бұл анықтамаға сəйкес, қылмыс дегенiмiз - адамның қоғамға қауiптi
iс-əрекетi болып табылады. Жасалған əрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң бар болуы оның белгiлi бiр
қоғамдық қатынастарға зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады дегендi бiлдiредi.
Сонымен, формальды жəне материалды анықтамалар бiрiн-бiрi толықтырып қылмыстың ұғымын бередi.
ҚР ҚК 9-бабының 1- бөлiгiне сəйкес
″Қылмыстық кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты
қоғамға қауiптi iс-əрекет (əрекет немесе əрекетсiздiк) қылмыс деп танылады
″.
Көрсетiлген анықтамадан қылмыс ұғымы өзiне келесi белгiлердi қамтитынын көремiз: қоғамға қауiптiлiк,
қылмыстық құқыққа қайшылық, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық. Осы аталған белгiлердiң жиынтығы
болғанда ғана iс-əрекет қылмыс деп танылады.
Қылмыстың бiрiншi белгiсi оның қоғамға қауiптiлiгi. Қоғамға қауiптiлiк қылмыстың негiзгi материалдық
белгiсi жəне қандай да бiр əрекеттi қылмыс деп танудың негiзi болып табылады. Əрекеттiң қоғамға
қауiптiлiгi ең алдымен заңшығарушының қол сұғылатын негiзгi объектiлердi көрсетуi арқылы анықталады.
Алайда, қоғамға қауiптiлiк - өзгермелi категория. Ол бiрнеше жағдайларға: iс-əрекеттiң өзiне (əрекет
немесе əрекетсiздiк); қылмыстың жасалу жағдайы, орны, уақыты, тəсiлiне; қылмыскердiң жеке басының
ерекшелiктерiне; қылмыстан келген зардаптың мөлшерiне; қылмыстың мақсаты мен мотивiне жəне т.б.
жағдайларға байланысты анықталуы мүмкiн.
Қоғамға қауiптiлiктiң екi сипаты бар:
- сапалық немесе қоғамға қауiптiлiк сипаты,
- сандық немесе қоғамға қауiптiлiк дəрежесi.
Қоғамға қауiптiлiктiң сипаты қылмыстың қандай қылмыстарға қол сұғатындығымен (адамның өмiрi,
меншiгi, денсаулығы, мемлекет қауiпсiздiгi), ал қоғамға қауiптiлiк дəрежесi қол сұғушылықтың ерекшелiгi
мен деңгейiне, қылмыстан келген зардаптың ауырлығына байланысты анықталады. Қылмыстың қоғамға
қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi қылмыстық заңда көрсетiлген санкция бойынша да анықталады.
Жасалған əрекетте қоғамға қауiптiлiк белгiсiнiң болмауы оның қылмыстылығы мен жазаланушылығын
жояды. Сондықтан, жасалған əрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы
болмағандықтан қоғамға қауiптi емес iс-əрекет қылмыс болып табылмайды (ҚР ҚК 9-бабының 2-бөлiгi).
Қылмыстың екiншi белгiсi - қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр əрекетпен қылмыстық
норманы бұзу. Құқыққа қайшылық қылмыстың формальды белгiсi.
Қоғамға қауiптi iс-əрекет егер ол қылмыстық заңда тiкелей қарастырылған болса ғана қылмыс болып
табылады. Сондықтан əрекеттiң қылмыс немесе қылмыс емес екендiгiн шешу кезiнде заңның аналогиясы
қолданылмайды деп көрсетiлген (ҚР ҚК 9- бабы). ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында жекелеген
қылмыс құралдары үшiн жауаптылық қарастырылған. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты
құрамдарына қарсы iс-əрекет жасауды қылмыстық құқыққа қайшылық деп атайды. Тиiсiнше, адамның
қылмыстық заң тыйым салмаған iс-əрекеттердi жасауын қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек
заңшығарушы ғана белгiлi бiр əрекеттi қылмыс қатарына жатқызуға мүмкiндiк беретiн оның мəндi
белгiлерiн анықтайды, сондықтан iс-əрекеттiң қылмыстық құқыққа қайшылығын белгiлеген тиiстi заңның
жарияланған уақыттан бастап ондай iс-əрекеттер қылмыс деп танылады.
Қылмыстың келесi белгiсi – кiнəлiлiк. Адамның өзi жасаған əрекетiне немесе əрекетсiздiгiне қатысты
психикалық қатынасы болса, оның əрекетi кiнəлi түрде жасалған деп танылады. Бұл психикалық қатынас
қасақаналық немесе абайсыздық түрiнде көрiнiс табады. Яғни, белгiлi бiр əрекеттi қылмыс деп тану үшiн
онда кiнə орын алуы қажет. Белгiлi бiр психологиялық негiзден айрылған нақты əрекет немесе əрекетсiздiк
қылмыс болып табылмайды (мысалы, рефлекторлық қозғалыс, ессiз жағдайдағы iс қимыл немесе гипноз,
ұйқыдағы əрекеттер). Сонымен бiрге, сыртқы формальды белгiлерi қылмысты құрайтын тойтарылмайтын
күш нəтижесiнде немесе күштеп мəжбүрлеу кезiнде адамның жасаған əрекетi де қылмыс ретiнде
саналмайды. Яғни, кiнəсiз қылмыс та, жаза да жоқ деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |