Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет31/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Тiкелей объект деп қылмыстық iс-əрекет арқылы қол сұғылатын нақты мүдделердi құрайтын топтық 
объектiнiң бiр бөлiгiн айтамыз. Яғни, қол сұғушылық тiкелей бағытталған мүдде. Мысалы, жеке адамға 
қарсы қылмыстарда тiкелей объектi ретiнде– нақты бiр адамның өмiрi, денсаулығы, бас бостандығы
арнамысы жəне т.б. табылады. Қылмыстың тiкелей объектiсi ұқсас қылмыстарды бiр бiрiнен ажыратуға 
мүмкiндiк беретiндiктен қылмысты саралау үшiн маңызды болып табылады. 
Негiзiнен, кез келген қылмыс нақты бiр тiкелей объектiге бағытталады. Алайда, бiр уақытта екi бiрдей 
объектiге қол сұғатын қылмыстар да кездеседi, оларды теорияды екi объектiлi қылмыстар деп атайды. 
Мұндай жағдайларда тiкелей объектiнi екiге ажырату қажет: негiзгi объект жəне қосымша объект
Тiкелей объектiнiң қайсысы негiзгi, ал қайсысы қосымша деген мəселе туғанда, қорғалатын объектiнiң 
құндылығы не маңыздылығына байланысты емес, оның бiртектес, топтық объектiге қатыстылығы бойынша 
шешiледi. Мысалы, ҚК-ң 340-бабы «Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асырушы адамның
өмiрiне қол сұғуң қылмысында адам өмiрi құнды бола тұрса да, аталған қылмыс сот төрелiгiне қарсы 
қылмыстарға жататындықтан негiзгi тiкелей объект болып – сот төрелiгi, ал қосымша тiкелей 
объектiсi болып– адамның өмiрiне байланысты мүдделер табылады. 
Қосымша объектiнiң екi түрi бар: қажеттi жəне факультативтi. Қылмыс жасау кезiнде негiзгi объектiмен 
бiрге зиян келетiн немесе зиян келу қаупi туатын объектiнi қажеттi қосымша объект деймiз. Мысалы, ҚК 
351-бабы «Көрiнеу жалған сөз жеткiзуң қылмысында – сот төрелiгi негiзгi тiкелей объект, ал жалған 
сөздiң құрбаны болған адамның мүддесi қажеттi қосымша объект болып табылады. 
Факультативтi қосымша тiкелей объект дегенiмiз қылмыс жасау кезiнде зиян келуi де келмеуi де мүмкiн 
мүдде. 
Қылмыс объектiсiнiң түрлерi
Жалпы объект
Топтық объект
Тiкелей объект
Екi объектiлi қылмыстар
Негзгi тiкелей объект
Қосымша тiкелей объект




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет