Қылмыстық құқық теориясында
қылмыстың объектiлерiн жалпы, топтық жəне тiкелей деп бөлу
қарастырылған. Объектiнi мұндай түрлерге бөлу жалпы қоғамдық қатынастар жүйесiндегi нақты объектiнiң
орнын дұрыс анықтауға жəне сол арқылы қол сұғушылықтың қоғамдық қауiптiлiгiн түсiнуге ықпал етедi.
Жалпы объект – бұл қылмыстық заңмен қорғалатын, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы, яғни
əртүрлi деңгейдегi қоғамдық қатынастар кiретiн қылмыстық қорғау объектiлерiнiң жүйесi.
Қылмыстың
жалпы объектiсi жасалған қоғамға қауiптi əрекет құқық бұзушылықтың қандай тобына (қылмыстық,
азаматтық, əкiмшiлiк немесе тəртiптiк) жататындығын анықтау туралы мəселенi шешуде маңызды болып
табылады. Бұл мəселенi шешудiң заңдық негiзi болып ҚК 2-бабы табылады.
Онда қылмыстық заңмен
қорғалатын маңызды қоғамдық қатынастардың тiзiмi берiлген. Кез келген қылмыс қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға қандай да бiр нақты игiлiкке немесе мүддеге қол сұға отырып, соңында
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың барлық жүйесiне,
яғни жалпы объектiге қол
сұғады.
Қылмыстың
топтық объектiсi – бұл қылмыстық заңмен арнайы қарастырылған
нормалар тобымен
қорғауға алынған бiртектi қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Топтық объект қылмыстың белгiлi бiр
топтары қол сұғатын бiртектi мүдделердiң не игiлiктердiң тобын құрайтын жалпы объектiнiң бөлiгi.
Қоғамдық қатынастардың бiртектi екендiгi мүдделердiң бiр типтi болуымен анықталуы мүмкiн.
Қылмыстың топтың объектiсi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң жүйесiн құрастыруда
маңызды болып табылады,
өйткенi Ерекше бөлiмнiң тарауларға бөлiнудiң негiзiне нақ осы топтық объектiнiң белгiлерi алынған. ҚК-
тiң Ерекше бөлiмiнiң əрбiр тарауында қорғалатын мүдделер бiр тектес объектiлер бойынша шоғырланған.
Мысалы, топтық объектiлерге – жеке адам, меншiк, қоғамдық қауiпсiздiк,
бейбiтшiлiк пен адамзат
қауiпсiздiгi жəне т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: