Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет29/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 Əдебиеттер:
 Алауханов Е.О., Үмбеталиев С., Рахметов С.М. Қылмыс құрамы. Алматы, 2000
Гонтарь И.Я. Преступление и состав преступления как явления и понятия в уголовном праве. 
Владивосток, 1997 


Игнатов А.Н., Костарева Т.А. Уголовная ответственность и состав преступления. Лекция. М., 1996 
Карпушин М.П., Курляндский В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. М., 1974
Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. М., 1972, 2000
Сергиевский В., Рахметов С. Квалификация преступлений. Алматы, 1999 


6-тарау. Қылмыс объектiсi
 
§1. Қылмыс объектiсiнiң түсiнiгi мен маңызы
 
Қылмыс объектiсi қылмыс құрамының мiндеттi элемент- терiнiң бiрi, сондықтан да объектiсiз қылмыс 
жоқ.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектiсi деп қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық 
қатынастарды тану қалыптасқан. Себебi, кез келген қылмыс жасағанда адам қоғамдық қатынастың қандай
да бiр элементiне озбырлық жасайды. Олардың өзара байланысын бұзады, қоғамдық қатынасқа 
қатысушылардың мүддесiне тiкелей немесе жанама нұқсан келтiредi. 
Қоғамдық қатынастар адамдар арасында олардың күнделiктi iс-əрекетiнде танымдық жəне рухани өмiрде 
қалыптасатын қатынастар. Қоғамдық қатынас сипаты мен құрылымы бойынша күрделi құбылысты 
құрайды. Қоғамдық қатынастардың басты элементтерi: қоғам, мемлекет жəне оның қалыптасуы, құрылуы 
жəне олардың өкiлдерi; əртүрлi бiрлектiктер мен адамдар ұжымы, жеке адамдар; материалдық заттар жəне 
қоғамдық қатынасқа қатысушылар арасындағы əртүрлi нысанда көрiнiс табатын өзара байланыстар. 
Қоғамдық қатынастың маңызды элементi болып қоғамның мүдделерi табылады. Мүдде - қоғамдық 
қатынастың нақты көрiнiсi. Адамның қоғамға қауiптi əрекетi немесе əрекетсiздiгi қоғам, мемлекет жəне 
жеке адамдардың мүдделерiне зиян келтiргенде ғана ол қылмыстық мəнге ие болады. 
Қылмыстық заңда қылмыс деп танылған кез келген қоғамға қауiптi iс-əрекет белгiлi бiр жағдайларда осы 
қоғамдық қатынастарға, мүдделерге зиян келтiредi немесе зиян келтiру қаупiн туғызады. Сонда, 
қылмыстық құқықта қылмыс объектiсi деп қоғамға қауiптi iс-əрекет неге бағытталған жəне ол неге зиян 
келтiредi соны айтады. 
Қылмыстық заң қоғамдық қатынастардың барлығын емес, оның iшiнде құнды, маңызды дегендерiн ғана 
қорғайды жəне ол қатынастар өзгерiп отырады. Олардың өзгеруi көптеген мəн-жайларға байланысты: 
ерекше тарихи кезеңге, уақыт ағымына, қандай да бiр нақты жағдайға жəне т.б. Қылмыстық қол 
сұғушылықтан қорғалатын аса маңызды қоғамдық қатынастардың шеңберi ҚК-ң 2-бабында анықталған: 
«адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерi, меншiк, ұйымдардың құқықтары 
мен заңды мүдделерi, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiк, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының 
конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерi, 
бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгi ң. 
Қорғалатын объект маңызды болса, соған сəйкес қылмыс та қауiптi болып саналады, соған орай оны 
қылмыстық-құқықтық қорғауда қатаң түрде жүзеге асырылады. 
Қылмыс объектiсi түсiнiгi қылмыстық əрекеттiң түсiнiгiмен жəне қылмыстың материалдық белгiсi -
қоғамға қауiптiлiкпен тығыз байланысты. Себебi, тек əлеуметтiк маңызды игiлiкке, мүддеге елеулi зиян 
келтiрген немесе зиян келтiруi мүмкiндiгi туындаған кезде ғана əрекет қылмыс деп танылады. Егер əрекет 
қылмыстық құқықпен қорғалатын қандай да бiр мүддеге зиян келтiру қаупiн тудырмаса немесе нақты зиян 
келтiрмесе, не бұл зиянның қауiптiлiгi шамалы болса, онда əрекет қылмыс деп танылмайды. 
Сонымен, қылмыстың объектiсi дегенiмiз - қылмыс жасаушы адам қол сұғатын жəне қылмыс жасау
нəтижесiнде зиян келтiрiлетiн немесе елеулi зиян келтiрiлуi мүмкiн қылмыстық заңмен қорғалатын 
əлеуметтiк маңызды құндылықтар, мүдделер, игiлiктер.
Қылмыс объектiсiнiң қылмыстық құқықтағы маңызы жөнiнде айтатын болсақ, оны мына жағдайлармен 
сипаттауға болады:
1). Қылмыс объектiсi – кез келген қылмыстық iс-əрекеттiң элементi, яғни кез келген əрекет тек қылмыстық 
заңмен қорғалатын құндылыққа, мүддеге, игiлiкке зиян келтiрсе немесе зиян келтiру қаупiн тудырса ғана 
қылмыс болып табылады. 
2). Қылмыс объектiсi - қылмыс құрамының мiндеттi белгiсi. Тiкелей қолсұғушылық объектiсiнсiз бiрде бiр 
қылмыс құрамы болмайды.
3). Қылмыс объектiсi қылмыстық заңды кодификациялау үшiн маңызды болып табылады. Топтық 
объектiнiң белгiсi бойынша ҚК-ң Ерекше бөлiмiнде қылмыстар құрылған.
4). Қылмыс объектiсiн дұрыс анықтау қылмысты өзге де құқықбұзушылықтардан жəне аморальдық
əрекеттерден ажыратуға мүмкiндiк бередi.
5). Қылмыс объектiсi қылмыстық iс-əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiн анықтауға 
көмектеседi. 
6). Қылмыстың объектiсi iс-əрекеттi дұрыс саралауға жəне қылмыстарды бiр-бiрiмен ажырату үшiн 
шешушi жəне маңызды роль атқарады.
Сондықтан, қылмыс объектiсi туралы мəселенi дұрыс шешудiң теориялық жəне практикалық маңызы 
жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет