Жетписбаев батыр адамович


§2. Есi дұрыстық жəне есi дұрыс еместiк



Pdf көрінісі
бет42/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§2. Есi дұрыстық жəне есi дұрыс еместiк


Қылмыс адамның кез келген iс-қимылы сияқты адамның санасы мен еркi арқылы анықталады жəне
бақыланады. Қылмыс жасау кезiнде адам алдына қойған мақсатына қол жеткiзу үшiн заңсыз тəсiлдердi 
саналы түрде пайдаланады. Ол өз əрекетiнiң қоғамға қауiптi, құқыққа қайшы екендiгiн ұғынады жəне осы 
əрекеттiң зардаптарының қағамға зиян келтiретiнiн бiледi. Бұл адамда таңдау еркi бар деген сөз, яғни 
əрекеттiң заңдық түрiн таңдауға қабiлеттi жəне мүмкiндiгi бар бола тұра, ол саналы түрде қылмыстық 
жолды таңдайды. Өз əрекетiнiң немесе əрекетсiздiгi нiң сипаты мен зардабын ұғыну қабiлетi арқылы есi 
дұрыс адам есi дұрыс емес адамнан ажыратылады. Сондықтан есi дұрыстық - қылмыс субъектiсiнiң 
мiндеттi, ажырамас заңдық белгiсi.
Аталып өткендей, есi дұрыстық дегенiмiз - қоғамға қауiптi iс-əрекет жасаған кезде өз əрекетiнiң немесе 
əрекетсiздiгiнiң iс жүзiндегi сипатын, қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алатын, оны басқара алатын қабiлет. Есi 
дұрыстық ұғымы кiнə түсiнiгiмен тығыз байланысты, себебi тек есi дұрыс адам ғана кiнəлi деп танылады. 
Адамның қылмыс жасау кездегi психикалық жағдайын сипаттайтын есi дұрыстық сот-психиатриялық 
сараптама комиссияның қорытындысымен анықталады. Алайда, адамды есi дұрыс немесе есi дұрыс емес 
деп тану туралы шешiмдi шығару соттың құзыретiнде. Адамды есi дұрыс деп танудың салдары болып 
адамға жасаған қылмысы үшiн жауап беру мiндетiн жүктеп, оны жауаптылық пен жазаға тарту табылады.
Есi дұрыстық туралы сөз қозғағанда, қылмыстық заңда толық жəне шектелген есi дұрыстық мəселелерi 
қарастырылғанын да айту қажет. ҚР Қылмыстық Кодексiне алғаш рет есiнiң дұрыстығын жоққа 
шығармайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы туралы бап енгiзiлдi. ҚК-ң 17-
бабының 1-бөлiгiне сəйкес қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң iс-
əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола 
алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Мұнда есi дұрыстықтың бiр түрi - шектеулi есi 
дұрыстық жөнiнде сөз болып отыр.
Шектеулi есi дұрыстық кезiндегi психиканың бұзылуы дегенiмiз қылмыс жасаған адамның өз iс-əрекетiнiң 
iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын 
осындай психикалық аурудан iс-əрекетiне ие болу қабiлетiнiң елеулi азаюы.
Есiнiң дұрыстығы шектеулi адам психикасының ауытқуынан күйзелiсте болады, бiрақ бiршама төмен 
болса да өз iс-əрекетiне есеп беру жəне оны басқару қабiлетiн сақтайды. Шектеулi есi дұрыстық кезiнде 
адамның психикалық жағдайы есi дұрыстық пен есi дұрыс еместiк жағдайларының аралығында болады.
ҚК 17-бабының 2-бөлiгiне сəйкес есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылу жағдайын
сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мəн жай ретiнде ескередi жəне ол Қылмыстық Кодексте 
көзделген медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн де негiз бола алады.
Өз əрекетiнiң маңызын ұғынуға немесе сол қылмыстық заңда көзделген əрекеттi жасау кезiнде оған 
басшылық жасауға қабiлетi жоқ адам психикасының қалыпты еместiгiне байланысты есi дұрыс емес деп 
танылады, мұндай адамдар қылмыс субъектiсi бола алмайды. Өйткенi, бұлардың əрекетiнде қылмыстық 
жауаптылықтың алғышарты болып табылатын кiнə жоқ.
Есi дұрыс еместiктiң ұғымы мен оның белгiлерi ҚК-ң 16- бабында былай деп жазылған 
″Қылмыстық 
Кодексте көзделген қоғамға қауiптi əрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы 
психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де 
дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына 
алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес
″.
Есi дұрыс еместiктiң ұғымын ашу кезiнде қылмыстық құқық ғылымы екi критерийлердi пайдаланады: 
заңдық немесе психологиялық жəне медициналық немесе биологиялық.
Адамды есi дұрыс емес деп тану үшiн медициналық жəне заңдық критерийлердiң жиынтығы қажет. Тек 
олардың бiреуiнiң болуы адамды есi дұрыс емес деп тануға негiз бола алмайды.
Есi дұрыс еместiктiң медициналық критерийi, ҚК-ң 16- бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген психикалық 
қызметтiң дерттi бұзылуының төртеуiнiң бiреуi болуын талап етедi. Олар:
1)
созылмалы психикалық ауру;
2)
психиканың уақытша бұзылуы;
3)
кемақылдылық;
4)
психиканың өзге де дертке шалдығуы;
Созылмалы психикалық ауру бұл жазылуы қиын психиканың бұзылуы ұзақ уақытқа созылатын жан ауруы. 
Кейде бұл ауруда психиканың бұзылуы бiртiндеп үдеуi немесе төмендеуi мүмкiн, бұл аурудың кейiн 
тұрақты психикалық дефект (ақау) қалдыру қабiлетi де бар. Мұндай психикалық ауруларға: шизофрения
эпилепсия (қояншық), үдемелi сал, ми мүшесi (параноя) жəне т.б. жатады.
Психиканың уақытша бұзылуы – уақытша болатын кейбiр жағдайда бiрнеше минуттан бiрнеше сағат 
дейiн, ал кейде бiрнеше күн, апта, ай болатын жəне толық айығып кетумен аяқталатын психикалық ауру. 
Бұл ауруға патологиялық мас болу, патологиялық аффект, сананың тұмандануы жатады.
Кемақылдылық - туа бiткен немесе ерте жаста пайда болған психикалық қызметтегi патологиялық өзгерiс 
(олигофрения). Сондай-ақ жарақаттан, жұқпалы жəне басқа аурулардан мида болған органикалық
өзгерiстiң салдарынан адамның қалыпты ойлау қабiлетiнiң бұзылуы немесе нашарлауы салдарынан болған 


ауру. Кемақылдылық адамның ойлау қабiлетiнiң төмендiгiнен, танымның жəне пайымдаудың 
нашарлығынан, өз əрекетiн дұрыс бағалай алмайтындығынан көрiнiс табады. Ойлау қызметiнiң бұзылуы 
дəрежесiне байланысты кемақылдылықтың 3 дəрежесi болады:
1)
идиотия (ең ауыр дəрежесi);
2)
имбецильдiк (орта);
3)
дебильдiлiк (жеңiл);
Психиканың өзге де дертке ұшырауы – психиканың бұзылуының жоғарыда көрсетiлген үш түрiне 
жатпайтын, адам психикасының бұзылуына əсер ететiн əртүрлi аурулар. Бұған кейбiр жұқпалы аурулар (iш 
сүзегi, бөртпе сүзегi, iшкi органдар ауруының жəне зат алмасудың ауыр түрлерi, мидың жарақат тануы) 
əсерiнен адамның сандырақ күйге түсуi кезiндегi адам психикасының уақытша бұзылуы жатады.
Психикалық аурудың, тiптен созылмалы психикалық аурудың болуы қылмыстық заңда көзделген əрекеттi 
жасаған адамның есi дұрыс еместiгi туралы мəселенi шешуге жеткiлiксiз. Психикалық аурудың қарқыны 
əртүрлi болады, кейде ол адамды өз iс-əрекетiнiң мазмұнын ұғына алмайтын жəне оған ие бола алмайтын
жағдайға дейiн жеткiзедi. Сондықтан да медициналық критерий заңдық критериймен толықтырылады.
Заңдық немесе психологиялық критерий екi белгiнi қамтиды:
1)
интеллектуалдық
2)
ерiктiлiк
Заңдық критерийдiң интеллектуалдық белгiсiн заңшығарушы мына сөздермен келтiредi: 
″Адам… өз iс-
əрекетiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған
″.
Есi дұрыс еместiктiң интеллектуалдық белгiсi психикалық аурудың салдарынан адам санасының
бұзылғандығын бiлдiредi. Өз iс-əрекетiнiң iс жүзiндегi сипатын ұғына алмау өзi жасаған əрекеттiң мəнiн 
адамның түсiне алмағандығын, жасаған əрекетi мен туған зардаптың арасындағы себептi байланысты 
түсiнбейтiндiгiн көрсетедi.
Заңдық критерийдiң ерiктiлiк белгiсi – адамда өз iс-əрекетiне ие болу қабiлетiнiң жоқтығын бiлдiредi. 
Адамның ерiктiлiк қызметi оның санасымен тығыз байланысты, сана бұзылса адам өз iс əрекетiнiң 
мағынасын ұғынбайды, сол кезде ерiктiк қызмет те бұзылады да адам өз əрекетiне басшылық жасау 
қабiлетiнен айрылады.
Заңдық критерий болу үшiн осы екi белгiнiң бiреуiнiң болуы жеткiлiктi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет