2)
Осы қылмыстардың көпшiлiгiнiң жасөспiрiмдер арасында кең таратылғандығын;
3)
Бұл қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiнiң жəне ауырлығының жоғары екендiгiн;
Аталған бапта көрсетiлген қылмыстардың тiзiмi түпкiлiктi болып табылады ол кеңейтiлуге жатпайды.
Сондай-ақ, бұл қылмыстар үшiн қылмыстық жауаптылық, егер олар қасақана жасалса ғана 14 жастан
басталады.
Қылмыс белгiлерi бар əрекеттi жасаған жасы 14 жасқа толмаған жасөспiрiмдер қылмыстық жауаптылыққа
тартылмайды, олар iшкi iстер органының ұсыныстары бойынша кəмелетке
толмағандар дың iстерi
жөнiндегi комиссияның қорытындысымен тəрбиелеу сипатындағы мəжбүрлеу шаралары қолданылып
соттың ұйғарымымен арнайы оқыту-тəрбиелеу мекемелерiне жiберiледi. Оларды 11 жастан 14 жас
аралығындағы құқық бұзушыларға арналған арнайы жалпы бiлiм беретiн мектепке орналастырады.
Егер сот жасөспiрiмдi арнайы оқыту-тəрбиелеу мекемесiне жiберудiң қажетi жоқ деп тапса, материалдарды
кəмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияға тəрбиелеу сипатындағы басқа да шараларды
қолдану үшiн жiбередi.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгi жас 14 жас (ҚК 15-бабының 2-бөлiгiндегi
қылмыстар үшiн), жалпы жауаптылық жасы – 16 жас (ҚК Ерекше бөлiмiндегi қылмыстарға толық көлемде
жауап беретiн жас), арнайы субъектiнiң жас шамасы – 18 жастан, 25 жастан белгiленген.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық басталатын
төменгi жас белгiленгенiмен, қылмыстық
жауаптылықтың жоғарғы жасы шексiз. Яғни, ересек қартайған жаста қылмыс жасаған адам қылмыс
субъектiсi ретiнде танылады деген сөз. Алайда, заңшығарушы iзгiлiк қағидасына сүйенiп мұндай адамдарға
қатысты жазалардың кейбiр түрлерiн қолдануда бiрқатар шектеулердi қарастырады. Мысалы, өлiм жазасы
мен өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы үкiм шыққан кезде 65 жасқа
толған ер адамдарға, ал
қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 55 жастан асқан əйелдер мен 60 жастан асқан ер адамдарға
тағайындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: