Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет50/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
 
 
§4. Абайсыздық жəне оның түрлерi
 
Абайсыздық кiнəнiң жеке бiр нысаны ретiнде ҚР ҚК 21 бабында анықталған: менмендiкпен немесе 
немқұрайдылықпен жасалған əрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Жалпы ереже бойынша, абайсыз кiнəмен жасалған қылмыстар қасақана қылмыстарға қарағанда қауiптiлiгi 
төмендеу, өйткенi абайсыздықта адам қылмыс жасауға дайындалмайды жəне ниеттенбейдi. Бiрақта 
абайсыздықтың қауiптiлiгi мен абайсыз қылмыстылықпен күресудiң маңызына мəн бермеу қателiк болып 
табылады. Тəжiрибеде көрсетiлгендей, материалдық зиянның негiзгi мөлшерi абайсыз қылмыстардан 
келетiнi белгiлi (немқұрайдылық, бiреудiң мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру т.б.). Сонымен бiрге
ғылыми-техникалық прогресстi жетiлдiру жағдайында жаңа технологияларды енгiзу, көлiк құралдарының 
ағымын арттыру, жаңа энергия көздерiн пайдалануға байланысты абайсыз қылмыстардың қоғамға
қауiптiлiгi де арта түсуде.
Абайсыз қылмыстардың жасалуы негiзiнен бiрқатар адам дардың əлеуметтiк жауапсыздығынан, 
тəртiпсiздiгiнен, өзiн жоғары бағалаудан, салғыртығынан, өз мiндеттерi мен қауiпсiздiк ережелерiне 
салақтықпен қарауынан, айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына ұқыпсыз қатынасынан, тəжiрибенiң 
жоқтығынан не өзге де себептермен шамасы келмейтiн функцияларды өзiне алуына байланысты орын 
алады.
Абайсыздықты кiнəнiң жеке бiр нысаны ретiнде көрсететiн оның екi түрi бар: менмендiк жəне 
немқұрайдылық.
Егер адам қажеттi ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге тиiс жəне болжап бiле 
алатын бола тұра өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе, 


қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Абайсыздық түрлерiнiң əрбiреуiне жеке-жеке сипаттама беру арқылы оларды ортақтастыратын немесе бiр-
бiрiнен ажырататын белгiлердi анықтауға болады.
Сонымен, қылмыс менмендiкпен жасалған деп танылады, егер:
1)
Адам өз iс-əрекетiнiң қылмыстық белгiлерiн ұғынса, оның қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну мүмкiндiгi 
болса жəне оны ұғынуға мiндеттi болса;
2)
Өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын-ала бiлсе;
3)
Зардаптарды болғызбау мүмкiндiгiне сенсе;
4)
Зардаптарды болғызбау мүмкiндiгiне жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен сенсе;
Менмендiкте де, адамның кез келген саналы əрекетiндегi сияқты, iс-əрекеттiң белгiлi бiр бағыттылығы 
бар, белгiлi бiр ниеттерден туады жəне белгiлi бiр мақсатқа бағытталған. Алайда, бағыттылық ниет жəне 
мақсат менмендiкте қоғамға қауiптi зардапты қамтымайды, өйткенi субъект бұл зардаптардың 
болмайтынына сенiп, əрекет етедi.
Менмендiктiң интеллектуалдық кезеңiн адамның өз iс-əрекетiнiң нəтижесiнде қоғамға қауiптi 
зардаптардың туындауы мүмкiн екендiгiн алдын-ала бiлуi құрайды. Менмендiктiң интеллектуалдық кезеңi 
жанама қасақаналықтың интеллектуал дық кезеңiмен ұқсас, екi жағдайда да адам өз iс-əрекетiнiң қоғамға 
қауiптi зардабын алдын ала бiледi. Алайда, олар алдын ала бiлудiң сипаты бойынша ажыратылады. 
Қасақаналықта зардаптың болуын алдын ала бiлу əруақытта да нақты сипатты иемденедi. Яғни, кiнəлi 
туындауы мүмкiн немесе болмай қоймайтын қылмыстың нəтиже нақ сол өзiнiң жасаған əрекет немесе 
əрекетсiздiгiнен туындайтынын алдын ала бiледi. Ал менмендiкте адам қылмыстың нəтижелерiн жалпы, 
абстрактылы нысанда ғана көре бiледi. Кiнəлi өзi жасап жатқан əрекет немесе əрекетсiздiк нəтижесiнде 
қандай да бiр қоғамға қауiптi зардаптардың болатынын алдын ала бiледi, бiрақ бұл нақты жағдайда 
зардаптар тумайды деп ойлайды.
Менмендiктiң ерiктiлiк кезеңiнде кiнəлi өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарын оған жеткiлiктi 
негiздерсiз жеңiлдiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенедi. Мұнда субъект сенген жағдайлар алуан түрлi болуы 
мүмкiн жəне алуан түрлi көздерден шығуы мүмкiн. Бұл жағдайлар кiнəлiнiң жеке басына, оның қызметiне 
байланысты (шеберлiгiне, бiлiмiне, тəжiрибесiне сенуi мүмкiн), субъект сол кездегi жағдайдың 
ерекшелiктерiне, өзге адамдардың, жəбiрленушiнiң əрекеттерiне (жаяу жүргiншiнiң жолды жүгiрiп өтiп 
үлгеруiне сенуi мүмкiн), табиғат күшiне (басталған жаңбыр өрттi сөндiредi деп сену) немесе өзi қолданатын 
құралдың ерекшелiгiне (автомобильдiң жоғары сапасына) жəне т.б. жағдайларға сенуi мүмкiн. Көбiнесе 
субъект бiр ғана жағдайға емес, жағдайлардың бiр тобына сенуi де мүмкiн. Менмендiкте субъектi 
зардаптарды болғызбау мүмкiндiгi не жеңiлдiкпен сенедi. Адам өз күшi мен өзге де сенген жағдайларды 
асыра бағалайды, ал бұл жағдайлар зардаптарды болғызбауға шын мəнiнде қабiлетсiз болып қалады. 
Менмендiкпен əрекет ете отырып, субъект өзi сенген жағдайлардың зардаптарды болғызбауға қабiлетсiз 
екендiгiн болжап бiлуге мiндеттi жəне болжап бiлуге мүмкiндiгi бола тұра оған жеңiлдiкпен қарап, болжап 
бiлмейдi. Қылмыстық менмендiктiң кiнəлiлiк сəтi осы жерде көрiнедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет