мүмкiндiгiн иемденетiн əрекет болуы тиiс. Егер əрекет қоғамға
пайдалы не бейтарап болса, онда себептi
байланыс жөнiнде мəселе тумайды. Мысалы, көшеде мас күйiнде жатқан адамды аяғына тұрғызып үйiне
бағыттап жiберген адамның əрекетi мен үйiне бара жатқан мас адамның бiрнеше қадам басқаннан кейiн
автомобильдiң астына түсiп жарақат алуының арасында себептi байланыс жоқ. Бұл жағдайда адамның
əрекетi əлеуметтiк пайдалы болғандықтан қоғамға қауiптi зардапты тудырушы əрекет деп танылмайды.
Төртiншiден, адамның қоғамға қауiптi əрекетi қылмыстық зардаптың себебi болып танылу үшiн ол əрекет
зиян келтiрудiң қажеттi жағдайы болып табылуы қажет. Себепке қарағанда жағдай – бұл екiншi құбылысты
тiкелей тудырмайтын, бiрақ себепке ықпал ете отырып оның одан əрi дамуын қамтамасыз ететiн құбылыс.
Жағдайлар себептiң тууына жəне оның əрекет етуiне ықпал етедi.
Бесiншiден, мезгiлi, уақыты жағынан қылмыстың объективтiк жағын құрайтын iс əрекет
қоғамға қауiптi
зардаптың алдын алуы қажет. Яғни, қоғамға қауiптi зардап қоғамға қарсы iс əрекет жасалғаннан кейiн, осы
iс-əрекеттiң нəтижесiнде туындауы тиiс.
Алтыншыдан, белгiлi бiр қылмыста себептi байланыс бар деп тану үшiн iс əрекет пен зардап арасындағы
объективтi байланыспен қатар субъективтi байланыс – кiнəнi анықтау қажет. Себебi, кездейсоқ зиян
келтiру кезiнде қылмыстық жауаптылық себептi байланыстың болмауынан емес кiнəнiң болмауынан
туында майды.
Мысалы, 14 жасар А. Д-мен ойнап жүрiп, Д-нiң басына қолымен ұрып жiбередi. Д. сол
жерде аз уақыттан соң өледi. Сот дəрiгерлiк сараптама қорытындысы бойынша, Д. ертеректе мұзға
басымен жығылғандықтан, оның бас сүйегi сынады. Сол сынған сүйектi дəрiгерлер алып тастап оның
үстiндегi сыртқы терiсiн тiгiп қана қойғаны анықталған. Ал 14 жасар А. Д-ны ұрғанда оның жұдырығы
дəл сол сүйегi алынған жерге тиетiнiн жəне оның мұндай жарақаты бұрынан бар екендiгiн бiлмей ұрады.
Себептi байланысты анықтау тек қоғамға қауiптi əрекетпен жасалатын қылмыстарда ғана емес,
қоғамға
қауiптi əрекетсiздiкпен сипатталатын қылмыстарда да маңызды болып табылады. Қылмыстық кодекстiң
кейбiр баптарында əрекетсiздiк пен зиянды зардаптар арасындағы себептi байланысты анықтау қажеттiлiгi
тiкелей көрсетiледi.
Мысалы, ҚК 114-бабында
″
Медицина қызметкерiнiң кəсiптiк мiндеттерiне
ұқыпсыздығы немесе оған адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы,
егер бұл əрекеттер адамның қайтыс болуына əкеп соқса
″
жауаптылықты қарастырады.
Сонымен, iс-əрекет пен зардап арасындағы себептi байланыс əрекет немесе əрекетсiздiкпен жасалатын
материалдық құрамда ғы қылмыстардың объективтiк жағының мiндеттi белгiсi болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: