Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет51/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Мысалы, қалааралық ашық жолда (трассада) көлiктердердiң аз жүретiндiгiне сенiп жəне нашар 
жолдардан қашу мақсатында жолдың қарсы бетiнде жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүргiзушi 
жол апатын жасаса абайсыздықтың менмендiгi орын алады.
Қылмыстық немқұрайдылық кiнəнiң нысаны ретiнде сипатталады, егер:
1)
Кiнəлi өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе не алдын 
ала бiлмесе;
2)
Бiрақ ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге мiндеттi болса;
3)
Зардаптардың болатынын болжауға мүмкiндiгi болса;
Қоғамға қауiптi зардаптардың болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмеу немқұрайдылықты қасақаналықтың 
екi түрiнен де, қылмыстық менмендiктен де ажырататын негiзгi белгiсi жəне ол немқұрайдылықтың 
интеллектуалдық кезеңiн құрайды. Мұнда адам өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынбайды, зиянды 
зардаптардың болуы мүмкiн екендiгiн алдын ала бiлмейдi, себебi ол ұқыптылық пен сақтық ережесiн 
ұстанбайды. Мысалы, жүргiзушi көшеде iлiнiп тұрған 

жаяу жүргiншi

белгiсiн байқамай өтiп кетiп 
адамды қағып кетсе. Мұнда, егер автомобиль жүргiзушiсi жол жүрiсi ережесiн ұқыптылықпен қараса, 
онда өз iс-əрекетiнiң нəтижесiнде болуы мүмкiн зардаптардың алдын алатын едi немесе оларды 
болғызбас едi, болмаса əрекеттiң өзiнен бас тартар едi. 
Немқұрайдылықтың ерiктiлiк кезеңi екi белгiмен сипатталады: 
1). Адам өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарын алдын ала бiлуге тиiс болады;
2). Адамның осы зардаптардың болатынын алдын ала бiлуге мүмкiндiгi болса;
Субъектiнiң өз iс əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарын болжап бiлуге мiндеттi болды ма жəне мүмкiндiгi 
болды ма – соны анықтау үшiн қылмыстық құқық теориясы мен практикасы екi критерийдi пайдаланады: 
объективтi жəне субъективтi.
Адамның субъективтiк ерекшелiктерiне байланысты емес объективтiлiктi тану объективтi критерийдi тану, 
ал субъектiнiң жеке басының мүмкiндiктерiне байланысты белгiлердi тану субъективтi критерийдi тану 
болып табылады.


 Белгiлi бiр қылмысты немқұрайдылықпен жасаған деп тану үшiн осы объективтi жəне субъективтi 
критерийлердiң жиынтығы орын алуы қажет. Өйткенi, қылмыстық немқұрайдылықты сипаттауда аталған 
критерийдiң əрқайсысы өзiнше ерекше роль атқарады: объективтi критерий адамның болжап бiлуiне 
құқықтық тəртiп қоятын талаптарды орындау мүмкiндiктерiн сипаттайды.
Объективтi критерий заңда 
″зардаптарды болжап бiлуге тиiс″ деген сөздермен берiлген, ол адам қажеттi 
ұқыптылық пен сақтық болғанда қоғамға қауiптi зардаптарды болжап бiлуге мiндеттiлiгiн бiлдiредi. 
Объективтi критерий адамның сол қызметiндегi белгiлi бiр ережелермен, адамдар арасында күнделiктi 
өмiрде қалыптасқан қауiпсiздiк ережелерiмен анықталады.
Қоғамға қауiптi зардаптардың болуын адамның болжап бiлуге мiндеттi еместiгi, тiптi осы зардаптарды 
болжап бiлу мүмкiндiгi болғанның өзiнде, оның əрекетiнде қылмыстық немқұрайдылық тың жоқтығын 
көрсетедi. Бұл жағдайда тек моральдық жауаптылық тууы мүмкiн.
Объективтi критерий болғанда субъект өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарын болжауға мүмкiндiгi 
болды ма деген орынды сұрақ туады, яғни субъективтiк критерий бар ма, жоқ па деген сұрақ.
Субъективтiк критерий заңда 
″болжап бiле алатын бола тұра″ деген сөздермен берiлген, яғни адамның бiр 
ситуацияда жəне өзiнiң жеке басының ерекшелiктерiне байланысты (өмiрлiк тəжiрибесi, бiлiмi, мамандығы, 
жұмыс стажы, денсаулық ахуалы жəне т.б.) қоғамға қауiптi зардаптарды болжап бiлуге қабiлеттiлiгiн 
бiлдiредi.
Субъективтi критерийдi анықтау үшiн нақты адамның нақты жағдайда өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi 
зардаптарын болжап бiлуге шынайы мүмкiндiгi бар екендiгiн жəне объективтi критерийдiң бар екендiгiн 
анықтау қажет.
Қылмыстық немқұрайдылықты кездейсоқ жағдайдан, жазықсыз зиян келтiруден ажырату да осы 
объективтi жəне субъективтi критерийлерге негiзделедi.
ҚР Қылмыстық Кодексiнде бiрiншi рет жазықсыз зиян келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылықтан 
босатудың шартын реттейтiн бап қарастырылған. Теорияда жəне практикада жазықсыз зиян келтiру үшiн 
қылмыс құрамы болмағандықтан, соның iшiнде субъективтiк жағы (кiнə) жоқ болғандықтан қылмыстық 
жауаптылықтан босатудың негiзi ретiнде қарастырылады. 
Келтiрген зиянды жазықсыз деп тану үшiн 23-баптың 1-бөлiгiне сəйкес екi негiзгi жағдайдың болуы қажет:
1)
адамның жасаған əрекетi жəне одан туған қоғамға қауiптi зардап қасақана ниетпен қамтылмауы керек,
2)
ҚК Ерекше бөлiмiнде абайсызда мұндай əрекет үшiн қылмыстық жауаптылық қарастырылмауы керек.
Сонымен бiрге, заңшығарушы ҚК-тiң 23-бабының 2-бөлiгiнде жазықсыз зиян келтiрудiң мынадай 4 
жағдайын қарастырған:
1)
əрекет жасаған адам өз əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынбаған жəне iстiң мəн жайы бойынша 
ұғына алмаған болса,
2)
əрекет жасаған адам қоғамға қауiптi зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе 
жəне оларды алдын ала бiлуге тиiс болмаса немесе бiлуi мүмкiн болмаса;
3)
əрекет жасаған кезде адам қоғамға қауiптi зардаптардың пайда болуын алдын ала бiлсе, бiрақ 
жеткiлiктi негiздермен оны болғызбауға сенген болса;
4)
əрекет жасаған адам қоғамға қауiптi зардаптың пайда болуын өзiнiң психико-физиологиялық 
қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына сəйкес келмеуiне немесе жүйке-психикалық 
ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе.
Бiрiншi, екiншi жағдайларда интеллектуалдық жəне ерiктiлiк кезеңдердi есепке алу туралы сөз болса, 3-4 
жағдай жазықсыз жасалған əрекеттердiң жеке категорияларын танудың ерекше арнайы жағдайлары
қарастырылған.
3–жағдайда мысалы, нақты өмiрде əртүрлi өндiрiстiк ауылшаруашылық, құрылыс, ғылыми зерттеу жəне 
басқа да жұмыстарды қоғамда əлеуметтiк игiлiктi жақсарту мақсатында жүргiзу кезiнде заңды тəуекелге 
жол беру дегендi бiлдiредi.
4–жағдайда қысылтаяң жағдай кенеттен жəне ойламаған жерден пайда болған жəе оқиғаның əрi қарай 
дамуы адамнан максималды күштердi талап ететiн кезде адамның шаршауына, психиканың ауыртпалық 
стресс, яғни ерекше жүйке-психикалық ауыртпалық жағдайларда пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет