Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет107/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

қылмысты жасыру мақсатында оның үйiн өртеп жiбередi. 
7). Жүктiлiк жағдайы кiнəлiге алдын ала белгiлi əйелге қатысты, жас балаға, қорғансыз немесе дəрменсiз 
адамға не кiнəлiге тəуелдi адамға қатысты қылмыс жасау - кiнəлiнiң өзiнiң қылмыстық мақсатына əйел 
адамның жүктiлiк жағдайын, жəбiрленушiнiң қорғансыздығы мен дəрменсiздiгiн пайдалануы оның қоғамға 
қауiптiлiгiн жəне қатыгездiгiн, онда жағымсыз моральдық қасиеттердiң бар екендiгiн куəландырады. Жүктi 
əйелге қатысты қылмыс жасау тек ғана қасақаналықпен сипатталады. Мұнда қылмыстық жауаптылық 
туындау үшiн кiнəлiнiң əйелдiң жүктiлiк жағдайын алдын ала бiлгендiгiн анықтау қажет. 


 Жасөспiрiмдер деп заң он төрт жасқа жетпеген адамдарды таниды. ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң бiрқатар 
баптарында жасөспiрiмдiк жас ауырлататын жағдай ретiнде қарастырылған, бұл қылмыстарда аталған
ауырлататын жағдайды жаза тағайындау кезiнде қайтадан ескеруге болмайтындығын айта кету қажет. 
Қорғансыз немесе дəрменсiз адамдарға ауыр халде болуына, қарттығына, психикалық не физикалық
жағынан кемтар болуына, ұйқыда жатқандығына, есiнен тануына байланысты қылмыскерге қарсы тұруға
қабiлетсiз адамдарды жатқызуға болады. Кiнəлiге тəуелдi адамдар деп – материалдық, қызметтiк, жұмысы 
жағынан немесе отбасылық жəне т.б. жағынан кез келген тəуелдiлiктегi адамдар. Бұл тəуелдiлiктердiң 
жəбiрленушi үшiн өмiрлiк маңыздылығын анықтау маңызды болып табылады. 
8). Белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кəсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған 
немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау – аталған себептер бойынша қылмыс жасау қылмыстың
жəне кiнəлiнiң аса қауiптiлiгiн куəландырады. Мұнда қызметтiк, кəсiби борышын өтеу деп адамның 
қызметтiк не кəсiби мiндеттерiне қатысты əрекеттерiн орындауды, ал қоғамдық мiндеттердi орындау деп 
кез келген азаматтың өзiне арнайы жүктелген, сонымен бiрге қоғамның немесе жеке адамдардың мүддесi 
үшiн жасайтын əрекеттерiн (құқықбұзушылықтың алдын алу, жасалған не дайындалып жатқан қылмыс 
туралы құқыққорғау органдарына хабарлау) түсiну қажет. Заң бұл жағдайда жəбiрленушiлер ретiнде тек 
қызметтiк, кəсiби немесе қоғамдық борышын өтеп жүрген адамдарды ғана емес, сонымен бiрге олардың 
туыстарын да қарастырады. Аталған жағдайда жəбiрленушiлердiң жақын туыстарымен бiрге алыс 
туыстарын, достарын, таныстарын жəне осы адамдар үшiн қымбат адамдарды да жатқызуға болады. 
9). Аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, жəбiрленушiнi қинап қылмыс жасау – кiнəлiнiң жəне 
жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiнiң аса жоғары екендiгiн сипаттайтын бұл жағдайлар көбiне жеке 
адамға қарсы жасалатын қылмыстарда кездеседi. Егер кiнəлi адам жəбiрленушiге аса ауыр зардаптар 
келтiрiп, ұдайы азаптаса, сонымен бiрге оны жақын туыстарының көзiнше қинап жапа шектiрсе немесе 
қорласа қылмыс аса қатыгез дiкпен жасалған деп танылады. Саддизм - қатыгездiктiң шектен шыққан 
көрiнiсi, бұл жағдайда жəбiрленушiнiң немесе басқа адамдардың азап шегуiнен қылмыскер лаззат, қанағат 
алады. 
10). Қару, оқ дəрi, жарылғыш заттар, техникалық құралдар, тез тұтанатын жəне жанғыш сұйықтар, улы 
жəне радиоактивтi заттар, дəрi дəрмектердi пайдаланып, күш көрсетiп немесе психикалық мəжбүрлеу не 
жалпыға қауiптi əдiстi қолданып қылмыс жасау - қылмыс жасау кезiнде өзiне тəн қасиеттерiне сай 
адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруге қабiлеттi қаруларды қолданып, сонымен бiрге 
жəбiрленушiге күш қолдану немесе психикалық мəжбүрлеу, яғни қорқыту арқылы қылмыс жасау 
жағдайлары қарастырылған. Жалпыға қауiптi тəсiлмен қылмыс жасау – адамдарға, мүлiк объектiлерiне 
едəуiр мөлшерде зиян келтiруге қабiлеттi əдiстермен қылмыс жасау (өрт қою, жарылыс жасау, жаппай 
улау,қырып жою жəне т.б.).
11). Төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нəубет жағдайларды пайдаланып, жаппай тəртiп 
бұзушылық кезiнде қылмыс жасау – адамдардың қаза болуына əкелiп соғатын немесе əкеп соғуы мүмкiн, 
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға жəне шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген 
немесе келтiруi мүмкiн, халықты едəуiр дəрежеде материалдық шығынға ұшырататын авария, зiлзала 
немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдайды пайдаланып қылмыс жасау. 
12). Алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Бұл мəн-жайды сот 
қылмыстың сипатына қарай ауырлатушы деп танымауға құқылы - қылмысты физиологиялық мас күйiнде, 
есiрткiлiк не уытқылық елiту жағдай ында жасау кiнəлiнiң жасаған қылмысының қоғамға қауiптiлiгiн 
жоғарлатады. Алайда, қылмыстық заң соттарға жасалған қылмыс тық əрекетке кiнəлiнiң мастығының 
қатысы бар-жоқтығын, оны осындай күйге жеткiзген жағдайларды ескере отырып бұл жағдайды
ауырлатушы мəн-жай ретiнде танымау құқығын берген.
13). Адамның өзi қабылдаған антын немесе кəсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы – кiнəлi адамның 
өзiнiң берген антын немесе кəсiби антының талаптарын бұзып, қызметтiк немесе басқа да этика
мəселелерiне нұқсан келтiретiн қылмыс жасауы. Көбiнесе, бұл жағдайлар қылмыс жасаған əскерилерге, 
дəрiгерлерге қатысты қолданылады. 
14). Қылмыскердiң қызмет жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып 
қылмыс жасауы – кiнəлiнiң өзiне қызметi бойынша көрсетiлген сенiмге немқұрайлы қарауы немесе 
шартпен берiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы. Сот тəжiрибесi көрсетiп отырғандай, бұл жағдай 
көбiнесе мемлекеттiк қызмет, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдары, экономикалық қызмет саласында орын 
алады. 
15). Өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау- өкiмет өкiлi болып 
табылмайтын адамның белгiлi бiр қылмыстық нəтижеге жету үшiн өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе 
құжатын заңсыз пайдалану арқылы жеке азаматтардың, қоғам мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды 
мүдделерiн бұзуға бағытталған əрекеттерi. 
Жоғарыда талданған жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайдың кез келгенi, егер ол ҚК-тiң Ерекше 
бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында ауырлататын белгi ретiнде көрсетiлген болса нақты қылмыс үшiн жаза 
тағайындау кезiнде қайталап ауырлатушы жағдай ретiнде ескерiлмеуi тиiс.
Жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлардың жоғарыда аталған тiзiмi түпкiлiктi, яғни жаза 


тағайындау кезiнде осы тiзiмде көрсетiлмеген қандай да бiр жағдайды ауырлатушы жағдай ретiнде 
қайталап тануға жəне олардың қатарын кеңейтуге болмайды деген сөз. Солай бола тұра, сот кiнəлiнi немесе 
ол жасаған қылмысты жағымсыз жағынан сипаттайтын жоғарыдағы тiзiмге кiрмейтiн жағдайларды 
анықтаған жағдайда жаза тағайындау кезiнде сот үкiмiнде көрсетуге құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет