Қылмыстардың жиынтығында адам əрбiр жасалған қылмыс үшiн Қылмыстық кодекстiң тиiстi бабы немесе
бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады ң.
ҚК-тiң бiр бабының түрлi бөлiктерiнде қарастырылған бiрнеше ауырлататын белгiлерi бар қылмысты
жасау жиынтықты құрамайды.
Мысалы, бiр мезгiлде кiнəлi iрi мөлшерде тонау қылмысын адам өмiрiне
қауiптi емес күш қолданып жасаған жағдайда кiнəлiнiң əрекетi 178-бабының 2 жəне 3-бөлiктерiне сəйкес
келедi, бiрақ мұнда кiнəлiнiң əрекетi бiр қылмыс ретiнде жазасы қатаңдау бөлiгiмен сараланып ҚК-тiң
178-бабының 3 бөлiгiмен жауаптылық туындайды. Егер бiр адам əртүрлi уақыттарда осы əрекеттердi
жасайтын болса, онда қылмыстың жиынтығын құрайды. Əрбiр жасалған жеке қылмысты жеке-жеке
саралап, жазаны əрбiреуiне тиiстi баптың санкциясымен жаза тағайындап алып түпкiлiктi жаза
қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалады. Көрсетiлген мысалға қатысты, егер адам бiр күнi 178
баптың 2-бөлiгiндегi əрекеттi, ал бiрнеше күннен кейiн 178-баптың 3-бөлiгiндегi қылмысты жасаса
қылмыстардың реалды жиынтығын құрайды.
Сонымен, ҚК-тiң 58-бабындағы жаза тағайындау ережесi ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң түрлi баптары бойынша
сараланған
қылмыстар кезiнде, бiр баптың жеке бөлiктерiмен тармақтары мен сараланған қылмыстар
кезiнде, егер бұл бөлiктер мен тармақтар қылмыстың жеке құрамдарын құраған жағдайда ғана
қолданылады. Егер адамның əрекетiнiң
бiреуi аяқталған қылмыс, ал қалғандары қылмысқа дайындалу,
оқталу немесе қылмысқа қатысу ретiнде сараланған жағдайда да осы ереже қолданылады.
ҚК-тiң 58-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлгендей, қылмыстың жиынтығы кезiнде əрбiр жеке қылмысқа жаза
тағайындалады. Мұндай тəртiптiң болуы адам сотталғаннан кейiн оған нақты қылмыс түрi бойынша
рақымшылық немесе кешiрiм жасауды қолдану мүмкiндiгiн бередi.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза тағайындау
мынадай арнайы принциптерге
негiзделедi:
а). жазаларды толық немесе iшiнара қосу принципi;
б). жазаларды сiңiру принципi.
Бұл принциптердi қолдану критерииi болып қылмыстың санаты табылады жəне принциптердi қолдану
негiзiн соттар үкiмде дəлелдеуi керек.
Егер жиынтыққа тек ауырлығы онша емес қылмыстар кiретiн болса, түпкiлiктi
жаза жеңiл жазаны ауыр
жазаға сiңiру немесе оларды толық не iшiнара қосу арқылы тағайындалады. Бұл жағдайда түпкiлiктi жаза
мерзiмi мен мөлшерi осы қылмыстардың ең ауыр жазасының мерзiмiнен аспауы керек.
Заңда қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде қандай принциптi басшылыққа алу
қажеттiгi жөнiнде ешбiр ереже жоқ. Бұл мəселенi соттар əрбiр нақты iстi қарау барысында өздерi шешедi.
Алайда, сот тəжiрибесi көрсетiп отырғандай, сiңiру принципiн соттар
көбiнесе жасалған қылмыстың
қоғамға қауiптiлiк дəрежесiнде едəуiр айырмашылық болған кезде қолданылады. Ал орташа ауырлықтағы,
ауыр жəне аса ауыр қылмыстардың жиынтығында жаза тағайындау мəселесi өзгеше тəртiппен шешiледi.
Егер жасалған қылмыстардың iшiнде ең болмағанда бiрi орташа ауырлықтағы, ауыр жəне аса ауыр қылмыс
болса, онда түпкiлiктi жаза жазаларды толық не iшiнара қосу арқылы анықталады. Бұл кезде бас
бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жаза 25-жылдан аспауы тиiс.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде сот негiзгi жазаға сол қылмыстар үшiн
қарастырылған қосымша жазаларды да қосуы мүмкiн. Мұнда негiзгi жаза сияқты,
қосымша жазалар да
жеке-жеке тағайындалып содан соң түпкiлiктi жаза тағайындалады. Егер бiр қосымша жазаның түрi екi
немесе одан да көп қылмыстар бойынша тағайындалатын болса, онда түпкiлiктi жаза мерзiмi мен мөлшерi
оларды толық не iшiнара қосу кезiнде осы жаза үшiн белгiленген ең жоғарғы шектен аспауы керек. Ал
егерде жиынтыққа кiретiн қылмыстар үшiн əртүрлi қосымша жазалар қарастырылса, мысалы, бiрiншiсiнде -
мүлiктi тəркiлеу, екiншiсiнде – белгiлi бiр қызмет пен айналысу құқығынан айыру қарастырылса, онда
олардың əрқайсысы негiзгi жазаға бiрiктiрiлiп жеке орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: