05.12.2012жыл.
Арай қыз
Ай дидарың әппақ сезім лаулатты,
Неткен жансың ақылды да жан жақты.
Бақытыңа баяндылық тіледім,
Тағдырыңа салмасыншы салмақты...
Арыңменен аяулысың ардақты,
Қасиетімен адам бағы жанбақ-ты...
Бір беткейсің, дала сыйлап кеңдігін,
Сұлу мүсін, таулар сені сомдапты...
Аққу бейнең ажарыңды аңдатты,
Мына заман білімдіні таңдапты.
Парасатың тәнті етіп жанымды,
Аға болу абыройын қамдатты...
Аяулысың таза әппақ парақтай,
Арайлысың сақтар биік санаттай.
Шабытымсың қазақ қызы - қасиет!
Ұлылыққа самғат елді қанаттай!
Бөліну мен күншілдік бар кеселдей,
Күн нұрына бөлент елді көсемдей!
Ақылыңмен абыройда алда бол!
Жырыңменен қуанта бер нөсердей!!!
10.12.2012жыл.
Түркістан – киелі мекенім!
Қандай бақыт, Түркістанға жол тартам!
Киелі өлкем үмітімді мол артам.
Сезінемін имандылық Отанын,
Достық туын желбіретер сол ортам!!!
Есімде бәрі, есте ғой тәтті сол кезең,
Жастығым елес, ағызып келер ерке өзен.
Ұлғайса жасың балалық тұрар аңсатып,
Түсінбе мені келте сен...
Таң болып барам, сездіріп көңіл пәктігін,
Жазылып жарам сол жақтан табар шаттығын.
Әу бастан мені аңсатар әулие мекені,
Тәу етіп көңіл, тоқтатар бір сәт аптығын...
Жаныма тауып жылылық, көркем күйге енем,
Арыла берем мың сұрақтардан түйреген.
Жаратқан Алла абырой берші адам қып,
Пенденің жолы ирелең...
Достықтың туы бұл жақта тұрар желбіреп,
Сол маңда жатыр батыр мен сері ержүрек.
Дүрсілдеп жүрек, жанарға келер жас толып,
Қия алмай қайтам елжіреп...
11.12.2012жыл.
Таңғы тілек
Жақсылыққа бастар ғұмыр бер!
Күндер бер мәнді күлімдер.
Бейнетті берсең жасымда,
Қариялығымда тыным бер!
Абырой бергін асылдай,
Ұрпақтар жетсін ғасырға-ай.
Денсаулық бақыт бере көр!
Отбасым болсын қасымда – ай.
Ағайын туыс ағаның,
Тілеймін ылғи аманын.
Адамзат жерде аман бол!
Сезінбе тағдыр боранын!
Қасиет бергін ардақтар!
Адамдық атты қорғап қал!
Өзіңсің Алла шешетін,
Құдірет сенде салмақ бар!
Немерем тәтті бәрінен,
Езіліп оған сөгілем.
Ұрпақпен мәңгі жасаймын!
Бақытты жанмын тегі мен!!!
12.12.2012жыл.
Өзге әлем...
Сағынба мені, қайтесің жүрек ауыртып,
Аңсауды тағы өнбейтін күн-түн шақыртып.
Өткенбіз біздер өмірдің өзін ұға алмай,
Етесің мені тағы ынтық...
Пенделік пайым қадірге тағы жетпеген,
Мәңгіліктей боп күліппіз бейқам көппенен.
Қайтесің жылап, мәңгілік тұрақ біздерде,
Жан да жоқ келіп кетпеген...
Сәулені сезіп, дүниені кезіп аралап,
Білмейді-ау пенде екенін жерде дара бақ.
Түсінбестікке арнайды адам ғұмырын,
Сезбейді бізді саралап...
Мүмкіндік болған, жіберіп алдық уыстан,
Тіршілік жерде жаралған екен ырыстан.
Пенделер бар ғой бір-бірін көрсе тырысқан,
Адамзат жалпы туысқан...
Рухымыз самғап жердегі жанға жетпедік!
Тап-таза болып иманды нұрға беттедік!
Адамдық ғұмыр арменен ғажап өрілсін!
Жақсылық жасар сертте нық...
Көрінбей көзге туыстың қамын ойладық!
Бейсенбі жұма құранға тағы тоймадық!
Кезінде бәрі, сіздердей біз де болғанбыз,
Көріңіз ойлап толғанып...
Әруақ боп түсте жалғанды жүрміз ұқтырып,
Өткінші бәрі, байлық та, бақ та, мықтылық.
Ертелі кеш пе келесіз біздің жаққа да,
Имандылыққа бұрыңыз бетті тік тұрып...
Алданыш бәрі, Аллаға ғана сүйінген,
Тіршілік жайнап жарыққа қарай иілген.
Жаныңда жылу, санаңда сәуле тұрғанда,
Айныма Адам күйіңнен...
13.12.2012жыл.
Қарша қыз...
Керемет қой, қыс тазартты әлемді,
Әппақ дүние құдірет боп табынтты.
Білем , сезем, оралмайсың сен енді,
Сұлулығың сағынтты...
Балалықтың бал татыған кезеңі,
Иландық та «Аяз ата келді»-деп.
Өзгеше өрер өмірдің де өзені,
Өтіп кетер желбіреп...
Сол қарша қыз қалып қойған қиялда,
Шуақ сыйлап, күліп тағы жеңетін.
Тақпақтарын айтып берер ұяңға,
Тәттіні мол беретін...
Көңіл шіркін қартаймады көктем боп,
Қиял бір күн ұласады арманға.
Есейтеді өмір бірте өктем боп,
Самай шашың әппақ болып қардан да...
Жаңа жылдың жарқыраған шыршасы,
Көңіл шіркін көрем деумен көнбеді.
Балалықтың арман болған ханшасы,
Қарша қыз боп келмеді...
Қар борады, терезеден үңілдім,
Қиялымда қалып қойдың мекендеп.
Көктемісің көркейетін көңілдің,
Сені ойладым «Тоңып қалмаса екен»-деп.
20.12.2012жыл.
Бәрі уақытша...
Өзгерді сана уақыттың қалап өткенін,
Еске алмай тағы қиямет қайым шеккенін.
Зымырап бәрі өтеді екен ағын боп,
Ұмытылып лезде көп керім...
Өмірдің өзі уақытпен ғана шектелген,
Сәби боп санаң келесің нұрлы көктеммен.
Жаз болып жаның мәңгілік қалар қалуды,
Сағыныш күзін өткерген...
Қыс келсе бейне қария күйің елестер,
Абырой жинап, иманға бұрыл, соны ескер!
Уақытша ғұмыр, жақсылық жасап үлгерсең,
Аманат еткін, жастарға ақыл кеңес бер!
Уақытша бәрі, досың да шықса қас болып,
Өткінші бәрі, өмірге үміт қос шолып.
Әттең-ай, әттең өкініш көп қой өзекте,
Жанарға келер жас толып...
Уақытша бәрі, осыдан болсын хабарың,
Абырой жүлде – Адамдық атың аларың!
Жақсылығың мен иманың есте сақталар,
Мәңгілік осы қаларың...
21.12.2012жыл.
Қыз сыры...
Қайдасың сен???
Күтемін құшақ талып,
Сырымды үш ақтарып.
Алыста жүрсемдағы,
Қалғанмын тұзақталып...
Сағындым мен...
Көркіңді көргім келіп,
Езілді еркім берік.
Аңсаудың аясында,
Арманым маған серік...
Бағындым мен...
Ұятымды аялаумен,
Тағдырды саялаумен.
Арымнан аса алмадым,
Артыма қарайлаумен...
Шағындым мен...
Өзгеше өрілдім бе?
Термедей терілдім бе?
Адамдық арым биік!
Ертеңім-сенім жүлде!
Лағылдың мен,
Ерекше көзіндеймін!
Бабалар сөзіндеймін!
Қазақты жалғастырам,
Ғажап боп көз ілмеймін!!!
01.01.2013жыл.
Әппақ қар бейне ақ сезім...
Әппақ қар түсті қуантып,
Тазартып тұр-ау әлемді.
Үмітім келер жұбантып,
Сағынышым да көлемді...
Әппақ қар бейне ақ ұстаз,
Тәрбиесін бастап кеткені.
Тазалық жанда құрып жаз,
Сезімін қармен сепкені...
Өмірін арнар өзіңсің,
Мейірім төккен мекенсің!
Жылылық саған сезілсін,
Жаурап бір қалар ма екенсің???
Ағаштар киді ақ киім,
Иіліп кетті тал құрақ.
Сұлулыққа әлем нақ сүйін,
Пәктіктен кеткен балбырап...
Ызғарын төкті табиғат,
Суықтан ойға келгені...
Сеземін оны тани қап,
«Қатыгез болма» дегені...
15.01.2013жыл.
Таңғы үміт
Көңілдің көктем лебімен,
Сағынып жүрмін сені мен.
Өмірге ғашық сезіммен,
Жас болып өтем тегі мен.
Жаз болып жайнар жаным да,
Өзіңді күтер бағында.
Қарбалас мынау ағында,
Тарынба, бір сәт дамылда.
Өмірді көркем етейін,
Қуана саған жетейін.
Жұмбақтау менің жанымды,
Ұғарсың кештеу, не кейін...
Бақытым енді басталмақ!
Өзіңмен өмір асқан бақ!
Немерем сыйлар жақсылық,
Байлыққа бастар баспалдақ!
Үмітім алға жетелер!
Жақсылық – мәңгі өтелер!
Қамқоршы Аллам бағымды,
Баянды енді ете көр!!!
18.01.2013жыл.
Ән: Аружан
Аружан ақылыңа көркің серік,
Талпындың даналыққа шындап берік.
Өнермен өршелене өрге өрлеуді,
Тіледім, тек биіктен көргім келіп...
Халықтың қасиеті мол мұрада!
Динаның қасиеті домбырада!
Фараби өсиеті күйтарада!
Өзіңмен жалғанады жаңғыра да!
Сұлулық, сүйкімділік күй боп ақсын!
Еліңді елжіретер сый бұлақсың!
Бақытың баянды боп өнеріңмен,
Әр таңың шаттық сыйлап, гүл боп атсын!
Ұстазың бағыт берді ертеңіңе,
Жыр қосты жақсылықтың желкеніне.
Болашақ өздеріңмен ғажап болар,
Айналар Қазақстан ертегіге!!!
Қанатың талмасыншы өнер өрде!
Еңбегіңмен жетесің нақ шеберге!
Аман бол, біліміңмен биіктей бер!
Әрдайым қуаныш бол өнерлі елге!!!
19.01.2013жыл.
Жыр-өмір...
Жаңбыр боп келді жыр көшкін,
Бақытты мөлдір күй кештім.
Жылылық толып жаныма,
Сағынта берді гүл – кескін...
Қанағат тұттым бәрін де,
Өнердің өстім өрінде.
Қарапайымдылықпен күй кештім,
Отырған жерім төрім де!
Ғажап қой өмір сезінсең,
«Ертең»-деп, «Ел»-деп көз ілсең.
Өзіңе өзің демеусің,
Өзіңе қорған өзің, сен!
Таң нұры неткен көрікті ең!
Сезімім мәңгі серік пе ең?
Арманың әсте бітпейді,
Қартаймас көңіл неліктен?
Сырластым күн-түн ғаламмен,
Құрдаспын мөлдір санаммен.
Өмірге ғашық боп өтем,
Мәңгілік жас боп қалам мен!!!
31.01.2013жыл.
Сұлу өмір...
Сұлулық қой шабыт берген,
Жаһұт өрген жырменен.
Ғажайыпты бақыт көргем,
Теңестіргем гүлменен.
Сұлулықтан кете алмағам,
Іздеп таппай шамменен.
Желден жүйрік жете алмағам,
Ардақ тұтып арменен.
Ғаламатты таңнан көрдім,
Жаннан тердім киелі.
Өміріңді өзгеше өргін,
Құдіретті сый елі...
Табиғаттың тартымында,
Тектілікке талаптан!
Ертеңге үміт артылуда,
Абырой бер жаратқан!
Жалындайсың, басыласың,
Тағдырыңа бағынып.
Ертеңіңе асығасың,
Өткен күнді сағынып...
06.02.2013жыл.
Көңілдің күйі көктемдей...
Көңілдің күйі көктемдей,
Өмірдің өзі өткелдей.
Адамдық арың ардақты,
Дүниеге кім бар жеткендей?
Ертеңге жүрміз асыға,
Іштегі сырды жасыра.
Көңілден кетпес сағыныш,
Жалғанның жайы осы да...
Жүректі қойдық жаралап,
Арманмен кеттік аралап.
Пендеде екен бар бақыт,
Адамда екен дара бақ...
Көңілдің күйін іздедік,
Сағыныш толы күз бе едік?
Жаз болып жайнар жанымыз,
Қыстағы иман ізге еріп...
Абырой екен ардақты,
Санаға салдық салмақты.
Үмітін мәңгі үзбеген,
Қарбалас өмір, жан-жақты...
08.02.2013жыл.
Бақыт пенен бейшаралық арасы...
Қылқиып қарауменен,
Күндерді санауменен.
Сұғына сүюменен,
Өмірді арнауменен.
Сарғайып сағынышпен,
Тағдырға бағынышпен.
Алаңдап аңсауменен,
Жүректе жарылыспен
Өтер жалған...
Ардақты арманменен,
Көктем гүл жарғанменен.
Бір уайым мұңайтады,
Кеудеңде ән салғанменен.
Өмірдің базарында,
Денсаулық ажарында.
Шынында бақыттысың,
Ұятың мен таза арыңда...
Бағың жанған.
Сән құрдық салтанатта,
Жақсылық жамағатта.
Бақыттың түйіні бір,
Тоба мен қанағатта...
Бейшара болу демде,
Жаныңды өзің емде.
Бәрі де ниетіңнен,
Бақытты бәрінен де,
Уайымнан арылған жан!
09.02.2013жыл.
Бүлдіршіндер айтысы.
Наурыз келді тамаша!
Қуанамыз балаша.
Бақыт келсін береке,
Жақсылықпен жаңаша.
Жақсы бір айтыс басталсын!
Уайым шаршау тыс қалсын!
Жақсылық жеңсін әлемде !
Салт дәстүр берік ұсталсын!
Кейде жылап келесің,
Неге қинай бересің?
Сенен ғана көрдім мен,
Іздей берер шешесін...
Айналайын қарағым,
Тоймай жүр-ау тамағың,
Апыл-ғұпыл ішесің,
Күлкімнен сыймай барамын.
Ойыншықтарды бұзасың,
Бұзықтықта қызасың.
Сындыруға шеберсің,
Сызбас жерді сызасың.
Мұрның ағып жүреді,
Қыздар оған күледі.
Қашан адам боласың?
Болашақтың тірегі.
Тақылдайды таңдайың,
Жарқырайды маңдайың.
Ұйықтамайтын әдетің,
Үйге қайту сол уайым!
Тәртібім де мақтаулы,
Үй тапсырмам жаттаулы.
Апайларым үйреткен,
Әдеп иман сақтауды.
Тап-таза болып жүремін,
Бақыттымын күлемін.
Білім бізде, ән бізде,
Балабақшам гүл-егін!
Наурыз құтты болсыншы!
Бақытқа халқым толсыншы!
Тәуелсіз мәңгі еліме,
Бақыт құсы қонсыншы!!!
20.02.2013жыл.
Жігіт сұлтаны
Армысыз қауым, көпшілік!
Өнерді сүйдім ес біліп.
Жүйрік боп шықтым жарысқа,
Сайыс дүбірі естіліп.
Біліммен биік мектебім,
Алтын ұяда көктедім.
Өтіпті күз, қыс,көктемім,
Бақытқа мұнда жеткенім.
Ұлылардың ізімін,
Қазақпен ұлы, қызығым
Тәрбиемен өнермен,
Жалғастырам үзігін...
Анаммен әркез биікпін,
Жақсылық жанға жиыппын.
Өнерге құмар елімді
Әніммен тағы ұйыттым...
Өнермен өрге жүземін!
Күшіммен темір үземін!
Спорттты сүйер жаныма,
Имандылықты тіземін
Тәуелсіз елім қалықта!
Ертеңді нықта, анықта!
Өркендеп өнер, біліммен,.
Айналамыз алыпқа!!! 22.02.2013жыл.
Сұлу сезім...
Сұлулық әлем сақтаған,
Жақсылықты әркез жақтаған.
Өмірімді келдің көркейтіп,
Аман жүргенің бақ маған!
Соғатын кезде соқпадың,
Жанымда жүріп жоқтадым.
Сағынып өтті ақпаным,
Тағдырға көніп тоқтадым.
Аққуы жүрек - айдынның,
Келеді құшақ жайғым мың.
Тырна боп ұштың төбемнен,
Келгенмен қайта қайырылғың...
Кеттің-ау тағы қия алмай,
Өзіме жүрмін сия алмай.
Алыста тұрып қызардық,
Ауызда сөздер құралмай...
Дұрыс та шығар имену,
Адамдық атты күйге ену.
Сезіммен өтер тіршілік,
Өзіңмен кетер сүйген у...
26.02.2013жыл.
Ән: Сағыныш сазы
Өлеңін жазған Төкеев Бертай Есмаханұлы
Әнін жазған Сапарбек Үрліхан Мәлікаждарқызы
Жолыңа қараумен,
Уақытты санаумен,
Күн кештім сағыныш аңсауменен...
Адамдық арыңды,
Бақыт пен бағыңды,
Қымбат қой өмірің бағалаумен...
Қайырмасы:
Өмір де өтпелі,
Кімдер кеп, кетпеді,
Ғажап қой өмірің сыйластықпен.
Бүгінгі күніңді,
Өзіндік үніңді,
Қиясың ертеңге қимастықпен
Тағдырдай асауда
Жақсылық жасауға,
Үлгеріп қалуға асығасың...
Көңілдей көркемім,
Жүректей желкенім,
Белгілі бір күні басыласың...
27.02.2013жыл.
Көктем келді...
Көктем келді, нұр шуағы құйылып,
Елжіредім жан жүрекпен сүйініп.
Жаңаратын жыл мезгілі жетіпті-ау,
Табиғаты қиылып...
Көктем келді, қуаныш қой сезгенге,
Балалық-ай шаршамаушы ек кезгенде.
Бәйшешекке қуанушы ек қыр асып,
Бал бақытты кездерде...
«Қызғалтақ»-деп араладық қырларды,
Жүрек қинар, айта алмадық сырларды.
Иесіне бере алмадық гүлдерді,
Сезім солай бүр жарды...
Көктем келсе балалығым оралар,
Бірі күлкі, бірі жүрек жаралар.
Сезімімді өрнектеген сол әлем,
Бағым болды аралар...
Көктем келді сүйдім таңғы самалын,
Бұзып жардым қамығудың қамалын.
Табиғаттай тұнық күйде сақталдың,
Сен аман бол бағалым!!! 01.03.2013жыл._Қызыл_оттық'>01.03.2013жыл.
Қызыл оттық
Сыйлап кеттің қызыл оттық сағынтып,
Назыңменен езіп өттің жанымды.
Алаңдаттың тағдырыма бағынтып,
Елестеттің таңымды...
Қызыл оттық сезім болып жалындай,
Ыстық отың өн бойымды өртеді.
Аңсау жеңіп үміт келер арылмай,
Сенім күйін шертеді...
Сырым болдың ашылмаған аралдай,
Жырым болдың көңілімдегі көктемдей.
Ынтық еттің ұстатпаған маралдай,
Арай таңның самалы боп өткендей.
Серік еттім елесіңді сақтаумен,
Сағынышпен өтті тағы күндерім.
Келемін тек сеніміңді ақтаумен,
Жан жүректің жайып саған гүлдерін...
Мөлдіреумен аңсаттырған кейіпте,
Қия алмастан, қарайлаумен кеткенсің.
Қызыл оттық жүректегі сейфте,
Өзің болып бірге ғұмыр өткерсін...
01.03.2013жыл.
Мәңгілік сезім
Көктеммен келген мерекем,
Анамыз бақыт, берекем!
Сыйлаған бізге жарықты,
Нәзіктік тұнған ел екен...
Қасиеті қонған қауымға,
Мойымас тағдыр дауылға.
Өскенмен қазір қалада,
Тамырың түпкі ауылда.
Қиылған қасы қияқты,
Жанына жинап ұятты.
Өмірді өрген ар намыс,
Анамен келген сияқты...
Батырлық, өрлік анадан,
Жақсылық нұры тараған.
Анасын әркез аңсайды,
Ата боп жүрген бар адам...
Құрсақта жатқан кезіңнен,
Байланыста анаң өзіңмен.
Арман боп алыс кеткенде,
Мәңгілік қалар сезіммен...
05.03.2013жыл.
Бір сен үшін...
Бір сен үшін өмірімді арнадым,
Бал бақытқа балбыраумен қанбадым.
Үміт пенен сенім болды жүректе,
Өзің болдың таңғы әнім...
Бірлесумен қиындықпен күрестік,
Сағынышта сарғаятын жыр естік.
Жылдар бізді есейтіп те жіберді,
Тағдыр деген көшке бірге ілестік.
Қателіктер болды кейде басымда,
Албырт көңіл, алып ұшқан жасымда.
Кең пейілмен кешіре де білдің сен,
Түптің түбі сезім жеңді расында.
Бір сені ойлап өмір бойы күн кештім,
Сырымды ашып жыр дәптермен тілдестім.
Сезім шіркін айтыла да бермейді,
Бұл - заңдылық, білмес кім?
Сағынасың жүректегі жандарды,
Алаңдаумен достық көңіл таңдалды.
Бақытымның берекесі өзіңсің,
Жүрек жырым арналды...
09.03.2013жыл.
Қыз сыны...
Шашың мақпал, сөзің шәрбәт,
Жырсың жаттал, көзің арбап.
Қасың қылыш сезім сермер,
Иісің сіңген естен танбақ...
Жанарыңнан жалт –жұлт еткен,
Қабағың ән, құдіреттен!
Алма бетің пәк шырайлы,
Еңсемді езіп елжіреткен...
Мейіріммен төгілгенің,
Қасиетің тегіңде мың!
Қыр мұрынды қызғалдағым,
Ару болып егілгенің...
Ерініңнен шие болған,
Болмысыңнан кие қонған!
Шілдесінде жан сезімнің,
Сұлулықтан күйіп тонғам!
Қазақ қызы ең сұлуым!
Мәңгілікке жан жылуың!
Өзіңменен өрілуім,
Сезімменнен мән құруым!
Қазақ қызы сен аман бол!
11.03.2013жыл.
Болашақ бірге қалансын!
Болашақ бірге қалансын!
Жас ұрпақ әппақ адалсын!
Бақытың болсын баянды!
Жақсылығыңнан жаралсын!
Қыран боп самға биікте,
Мүмкіндік мұндай тиіп пе?!
Біліммен орнар болашақ,
Тәрбие тәлім үйіп те!
Дәстүрің тұрсын сақталып,
Тіліңмен елде бақ дарып,
Салтыңмен болғын саналы,
Ерлігің тарих ақтарып.
Жеріңді қорға жан салып,
Намысты болған барша алып!
Әлемде арлы ел болғын,
Ұлылығыңа тұрсын тамсанып!
Ынтымақ болса тірлігің,
Көркейтер ауыз бірлігің!
Тәрбиелі тектілер,
Көрсете берер ірілігін!
12.03.2013жыл
Алашқа асқақ ұран бол!!!
Шабыт тұлпардың жалына жүрсің жармасып,
Көңілің көктем дауылға тұрар алмасып.
Мойымағансың тағдырдай түрлі тартыста,
Намыспен тағы алға шық...
Жаралған жансың әділдік айтар күресте,
Қазақтың қызы аңыз боп түсер шын еске.
Аналық атың, тектілік затың көрінер,
Өлеңмен өрген үлесте...
Ер болып тумай егілген кезің білінер,
Арыңдай таза өлеңің көзге ілінер.
Жан жырларыңнан жаңалық іздер жамағат,
Ғажап әлемге ілігер...
Көңілдің көркін ашатын өлең сыры бар,
Демеуші көрер, жылылық тауып жылынар.
Киелі өлең өреңді өрнек еткенде,
Қуаныш сыйлар сыйлығы менен сыны бар...
Ақындық жолы түп-түзу емес, бұраң жол!
Биікте самға, қасиет қамда, қыран бол!
Қанат боп талма, қазақты жалға ертеңге,
Алашқа асқақ ұран бол!!!
14.03.2013жыл.
Сол бақ па еді???
Сол бақ па еді, жастығымның құрағы?
Сол шақ па еді, бақытымның тұрағы?
Өткен елес өмірімді өзендей,
Көңілімді сағынышқа бұрады...
Сұлу моншақ тағынғанда тал шыбық,
Жанарыңда жалындаған қанша үміт.
Кенет келген көктемдегі нөсер де,
Сезім бе еді, алшы ұғып...
Айдын көлде қос аққу жүр үндескен,
Ғашықтар жүр қол ұстасып тілдескен.
Сұлулықтан бас айналып кетті ғой,
Уақытты да білместен...
Керім еді, назыменен үйірген,
Елік еді бүкіл әлем сүйінген.
Қаншама уақыт өтіп кетті бірақ та,
Сағындырды сол әдемі күйімен...
Енді міне көңіл алаң, түр бөлек,
Жастық шақтың шапағаты шын көмек.
Ғұмырыма шабыт берген қиялда,
Сол бағында айдай ару гүл келед...
27.03.2013жыл.
Күй құдіреті.
Дауыл соқты көңіл отты лаулатып,
Қас тұлпардың тұяқтары шаңдатып.
Күй құдірет жаулап бүкіл болмысты,
Шаттандырар көк майсаға аунатып...
Саяхаттап балалық шақ мекенге,
Сәби көңіл жеткізбейтін бөкенге.
Бір ғажайып әуен ұшып шанақтан,
Нұр ғаламат бақытты жыр етер ме?!
Ғашықтықтың басып шапшаң пернесін,
Сұлулыққа бүкіл әлем шөлдесін.
Күймен ғана тарқалады шерлерің,
Күйбең дала өзін өзі емдесін...
Сиқырлы әуен өн бойыңды тербеткен,
Неткен ұлы, терілгендей өрнекпен.
Қайран менің ата бабаларым-ай,
Күймен шыққан қу тірліктен шерлі еткен.
Күйдің асыл қасиеті шыңға өрген,
Алыптығын қазағыма мың берген.
Қобызы мен домбырасын төрге іліп,
Қонағын құт Қыдыр атап, шын көрген.
Күйдің асыл қасиеті, киесі,
Тектілік пен жақсылықтар жүйесі.
Таңғы үмітте жасай берер өнер бұл,
Мәңгілікке қазақ болып иесі!!!
28.03.2013жыл.
Ғажап өмір...
Өмірді сезіне алсақ,
Шуақты кезін алсақ.
Кей сәтті түсінбейсің,
Көңіл бос, сезім алшақ...
Көктемнің құрағымен,
Жылылық сыр әнімен.
Өмірім өрнектелді,
Жауапты сұрағымен...
Ертеңге асығасың,
Нұр болып шашыласың.
Үлгермей «Үлгерем»-деп,
Тау болып басыласың...
Шынығып жүрген сайын,
Құнығып сүрген сайын.
Артыңа қарайлайсың,
Ұрпағың «күн» мен «айың»
Жастық-ай тасып тұрған,
Өмір-ай асықтырған.
Тұратын даналықтан,
Таусылмас ғашық сырдан...
Жақсылық жаңғырады,
Адамдар таң қылады.
Келбетін жасырады,
Мүсінін қалдырады...
03.04.2013жыл.
Бала-бақыт...
Бала-бақыт, бала – жыр,
Қуаныштың қойнауы!
Бала-жақұт, бала-сыр,
Көңілімнің жайлауы!
Балаң – өмір жалғасы,
Далаң болып құлпырар.
Бесік жыры-ән басы,
Жүрегіңде жыр тұнар...
Болашағым - ертеңім,
Үміттерім үлбірер.
Көктемдерім көркемім,
Көк байрағым желбірер...
Ата-анаң жүр аялап,
Сенері сен ұланым.
Балабақшаң сая бақ,
Біліммен өс қыраным!
Өнерлі бол еліңде!
Жерге қорған тірегім!
Халқыңменен сенімде,
Бірге соқсын жүрегің!!!
04.04.2013жыл.
Өмір...
Қырандық қайсар жүректен,
Самғадық жылы тілектен.
Адамды игі істері,
Даралап елден ірі еткен...
Елеңдеп жылы сөзге шын,
Ауыртты жүрек өзге сын.
Кеңпейіл болып кешірдім,
Аллаға сеніп, сезгесін...
Абырой тауып қуандым,
Жақсылық көріп жұбандым.
Көре алмас мені күндеді,
Амандығын сұрандым...
Бірдей боп жоққа , барға да,
Түсірмей дақты арға да.
Жамандық тілер жанға да,
Қамқормын іші тарға да...
Өмірдің бізбіз қонағы,
Жақсылық өнер дарағы.
Қарапайымдылықпен күн кештім,
Алланың осы талабы...
Достарыңызбен бөлісу: |