08.11.2013жыл.
Ару сыры
Ару сырын шығара алмас сыртқа шын,
Амалы не қатал тағдыр құртқасын.
Ұятын ойлап, перзентіне алаңдап,
Ұстар үміт тұтқасын...
Ата-ананың әмірінен аса алмай,
Ішқұса боп өксігін де баса алмай.
Көңілінің көкжиегін іздеумен,
Өмірі өтер тағдырынан қаша алмай.
Ар намысы болып нағыз қорғаны,
Бауырлары жанға жақын орманы.
Ең бақытты екен ата –анамен,
Сыртқа кетсе тағдыр-аңсау жолдары...
Қандай жақсы бақыт тапса ерінен,
Барған жерде шықса бедел төрінен.
Бәрібір де сағынышы таусылмас,
Туған жер мен елге деген шөлімен...
Ару сыры жұмбақ болып қалады,
Қандай жақсы өніп өссе дарағы.
Бәрібір де көңіл шіркін күн екен,
Жабыққанда жанарға жас алады...
Болашақ та анаменен, қыз-үміт!
Берекесі кірер үйдің тізіліп.
Қуанышпен құлпырды да қауышып,
Бір тамшы жас кетті тағы үзіліп...
11.11.2013жыл.
Сырыңды ашшы сырлы бақ...
Сырыңды ашшы сырлы бақ...
Сұлулығыңа сұғынтшы.
Көтерші, келсем тұнжырап,
Құпияңды ұғынтшы...
Саялай келдім бағымды,
Ешкімге сырды айта алмай.
Көкірек күйім ағылды,
Құшақтап құшшы байқалмай...
Сағыныш дерттен мені емде,
Аңсауымнан да арылтқын.
Жарылыс күйін денемде,
Домбыра жүрек ағылтқын...
Сарғайған бейне бақтағы,
Құшаққа алды топ тал да.
Менімен мұңын шақпады,
Аққулар көлде кетті алға...
Алқызыл алау жапырақ,
Аңсауға тағы жеткені.
Сағынышымен атырап,
Өмірді керім еткені...
11.11.2013жыл.
Көрмесем егер сені мен...
Сезімді сірә білмес пе ем?
Жаныммен жылы үндес пе ең?
Көңіліме қуат өзіңсің,
Құпиям болып тілдескен...
Әлемнің шуақ екенін,
Ең ыстық қуат мекенін.
Ұғынбай бәлкім өтер ме ем?
Жалғанның сенсіз бекерін.
Таныр ма ем табиғатыңды?,
Ажыратпай жақын жатымды.
Жармасқам шабыт тұлпарға,
Қалдырып сезім хатымды...
Өмірдің сезіп шаттығын,
Баса алмай сезім аптығын.
Сені ойлап атқан таңым да,
Сағынып сені батты күн...
Кәусарым болдың шөлдесем,
Биікте болдым емдесең.
Осынша бақыт байлықты,
Сезінер ме едім көрмесем?!...
13.11.2013жыл.
Қуаныш
Қуанышым қойыныма сыймады,
О құдірет қанша байлық қиғаны.
Сана берді ойыменен сарқылмас,
Дала берді шығаратын тұлғаны...
Пейіл берген қонағына сыйлы етер,
Көңіл бөлген ұрпағына нұрлы етер.
Ар намысы қалған ұлы бабадан,
Қасық қанын шашпағандай құр бекер.
Ұлы дала асқағым боп айбарым,
Көрдік міне қанатын кең жайғанын.
Қыран болып қалықтады әлемде,
Өсер ұрпақ естімегей қайғы әнін...
Салт-дәстүрі берік болып, ұсталсын!
Өнерлі ұрпақ қасиетті тұсты алсын!
«Әрбір қазақ менің жаным, жалғызым»,
Осы ұранды тек бірлікте ұстансын!
Ана тілмен берекелі күй кешсін!
Тұнып тұрған тектілікпен үндессін!
Мәңгілік ел абыройға жалғансын!
Әлем айтар аңыз жырға ілессін!
14.11.2013жыл.
Мен сені сағынғаннан...
Мен сені сағынғаннан,
Жалын ұрған жүрекке.
Көңіл неге дір етпе?
Дидарыңды көрем деумен,
Жырмен сені өрем деумен,
Жаным «Сен» деп бөлек те...
Сағынышты тағынғаннан,
Табиғаттан іздегем,
Мынау қоңыр күзбенен.
Сұлулыққа тоя алмай,
Әсем көлге аялдай,
Сен жүретін ізбенен...
Уайымымнан арылғаннан,
Биік еткем өзімді,
Серік еткем төзімді.
Даралығың сағынтып,
Уақыт тағы бағынтып,
Жырлап келем сезімді...
Ақ жүрегім жарылғаннан,
Сен барсың деп әлемде,
Өрнек қостым өлеңге.
Сезімімді аялап,
Сән бергенмен сая бақ,
Сағынышым тереңде...
Мен өзіңді сағынғаннан,
Аңсау жаулап жүректе,
Сезім жырым тірек те.
Сырттай қамқор болумен,
Адамдықтың жолымен,
Келем әппақ тілекте...
15.11.2013жыл.
Таң келбеті...
Неткен көркем мына сәт,
Таңмен жаңбыр төгілген.
Сезім жырға ұласад,
Құштарлықпен сеніммен...
Таза ауасы жанға ем боп,
Жапырақтар ырғалып.
Нұрыменен келдің «Сен» боп,
Елесің боп тұрды анық...
Қуаныш боп кернедің де,
Көкіректе күй болып.
Самал болып тербедің де,
Сенен келген сый толық...
Ажарыңды табиғаттан,
Ажырата алмағам.
Жүректегі сол бір ақ таң,
Сәуле шашып қалмаған...
Таңнан сені танып білдім,
Мөлдіреген шығынан.
Тербелуі анық гүлдің,
Өзіңсің деп ұғынам...
18.11.2013жыл.
Тылсым дүние...
Тереземе бір ағаш иіледі,
Көркіне қарап көңіл сүйінеді.
Жапырағы жап-жасыл моншақ өрген,
Содан да сағынышым жиіледі...
Жапырағы жүрек боп дірілдеді,
Тоңғаны жүрегімді тілімдеді.
Жаңбыр да өне бойын жуып жатыр,
Аңсауын білдірмеді үніндегі...
Селк етіп қарап қалдым «Өзің бе?»-деп,
Елесің емірентіп, сөзің бөлеп.
Табиғат тазаруда нөсерімен,
Әлемді әлдиледі сезім демек...
Тереземнің түбінде ағаш жаны,
Жаңбырменен үндесіп жарасқаны.
Менің жаным айналып табиғатқа,
Жапырақ жүрек болып таласқаны...
Тазарды әлем, ақ жауын басылғандай,
Үнсіз ағаш жалтылдап ашылғандай.
Тылсым әлем тоқтаусыз түрленгенде,
Құпия жапырақта жасырғандай...
19.11.2013жыл.
Ақ бейне
Әппақ қар түсті қуантып,
Алғашқы тағы биылғы.
Сезіммен жырды сұрантып,
Келгендей таза сый үлгі...
Иманмен тұнған әлемде,
Ағаштар басын иді де.
Өресі биік өренге,
Ұғынтты көркем күйді де...
Тазалық басты дүниені,
Тамаша тынық леп келді.
Сағыныш тағы жиіледі,
Аңсауы қармен шектелді...
Қар басқан ағаш шыршалар,
Саябақ тағы көркейген.
Қыздай боп өзін тұмшалар,
Кең дала өзін көрпемен...
Сұлуғыңмен дарыдың,
Не деген сұлу , көркем ең!
Таңменен келдің жарығым,
Таныдым сені ерте мен...
20.11.2013жыл.
Табиғатыма тартылыс...
Жанымның жазшы аңсарын,
Табиғатымда мол сағым.
Сұлулығыңа беріліп,
Әдемілігіңмен өріліп,
Қасыңда келді жар салғым...
Табиғат саған тартылдым,
Үміт боп тағы артылдым.
Жанымды тазалағым кеп,
Өзіңді мазаладым көп,
Аңсарым ауып алқындым...
Мөлдірлікті аңсап көлдегі,
Тазалыққа жаным шөлдеді.
Шыршаңмен шарықтадым да,
Жұбандым тарыққанымда.
Өлең боп келді өрнегі...
Ұқсаттым, табиғат көрік,
Ес шығып ентелей еніп.
Жанымды жұбаттымдағы,
Көңілді құлаттымдағы,
Өзіңе өлердей сеніп...
Табиғат тартылыс күшім,
Ажарлы ай ару мүсін.
Орнықтың, жүректе төрден,
Сезіммен селт еткен жерден,
Табиғи асылдығың үшін...
21.11.2013жыл.
Саябақ сыр...
Табиғатта жаным менің жайланды,
Көңілімнің көркем күйі сол бақта.
Жылдар өтіп сағынышқа айналды,
Жан аңсары қалып қойды сол жақта...
Сол бақ еді жүрегімнің қалауы,
Ну орманда сұлулықтан ес кеткен.
Жалындаған жастығымның жалауы,
Естен кетпес мөлдіреген сол көктем...
Саябақта сансыз ағаш ырғалып,
Әсемдігін көрсетуге бақты да.
Дидарымен әппақ қайың тұрды анық,
Көңілімнің сыр пернесін тапты да...
Әппақ қайың айналды да шыршаға,
Өзгермейтін жастығымен қуантты.
Қуанышты сыйлағаны мұншама,
Жабырқаған жан жүректі жұбантты.
Көлдің беті көркіңді ашып айнадай,
Аққулармен келбетіңді келтірді.
Самал есіп дидарымды аймалай,
Жылы леппен жел тұрды...
Саябақта сен күтердей асықтым,
Сұлулыққа тәнті еттің сен мені.
Бұл өмірге соншалықты ғашықпын,
Сен аман бол көңілімнің көркемі...
22.11.2013жыл.
Айзереме!!!
Көңілімді көркейтті де көркем үн,
Өмірімнің жақсылығын шертемін!
Шексіз алғыс құдіретті Аллама!
Мың бір тәубе, жайылуда өркенім!
Қуаныштан жырға толып құшағым,
Үнін есітіп Айзереммен ұшамын!
Нұрсұлтаным бақытымды бастаған!
Айзереммен ұшқан құсқа ұқсадым!
Жарылардай жүрегім де ынтыққан,
Немеремнен тылсым күш пен сырды ұққам,
Апаң да жүр тәтті ұйқысын ұрлатып,
Кете алмайды өзі сүйер құлдықтан...
Неткен ғажап өміріңнің өрнегі,
Барлық бақыт немеремен келгені.
Барлық байлық перзентіңмен екен-ау,
Арманменен ертеңге үміт сөнбеді...
Қандай ғажап немереңнің өпкені!
Асығумен құшағыңа жеткені!
Қалай тәтті өз балаңнан немерең?!
Қызық екен жақын болып кеткені...
26.11.2013жыл.
Таң
Мөлдіреп келді ырыс құт,
Арайлап атқан таңымда.
Қуанышты бүгін бір іс күт,
Осы бір бақыт, бағыңда...
Таңменен келді жақсылық,
Кеудені кернер жұбаныш,
Кешегі сенім, тапшы үміт,
Бүгінгі шыңға шығар іс!
Таңменен жетті сұлулық,
Назымен бөлеп жүректі.
Жаныма жетіп жылылық,
Сезімім тағы дір етті...
Тауларға қарап тұрдым да,
Биіктігіңді аңсадым,
Сағынышымды сырдым да,
Жыр гүлдеріммен қоршадым...
Таңменен күліп шаттандым,
Көргендей сені болдым да.
Келеді тағы мақтанғым,
Таңменен ырыс мол мұнда!!!
Таңменен тұрып түлегін!
Жанымда өскен гүл едің!
Жақсылыққа тартқан жүрегің,
Бақытта соқсын, тілегім!!!
28.11.2013жыл.
Адамдық абырой...
Қуанышта күлдірейін мен сені,
Көтер қане, түсірмеші еңсені...
Жүрегіңмен бар әлемді жылытсаң,
Өнегелік өлшемі...
Құлпыршы өзің сен үшін ғой бәрі де,
Жас боп жүрші, сенсіз өмір сәні не?
Өз орныңды абыройдан түсірме,
Өрмелеп жет, самғап та ұш төріне!
Бәсеке бар, ғалам нықтар абырой,
Ар намысы - адамзаттың жаны ғой.
Ұлылығы адамдықта екен-ау,
Ғұламалар ми қатырса, салып ой...
Арман екен жетелейтін мақсатқа,
Алда болып адамдықты ақсатпа...
Мың бір рет қайталанар қателік,
Өмір сүру, биік тұғыр- жақсы атта!
Тек, адамдық ұрпағыңмен қалмас сын!
Әділ болсаң қиып түсер алмассың!
Еңбегіңмен еленесең еліңде,
Жақсылығың мәңгілікке жалғассын!!!
29.11.2013жыл.
Қыс келбет
Өкпелей де алмадым саған да шын,
Қайтейін жүрек «Сен»-деп жаралғасын.
Сенен жырақ сезіндім сағынышты,
Сені іздедім ойларда таланғасын...
Өмірде ең қызықты сейіліңмен,
Сезіндім шапағатты пейіліңмен.
Жеке қалып жабығып, жабырқасам,
Жанымды жылытасың мейіріммен.
Қыс келді, алаңдаулы күйлер кештім,
Бақ жаққа елеңдеумен үнге ілестім.
Өн бойым тартып тұрар тазалыққа,
Ішкі аңсау сыртқа шықпас, білдірмеспін...
Табиғаты тартатын дара бағы,
Сұлулығы санамды саралады.
Сезімнен сенім сүрлеу салып кеткен,
Сұлуды жүрек қалап даралады...
Саябақ мәңгі жас боп қалайыншы,
Сезімнен өшпес өрнек салайыншы.
Шыршамен жасырынып тұрсың ба екен?
Зер салып, анықтап бір қарайыншы...
04.12.2013жыл.
Әппақ арман....
Жұдырықтай жүрегімде күй тұнды,
Әппақ қардан танып сенің жүзіңді.
Қайран көңіл қайда тағы жұлқынды?
Сағыныштың жыр моншағы тізілді...
Әппақ қардан ақ дидарың сезіліп,
Ұшқындардан өн бойыма өң келді.
Аңсап жаным, жүрек кетті езіліп,
Табиғатым тартылысқа мән берді...
Сол саябақ елестетіп сені шын,
Жапырақтай жүрегімді төр етті.
Күткен едім қыстың тағы келісін,
Сағынуым себепті...
Біз қалаған аққаланың мүсіні,
Бір керемет еске салды өткенді.
Сағынышың қар ұшқынмен түсімі,
Деп ойладым аңсауымен жеткен-ді.
Саябағым сағындырған сұлулық,
Тазалығы тартылысы іспетті...
Дала суық, жан дүниемде жылылық,
Саған деген сезіміммен тұс кепті...
06.12.2013жыл.
Саябағым
Қайтесің мені жаралап,
Суық сөз маған ауырлау.
Сағыныш менде қара дақ,
Аңсаумен жаным ауырды-ау...
Қыспенен жеткен уайымдау,
«Тоңып бір сені жүр ме?»- деп.
Біз барған ерке қайың да – ау,
Есіме салды кимелеп...
Біз жүріп өткен жолдар да,
Есіме салар өткенді.
Саялы бақта талдарда,
Бұлбұлы сайрап дөп келді...
Шыршалар тұрар қол бұлғай,
Сенімен бірге елестей.
Құйып бір өткен жаңбырдай,
Бақытты өткен белестей...
Саялы бағым сырым ең,
Сағыныш күн-түн артады,
Жүректен шыққан жырым ең!
Сол жаққа жаным тартады...
09.12.2013жыл.
Сені көріп....
Сені көріп қуанғаным
Жұбанғаным таңменен.
Сезімімді ұрандадым,
Ең бақытты жанменен!
Сағынышым басылмады,
Қасымда әлі елесің.
Көңілімнің жасыл бағы,
Неге аңсата бересің?!
Сенен танып сұлулықты,
Жылылықты сезінгем.
Сенсіз қиын, жүрек ұқты,
Жалғызсырар кезімнен...
Керемет қой саябағым,
Аяладым жаныммен.
Саған құшақ жая аламын,
Әрбір атқан таңыммен...
Қуанамын, жүрек бақта,
Төрде аман барыңа...
Ораларсың мына жаққа,
Түбі сағыныштарыңа...
10.12.2013жыл.
Мәңгілік жасар ұлы ел!
Алты мың жыл бұрын домбыра шерткен,
Күйлерін толғап ұлылық!
Қобыздың үні айырған дерттен,
Қорқытты зертте құнығып...
Дана боп елді соңынан ерткен,
Намыспен қалған құрылып.
Рухымен жанып, жаралып өрттен,
Тұмардан келген сұлулық...
Мың жылғы бұрын ноталық сауат,
Фараби жазған даналық.
Қонақжай халық, иман мен сауап,
Елімді келер дара қып...
Әлемнің зерттеп ғылымын терең,
Жетпіс жеті тағы тіл біліп.
Фараби дана, ойлана берем,
Қарапайымдылығын шын ұғып...
Батырлық, елдік бабадан қалған,
Бірліктің күші - берекем!
Пейілі үшін қолдасын Аллам!
Жерұйық қазақ жері екен!!!
11.12.2013жыл.
Табиғатым...
Бас айналар неткен керім көрік ең,
Табиғатым саған ерек жақынмын.
Көктен келген күн сәулеңе еріп ем,
Ойларымды тұңғиыққа батырдым...
Ақ бұлтыңды жібердің бе сәлем деп?
Көңіл шіркін мәңгі тұрар алаңдап.
Бір көрінсең көңіл гүлге бөленбек,
Жырға өрілсең қуанышым қаланбақ...
Көл көлбеңдеп кібіртіктей кідіріп,
Мөлдірлікпен ештеңе де айтпады.
Сен екенсің елесімде қыдырып,
Жүрегімде жақсы жарқын жайттағы.
Тал тербелді, самал қатты соқты да,
Ну орманға қыс та келген сыңайлы.
Маралдар жүр елемейтін оқты да,
Тыныштық-ай осы бір сәт ұнайды...
Сағынышым басыла ма бір сәтке?
Аңсау мені алаңдатты, ақсатты.
Сезімім де айналғандай мың дертке,
Елеңдеу мен іздеу мені шаршатты...
Барлық әлем самайында ақ қырау,
Силастықтың қатарында тізілді.
Бәрі де бар, тек жанымда жоқсың-ау,
Қимастықтан кірпіктен жас үзілді...
12.12.2013жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |