Жыл сайын Ұбт-да география пәнін таңдайтын оқушылар, осы пәннің



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата11.01.2023
өлшемі1.88 Mb.
#468315
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Жыл сайын бт-да география п нін та дайтын о ушылар, осы п нні

демографиялық 
саясат 
жүргізіледі. 
Бұл 
бағыттағы 
демографиялық саясат, халық саны өте көп мемлекеттерге тән (Қытай, 
Үндістан). 
Халықтың туу коэффициенті – мемлекет (ауыл, қала т.б.) аумағында әр 
1000 адамға шаққандағы туылған бала саны, ол промиллемен (‰) өлшенеді. 
1-мысал: 2020 жылдың басында В ауылының халық саны 20 000 адам еді. 
2020 жылы В ауылында туу коэффициенті 28 промиллені құрады(‰), яғни, әр 
1000 адамға шаққанда туылған бала саны 28-ге тең. 2020 жылы В ауылындағы 
туылған балалардың жалпы саны нешеге тең? 
Шешу жолы: 
Егер туу коэффициенті 28 промилле(‰), яғни, әр 1000 адамға шаққанда 28 
бала болса, жалпы туылған бала санын табу үшін, 28-ді 20-ға көбейтеміз, себебі, 
В ауылының жалпы халық саны 20 мың. 
28×20 = 560 бала
Жауабы
2020 жылы В ауылындағы туылған балалардың жалпы саны 560-
қа тең. 
Халықтың өлім-жітім коэффициенті – мемлекет (ауыл, қала т.б.) 
аумағында әр 1000 адамға шаққандағы қайтыс болған адам саны, ол 
промиллемен (‰) өлшенеді. 
2-мысал: 2018 жылдың басында Е қаласының халық саны 160 000 адам еді. 
2018 жылы Е қаласында өлім-жітім коэффициенті 16 промиллені құрады(‰), 
яғни, әр 1000 адамға шаққанда қайтыс болған адам саны 16-ға тең. 2018 жылы Е 
қаласында қайтыс болған адамдардың жалпы саны нешеге тең? 
 
Шешу жолы: 
Егер өлім-жітім коэффициенті 16 промилле(‰), яғни, әр 1000 адамға 
шаққанда 16 адам болса, қайтыс болған адамдардың жалпы санын табу үшін, 16-
ны 160-қа көбейтеміз, себебі, Е қаласының жалпы халық саны 160 мың. 
16×160 = 2560 адам
Жауабы
2018 жылы Е қаласындағы қайтыс болған адамдардың жалпы 
саны 2560-қа тең. 


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет