Жылдардағы ашаршылық куәгерлері сөйлейді талдықОРҒАН


Біз сонда қалайша өз-өзімізді менсінбеушіліктен, мәңгүрттіктен, ұлттық нигилизмнен арыламыз? Мен әңгімені осы мәселе төңірегінде қозғағым келеді



бет8/76
Дата29.11.2023
өлшемі7.01 Mb.
#484784
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Аштық-Кітап.Нәубет-2. Негізгі (2)

Біз сонда қалайша өз-өзімізді менсінбеушіліктен, мәңгүрттіктен, ұлттық нигилизмнен арыламыз? Мен әңгімені осы мәселе төңірегінде қозғағым келеді.

Бұл жерде жеке адамның ауруы мен бүкіл ұлттың дертін салыстырып қаралық: ұқсастықтары өте көп. Сол себепті алдымен мына сұраққа жауап берелік: «Психоздар мен невроздар сияқты жүйке аурулары қайдан пайда болады»?


Жүйке ауруларының дені адамның бала кезіндегі (әдетте бес жасқа дейінгі уақытта) жағымсыз әсерлерден қалыптасады деп есептейді психологтар. Үрей, қорқыныш, жиіркеніш, ұят секілді сезімдермен байланысты немесе баланың психикасы үшін түсінуге мүмкін емес, ол түсіндіре алмаған жағымсыз іс-әрекеттер, оқиғалар, жағдаяттарды баланың санасы ұмытуға тырысады. Алайда адам психикасы ұмыту дегенді еш білмейді: келеңсіз жәйттер адам психикасының ең көлемді, әрі санаға бағынышты емес бөлігі - бейсанаға ығыстырылып, сонда сақталады.
Бұл жағымсыз әсерлер кейініректе, адам есейе келе, оның мінезінде жағымсыз қасиеттердің қалыптасуына мейлінше ықпал жасайды. Адам бойындағы жасқаншақтық, жасықтық, қорқақтық, жаман әдеттер, өрескел қылық пен ашуланшақтық, психоздар мен невроздар – бәрі де саналы түрде ұмытылған, бірақ бейсанада жинақталған әсерлердің ықпалынан туындайды.
Ал психоз бен невроздарды медицина қалай емдейді? Ең алдымен дәрігер-психоаналитик дерттің себебін анықтап, оны бейсана аумағынан сана бетіне шығаруға жағдай жасайды. Ауру адам ол үшін бір кездері үрей, қорқыныш, жиіркеніш сияқты сезімдерді туғызған бала күнгі оқиғаларды есіне түсіруі керек. Есіне түсіріп, сол туралы әңгімелеп берсе – бейсанадан сана бетіне шығару деген сөз. Ал адам саналы түрде қандай да болмасын жәйтті түсіндіре алады, яғни «түсіндірме берді» дегеніміз бұл жәйт проблема қатарынан шығарып тасталды, ол енді жүйке ауруын тудырмайды: адам психикалық дертінен жазылды деген сөз.
Бұған дәлел әрі мысал ретінде адам өмірінің мына бір оқиғасын келтірейік. Әлде біреу жақынын жоғалтып, қайғыға оранып отыр делік. Әгәрәкім ол ағыл-тегіл жыламай, дауыс шығармай, қасіретін сыртқа шығармай ішінде сақтайтын болса, бұл қайғы оған дерт болып ауысатындығын бәріміз де жақсы білеміз. Қайғыны сыртқа шығару керек, жылау керек, басқаларға мұңымызды шағып, шер тарқатуымыз қажет, сонда ғана біз сол күйіктен арыламыз...
Ал біз, қазақ, ішіміздегі шел болып, беріштей қатып қалған кесел-қасіретімізді әлі де сыртқа шығарғанымыз жоқ. Біздің қасіретімізді өзімізден басқа ешкім де білмейді емес пе?.. Тіпті өзіміз де бұл туралы жан-жақты білеміз деп айтуға болар ма екен?..
Сенбесеңіз, 1931-33 жылдардағы ашаршылық туралы қаншама кітап жазылды екен? Бірнеше ондаған болар. Қаншама зертеу бар екен? Олар да сол құралпы болар. Қанша фильм түсірілді екен? Өз басым біреуін де білмеймін, көрген де емеспін. Қанша ескерткіш қойылды екен ашаршылық құрбандарына? Бірен-саран шығар... Тарихымыздың бұл парағын ұмытуға жақынбыз және саналы түрде ұмытқымыз да келеді.
Біз тіпті бұл қасіретті әжуа-қалжыңға айналдырып жіберуге тырысып бағамыз. Алдыңғы жылдары марқұм болған Талдықорғандық жерлесіміз – театр және эстрада артисін еске түсірген гәзет мақаласында (қандай гәзет екендігін айтпай-ақ қояйын) оның сөз шеберлігі дәріптеліп, сол қасиеттің айғағы мен дәлелі ретінде актердің мынандай бірқақпайы келтіріледі: «Театрдағы үзеңгілес пәленше руынан (немесе түгенше руы – қайсысы екені бәрібір емес пе: бәріміз де қазақпыз?!) шыққан құрдасы марқұмды қалжыңдап сөгіпті: «Өй, жынды!» деп. Сонда әлгі кісі жұлып алғандай: «Мен жынды болмай қайтейін: баяғыда, ашаршылық кезінде әкем бір түгеншенің (немесе пәленшенің) миын жепті, содан болар кеселім!» деген екен». Күлеміз... Халық трагедиясын қалжыңға айналдырып жібергіміз келеді... Руға бөліну не теңің сенің, қазақ, кезінде құрып кете жаздап едің ғой Жер атты ғаламшар бетінен?!.
Жүрген жеріміз азап...
Бұған кері мысал ретінде еврейлердің жағдайын алайық. Екінші дүние жүзі соғысында еврейлердің 6 миллионнан астамы қырылды. Бұл қырғынды тарихта Холокост деп атайтындығы бәрімізге де мәлім. Бүткіл дүние жүзі адамдары еврейлердің трагедиясын біледі, олардың қайғысымен ортақтасады.
Холокост туралы қаншама кітап жазылып, қаншама фильм түсірілді дейсіз (олардың ішінде ең атақтыларының бірі - талай Оскар сыйлығын иемденген «Шиндлердің тізімі» көркем фильмі)! Тіпті қазіргі күнге дейін Германия еврейлерге айып-пұл төлеп жатыр емес пе? Немістер өздерінің кінәсін қалай жуып-шайуын білмей жүр, оларда тіпті еврейлердің алдында ұлттық кінә комплексі де қалыптасқан. Мұндай комплекс бүткіл Еуропа халықтарында бар десе де болады. Олар кезінде еврейлерді фашистердің қырғынынан арашалап қалмағанына өздерін құдды кінәлі сезінеді.
Еврейлер өз тарихының қасіретті беттерін ұмытқан емес, ешқашан ұмытпайды да! Тель-Авив қаласының маңында Яд Вашем атты мемориалдық кешен бар. Жер астында орналасқан бұл мұражай Холокост қырғынын фотосуреттер, куәгерлердің естеліктері мен басқа да материалдармен айғақтап баяндайды. Мұнда келген адам қайта жер бетіне шыққанда өзгеріп, басқа күйде болып шығады дейді білетіндер. Өйткені еврей халқының қасіреті кімнің де болса жанын түршіктіріп, қабырғасын қайыстырып, қайғы мен мұңға бөлейтіндігі рас...
Холокост трагедиясын насихаттау, баршаға паш ету – бүгінгі Израиль мемлекетінің ұлттық саясатының басты мазмұны. Әрбір еврей, отбасы, мектеп, мекеме бұл саясаттан тысқары қалып отырған жоқ, әрқайсысы да ұлттық қасіретті естен кетірмеу үшін, бүкіл әлемді мойындату үшін аянбай қолынан келгенін жасайды. Тіпті бүкіл мемлекеттің өмірі осы қасірет аясында құралған деп айтуға тұрарлық. Ұлттың тәубеге келуі деген осы да болар...
Тағы да бір мысал келтірелік. Түркияның бүгінгі күні ортақ Еуропаға кіре алмай отырғандығының бір себебі оларға 1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында 1миллион армяндарды қырып жіберген деген айып тағылып отыр. Еуроодақ Түркиядан осы жәйтті мойындауды және армяндардан кешірім сұрауды талап етуде. Тіпті Францияда осы геноцидті мойындамағандарды бас бостандығынан айыру туралы заң да шыққан 2006 жылы.
Ал армяндар барша ұлт болып әр жылы, ұмытпасам, сәуірдің 25 күні, сонау 1915 жылғы қырылғандар бойынша мейлі Арменияда болсын, мейлі Франция не Америкада болсын, қара жамылып, аза тұтады.
Украинада 2007 жылы Голодомор, яғни 1931-33 жылдарда жүзеге асырылған ұжымдандыру саясатынан туындаған ашаршылық, туралы заң қабылданды. Мұнда да украин халқының бұл қасіретін геноцид деп атап, оны мойындамағандарды жауапқа тарту туралы шешім қабылданған. Барлық украиндар әр жылы қарашаның үшінші жексенбісінде Голодомор құрбандары бойынша аза тұтады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет