Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы Күні: Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка. Тақырыбы



бет25/61
Дата30.04.2024
өлшемі198.78 Kb.
#500223
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
4-5 жас ортанғы топ. Музыка білім беру саласы сабақ жоспар

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дыбыс биіктігін, ұзақтығын ажыратуды. Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауды білу керек.
Қандай түсініктерді игереді: жаңа ән үйреніп, әуенін таза айтуды, дыбысталуын ажыратуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: музыкалық шығармалар сипатын өз беттерінше ажыратуды, әнді, дауыс жаттығуларын мәнерлеп орындауды.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:________________
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка.
Тақырыбы: Ақ әже
Мақсаты: Музыкалық сипаттағы сабырлы әуенді, ән мазмұнындағы көңіл күйді сезінуге талпындыру. Музыкадағы дыбыс биіктігін, ырғақты мәнерлілігін түсініп, ажыратуға үйрету. Ұлттық ою-өрнекті бейнелейтін би қимылдарын үйретіп, еске сақтауға дағдыландыру.
Қажетті құрал – жабдықтар: Ұлттық ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар (сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы).
Алдын ала орындалатын жұмыстар: әже туралы әңгімелесу, «Менің әжем» тақырыбына сурет салу.
Сөздік жұмысы: қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, сырмақ.

Әрект кезең
Дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Мотивациялық қозғаушылық

«Вальс» орындалып, балаларға жұптасып тұрып, өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасауды сұрайды. Әуен аяқталысымен отырып жайғасуды ұйымдастырады. «Менің әжем» атты суреттерді көрсетіп, өз әжелерімен таныстырады. Әжелеріне арналған өлең –тақпақтардан сайыс ұйымдастырылады.
1.Мейірімі –жел жібек,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
«Құлыным» деп құшады. (С.Мәуленов)
2.Құртпен майын жинаған,
Балаларға силаған.
Бұл әжемнің өмірі
Таусылмайтын жыр маған (Х.Талғаров)

Жұптасу биінің қимылдарын қайталайды.
Өздері салған әжелерінің суретін көрсетіп, әжелеріне арнап жаттаған тақпақ, өлеңдерін, әндерін айтып, сайысқа түсіп, өз өнерлерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет