Жұмыс бағдарламасы 2008 жылғы №3а 22 ақпан 051101 «Мейірбике ісі»



бет5/16
Дата23.06.2016
өлшемі1.49 Mb.
#154840
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1. Тақырыбы: Микроорганизмдердің қоректенуі, тыныс алуы, өсуі және көбеюі. Аэробты және анаэробтардың таза дақылын бөліп алудың бірінші, екінші және үшінші әдістері. Қоректік орталар. Микробтардың биохимиялық қасиеттері.

2. Мақсаты: Микроорганизмдерді дақылдау үшін қоректік орталарды дайындау техникасы аэроб және анаэроб бактериялардың таза дақылын ажырату әдістерін және таза дақылды идентификациялау, оларды жұқпалы аурулардың диагностикасында қолдану. Қоректік орталардың түрлерін, маңызын, тағайындалуын зерттеу тәсілдерін үйрету. Аэроб және анаэробтардың таза дақылын бөліп алудың екінші және үшінші этапын, микробтардың биохимиялық қасиетін анықтау әдістерін меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: Қоректік орталарды дайындау әдістерін үйрету жекеленген колониялардан таза дақыл алу мақсатта қоректік орталарға себу. Аэроб және анаэробтардың таза дақылын бөліп алудың бірінші ,екінші және үшінші этапын, микробтардың биохимиялық қасиеттерін үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Метаболизм-бактерия жасушасында өтетін биохимиялық реакциялар, метаболизмнің 2 жағы.

2. Бактериялардың қоректенуі.

3. Бактериялардың қоректену типі және энергия көзі бойынша классификациясы.

4. Бактериялардың қоректену механизмінің ерекшеліктері.

5. Тыныс алуы бойынша бактериялардың жіктелуі.

6. Бактериялардың өсуі және көбеюі.

7. Сұйық қоректік орталардағы бактерия популяциясының көбею фазалары.

8. Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі.

9. Өсу факторлары.

10.Таза дақылды бөліп алудың 1-ші этапы.

11.Спецификалық микробиологиялық терминдерге түсініктеме беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».

12. Қоректік орталардың жіктелуі.

13.Идентификация не болмаса диагностика мақсатында зертханалық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.

14.Идентификация не болмаса диагностика мақсатында зертханалық жағдайда бактериялардың сахаролиттік ферменттерін анықтау.

15.Идентификация не болмаса диагностика мақсатында зертханалық жағдайда бактериялардың протеолиттік ферменттерін анықтау.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас

6. Әдебиет.

Негізгі:

1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша:

1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.



Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

7. Бақылау (тесттер, есептер.)

1.ОҚО 1998 ж. Келес ауданындағы тырысқақтың өршіген кезінде тырысқақ вибрионы бір уақытта судан, аурудан және тасымалдаушыдан бөліп алынған. Осыны арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.

2.Бактериялардың бір қалыпты популяциясын бөліп алу үшін дәрігер бактериолог өскен микроағзаның қасиетін зерттеу үшін, тығыз қоректік ортадағы бөлінген колонияның бір бөлігін алады. Бұл процесті арнайы микробиологиялық терминмен негіздеңіз. Қандай тығыз қоректік орта қолданылады?

3.Гисс ортасына егілген бактериялық дақылдың инкубациялық тәуліктен кейін глюкозасы бар пробиркадағы қоректік ортаның түсі газ түзе өзгереді. Бұл өзгеріс нені білдіреді?

4.«Шұбар» қатардағы егілген дақылдың 24 сағаттан кейін пептонды суы бар пробиркада Гисс ортасының бұлдырауы байқалады. Индикатор қағазының бірі қызғыш-бозғылт түске айналды, ал екіншісі қара түске айналды. Неге?

5.Гисс ортасын алу үшін қоректік ортаға әртүрлі көміртектерді қосты (глюкоза, сахароза, рамноза).Ортаны 1 атмосфералық қысымда лаборант стерилдеген болатын. Дифференциалды көміртегісі бар ортаны дайындау және стерильдеу кезіндегі қателіктер мен дұрыстарды атаңыз.



Тесттер:

1.Энтеробактерия және псевдоманадаға жататын түрлерді тез анықтау үшін пайдаланатын орта



  1. дифференциальды-селективті

  2. арнайы

  3. жасанды

  4. селективті

  5. жартылай,жасанды

2. Сабуро, сусло-агар, Чапек қоректік орталарына дақылданатын микроорганизмдер:

  1. микоплазмалар

  2. бактериофагтар

  3. саңыраукұлақтар

  4. риккетциялар

  5. актиномицеттер

3.Бактериялардың индол, күкіртсутегі бөліп шығаруын зерттей отырып, біз оның қасиетін анықтаймыз.

  1. сахаролиттік

  2. дақылдық

  3. морфологиялық

  4. протеолиттік

  5. тинкториальды

4.Әртүрлі бактериялардың жекеленген қасиетттерін анықтауға арналған орталар:

  1. дифференциальды -диагностикалы

  2. арнайы

  3. элективті

  4. негізгі

  5. қышқылданған

5.Қорек ретінде дайын органикалық затты қажет ететін.болып сипатталады.

  1. аукстотрофтар

  2. аутотрофтар

  3. гетеротрофтар

  4. аминотрофтар

  5. прототрофтар

6. Басқа бактериялармен салыстырғанда фототрофтарға аса қажетті өсу факторларының бірі:

  1. ылғал

  2. құрғақтық

  3. ауа

  4. сілтілі орта

  5. жарық

7.Бактериялардың дақылдық қасиеттерін зерттеуде қолданатын әдіс:

  1. биологиялық

  2. бактериоскопиялық

  3. аллергологиялық

  4. серологиялық

  5. бактериологиялық

8.Дифференциалды -диагностикалық ортаға жатпайтын қоректік орта:

  1. Леффлер

  2. Плоскирев

  3. Гисс

  4. Рессел

  5. Эндо

9.Қоректік орталарды дайындауға қажетсіз бұйым:

  1. таразы

  2. Петри табақшасы

  3. шыны түтікше

  4. электроплита

  5. бұйым шынысы

10.Науқас организмінен фагтың бөлініп алыну себебі:

  1. вирустардың болуында

  2. сәйкес бактерияның болуында

  3. сәйкес қарапайымдылардың болуында

  4. сәйкес саңырауқұлақтардың болуында

  5. бактерияның болмауында

11.Стафилококктады таңдамалы түрде өсіру үшін қолданатын қоректік орта:

  1. балықтың гидролизаты

  2. Эндо ортасы

  3. Левин ортасы

  4. пептон суы

  5. сары-уызды тұзды агар

3


1. Тақырыбы: Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустарды дақылдандыру. Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Микроорганизмдердің генетикасы. Тұқымқуалайтын хромосадан тыс факторлары. Модификация, рекомбинация. Плазмидалар.

2. Мақсаты: Облигатты паразиттерді-вирустарды дақылдау әдістерін меңгеру. Бактериалды популяциялардың рекомбинаттары мен мутанттары селекциясының әдістерін, сондай-ақ бактерия плазмидаларын айқындау әдістерін толық меңгере білу.

3. Оқыту мақсаты: Бірқабатты жасуша дақылын дайындау этаптары жайлы түсініктеме беру. Қоршаған ортадан фагтарды бөліп алу, идентификациялау және тауық эмбрионын ашып вирустармен залалдау техникасын уйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Вирустардың жасушамен өзара әсерлесу типтері.

  2. Вирустардың жасушамен өзара әсерлесу стадиялары.

  3. Вирустық инфекцияның интегратвті пішіні.

  4. Вирустарды дақылдау әдістері.

  5. Сезімтал зертханалық жануарлардың ағзасында вирустарды дақылдау әдістері.

  6. Тауық эмбрионында вирустарды дақылдау.

  7. Вирустарды идентификациялау әдістері (типтеу).

  8. Бактериофагтардың биологиялық ерекшеліктері (фагтардың),олардың пішіні.

  9. Қоршаған ортадан фагтарды бөліп алу.

  10. Фагтарды сандық жәнесапалық анықтау әдісі.

  11. Спектрлі литикалық әсері бойынша фагтарды анықтау.

  12. Трансформация және трансфекция.

  13. Медициналық микробиологиядағы гендік инженерия.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация

6. Әдебиет.

Негізгі:

1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша:

1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.



Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
7. Бақылау ( тесттер, есептер.)


  1. Адам мәиіті нейронының цитоплазмасында (Аммонов мүйізі қиығында) (домалақ формалы қызыл түсті) Бабеш- Негри денешіктері табылады. Олардың пайда болуы қандай ауруға тән?

  2. Оспавакцинамен залалданған қоян көзінің мүйізді қабықшасы қиығының эпителиальды жасушасын микроскоппен қарағанда ядро жанында дөңгелекше келген денешіктер табылды. Ќандай денешіктер табылды және олар немен сипатталады?

  3. Созылмалы стафилококты инфекциямен ауыратын науқастың, ұзақ уақыт химиотерапиялық препараттармен емделгеннен кейін, ЖСА-да колония түрінде алтын түсті стафилококк дақылының ауысуы байқалды. Стафилококтардың колониясында ауысуын қалай түсіндіруге болады?

  4. Ультракүлгін сәулелермен сәулелендіргенде капсула түзуші клебсиелла дақылдары капсула түзу қабілеттілігін жоғалтады. Сондай-ақ тышқандардың аурушаңдық қасиеті де жоғалады. Аурушаңдықтың жоғалуы мен капсула синтездеу қабілеттілігін қалай түсіндіруге болады?

Тесттер:

1. Жасуша иесі мен вирус әсерлескенде жасуша геномында вирустың нуклейн қышқылдары түзілуі өтеді:



  1. интегративті пішінді

  2. абортивті пішінде

  3. фагацитоз

  4. продуктивті пішінде

  5. пиноцитоз

2. Фагтардың кұрылымы:

  1. РНҚ және белок

  2. ДНҚ, РНҚ және суперкапсид

  3. ДНҚ немесе РНҚ

  4. ДНҚ және белок

  5. ДНҚ немесе РНҚ және капсид

3. Бактериальды жасушаға спецификалы түрде енуге қабілетті вирустар:

  1. күрделі вирустар

  2. вириоидтар

  3. жәй вирустар

  4. приондар

  5. бактериофагтар

4. Фагтарды … модель ретінде пайдаланады.

  1. клиникада

  2. микологияда

  3. бактериологияда

  4. биохимияда

  5. молекулярлы генетикада

5. Бляшка әдісі вирустардың қолданады.

  1. сандық анықтауында

  2. дифференциациясында

  3. индикациясында

  4. идентификациясында

  5. сапалық аныктауында

6.Прокариоттардың тұқым қуалаушылық негізі:

  1. ферменттер

  2. рибосомалар

  3. ДНҚ

  4. РНҚ

  5. ақуыздар

7. Вирустарды рибовирустар мен дезоксоривирустар патшалық астына бөлетін

  1. нуклеин қышқылы типі

  2. антигендері

  3. капсидтерінің саны құрлымы:

  4. симметрия типі

  5. өлшемдері

8. Резистенттіліктің генетикалық негізін қамтамасыз ететін плазмидалар:

  1. R –плазмида

  2. F–плазмида

  3. Ent–плазмида

  4. патогенділік плазмида

  5. биодеградациялық плазмида

9. Эксперимент кезінде қандай да бір мутаген әсерінен пайда болған мутация:

  1. индуцирленген

  2. шартты-летальды

  3. спонтанды

  4. генді

  5. хромосомды

10.Өздігінен пайда болған мутация:

  1. шартты-летальдық

  2. хромосомдық

  3. индуцирленген

  4. гендік

  5. спонтандық

11. Кірпікшелер мен пилилер катысады.

  1. коньюгацияға

  2. бөлінуге

  3. мутацияға

  4. трансдукцияға

  5. трансформацияға

12. Вирустардың генетикалық ерекшелігі:

  1. ақпарат ДНҚ да жазылған

  2. ақпарат плазмидаларда жазылған

  3. ақпараты жоқ

  4. ақпарат РНҚ да жазылған

  5. ақпарат РНҚ мен ДНҚ да жазылған

13.Плазмидалардың, транспозондардың, Іs-тізбектілігінің құрлымдық элементтері:

  1. полипептидтер

  2. ДНҚ

  3. РНҚ

  4. ферменттер

  5. белоктар

14. Генетикалык материалдың донордан реципиентке тікелей берілуі:

  1. трансформация

  2. репарация

  3. трансдукция

  4. конъюгация

  5. диссоциация

15. Генетикалық материалдың бір бактериядан басқа бактерияларға фаг арқылы берілуі:

  1. диссоциация

  2. трансформация

  3. конъюгация

  4. репарация

  5. трансдукция

4
1. Тақырыбы: Антибиотиктер. Антибиотиктерге микробтардың сезімталдылығын анықтау әдістері. Асептика, антисептика, дезинфекция және стерилизацияның микробиологиялық қадағалауы. Адам организмінің қалыпты микрофлорасы.

2. Мақсаты: Антибиотикотерапия нәтижесін және бактериялардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау әдістері. Медицина саласында қолданылатын стерилизация және дезинфекция әдістерінің нәтижесін анықтауды меңгеру. Санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес, дәріхана және дәрі-дәрмек дайындайтын мекемелерде қоршаған ортаның және адам денесінің қалыпты микрофлораларын, санитарлық көрсеткіштерін білу маңызды болып табылады.

3. Оқыту мақсаты: Негізгі топқа кіретін антибиотиктердің бактерияларға қарсы әсер ету механизміне түсінік беру, бактериялардың антибиотиктерге сандық сапалық әдістерімен сезімталдылығын анықтау, стерилизация және дезинфекция әдістерін үйрету. Қоршаған ортаның және адам микрофлораларының құрамын су, топырақ, ауаның санитарлы-бактериологиялық бағалау әдістерін меңгеру. Адам ағзасындағы микрофлора құрамын анықтау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. ХТП-ң препараттарына анықтама беріңіз.

  2. ХТП-ң негізгі топтары.

  3. Антибиотик, оның классификациясы.

  4. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтығын бақылау жолдары.

  5. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдісі.

  6. Стерилизация оның мақсаты және әдістері.

  7. Дезинфекцияның негізгі әдістері.

  8. Антибиотикетердің әсер ету механизмі бойынша классификациясы.

  9. Антисептика, асептика.

  10. Антибиотиктердің әсер ету спектрі бойынша классификациясы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас

6. Әдебиет.

Негізгі :

1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.

4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.

5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.

6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.

7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.

8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.

10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.

11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.

12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.

Қосымша:

1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.

2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.

3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.

4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.

5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.



Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

7. Бақылау ( тесттер, есептер.)


  1. Науқастан бөлiнген дақылдың антибиотиктерге деген сезiмталдығын анықтады. Полипептидтi антибиотиктерге-полимиксинге және ристамицинге қоректi агарда диск бойынша қайталап зерттегенде тұрақтылық байқалады. Бiрақ сериялы түрде араластырғаннан кейiн осы микроорганизмдерде осы антибиотиктерге сезiмталдығын өте төменгi концентрацияның өзiнде байқалды. Осы зерттеу әдiстерiнде сезiмталдықтың әртүрлi болу себебiн дәлелдеңiз.

  2. М. науқасының сарысуынан бөлiнген микроорганизмдер пенициллиннің терапевтикалық дозасына сезiмтал,ал стрептомициннің максимальды дозасына ған сезiмтал. К. науқастан бөлiнген дақыл гентамициннің максимальды концентрациясына сезiмтал емес. Аурулардан бөлiнген дақылдардың АБ деген сезiмталдылық дәрежесiн анықтаңыз.

3. Автоклав жұмысының эффективтілігін бақылау үшін автокловқа стерилизацияланатын объектпен бірге бензол қышқылын орналастырамыз.Автоклавтаудың барлық жағдайын ескере отырып, стерилизация жасап болғаннан кейін бензол қышқылы еріген. Автоклавтау температурасын және стерилизация эффективтілігін анықтау.

4. Қоректік ортаның стерилизациялау нәтижесіндегі стерилизация эффективтілігін бақылау үшін автоклавқа бақылау температурасы 1100 С – тан бензонафтол орналастырады. Стерилизация нәтижесінен кейін бензонафтол ерімеген. Автокловтаудың дұрыс жүргізуіндегі және қоректік ортаның стерилизациялау сапалығына мінездеме бер:



Тесттер:

1. Грамм оң және грамм теріс бактерияларға бактериоцидтік әсер көрсететін сульфаметоксазол және триметоприма қоспасынан құралған препараттар:



  1. фурагин

  2. бисептол

  3. сульфапиридазин

  4. норсульфазол

  5. сульфамонометоксин

2. Фосфомицин препараттарына өте сезімтал бактериялар:

  1. актиномицеттер

  2. микобактериялар

  3. стафилококтар

  4. спирохеттер

  5. эшерихиялар

3. Амфотерицин мен нистатин препараттары қолданатын аурулар:

  1. вирустар туғызған аурулар

  2. бактериялар туғызған аурулар

  3. қарпайымдылар туғызған аурулар

  4. саңырауқұлақтар туғызған аурулар

  5. приондар туғызған аурулар

4. Химиотерапевтік индекс, антимикробты спектр, бактеростатикалык, бактероцидтік әсер, микроорганизмдердің дәріге тұрақтылық формаларының калыптасуы сияқты ұғымдар тек қана тән.

  1. медико-биологиялық препараттарға

  2. дезинфектанттарға

  3. антибиотиктерге

  4. антисептиктерге

  5. профилактикалық препараттарға

5. Левомицетин, тетрациклин және тағы да басқа көптеген антибиотиктерді синтездеп шығаратын микроорганизмдер:

  1. базидомицеттер

  2. дейтеромицеттер

  3. актиномицеттер

  4. зигомицеттер

  5. стрептомицеттер

6. Көптеген әдеттегі дезинфекциялық заттарға тұрақты микроорганизмдер:

  1. споратүзуші бактериялар мен қайсыбір вирустар

  2. саңырауқұлақтар мен вирустар

  3. микобактериялар мен саңырауқұлақтар

  4. риккетсиялар мен саңырауқұлақтар

  5. микобактериялар мен актиномицеттер

7. Стерилизациялау мүмкіндігі 160-170°С температурада өтетін қондырғы:

  1. автоклав

  2. пастер пеші

  3. термостат

  4. Кох аппараты

  5. Кротов аппараты

8. Автоклавтың қысымы 1, 5 атмосфераға жеткендегі температуралық көрсеткіштің параметрі:

  1. 134˚С

  2. 121˚С

  3. 128˚С 100˚С

  4. 112˚С

9. Пастеризация кезінде қолданылатын температура:

  1. 28-37º С

  2. 85-100º С

  3. 65-80º С

  4. 112º С

  5. 128º С

10. Бактерия және қатерлі ісіктің өсуін тежейтін микроорганизмнің жоғарғы белсенді метоболиті болып табылатын химиялық заттар.

  1. дезинфектанттар

  2. адгезия

  3. антиметаболиттер

  4. антибиотиктер

  5. асептиктер

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет