Жұмыс бағдарламасы «Биологияға кіріспе»


Тусiпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-бµл - А., 1998



бет10/13
Дата09.06.2016
өлшемі460.5 Kb.
#124293
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

6.Тусiпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-бµл - А., 1998.,

12.Қасымова Ж.С. Топырақтану: теориялық және практикалық курсы: оқу-әдістемелік құралы.-Семей.,2010


Тақырып 13. Жануарлар патшалығы. Көп жасушалы жәндіктер.

Мақсаты: Жасуша мен жасуша емес құрылымдардың жалпы құрылысын зерттеу.

Дәріс тезистері: Жануарлар патшалығы. Көп жасушалы жәндіктер.

Жануарлар патшалығы. Омыртқалы жануарлар.



Көп жасушалы жәндіктер

Коп жасушалы ағзаларда жасушалар әр түрлі кызмет аткарып (корғаныш, ас корыту. козғалыс) мамандандырылу байкалады. Жасушалардың жеке топка бөлінуі олардың бір-біріне байланысын күшейтеді. Сөйтіп, жасушалар ұлпаларға бірігеді. Ұлпалар болса мүше, ал мушелер мүшелер жүйесін, мүшелер жүйесі ағзаны кұрайды.



2.1.Ішеккуыстылар пшпі. Жалпы тур саны 9000 жететін ішекқуыстылардын көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда мекен-дейді. Еркін немесе бекініп өмір сүреді. Ішскқуыстылардың барлығының денесі екі кабаттан тұрып, дене ішінде қуыс болады. Ішек тәрізді қуысты каптайтын екі кабаттын сырткысы эктодерма, екінішкісі эндодерма қабаттары болып саналады. Эктодермада жасушалары:

• эпитедиальды жасушалар (жабын кызметі)

• бұлшык ет жасушалары (козғалыс кызметі)

• сезімтал жасушалар (тітіркендірушілерді кабылдап жүйке торына өткізеді)

• жүйке жасушалары (шашыраңқы түрде орналасып, жүйке торын түзеді;бұл алғаш осы топта байқалады)

• аралык жасушалары (регенерация кезінде басқа ұлпаларға бастама бола алады;)

• атпа жасушалары (көбінесе кармалауыштарда орналасады, ішінде улы талшығы болады; кызметі -корғаныс, корек аулау)

Энтодерма жасушалары;

• безді жасушалар (ас корту сөлін куыска бөліп шығарады)

• бұлшык ет жасушалары (қоректі козғалысқа кслтіреді)

Дене симметриялары көбінесе сәулелі болып келеді. Дене куысы қапшық тәрізді тұйык болып келетін бұл ағзалардың арткы тесігі болмайды, ал қорытылмаған қорек қалдығы аузы аркылы шығарылады. Ауыздын айналасында кармалауыштары орналасады. Жәндік қорегін екі тәсілмен: жасуша ішінде және жасушадан тысқары қорытылады.

Ішеккуыстыларда тыныс алу және зәр шығару мүшелері жок, олар диффузия аркылы жүзеге асады.

Бір затқа бекініп, отырыкшы қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар көпаяктылар (полипгер), ал теніз суында жүзіп жүретін ішеккуыстылар медузалар ден аталады. Медузалардын пішіні колшатырга немесе қоңырауға үжсас болып келеді. Ішекқуыстылар жеке де (гидра, медуза және гүлге ұқсас актиния), шоғырланып та (колониялы кызыл маржан) тіршілік етеді. Отырыкшы ішеккуыстылардын белгілі бір затқа бекінетін дене бөлігі - габаны төменгі жағында, ал кармалауыштар коршаған аузы жоғары жағында орналасады. Медузалардын денесінде табан бөлігі жок, ал аузы мен кармалауыштары төмен карай бағытталады да дененің үстіңгі жағы ашылған қолшатырға ұқсайды. Жыныссыз (бүршіктену) және жынысты жолмен көбейеді. Гидра тәріздестерде гаметалар эктодермада, табакшатәріздестерде және маржандарда гаметалар энтодермада түзіледі. Олардың үрыктануы дененін сыртында өтеді, өйткені көбею кезінде жыныс өнімдері суға шығарылады. Ішеккуыстылар дара жынысты. бірак гсрмофродиттер де кездеседі. Ішеккуыстылар типі 3 класка жіктеледі:

1) гидратэріздестер (гидроидтар)

2) табакшатэріздестер (сцифоидтар)

3) көпкармалауышты маржандар (полиптер).

2.1.1.Гидратәрізділер (гидроидтар) класы

Өкілдері - тұщы су гидрасы, обелия. Гидратәрі иілердің негізгі корегі - суда тіршілік ететін ұсак шаяншалар, судағы жәндіктердің дернәсілдері. Гидратэрізділер класында отырыкшы полиптер (гидра) де, еркін (обелиянын жынысты кебею кезеніндегі медузасы) жүзе алатын медуза түрлері де кездеседі. Бірак полип кезеңі тіршілік айналымында басымырақ болады. Обелияның тіршілік айналымы күрделі өтеді. Отырыкшы обелия (полип) жыныссыз көбейгенде бүршіктер түзеді. Бұл бүршіктер даракка айналғанмен ана денесінен бөлінбей шоғыр түзеді. Жынысты кебею кезеңінде арнайы бүршіктен медуза түзіледі. Медуза ана денесінен бөлініп, гаметалар түзеді. Ұрыктаиған жұмыртка жасушасынан планула дернәсілі дамиды. Плануланын денесі кірпікшелермен қапталған. Біраз уақыт суда еркін жузіп жүріп, су түбіне шөгіп, отырыкшы полип обелияға айналады.

Гаметалары эктодермада дамиды.

2.1.2. Табақшатәрізділер (сцифоидгар) класы

Өкілдсрі - айшыкты медуза, кұлакты медуза (аурелия), цианеа.

Тіршілік айналымында медуза кезеңі басымырақ.

Табақшатәрізділер (сциофоидтар) класына жататын ағзалардың құрылысы қалған екі класка қарағанда күрделірек. Өйткені жүйке жасушалары қолшатырдың жиегінле сақина тәрізді бірігіп түйінге ұксас үлпа түзеді жәнс бұлшық ет ұлпасы бар. Және де жарық сезгіш, иіс сезгіш мүшелері дамыған. Ас корту жүйесі ауыз, жұтқыншақ, карын жэие одан тармакталған өзекшелерден тұрады.

Медузалар ұсақ жәндіктерді қорек етеді. Сондықтан бұлар жыртқыш жәндіктер болып табылады. Медузалар қозғалған кезде, қолшатырдын жиегі жимрылады, ал пайда болған қуыстағы су сығылады да, қодшатырдын дөңес жағымен медузалар алға қарай жылжиды Гаметалар энтодермада дамиды.

Құлақты медуза тіршілік айналымында жыныссыз (полип кезеңі) және жынысты (медуза кезені) көбсю кезеңдерінен өтеді. Ол дара жынысты ағза. Аналық ағза жұмыртка жасушаларын, аталык ағза сперматозоидтарды түзеді. Ұрықтану сыртта жүреді. Ұрықтанған жұмыртқа жасушаларынан планула деп аталатын денесін кірпікшелер қаптаған дернәсілдер дамиды. Планула төсемікке бекінгеннен кейін полип кезеніне өтеді. Полип жыныссыз бүршіктену аркылы көбейе бастайды. Сөйтіп, бірнеше табакшадан тұратын бүрлемеге айналады. Кейін бүрлемеден табақша жеке бөлініп медузаға айналады.

Ен ірі ішеккуысты жәндік - цианеа капиллата (шатырыиыи диамстрі 4 метрге, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 метрге дейін созылады).

2.1.3. Көпкармалауышты маржандар (полиптер) класы

Өкілдсрі - қызыл маржан, теніз қауырсыны, актиния. Тек теңізде емір сүреді. Көпкармалауышты маржандар Дүниежүзілік мұхитта кең таралған.

Көпқармалауышты маржандар ұсак жәндіктерді корек етеді, сондықтан олар да жыртқыштар.

Гаметалары эндодермада дамиды.

Эктодерма жасушалары экті қанка түзеді. Олардын әктен түзілген қаңкаларынан тропиктік теңіздерде су астында пайда болатын жартас - риф жэне шенберлі жартас - атолл түзіледі. Бүлардың үш түрі бар: тосқауыл риф, жағалык риф, шснберлі риф немесе атолл. Рифтерде түзілген қалың әкті қаңка кемелердің жүзуіне кедергі келтіреді. Әк алуға көбінесе рифтегі көпкармалауышты маржан түзілген риф мұхит мақұлыктарынын сан алуан түрлерінің мекен етуіне кажетті, су айдынындағы ең енімді жожүйе болып пабылады.

Сурет 11. Обелиа гидрасыиың тіршілік айналымы.

Полиптік кезеңі жыныссыз көбеюге, ал медузалык кезеңі жынысты кебеюге қабілетті болады. Бұл екі кезен бірін-біріне ауысып отырады. Полип және медуза диплоидты организмдер болса, обелиа мен гаметалар гаплоидты.

1) Бүршіктену арқылы бір-бірімен байланысқан полиптер шоғыр (колоноия) тұзеді.

2) Шоғырдағы кейбір полиптер қорек аулауға бейімделген, олардың қармалауыштары болады. Кейбір полиптердің кармалауыштары жок, олар көбеюге бейімделген, олардың жыныссыз көбеюі нәтижесінде кішкентай медузалар пайда болады.

3) Медузалар жүзіп шығып, өсіп-өніп жынысты көбейеді.

4) Зиготасы кірпікшелі планула деп аталатын дернәсілге айналады,

5) Планула тұрақтанып жаңа полипке айналады.

2.2. Тікентерілілер типі

Тікентерілілер типіне кіретін ағзалардың түр саны 6000-ға жуык. Барлығы суда еркін немесе төсемікке бекініп тіршілік стеді. Көбісінің денелерінің кұрамында СаСОЗ-дан (әк) тұратын тіксндср бар. Екінші рсттілерге (соңғы ауыздылар) жатады. Дсрнэсілдеріне екіжакты, ересектеріне сәулелі симметрия тән.

Сутүтікшелі жүйе (кызметі: козғалу, тыныс алу, артык заттарды бөлу) тек тікентерілілерге ғана тән жүйе.

Жүйке жүйесі жұтқыншак маңындағы жүйке шенберінен түрады.

Сезім мүшслері өте қарапайым (жарык сезгіш көзшелер).

Қан айналым жүйесі: жүрегі жоқ, екі шенберленген түтіктерден тұрады. Біреуі ауыз айналасын, екіншісі аналь тесігін қоршап жатады.

Ас қорыту жүйесі: ауыздан басталып аналь тесігімсн аякталады.

Бұлшык еттері нашар дамыған.

Дара жыныстылары да косжыныстылары да кездеседі. Көбеюі: жынысты және жы-ныссыз (регенерация). Ұрыктануы сырттай.

Манызы: суды радиоактивті затгардан газартады, теніз жануарларының жемі, кей-біреулері тағамға пайдаланылады, калдық-тары кұрылыс материалы болып табылады.



2.2.1.Тенізжұлдыздар класы

1500-ден астам түрлері белгілі. Өкілі: теңізжұлдызы. Теңізжұлдызында 5 жакты радиальды симметрия байкалады. Ауыздары дененін астыңғы бөлігінде ортасында. Оған ішек жалғасып, дененің үстінгі бөлігінде орналаскан аналь тесігімен бітеді. Теңіз жұлдыздары – жырткыштар.



2.2.2.Тенізкірпілер класы

800-ге жуық түрі бар.

Өкілі: тенізкірпісі. Денесі шар тәрізді, ауыз, аналь тесігінін орналасуы тенізжұлдыздағыдай. Ауызында бес тісті жақсүйекті ерекше мүше бар.

2.2.3.Теңіқкиярлар класы

1100 түрі бар.

Өкілі: тенізқияры (голотурия). Дене пішіні кияр тәрізді созыңқы. Кармалауыштары бар аузы дененің алдынгы жагында орналасқан.

2.3.Жалпақ құрттар типі

Құрттарды зерттейтін зоология ғылымының саласын гельминтология деп атайды. Жалпак құрттар типінін жалпы түр саны 15 мыннан асады.

Тыныс алу және қанайналым жүйелері жоқ (диффузия аркылы жүзеге асады). Жаксы дамыған жүйелер: • Жүйке (қос жүйке түйіндері, екі жүйке бағаналарын көлденен жүйкелер байланыстырады)

• Қимыл


• Зәр шығару (алғаш осы типте кездеседі, протонефридиялардан қүралады)

• Ас қорыту (екі бөліктен тұрады; 1-жұтқыншық, 2-ортаңғы ішек; аналь тесігімен арткы ішек жоқ). Паразиттерде асқорыту жүйесі дамымаған

• Жыныс (гермофродиттер), даму кезеңде-рі өзгерістермен өтеді (метаморфоз). Жынысты жэне жыныссыз (регенерация) жолмен көбейеді.

2.3.1.Кірпікшелі күрттар класы

Өкілі: ақ сұлама (ақ планария)

Теңіз және тұщы суларда, ылғалды топыракта еркін өмір сұреді. Жырткыш. Дене пішіні жалпақ, жапырақтәрізді.

Құрылысындағы ерекшеліктер:

• Дене жабыны цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы эпителиймен қапталады. Эпителийдін жасушаларында кірпікшелер болады. Олардың көмегімен еркін жүзеді.

• Дене кимылының реттелуіне сыртқы қабаттағы сақиналы бұлшық ет, аралық қабаттағы киғаш бұлшық ет және ішкі кабаттағы бірынғай салалы бұлшық ет жасушаларынын қабаттары көмектеседі.

• Сезім мүшелері: кұрылысы әр түрлі карапайым көзшелер. Сипап сезу сезімталдығы арта түседі.

• Көбею кезінде жүмырткадан дамып підле түзеді.



2.3.2.Сорғыш кұрттар класы

Өкілі: бауырсорғыш

Ірі кара мал және адам бауырында паразиттік өмір сүреді. Дене пішіні жалпак жапырак тәрізді. Құрылысындағы ерекшеліктер:

• Екі сорғышы бар (ауызында жэне кұрсағынды)

• Кірпікшесіз эпителийдің сыртынан ты-ғыз, жасушалық емес түзіліс сірқабық каптайды. Сіркабык паразиттік тіршілігі-не байланысты қорғаныс қызметін аткарады.

Кірпікшелер тек кана дернәсілдерде бар.

• Сезім мүшелері жок.

• Тіршілік айналымы күрделі. Аралык иесі - тоспаүлу (дернәсіл), негізгі иесі - мал, үй хайуанаттары, кейде адам.



2.3.3.Таспа кургтар класы

Өкілі: сиыр цепені, доныз цепені. эхинококк.

Дене пішіні жалнак таспа тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15м-ге дейін жететін паразитгер. Ірі қара мал, адамда мекендеп түрлі ауруларға себеп болады.

Құрылысындағы ерекшеліктер:

• Дененің алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басында сорғыштар мен кейбірінде кармақшалары бар. Олар ішектің қабырғаларына бекіну үшін қажет.

• Мойнынан кейін бірқатар буындар тіркесіп жатады. Әр буында көптеген аталык бездер мен бір аналык безі бар.

• Денесін сырқабык қаптайды.

• Сезім мүшелері нашар ламыған.

• Ас корыту жуйесі дамымаған.

• Зәр шығару жүйесі дененін ең соңғы бунағындағы зәр шығару түтіктері арқылы сыртқа ашылады.

• Тіршілік айналымы күрдслі.

Аралык иесі - сиыр, негізгі иесі - адам.

Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпак кұрттар жануарлар мен өсімдіктер организмінде әр түрлі аурулар туғызып, халык шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен бірге таспа кұрттардың барлыгы - әр турлі жануарлар мен адам өміріне зиянын тигізіп, ішегінде емір сұретін паразиттер - эндопаразиттер болып табылады. Дененің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер жтопаразиттер деп аталады.

.Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Көп жасушалы жәндіктерге мысал келтір

  2. Таспа құрттар класына сипаттама бер

  3. Құрттар кламына сипаттама бер

  4. Тікентерілер типі туралы не білесің


Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет