Психология. Антропология.Гигиена. Валеология.
Жасушаның негізгі бөліктері:плазмалық мембрана, цитоплазма, ядро.
Адам үлпалары 4 түрге бөлінеді:
Эпителий үлпасы
Дәнекер улпасы
Бүлшық ет үлпасы
Мүшелер және мүшелер жүйесі. Адам (Ното sаріепs) барлық ағзалардың ішіндегі ең жоғары сатыдағы тіршілік иесі. Басқа тірі ағзаларға тэн барлық қасиеттер болғанымен, адам - әлеуметтік тұлға. Оған ғана тән сөз сөйлеу, ойлау және денесін тік ұстап жүру, табиғи заттарды өңдеп, өз қажетіне жарату, әр түрлі құралдарды жасау, саналы түрде күрделі еңбекпен айналысу сияқты ерекшеліктері бар.
Адам организмін зерттейтін ғылымдар:
Адам анатомиясы - адам организмінің құрылысы, атқаратын қызметі және дамуы туралы ғылым.
Адам физиологиясы - тірі ағза мен оның жеке жүйелері, ағзалары, ұлпалары (ткань) және жасушаларының эрекеттерін, қызметтерін зерттейтін биологиялық ғылым.
Психология - нақты тұлғаның жеке-дара қасиеті және психикалық процестердің жалпы заңдылықтары жөніндегі ғылым.
Антропология - адам нэсілінің пайда болуын, адам эволюциясын, шығу тегін зерттейтін ғылым.
Гигиена - денсаулық сактаудың шарттары жэне аурудың алдын алу шаралары. Ой және дене еңбегіне қабілеттілігі, әр түрлі климат жағдайына бейімделуі, дененің өсуі, дамуы, өмірдің ұзақтылығы, үрпақ жалғастыру, ауруға шалдықпау, денені шынықтыру, элеуметтік рухани үйлесімділікпен өмір сүруі жөніндегі ғьшым.
Валеология - салауатты өмір салтын сақтау жөніндегі ғылым.
Адам ағзасының құрылысы Ағзалар химиялық құрамы бойынша органикалық (нэруыз, май, көмірсулар және нуклеин қышқылы) жэне бейорганикалық (су, минералды тұздар) заттардан тұрады. Оған тән қасиеттер: қоршаған ортамен зат және энергия алмасады, көбейеді жэне дамиды. Ол сыртқы ортаның өзгерісіне жауап береді және өздігінен реттелетін жүйе болып табылады.
Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлігі. Адам организмі миллиардтаған жасушалар-дан түрады. Кез келген жасушаның негізгі бөліктері:
плазмалық мембрана, цитоплазма, ядро.
Жасуша плазмалық мембранамсн қор-шалады, ол жасушаны қорғайтын, заттарды жасуша ішіне таңдап өткізетін, жасушаны сыртқы ортамен байланыстыратын, май жэне нэруыз молекулаларынан қүралатын қабат.
Цитоплазма жасуша мембранасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Онда-өте үсақ құрылымдар - ор-ганоидтар (митохондриялар, рибосомалар, клетка орталығы жэне т.б.) бар. Олар жасу-шада белгілі бір қызмет атқарып, жасуша-ның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.
Ядро - жасушаньщ реттеуші орталығы. Жасушалардың аралары жасушааралық заттармен толтырылған. Ол не сұйық, не қатты болып келеді. Тірі жасушаның тіршілік қасиеттеріне зат алмасу, өсу, көбею, қозу, қозғалыс, биосинтез, тітіркену, ыдырау жатады. Осы негізде біртүтас организмнің қызметі іске асады.
Ұлпа - шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық затгар жиынтығы.
Адам үлпалары 4 түрге бөлінеді:
-
Эпителий үлпасы
-
Дәнекер улпасы
-
Бүлшық ет үлпасы
-
Жүйке үлпасы
Эпителий үлпасы жабын ретінде ағзаның сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелердің ішкі және сыртқы бетін қаптап жатады, көптеген бездерді түзеді.
Қызметі:
а) Қорғаныс
ә) Сіңіру
б) Бөліп шығару
в) Сыртқы жэне ішкі ортаны бөліп түру
Эпителий ұлпасының түрлері эпителий ұлпасы (кабат санына карай)
- бір қабатты (плевра, перикард)
- көп қабатты (терінің сыртқы қабаты)
Жасушалар пішінше қарай 6 топка бөлінеді:
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.
1.Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз) 2.Тоќаев З.Ќ. Гистология, эмбриология жєне цитология практикумы.-Семей, 3.Күзенбаева Ә. Адам анатомиясы. – Алматы, 2001 4.Стамбеков, С.Ж. Молекулалық биология :Оқулық -Новосибирск,2003 5.Мұхамбетжанов К. Генетика және селекция негіздері.-Алматы., 10.Сағатов К.С. Биологиялық химия.-Алматы.,1998
Тақырып 10. Эволюция
Эволюциялық ілімнің негіздері.
Бейімделушілік
Мақсаты: тіршіліктің тарихи дамуын, өзгеруін, өрлеуін және мұның себептерін, зандылықтарын және қозғаушы күштерін зерттейу.
Дәріс тезистері: Эволюция
Эволюциялық ілімнің негіздері
Эволюция идеяларының дамуы
Бейімделушілік
Бейімделушіліктің пайда болуы
Бейімделушіліктің түрлері
Микроэволюция.
Эволюция ілімі тіршіліктің тарихи дамуын, өзгеруін, өрлеуін және мұның себептерін, зандылықтарын және қозғаушы күштерін зерттейтін ғылым.
Эволюцияны микроэволюция және макроэволюция деп екіге бөледі. Микроэволюция дегеніміз жаңа түрлердің қалыптасуына әкелетін, популяциялық деңгейде жүріп жатқан эволюциялық үрдістер. Макроэволюция деп түрден жоғары таксондар деңгейінде жүріп жатқан эволюциялық үрдістерді айтамыз. Макроэволюция туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілуімен нәтижеленеді.
Бейімделушілік - ағзаның нақтылы орта жағдайларына тіршілік етіп ұрпақ қалдыруын қамтамассыз ететін арнайы қасиеттерін пайда болуы. Әр бейімделушілік тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізінде тіршілік үшін күрес пен сұрыпталу барысында пайда болады.
Ағзалардың сыртқы орта жағдайына бейімделушілігі абсолютті емес, ейткені сырткы орта жағдайлары өзгеруі мүмкін. Ал бір жағдайда тиімді болған белгі, өзгерген жаңа сыртқы орта жағдайлары үшін тиімсіз болуы мүмкін. Мұған көптеген дәлелдер келтіруге болады. Мысалы, балықтар су ортамында тіршілік ету үшін тамаша бейімделген, бірақ бұл бейімделушіліктер басқа тіршілік орталарыда мүлдем керексіз.
Бейімделушіліктің түрлері
Бүркеніш рең. Бұл бейімделушілікте ағзалардың реңі тіршілік ететін жеріне ұксас болып, жауларына немесе қорек үшін аулайтын аңдарға байқалмайды. Мысалы, қиыр солтүстіктегі жануарлардың көбінің реңі ақ болып келеді. Ал орманда тіршілік ететін жануарлар жолақты, өйткені мұндай жерлерде жарықпен көлеңке аралас болады. Мысалы, жолбарыс, жылан т.б.
Жасырушы рең - жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналасындағы заттарға сәйкес келуі. Мысалы, ағаш діңінде тіршілік ететін қоңыздар, өрмекшілер, көбелектер қыналарға өте ұқсас болғандыктан байқалмайды.
Сақтандырушы рең - жануарлардың улы немесе шағатындарының көзге түсетін ашық реңді болуы. Мысалы, улы жыландар, аралардың қанында улы немесе жағымсыз иісті заттар болғандықтан жаулары жемейді, ал реңі мұны ескертіп тұрады.
Қорғаныш рең немесе мимикрия -кауіпсіз жәндіктердің реңі, пішіні, мінез-қылығы жағынан қауіпті, улы жануарларға ұксас болуы. Сол арқылы бұл жануарлар жауынан корғанады. Мысалға кейбір шыбындардын (шағатын сона) араға ұқсауы.
Микроэволюция
Түр және популяция
Түр дегеніміз - ортақ генофондқа ие, морфофизиологиялық ерекшеліктері ұқсас, бір-бірімен еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін, белгілі бір ареалда (орында, кеңістікте) тіршілік ететін даралар жиынтығы.
Түр критерийлері.
Түрлер бір - бірінен белгілер жиынтығы бойынша ажыратылады, бүл белгілер жиынтығы түр критерийі деп аталады.
1.Морфологиялыц критерий бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығы.
2. Генетикалық критерий әр түрдің өзіне тэн хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері болады. Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды.
З.Физиологиялық критерий - тіршілік процестерінің және көбею мүмкіндіктерінің ұқсастығы.
4.Биохимиялық критерий бойынша түрлердің алуан түрлі болуы ақуыздың құрылысы мен кұрамының түрліше болуына байланысты.
5.Географиялық критерий түрдің тіршілік ету кеңістігін анықтайды.
6.Экологиялық критерий әр түрдің тіршілік ететін ортадағы барлық факторлердің жиынтығын анықтайды.
7.Этологиялық критерий ағзалардың мінез-құлқының айырмашылығын айқыңдайды.
Түр тек бір критерия бойынша емес, барлық критериялардың жиынтығы бойынша анықталады.
Бір түрге жататын даралар топтарға бірігіп популяциялар түзеді. Популяиия -генетикалық шығу тегі бір, белгілі ортада ұзақ уақыт тіршілін тұрақты жалғастырып келе жатқан, еркін есіп-көбеюге қабілетті бір түрге жататын даралар жиынтығы. Популяцияның бірлігін анықтайтын фактор - бір-бірімен еркін шағылыса алуы. Бір популяциядағы бір жынысқа жататын әр дара қарсы жынысқа жататын кез-келген дарамен жұп кұру мүмкіндігі бірдей болады. Бір популяциядағы даралардың өзара еркін шағылысу жиілігі, басқа популяцияларға жататын даралардың шағыласу жиілігінен жоғары болады.
Популяция эволюцияның бірлігі болып саналады. Эволюцияға ұшырайтын бөлек даралар емес, популяцияға біріккен даралар тобы. Эволюция үрдісі аллельдердің және генотиптердің жиілігінің өзгеруінің нәтижесі болып табылады.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: Түр критерийлері.
Ағзалардың сыртқы орта жағдайына бейімделуі.
Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |