1.Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз) 2.Тоќаев З.Ќ. Гистология, эмбриология жєне цитология практикумы.-Семей, 3.Күзенбаева Ә. Адам анатомиясы. – Алматы, 2001 4.Стамбеков, С.Ж. Молекулалық биология :Оқулық -Новосибирск,2003 5.Мұхамбетжанов К. Генетика және селекция негіздері.-Алматы., 12.Қасымова Ж.С. Топырақтану: теориялық және практикалық курсы: оқу-әдістемелік құралы.-Семей.,2010
Тақырып 11. Ботаника пәні,оның негізгі салалары.
2.Өсімдіктерді классификациялау (жіктеу)негіздері.
Мақсаты: Жасуша мен жасуша емес құрылымдардың жалпы құрылысын зерттеу.
Дәріс тезистері: Ботаника пәні,оның негізгі салалары.
Өсімдіктердің тіршілік формалары.
Өсімдіктердің экологиялық топтары.
Өсімдіктерді классификациялау (жіктеу)негіздері.
Өсімдіктердің негізгі топтары және маңызы. Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан.
Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастығын жан-жақты зерттеу жатады.
Ботаниканың жаңа салалары бойынша эксперименттік зертеулерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында әртүрлі жаңа тәсілдерді және техниканың мүкіндіктерін пайдаланды.
Ботаника жалпы биология ғылымының негнізгі бөлімі болып табылады. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдік жабынының құрлысының тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.
Өсімдіктер морфологиясы - ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекелеген органдарының пайда болып қалыптасуының және әртүлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттін ғылым.
Флорография. Бұл ғылымның міндеттеріне түрлерді танып және сипаттап жазу, басқаша айтқанда олардың белгілерін (диагнозын) құрастыру жатады.
Систематика - түрлердің алуан түрлілігін және осы алуан түрліліктің себептерін зерттейтін ғылым.
Өсімдіктердің географиясы (фитогеография) - ботаниканың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктердің және олардың құрлықтағы және судағы қауымдастықтарының (ценоздарының) таралуы мен белгілі бір кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты (климатқа, топыраққа, рельефке және т.б.), бірақта өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады.
Палеоботаника - бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым
Өсімдіктердің экологиялық топтары. Өсімдіктердің өмір сүру формалары.
Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз - формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант). Дәлірек айтқанда тірішілік форма дегеніміз - өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекеленегн өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді.
Тірішілік формалары туралы білім морфологияның үлкен бөлімін құрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде "Өсімдіктердің экологиялық географиясының" негізін салған Е. Вармингтің (1894ж.) жұмыстарында кездеседі.
1903 жылы Дания ғалымы К. Раукиер, сол кездегі белгілі ғылыми мәліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасына классификация жасады. К. Раукиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне негізделген.
Фанерофиттер (РҺ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады;
хамефиттер (СҺ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады);
гемикриптофиттер (Н) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршщіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып тұрады;
криптофиттер (К) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астында орналасады;
терофиттер (Т) - біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді.
Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады.Оның физиологиялық аспекті - өсімдіктің жылдың тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері.
Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызы роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынандай топтарға бөледі: ксерофиттер, мезофиттер, гидрофиттер, гигрофиттер.
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Гидрофитер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп өседі.
Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдылығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.
9.Фазылов С. Экология: Лекциялық курс.-Павлодар,2005 10.Сағатов К.С. Биологиялық химия.-Алматы.,1998 11.Әметов Ә.Ә. Ботаника.- Алматы,2000 12.Қасымова Ж.С. Топырақтану: теориялық және практикалық курсы: оқу-әдістемелік құралы.-Семей.,2010
Тақырып 12. Жануарлар патшалығы. Қарапайымдылар.
2.Жануарлар патшалығы. Омыртқалы жануарлар
Мақсаты:
Дәріс тезистері: Жануарлар патшалығы. Қарапайымдылар.Саркодиналар типі
Талшықтылар типі
Кірпікшелілер типі.Споралылар
Қарапайымдылар - денесі бір жасушадан ғана тұратын, көпшілігі микроскоп аркылы ғана көрінетін ағзалар. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сырткы әсерлерге жауап беру сиякты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады. Жасуша пішіні әр түрлі, түрақты (кірпікшелі кебісше) немесе тұраксыз (амеба) болады. Қозғалыс мүшелері -жалған аяктары, талшықтары немесе кірпікшелері болады. Қарапайымдардын қоректену тәсілі автотрофты (фотосинтез) және гетеротрофты (фагоцитоз, пиноцитоз) болады.
Көбеюі: қарапайымдыларда жыныссыз (ядросының бвлінуі - митоз, одан кейін ұзынынан немесе келденец цитокинез) және жынысты: конъюгация (инфузория), копуляция (талшыктылар). '»
Ортанын қолайсыз жағдайында циста (тығыз кабык) түзіледі. Кейбір жағдайда циста таралу қызметін атқарады. Еркін және паразитгік тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Қарапайымдардың 70000-ға таяутүрі бар деп есептеледі. Табиғатта топырақ, бор түзуге қатысады, адамдар мен жануарларда әр түрлі аурулар (малярия, лишманиоз) коздыруы мүмін. 70000-ға таяу түрі бірнеше типке біріктірілген.
Қарапайымдылардың негізгі типтеріне сипаттама
І.І.Саркодиналар типінге жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда еркін түрде, ал кейбір түрлері паразиттер ретінде тіршілік стеді.- Олардын денесі бір ғана жасушадан тұрады. Саркодиналарла Қабықша (пелликула) бодмайды. сондықтан олардың денесінде түракты пішін жок. Жасуша ішіндегі цитоплазманың тынымсыз қозғалысы әсерінен пазмалемма бірде созылып, бірде кайтадан калпына келетіндіктен жасуша пішіні дамылсыз өзгеріп, тамыр тәрізді жалған аяк түзеді. Сондықтан саркодипалар типін кейде тамыраяктылар типі деп те атайды Бір жасунгалы карапайым жәндік қозғалуға және корегін аулауға осы жалған аяқтарын пайдаланады.
Осы типтің накты өкілі - кәдімгі амеба. Амебалар әр түрлі бактериялар, қарапайымдылар және біржасушалы балдырлармен қоректенеді. Демск олар гетерогрофтарға жатады. Амебаның цитоплазмасында ас қорыту сөлі түзіліп, қоректін түйірі орналасқан жерде ас корту вакуолі пайда болады. Вакуольдің ішіндегі ас корыту сөлдері қоректі ыдыратады. Қортылған ас денеге сінеді де, оның қорытылмай қалған бөлігі дененің кез келген жерінен сыртка шығарыладьп. Сол кезде ас қорыту вакуолі де жойылып кетеді, Олар суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сініру аркылы тыныс аладь. Зиянды заттар ерітіпдісін цитоплачмадағы жиырылғыш вакуоль арқылы сыртқа шьнарады .Көпшілігі жыиыссыз денесінін екіге бөлінуі аркылы кобсйеді.
Ен біріншә ядро, одан келіп цитоплазма бөлінеді (митоз). Тітіркендіргіштік касиеті бар. Ортанын колайсыз жағдайында циста түзеді. Кебір түрлерінде жасушасынын сырты әкті канкамен капталған (сәулелі өрмекаяқ. қошкармүйіз копірме).
Канқалары немссе бакалшактары әктентүзілген саркодиналардың қалдықтарынан топырак әктенеді, мұндай қалдықтар тау жынысын түзуге қатысады. Паразитті түрлері адамда және жануарда ішек ауруларын қоздырады. Мысалы дизентерияяяң амеба адамнын тоқ ішегіде дизентерия (кантышкак) ауруын тудырады.
1.2.Талшықтылар типі. Денссінде бір немесе бірнеше талшықтары болады. Талшыкты жәндіктер тенізде, тұщы суларда, сұйык ортада тіршілік етеді. Бұлардың паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Мысалы, трипаносома қанда, жұлын сұйыгында, лямблия ашы ішекте, өт жолдарында, адам және жануарлар жасушаларында паразиттік түрде тіршілік етіп, ауру туғызады.
Талшықты жәндіктердің денесі көпшілігінде едәуір тығыз пелликуламен (майыекак, кабыкша) капталғандыктан, дене пішіні тұракты болады. Олар денесінің алдыңғы жағындағы бір, екі немесе бірнеше талшықтарының көмегімен қозғалады. Бұлардың тіршілік әрексті саркодиналарға өте ұксас.Зәр шығарушы вакуольдері бар. Нағыз жәндік емес талшықтылар да бар, мысалы, жасыл эвглена өсімдіктер тәрізді хлороилаттары арқылы автотрофты жолмен коректеніп, ал жарық болмаған кезле жануарлар тәрізді гетеротрофты жолмен коректенеді. Талшыкты ағзалардыи басым бөлігі жыныссыз жолмен көбейеділ Жынысты жолмен тек шоғырлы (колониялы) талшық-тылар (вольвокстар) ғана көбейе алады. Вольвокстар да өсімдік тектес автотрофты талшыкты организмдер. Теңізде тіршілік ететін талшыктылардың кейбір турлері (түншырак) денесінен жарық бөліп, теңізді түнге карай кұлпыртса, кейбір түрлері тұщы судағы органикалық қалдыктарды қорек етіп (бодо), суды тазартуға үлес косады. Паразиттік жолмеи тіршілік ететін трипаносома тропиктік елдерде адамда ұйқы ауруын жылқы, түйе, піл және итте су ауруды, сиырда нагана, жылкыда қараталак ауруларын тудырады. Ал лейишмания тері ауруы - лсйшманиозды тудырады. Сөйтіп, олар адамға және үй хайуанаттарына үлкен кауіп төндіреді. Талшыктылардың топыракта тіршілік ететін түрлері азот түзетін бактериялармен
коректенетіндіктен, топыракта азот мөлшерінің кемуіне жағдай жасайды. Суда еркін жүзетін талшыктылар табиғаттағы заттар айналымында манызды рөл агкарады.
І.З.Кірпікшеіиер типі. Кірпікшелілер -бір жасушалы жәндіктер, деиесінде өте көп кірпікшелері болалы. Кірпікшелер жәндіктін қозғалыс қызметін атқарады. Кірпікшелі жәндіктердін ле дене пішіні тұракты, өйткені оларлын денесі пелликуламен капталған. Қарапайым жәндіктердің көпшілігінің денесін қаптайтын иілгіш жұқа қорғаныш қабатты пелликула деп атайды. Баска бір жасушалы организмдерге қарағанда кірпікшелі жәндіктердін дене кұрылысы едэуір күрделі: цитоплазмасында екі ядро болады, олардын үлкені қоректену, тыныс алу, қозгалу және зат алмасу қызметін аткарады, ал кіші ядро жәндіктің жыныстық жолмен көбейіп, ұрпак қатдыруына қатысады. Қорытылмаған заттар кылаулатқыш аркылы сыртқа шығарылады. Кірпікшелілер жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбею кезінде кірпікшелі жәндік көлденен екіге бөлінеді. Ал жынысты жолмен көбейген кезде екі кірпікшелі жәнлік біріне-бірі жанасу аркылы косылып ядроларыналмастырады да екі дарақ қайтадан ажырайды. Бұл үдеріс коньюгация деп аталады. Жанасу арқылы жынысты көбею – бір жасушалы организімдердің басқа түрлерінде кездеспейтін қасиет.
Бұлардың қарапайым өкілі - кірпікшелі кебісше (ифузория туфелька).Кірпікшелілер тұщы тенізде, топырақта мекендейді. Олардың топыракта мекендейтін кейбір түрлері паразиттік жолмен тіршілік етеді. Кірпікшелілердін негізгі қорегі бактериялар, балдырлар, сан алуан организмдердің калдыктары. Ұсақ организмдермен қоректенетін де түрлері кездеседі. Кейбір кірпікшелі жәндіктер адамның ішегінде, баканын тік ішегінде, күйіс қайыратын сүтқоректілердің карнында, паразит ретінде тіршілік етеді.
1.4.Споралылар типіне жататын жәндіктердің құрылысы қарапайымдырақ. Олар қозғалмайды, өйткені арнайы қозғалу органоиды жок- Ас қорту және зәр шығару вакуольдері жок. Асты бүкіл денесімен сініреді, бұл олардын паразиттік жолмен коректенуіне байланысты. Тіршілік айналымы күрделі: жыныссыз және жынысты кобею кезендері алмасып тұрады. Тіршілік айналымынын сонгы кезенінде спора түзіледі.
Өкілдсрі кантүрғын, қүртамыш сиякты ауру тудыратын паразиттер. Құртамыш кокцидоз ауруын қоздырса, кантұрғын адамда безгек ауруын тудырады. Қантұрғын адамнын кызыл кан түйіршіктерін закымдайды. Безгек ауруын таратушы безгек масасы болып табылады.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |