1.Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз) 2.Тоќаев З.Ќ. Гистология, эмбриология жєне цитология практикумы.-Семей, 3.Күзенбаева Ә. Адам анатомиясы. – Алматы, 2001 4.Стамбеков, С.Ж. Молекулалық биология :Оқулық -Новосибирск,2003 5.Мұхамбетжанов К. Генетика және селекция негіздері.-Алматы.,
Тақырып 2. . Тіршілік деңгейлері.
Тіршілік деңгейлері
Молекулалық деңгей. Организмдік деңгей. Табиғатта Популяциялық-түрлік деңгей.
Мақсаты: Жасуша мен жасуша емес құрылымдардың жалпы құрылысын зерттеу.
Дәріс тезистері: Тіршілік деңгейлері
1. Молекулалық деңгей. Бұл тіршілікке тән ең қарапайым деңгей. Барлық тірі ағзалар, олардың қарапайымдылығы немесе күрделілігіне қарамастан біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Бұған мысал ретінде нуклеин қышқылдары, белоктар, көмірсулар жэне т.б. органиқалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалык қосылыстарын келтіруге болады. Тірі организм денесіндегі барлық зат және энергияның алмасуы, тұқым қуалау, құрылымдық түзулу процестері осы молекулалық деңгейде жүзеге асады.
2. Клеткалық деңгей. Барлық тірі ағзалардың қүрылымдық және қызметтік бірлігі клетка болып табылады.
3. Ұлпалық деңгей. Шығу тегі, қүрылысы және атқаратын қызметі біркелкі клеткалар мен клеткааралық заттар ұлпа түзеді.
4. Мүшелік деңгей. Ағзада атқаратын қызметі мен құрылысы бір біріне жақын ұлпалар мүшелерді, ал мүшелер жиынтығы мүшелер жүйесін құрайды.
5. Организмдік деңгей. Табиғатта бір клеткалы жэне көп клеткалы организмдер орын алады. Бір клеткалы организмдерде барлық тіршілік процестері сол клетка ішінде жүреді, ал көп клеткалы организмдерде барлық мүшелер жүйесі үйлесімді қызмет атқара отырып түтас бір организмді құрайды.
6. Популяциялъщ-түрлік деңгей. Бүл деңгейде қарапайым құрылым популяция болып табылады, ол тіршілік ететін ареалдары бойнша бір түрге жататын дарабастардың бір-бірінен оқшауланған топтары.
7. Биогеоценоздық деңгей. Зат және энергия алмасу процестері негізінде тірі организмдер және елі табиғатты біріктіретін жүйе биогеоценоз деп аталады. Биогеоценозға өзін-өзі реттеу қасиеті тән жэне оның тұрақтылығы биосфераның тұрақтылығына байланысты.
8. Биосфералык деңгей. Жер бетіндегі тіршілік белгілерінің алуан түрлілігіне қарамастан олар өзара заттар мен энергияның айналымы арқылы өте тығыз байланысты.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары: Тіршілік деңгейлері
Молекулалық деңгей. Организмдік деңгей. Табиғатта Популяциялық-түрлік деңгей. Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.
1.Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз) 2.Тоќаев З.Ќ. Гистология, эмбриология жєне цитология практикумы.-Семей, 9.Фазылов С. Экология: Лекциялық курс.-Павлодар,2005 10.Сағатов К.С. Биологиялық химия.-Алматы.,1998 11.Әметов Ә.Ә. Ботаника.- Алматы,2000 12.Қасымова Ж.С. Топырақтану: теориялық және практикалық курсы: оқу-әдістемелік құралы.-Семей.,2010
Тақырып 3. Биосфераның пайда болуы
Биосфера және адамзат: Биосфераның негізгі үш қабаты.
Атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
Тропосфера
Гидросфера
Литосфера
Мақсаты: Биосфера және адамзат арақатынысын зерттеп танысу.
Дәріс тезистері:
Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.
Биосфера— тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфераның негізгі үш қабаты.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
Тропосфера
Гидросфера
Литосфера
Ноосфера
Биосфераның пайда болуы
Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын аықтады. Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі организмнің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді.
Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.
Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті.
Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.
Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.
Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.
Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.
Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар,жалаңаш тұқымдылар – гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті.
Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуіоінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды.
Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.
Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер.
Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.
Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен жер қыртысының даму процесі біркелкі емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды.
Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар, молюскалар немесе шіріген заттардан пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны болмайтынын дәлелдеп шықты.
Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |