Жұмыс бағдарламасы «Биологияға кіріспе»


Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз)



бет6/13
Дата09.06.2016
өлшемі460.5 Kb.
#124293
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.Правдин Ф.Н. Дарвинизм. - А., 1973 (каз.яз)

2.Тоќаев З.Ќ. Гистология, эмбриология жєне цитология практикумы.-Семей,

3.Күзенбаева Ә. Адам анатомиясы. – Алматы, 2001

4.Стамбеков, С.Ж. Молекулалық биология :Оқулық -Новосибирск,2003

5.Мұхамбетжанов К. Генетика және селекция негіздері.-Алматы.,


Тақырып 7. Тіріағзалар көбеюі мен олардын

жеке дамуы.

Жасушалардың бөлінуі.

Тыныштық кезеңінде(СО)

Митоздық цикл.

Организмнің көбеюі

Жыныс жасушалары

Мақсаты:

Дәріс тезистері: Жасушалардың бөлінуі.

Тыныштық кезеңінде(СО)

Митоздық цикллің төрт кезеңі:

1)Кариокинез - ядроның бөлінуі

2)Цитокинез - цитоплазманың бөлінуі

3)Интерфаза - бөлінуге дайындық кезеңі

4)Митоздық бөліну

Интерфаза.

Жасуша бөлінуінің үш жолы:

1.амитозды немесе тікелей бөліну

2.митоз немесе күрделі бөліну (сомалықнемесе дене клеткалары)

3.мейоз немесе редукциялык бөліну(жыныстық жасушалары)

Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы. Жасушалардың бөлінуі

Жасушалардың бөлінуі - барлық тірі ағзалар көбеюі мен дамуынын негізінде жатқат биологиялық процесс. Бөлінудің алдында хромосомада өзгерістер болады және ДНҚ редупликациясы жүреді. Бұл құбылыс прокариоттық және эукариоттық жасушаларға тән қасиет.

Жалпы жасушаның пайда болғанынан бастап келесі жасушаға бастама бергеніне немесе өлгеніне дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атайды. Әр жасушаның емір сүру ұзақтығы атқаратын қызметіне, қоршаған ортасына байланысты әртүрлі болады. Жасушалық цикл тыныштық кезеңі мен митоздық циклға бөлінеді.

Тыныштық кезеңінде(СО)

Митоздық цикл төрт кезеңнен тұрады:

1)Кариокинез - ядроның бөлінуі

2)Цитокинез - цитоплазманың бөлінуі

3)Интерфаза - бөлінуге дайындық кезеңі

4)Митоздық бөліну (М)

Интерфазаның өзі үш кезеңнен тұрады:

1.синтез алдындағы кезең (G1)

2.синтез (S)

3.синтезден кейінгі кезең(G2).

1.( G1). Бүл кезеңде жасушаның бөлінуіне қажетті әр түрлі заттар: нуклеотидтер, аминқышқылдар, ферменттер, АТФ молекуласы және т.б. заттар күшті қарқынмен жинақтадады.

2.( S). Бұл кезеңде ДНҚ молекуласы синтезделіп, олардың саны екі есе артады. Синтез кезеңінде ДНҚ-дан басқа РНҚ және нэруыз молекулалары көп мөлшерде синтезделеді. Хромосомалар екі еселеніп, әрқайсысы екі бөліктен түрады, оларды хроматидтер деп атайды.

3.( G2). Бұл кезеңде ДНҚ-ның мөлшері өзгермейді. Алайда РНҚ мен белоктың синтезделуі жалғаса береді. Энергия жинақталады, ол энергия митоз процесіне жұмсалады. Қорыта айтқанда, интерфазада митоз процесіне қажетті заттар синтезделеді, сондықтан интерфазаны дайындық кезеңі дейді. Сонымен интерфазада тұқым қуалаушылықпен тығыз байланыстымынадай процестер іске асады:

а)генетикалык материал өздігінен екіеселенеді

е)екі еселенуге байланысты жаңа пайдаболған ДНҚ молекуласы ескі ДНҚмолекуласының көшірмесіне айналады.

Жасуша бөлінуінің үш жолы бар:



1.амитозды немесе тікелей бөліну

2.митоз немесе күрделі бөліну (сомалықнемесе дене клеткалары)

3.мейоз немесе редукциялык бөліну(жыныстық жасушалары)

Амитоз.

Клетка бөлінуінің бүл типі кезінде хромосомаларда құрылымдық өзгерістер байқалмайды. Амитоз процесінде ахроматин жіпшелері пайда болмай-ақ ядро бірден екіге белінеді. Кейбір жағдайда бір ядродан бірнеше ядролар пайда болады. Амитоз арнайы және патологиялық ұлпаларда кездеседі. Мысалы картоптың крахмал түзетін клеткаларында, қарапайымдарда, регенерацияланып жатқан бұлшық ет клеткаларында және т.б. болады.



Митоз

Митоз - жаңа ұрпақ жасушплары арасында генетикалық материалдар тең мөлшерде бөлінетін жасушаның бөліну әдісі. Митоз нәтижесінде екі жаңа ұрпақ жасушаларында диплоидты хромосомалар жиынтығы болады.



І.Профаза кезінде интерфазада екі еселенген жіңішке жіпшелер пішініне келіп, бірте-бірте тығыздалып жуандайды да, хромосома пайда болады. Профазаның орта шенінде эрбір хромосома екі жіпшеден - хроматидтен тұрады. Екі еселенген хромосомаларының шоғырлануына байланысты ядролық жойылады. Цитоплазмадағы түйіршікті эндоплазмалық тордың ыдырауына байланысты нэруыз синтезі әлсірейді. Центриольдар екі еселеніп, полюстерге қарай тартыла бастайды. Соңынан екі полюстегі центриольдар аралығында жіңішке ұршық жіпшелері түзіледі.

2.Прометафаза. Бұл фазада ядро қабығы ериді. Осыған байланысты кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді де, екі еселенген хроматид (жас хромосомалар) ретсіз таралады. Осыдан кейін хромосомалардың клетка экваторына қарай қозғалу процесі басталады. Бұл метафаза басталғанының белгісі.

3.Метафаза. Метафазаның бас кезінде хромосома қабығы байқалады. Ол қабық-ша профазаның соңында ыдыраған ядролық заттарынан түзіледі деген ғылыми деректер бар, Хромосоманың қабығы прометафазада пайда болып, телофазаға дейін сақталады. Метафазаның ортасында хромосомалардың барлығы экваторға жинақталып, хромосомалардың әрқайсысы центромераларымен ахроматин жіпшелеріне жабысады. Осыдан кейін ахроматин жіпшесіне бекінген хроматидтер клетканың екі жақ полюсіне жылжиды (мұнда негізгі рөлді жіпшелер атқарады). Бұл процесс анафаза басталғанының белгісі.

4.Анафаза. Анафазада ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Осыған байланысты хромосомалар клетканың екі жақ полюсіне тез жылжиды. Ахроматин жіпшелері қысқарады, осылардың барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Анафазаның соңында хромосомалар біртіндеп ұзарады және жіңішкереді. Бұл телофазаның бастамасы.

5.Телофаза. Телофазада профазаға қарама-қарсы процестер жүреді. Телофазаның басында хромосомалар полюстерге жетіп, олардың жылжуы тоқталады. Профазанын бас кезіндегі сияқты хромосомалар дұрыс пішінін жоғалтып, ұзын жіпшелерге айналады да, шумақталады. Ядро қабығы түзіліп. ядрошықтар қалпына келеді. Ядролықтың маңайында РНҚ жэне нәруыздардын мөлшері көбейеді. Ең соңында цитоплазма бөлініп, екі жас клетка пайда болады. Оны цитокинез деп атайды. Демек. хромосомалар екі жас клеткаға тен белінеді. Телофазаның соңында әр клетканың заттары толық қалыптасып, интерфаза сатысына көшеді.

Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы:

І.Митоздық бөліну - өсу процесінің маңызды кезеңі.

2.Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпараттың көшірмесі болып табылады.

3.Бөлінгеннен кейінгі жас жасушалардағы хромосомалардың саны аналықжасушалардағы хромосомалар санына сәйкес келеді.

4.Егер митоз процесі зақымдалса, хромосомалар санында ауытқулар болады, яғни хромосома саны артады немесе кемиді. Ол клетканы үлкен өзгеріске ұшыратады. Мұндай жағдайда клетка тіршілігін жояды немесе мутацияланады.

Мейоз

Мейоз - хромосомалар жиынтығының екі есе азаюымен аяқталатын жасушанын бөліну процесі. Мейоз нәтижесіқде гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады.

Мейоз процесі үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мейоздың бірінші бөлінуі (реакциялы бөліну), екінші кезең эквационды бөліну деп аталады. Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды. Мейоздың екінші бөлінуі жыныс клеткаларының пайда болуымен аяқталады.

Редукциялы бөліну митоз сияқты төрт фазадан тұрады: профаза-І, метафаза-І, анафаза-І, телофаза-І. Редукциялы бөлінудің профазасы өте күрделі. Ол бірін-бірі толықтыра жүретін бірнеше сатыдан тұрады


Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Әдебиет:

Негізгі әдебиеттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет