Жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»



жүктеу 1.82 Mb.
бет8/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.82 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Сонда, үлкен диаметр бойынша шнек арнасы бұрышының тангенсі:


tg б = h/(2··rа) либо h = (2··rа)·(tg б)

Осындай ретпен шнек білігінің диаметрі бойынша тұрғызуға болады. Нәтижесінде катетті тікбұрышты үшбұрыш (кіші) алынады:



  • h - шнек қадамы, м;

  • ·d = 2··r - шнектің ішкі диаметрі бойынша арна ұзындығы немесе радиусы, м.

2. Даналы жүктерді тасымалдауға арналған шнекті конвейерлердің өнімділігі:

Мдана = 3600 /L0 = 60 h·n/L0, дана/сағ

мұнда  - тасымалдау жыладмдығы, м/с;

h - шнектің қадамы, м;

L0 - жүктер арасындағы қашықтық, м;

n - минутына айналыс саны.

Дегенмен, бұл формуланы келесі параметрлермен толықтыру қажет:

Мдана = 3600 ··z /L0 = 60 h·n··z /L0 , дана/сағ

мұнда  - конвейердің максималды өнімділігін пайдалану коэффициенті;

z - әрбір жүріс механизміне ілінетін жүктер саны.

3. Бұранда немесе шнек өсі бойымен жүкті тасымалдау кезінде туындайтын Р қосынды кедергісі, Н. Ньютон заңына сәйкес:

Р = k·L(q + qо)·g/LО, Н

мұнда k - тартылыс коэффициенті;

L - шнектің жалпы ұзындығы, м;

L0 - жүк тасымалдайтын жүріс механизмдері арасындағы қашықтық, м;

q, qо - сәйкесінше жүріс механизміне түсетін жүктің массасы және жүріс механизмінің массасы (троллей), кг.



4. Даналы жүктерді тасымалдауға арналған шнекті конвейер қозғалтқышының N қуаты:

N  P··а/1000·, кВт


Дәріс 14. Ет өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтардағы қалақшалы жұмысшы органдар

  1. Қалақшалы жұмысшы органдар

  2. Қалақшалы жұмысшы органдардың есептері

Қалақшалы жұмысшы органдар өндірістерде кеңінен қолданыс тапқан. Олар келесі мақсаттарға қолданылады:

  • пластикалық-тұтқыр денелерді тасымалдау (мысалы, ет турамасы, ерітілген май және т.б.);

  • бір мезгілде тасымалдау және араластыру (мысалы, вакуум-горизонталь қазандықтарда майды еріту және одан шыжықты түсіру кезінде);

  • әртүрлі үйілмелі, сусымалы, пластикалық-тұтқыр және т.б. өнімдерді араластыру;

  • әртүрлі компоненттерді араластыру;

  • өнімді белгілі консистенцияға жеткізу және т.б.

Оларды тек тасымалдауға қолданған кезде қосалқы рөл атқарады, мысалы:

  • шыжықты көлбеу қалақшалы білік көмегімен шнекті престердің қоректендіргіші тұтқалы табаға тасымалдау.

Басқа жағдайларда, яғни араластыру кезінде араластырғыштың негізін құрайды.

Қалақшалы жұмысшы органдар орындалуы бойынша төмендегідей жіктеледі:

а) қалақшалары көлбеу немесе қиғаш орналасқан (білік өсіне бұрышпен) біліктер;

б) эксцентрикті-қалақшалы жұмысшы органдар;

в) қалақшалары стакандармен жабылған.

Бұлардың біріншісі шнекті престердің қоректендіргіш-тұтқалы табағында, сонымен қатар араластырғыштарда қолданылады.

Бұл механизмдер төмендегілерден тұрады:


  • цилиндрлі немесе жаймалы науа;

  • науаның бір шетінде тиеу шанағы, ал екінші шетінде тасымалданатын өнімді түсіруге арналған түтікше орнатылған;

  • науаның ішінде бастапқы үлескесінде шнектің екі орамы бар білік орналасқан, одан әрі қалақшаның білік өсіне қиғаш бұрышпен:

а) басынан жоғарыға дейін түзу;

б) жоғарыға қарай кеңейеді немесе тарылады.

Бұл механизмдердің артықшылығы - шнектер мен бұрандаларға қарағанда өнімге беретін біршама кіші өстік жылдамдығы.

Қалақшасы қиғаш орналасқан механизмдердің өнімділігі:

М0 = ∫м ·df , м3

мұнда df - науа қимасының элементарлы ауданы, м2;

м - өнімнің қозғалыс жылдамдығының орташа мәні, м/с.

Жоғарыға қарай кеңейетін қалақшалар үшін профессор Пелеев, бұл жылдамдықты үш құраушылардың туындысы ретінде анықтауды ұсынады:

а) Қалақшалар саны - Z;

б) Бір қалақшаның бойымен өнім қозғалысының өстік жылдамдығы:

·r·cos (sin - ·cos)

в) Бір қалақшаның бойымен өнім қозғалысы ұзақтығының біліктің толық бір айналысының ұзақтығына қатынасы, қалақшаның орта бұрышы проекциясының білік өсіне перпендикуляр жазықтықтығына қатынасымен өрнектелген:

·sin /2·

Сонда:


м = Z··r·cos (sin - cos)··sin /2, м/с

мұнда  - біліктің бұрыштық жылдамдығы, рад/с;

r - қалақшаның радиусы, м;

 - қалақшаның көлбеу бұрышы, град;

 - қалақшаның орта бұрышы, рад;

 - қалақшамен өнімнің үйкеліс коэффициенті, б.в.

Элементарлы ауданды анықтауға болады:

df = ·2··r·dr, м2

мұнда  - науаның толу коэффициенті, б.в.

Эксцентрикті-қалақшалы жұмысшы органдар шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтердің ығыстырғыштарында және тұтқыр пластикалық өнімдерді (ет турамасы, ерітілген май және т.б.) соруға арналған сораптарда қолданылады

Ығыстырғыштардың өнімділігін төмендегідей анықтауға болады:

М0 = 60·Z·V·n·, м3/сағ (VII-19)

мұнда Z - қалақшалар саны, дана;

n - ротордың айналыс саны, мин-1;

V - бір қалақша аралық кеңістіктегі көлем, м3;

 - беру коэффициенті (0,8-0,9).

Стакандармен жабылған қалақшалар «Триплекс» фирмасының майын соруға арналған сораптарда қолданылады. Дегенмен, бұл сорап жабдықтардың ескірген түрі болып табылады. Ол қазіргі уақытта өндірісте сирек қолданылады.

Дәріс 15. Ет өнімдерін құбыр арқылы ығыстыру және беруге арналған құрылғылар
1. Сыйымдылықты ығыстырғыш-блоутанктер

2. Ет өнеркәсібіндегі ығыстырғыштар конструкциясының жіктелуі мен ерекшеліктері


3. Ет өнеркәсібіндегі сораптар мен шприцтер
Ет комбинаттарында құбыр арқылы:

а) су; б) бу; в) қан; г) ет сорпасы; д) жеткілікті жоғары температурадағы ерітілген май және т.б. сұйық өнімдер тасымалданады.

Бұл өнімдер тасымалдауда ерекше қиындық туғызбайды, себебі бұл сұйықтар Ньютонның үйкеліс заңына бағынады.

Ньютонның заңына бағынбайтын сұйық тұтқыр-пластикалық денелерді тасымалдағанда біршама қиындықтар туындайды, олар:

- ет турамасы; жұмсақ және қатты конфискаттар, каныга және т.б.

Мұнда тасымалдаудың екі (негізгі) нұсқасы болады:



  • су қосу арқылы;

  • су қоспай.

Тасымалданатын өнімге су қосу тасымалдауды біршама жеңілдетеді. Бұл жағдайда тегеуріннің шығыны бірашама төмендейді:

Дегенмен, суды келесі жағдайларда қосады, егер

а) ол өнімнің сапасын төмендетпесе;

б) құбырдан шығар ауызда оны өнімнен жеңіл бөліп алуға болса (мысалы, сәйкес экономикалық тиімділік негізінде суды тұндыру, престеу немесе центрифугада өңдеу арқылы).

Өнімге қосылатын судың мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, каныгаға 100% дейін, ал жұмсақ конфискаттарға 25% дейін су қосылады.
Жалпы жағдайда құбыр арқылы тасымалдауға арналған қондырғылардың құрылымы төмендегідей:

а) тегеурін туғызуға арналған құрылғы немесе ығыстырғыш;

б) құбырлар мен арматуралар жүйесі;

в) процесті басқару мен автоматтандыру аппаратурасы;

г) сонымен қатар, бұрылмалар болған жағдайда неғұрлым қиын жерлердегі қозғалысты жеңілдетуге арналған құрылғылармен жабдықталады.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет