Жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»


Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар



бет3/18
Дата09.06.2016
өлшемі7.28 Mb.
#124992
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2. Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар


Тамақ өнеркәсіпте алуан түрлі машиналар мен аппараттардың түрлері бар. Олардың жалпы саны шамамен 1000 жуық, сондай-ақ сүт өнеркәсіптерінде 250 жуық негізгі түрлері бар. Сондықтан оларды ұқсас сипаттарына қарай топтарға жіктеу қажеттілігі туындайды.

Мұндай сипатқа алдымен технологиялық процестің мәні (мал сою, ұсақтау, араластыру және т.б.) мен технологиялық жабдықтың жұмысшы органының конструкциясы жатады.

Жұмысшы органның конструкциясына қатысты келесілерді айтуға болады. Профессор А.И. Пелеевтің жіктеуі бойынша жұмысшы органдардың неғұрлым кеңінен тараған 15 түрі бар.

1. Икемді тартқыш жұмысшы органдар (шынжыр, трос, резеңкеленген таспа немесе белдік түрінде)

2. Цилиндрлі жұп (поршень, цилиндр)

3. Қалақшалы

4. Бұрандалы және шнекті

5. Икемді (резеңкелі немесе резеңкеленген)

6. Жарғақты және шлангті

7. Білікті (тегіс немесе бұдырлы металл немесе резеңкеленген білік түрінде)

8. Барабанды (төмен жылдамдықпен айналатын барабан түрінде)

9. Кескіш (конструкциясы әртүрлі пышақ құрылғысы түрінде)

10. Фрикционды (үйкеліс арқылы)

11. Соққылы және үйкелгішті

12. Радиалды (ортадан тепкіш) үдеу әсерін қолданатын

13. Сорғыш және шашыратқыш

14. Шашыратпалы және құйынды

15. Жылуөткізгіш

Бұл жұмысшы органдар өздігінен немесе әртүрлі үйлесімде технологиялық жабдықтардың орындаушы механизмдерінің негізін құрайды. Технологиялық жабдықтарды жіктеудің әртүрлі жолдары бар.

Мысалы, профессор А.Я. Соколов жабдықтарды жіктеуде негізгі белгі ретінде өнімге функционалды әсер мен машинаның құрылымдық шешімін ұсынады.

Осыған байланысты машиналар жалпы 24 топқа жіктеледі:


  • сусымалы және сұйық өнімдерді, сонымен қатар ірі дисперсті суспензияларды бөлу;

  • пластикалық өнімдерді даналы бөлу және оларды кесу;

  • сусымалы өнімдерді қабыршықтау және тегістеу;

  • ұсақтау;

  • сусымалы, пластикалы және сұйық тамақ өнімдерін араластыру;

  • тамақ және жем өнімдерін престеу;

  • тамақ өнімдерін мөлшерлеу және т.б.

Дегенмен, мұндай жіктеуден біршама кемшіліктерді байқауға болады. Жұмысшы органдары мақсаты бойынша бірдей жабдықтар әртүрлі топтарға жіктеледі. Мысалы:

- қабыршықтау мен тегістеу үшін білікті механизмдер қолданылуы мүмкін;

- ұсақтау үшін де білікті механизмдер қолданылады;

- араластыру үшін де білікті механизмдер пайдаланылады;

- престеу үшін де білікті машиналар қолданылуы мүмкін.

Сол сияқты:

- араластырғыштарда шнекті жұмысшы органдар қолданылады;

- престерде де шнекті жұмысшы органдар қолданылуы мүмкін;

- буып-түю автоматтарында да шнекті жұмысшы органдар қолданылады;

- бөлуге арналған жабдықтарда да (центрифугалар) шнекті тиеу құрылғылары, яғни шнекті жұмысшы органдар қолданылуы мүмкін;

- сонымен қатар, тасымалдауға арналған жабдықтарда да шнекті жұмысшы органдар пайдаланылады.

Осыған сәйкес жабдықтарды технологиялық процесс жағынан және жұмысшы органдардың бірлігі жөнінен екі позицияда қарастырған профессор А.И. Пелеевтің қағидасы неғұрлым негізделген болып табылады.

Технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдарының өнімге әртүрлі әсер ететін функционалды бірлігі бір жағынан технологиялық есептеуге жеңілдік береді. Бұл әртүрлі жабдықтарды сипаттауда ыңғайлы болады. Сонымен қатар, мұндай жағдайда өнеркәсіптің әр салаларына көптеп еніп жатқан жаңа жабдықтарды қарастырған жөн.

Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар



1. Технологиялық жабдықтар табиғи жоғарғы сападағы дайын өнімнің неғұрлым жоғары өнімділігін қамтамасыз етуі қажет.

2. Технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдары шикізат пен өнімге шектен тыс үйкелмеуі тиіс.

3. Технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдары коррозияға тұрақты материалдардан дайындалуы тиіс.



4. Технологиялық жабдықтардың, әсіресе жұмысшы органдардың конструкциясы күнделікті санитарлық тазалау мен жуу үшін жеңіл ажыратылып құрастырылуы қажет.

5. Жұмысшы органдарда тазалау мен жуу кезінде киындық тудыратын саңылаулар, ойықтар мен дөңестер болмауы керек.



6. Технологиялық жабдықтардағы барлық электрқұрылғылары ылғалдан сақтандырылуы тиіс.

7. Технологиялық жабдықтар техника қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы қажет.



Дәріс 4. Икемді тартқыш жұмысшы органдар және олар пайдаланылатын жабдықтар

1. Аспалы жолдар мен конвейерлер



2. Аспалы жолдар мен конвейерлерге қызмет көрсетуге арналған жабдықтар

3. Ет комбинаттарындағы едендік құрылғылар

4. Тері сыдыруға арналған машиналар
Икемді тартқыш жұмысшы органдар (құралдар) алдымен қозғалыс мақсатында, яғни өнімдерді тасымалдау үшін қолданылады:


  • жабдық ішінде;

  • жеке машиналар арасында (машиналар арасында конвейермен);

  • жұмыс орындары арасында (конвейермен).

Икемді тартқыш жұмысшы органдар ретінде:

  • шынжырлар (жәй калибрленген шынжырлар, пластиналы шынжырлар, төлкелі-шығырлы шынжырлар және т.б.);

  • тростар мен арқандар;

  • таспалар мен белдіктер (резеңкеленген, резеңкелі және былғары);

  • торлар (металл және металл емес) және т.б.

Икемді тартқыш жұмысшы органдар ет өнеркәсібіндегі конвейерлердің негізін құрайды.

Конвейер - бұл механикаландырылған аспалы жол. Конвейерлер орта және жоғары қуаттылықта жұмыс істейтін ет комбинаттарындағы технологиялық ағынның негізін құрайды. Олар шикізатты (не өнімді) алдымен жеке жұмыс орындары мен машиналар арасында тасымалдайды.

Малды аз көлемде сойғанда (кіші мал сою орындары) конвейерсіз (механикаландырылмаған аспалы жолдарды) пайдалану экономикалық жағынан тиімді болып табылады.

Олар да орта және жоғары қуаттылықта жұмыс істейтін ет комбинаттарында кеңінен қолданылады. Әсіресе, тоңазытқыштарда, шұжық цехтары мен зауыттарында, сондай-ақ техникалық фабрикаттар өңдеу цехтарында пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет