Жұмыс бағдарламасы «Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1»


Дәріс 12. Ет және ет өнімдерін жууға арналған машиналар



бет7/18
Дата09.06.2016
өлшемі7.28 Mb.
#124992
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Дәріс 12. Ет және ет өнімдерін жууға арналған машиналар



Ет өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтар екі позицияда қарастырылады:

  • жұмысшы органдарының конструкциясы мен олардың бірлігі;

  • бір немесе басқа жабдықта жүргізілетін технологиялық процестің мәні.

Сондықтан, ет және ет өнімдерін жууға арналған машиналарда тек барабанды жұмысшы органдар қолданылады деген түсінік қате. Жоғарыда айтылғандай тіпті барабанды жуу машиналарында да бірқатар басқа жұмысшы органдар қолданылады.

Ұша, жарты ұша, кесек ет өнімдері, құс жұмыртқасы, ыдыс және жабдықтың өзін жууға төмендегі негізде құрастырылған машиналар қолданылады:



  • сорғылы және вихрлы, суармалы және шашыратқыш;

  • шлангілі және мембранды, икемді және жылуөткізгіш;

  • икемді тартылыс байланысты;

  • білікшелі жұмысшы органдар.

Жуу малды біріншілік өңдеу мен ет өнімдерін өңдеуде соңғы операциялардың бірі болып табылады.

Жуу кезінде екі фактор қолданылады.

1. Жуу нысанына судың сорғалап ағу әсері.

2. Жуу нысанына механикалық әсер келесілердің есебінен:

а) қылшықты щеткалармен өңдеу;

б) өнім кесектерін үйкелеу және өзара араластыру;

в) өнім кесектерінің үккіш, бұдырлы немесе қырлы беттермен сырғанауы.



Жууға арналған машиналардың жіктелуі




Жұмысшы циклдің құрылымы бойынша:


а) мерзімді әрекетті;

б) үздіксіз әрекетті.

Өнім мен жұмысшы органның түрі бойынша:

а) ұша, жарты ұша және құс ұшасын жууға арналған көлбеу білікті щеткалы және соққыш шынжырлы конвейерлі машиналар;

б) кесек ет өнімдеріне арналған барабанды машиналар;

в) кірленген жұмыртқаларды жууға арналған резеңкелі немесе қылшықты щеткалы білікті машиналар;

г) консерві өндірісінде айналымдағы шыны ыдыс пен қаңылтыр банкілерді жууға арналған конвейерлі банкі-, бөтелке- және жәшік жуу машиналары.

Осы жіктемелік сұлбадағы бірқатар машиналарды қарастырамыз.

Ыдыстар мен инвентарь жууға арналған жабдықтар төмендегідей ерекшеленеді:


  • жоғары конструктивті күрделілігі;

  • әртүрлілігі.

Ет комбинаттарындағы барлық ыдыстар мен инвентарлар жуылады. Айналымдағы ыдыс мұқият өңделеді. Оны ысқылайды, жуады, кейбір жағдайда стерилдейді және шаяды.

Егер ыдыс ағаштан жасалған (ішек, майға арналған бөшкелер) болса, онда оны стерилдеуден кейін кептіреді.



  • Қаңылтыр-банкілі ыдыстырды жууға үздіксіз әрекетті ротационды немесе сызықты (бір немесе бірнеше жылғалы) машиналар.

Ротационды машина келесі тораптардан тұрады:

  • Ішінде екі тік орнатылған дискісі бар тұрық;

  • Олардың біріншісі (төменгі) бір жазықтықта, ал екіншісі (жоғарғы) біршама жоғары (шамамен жарты радиусқа) және біріншіге қарағанда оңға қарай орналасқан;

  • Бірінші диск қабылдағыш болып табылады. Ол қоймадан келіп түсетін банкілерді қабылдайды;

  • Банкілер дискінің сыртқы периметрі бойынша радиалды орналасқан, жарты шеңбер түрінде орындалған сегіз ұяшыққа қойылады;

- Осы бірінші дискіде банкілерді жуу жүреді;

  • Екінші диск бірінші дисктен банкілерді қабылдайды. Мұнда банкілерді стерилдеу жүреді;

  • Одан әрі шыға беріс жұлдызшаның көмегімен банкілер машинадан шығарылады;

  • Жарты білікте орнатылған дискілер бір мезгілде ыстық су мен ыстық бу беруге арналған құбыр ретінде пайдаланылады;

  • Осы білік-құбырлардың соңына форсункамен аяқталатын, радиалды орнатылған құбырларды көтеретін коллекторлар бекітілген;

  • Форсункалар банкілерді диск ұяшықтарына қою және алу кезінде оларға бөгет болмайтындай етіп банкінің ішіне су мен бу беруге арналған.

Жууға арналған барабанды машиналардың есебі


Әдетте жобалау кезінде барабандардың өнімділігі беріледі. Жоғарыда айтылғандай жуу барабандары мерзімді және үздіксіз әрекетті болуы мүмкін.

  1. D - жуу барабанының диаметрі (м) мен  - барабанның толу коэффициенті параметрлері таңдалынып алынады D<0,5 м болғанда  = 0,05-0,12; D>0,5 м болғанда  = 0,02-0,06.

2. Жуу барабанындағы өнімнің көлденең қимасының ауданы келесі қатынастан анықталады:

f = ··D2/4, м2



3. Барабандағы өнім қозғалысының өстік жылдамдығы ағынның үздіксіздік теңдеуі арқылы анықталады.

МВ = 3600·о·f·, кг/сағ

Бұдан (3) теңдеуді жылдамдыққа қатысты шеше отырып

о= МВ /3600·f·, м/с

Сондай-ақ:

о=k·S/, м/с

мұнда k - судың жүріс қозғалысы есебінен жылдамдықтың қосындысын ескеретін коэффициент, ,2-1,4;

S - көтерілу мен түсудің бір циклінде өнім кесегі жүрген жол, м;

 - осы циклдің уақыты, с.


Есептеуді жалғастыру үшін барабанның көлденең қимасы суретінен келесі параметрлерді енгіземіз:

  • көтерілу биіктігі - Н,

  • өнім кесегінің қабырғадан жұлыну бұрышы - .

Өнім кесегі барабанның тік өсінің төменгі нүктесінен жұлыну нүктесіне дейін көтеріледі.

Мұнда ол қабырғадан ауырлық күші арқылы жұлынып, барабанның көлбеу  бұрышын қия отырып түседі.

Егер барабанның төменгі нүктесінен жоғарғы нүктесіне дейін 1800 болса, онда кесек жоғарғы нүктесінен  жұлыну бұрышына жетпейді.

Бұл бұрыш тік өсі бойымен барабанның жоғарғы нүктесінен қабырғадағы кесектің жұлыну нүктесіне дейін доға бойынша өлешенеді және ол шамамен 45-900.


4. Көтерілу биіктігін төмендегідей анықтауға болады.

- тегіс барабандар үшін:

Н = 2·D·sin2·cos, м

- сөрелі барабандар үшін:

Н = D·cos + h + а·cos, м

мұнда h - өнімнің сөрелермен көтерілуіндегі қосымша биіктік, м;

а - сөренің ені, м;

 - сөренің радиустан ауытқу бұрышы, град.


Дәріс 13. Шнекті, бұрандалы жұмысшы органдар

1. Шнекті, бұрандалы жұмысшы органдар

2. Шнектер мен бұрандалардың технологиялық есептеуі
Шнекті, бұрандалы және қалақшалы жұмысшы органдар кеңінен тараған. Олар сусымалы, кесек, көлемді сонымен қатар ет және басқа да өнімдерді, ашық немесе жабық науа мен бағыттаушы бойынша, және конвейер рельсі бойымен даналы жүктерді тасымалдауға арналған.

Технологиялық жабдықтарда шнектер мен бұрандалар қосалқы рөл атқарады.

Мысалы:


  • ет ұсақтағыштарда бұрандалар пышақ пен тор жиынтығы түріндегі ұсақтағыш механизмге етті тек тасымалдайды;

Бұранда мен шнек бір-бірінен келесідей ерекшеленеді: бұранда - тұтас бөлшек, ал шнек білікке пісіріліп бекітілген майысқан серіппелі жазық немесе пластиналардан тұрады.
Шнектер мен бұрандалардың технологиялық есептеуі

1. Тасымалдау жылдамдығы. Ол жүктің сипатына тәуелді.

 = h·n/60, м/с

немесе


 = h·n, м/мин

мұнда h - шнектің қадамы, м; n - шнек білігінің минутына айналыс саны.



Шнектің қадамы әдетте оның диаметріне қатысты таңдалады. Сәйкесінше, h = (0,8 - 1,2)D.

Көптеген жағдайда келесі теңдеулер түрінде алынады:



  • шнек қадамының кіші мәні h = (0,4 - 0,8)·D;

  • шнек қадамының үлкен мәні h = до 2·D,

Дегенмен, мұндай нұсқалар даналы емес өнімдерді тасымалдау кезінде туындайды.

Шнектің қадамы (h), диаметрі (D) және арна бұрышының () арасында төмендегідей байланыс бар. Егер шнек арнасын шнектің диаметрі бойынша тұғызсақ, онда катетті (үлкен) тікбұрышты үшбұрыш аламыз:

  • h - шнек қадамы, м;

  • ·D = 2··rа - шнектің сыртқы диаметрі бойынша арнаның ұзындығы (D) немесе радиусы (rа), м.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет