Жұмыс бағдарламасы Жасақталды



бет7/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
karzh umk

Атырау 2021ж
Модульдің (пәннің) сипаттамасы
«Қаржы» курсы базалық оқу пәнін білдіреді, онда экономика ғылымын маңызды құраушылардың бірі – қаржы туралы ғылымның ерекшеліктері зерделенеді. Курста қаржылардың негізгі аспектілері: теориялық негіздері, ұйымдастыру түрлері, практикалық қолданылуы берілген. Қаржыларды әр түрлі ұстанымнан қарастыру студенттердің осы экономикалық категорияның мәнін, оның ролін және ұдайы өсірілетін процестердегі және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын меңгеруіне мүмкіндік береді.

Курста қаржылар табиғаты, функциялары, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара әрекеттесу мәселелері, шаруашылық өмірде айқындалу ерекшеліктері қарастырылады, қаржылық қатынастарды ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің әрекет ету механизмі, құрылатын нарықтық экономиканы реттеуде қаржыларды пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Қаржыларды зерделеудің маңызды жағы топталуын анықтау және оған кіретін субкатегорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, олардың әрекет ету принциптерін және басқа экономикалық және әлеуметтік жүйелердегі өзара байланысты жіктеу болып табылады. Оған кірістер, салықтар, қорлар, шығыстар,  резервтер, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыз, сақтандыру, функционалдық жүйелер: қаржылық жоспарлау және болжау, қаржылық бақылау, қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету, қаржы рыногы кіреді. Курста әр түрлі шаруашылық жүргізетін субъектілердің алғашқы буындарындағы және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы қаржылар әрекетінің сипаттамасында елеулі орын бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет