№ 2
Науқас 57 жаста, шағымдары : тәбеттің жоғарылауы, ауыз қуысының құрғауы, шөлдегіштік, зәр бөлудің жиілеуі, әлсіздік. Науқасты қарағанда: беті қызарған, терісі құрғақ, тіс кариесі, генитали аймағында қасыну іздері байқалады. Бойы 165, салмағы 90 кг.
ЖҚА – тығыздығы жоғары / 1030/ зәрдегі қан 3 %
ҚБА – глюкоза 18, 0 ммоль/л:
Көз түбінде - диабеттік ретинопатия белгілері бар.
Асқазан асты безінің УДЗ – да: панкретатит белгілері бар.
Сұрақтар:
-
Сіздің болжам диагнозыңыз
1) Тақырып: № 7 Гипо және гипертиреоз. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы. Терапиясы және алдын алуы.
2) Мақсаты: Гипо және гипертиреоз кезінде сұрастырудың әдісін, негізгі шағымдарды және оның мәнін анықтауды, аурудың және өмірдің анамнезін жинауды үйрету. Науқасты жалпы қарауды дұрыс және кезегімен жүргізуді оқыту. Гипо және гипертиреоздың негізгі себептерін, этиологиясының және патогенезін білу. Гипо және гипертиреоз дамуының қауіпті факторлары кезінде кезінде көмек көрсетуді және алдын алуды жүргізу;
3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиісті:
-
Гипо және гипертиреоз ауруы бар науқастың физикалды тексеру әдістері;
-
Гипо және гипертиреоздың этиологиясы, патогенезі;
-
Гипо және гипертиреоздың симптомдары және синдромдары;
-
Гипо және гипертиреоздың диагностикасының негізгі лабораторлы-аспапты тексерулері;
Студент үйреніп алуы тиіс:
-
науқастарды сұрастыр, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу;
-
науқастарға лабораторлы-аспапты тексерулер нәтижесіне интерпретация жүргізу;
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Гипо және гипертиреоз ауруы бар науқастарды сұрастыру.
2. Гипо және гипертиреоз ауруы бар науқастардың анамнезі.
3. Гипо және гипертиреоздың этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы.
4. Гипо және гипертиреоз ауруы бар науқастардың УДЗ тексеруі.
5) Білім беру және оқыту әдістері: Муляждарда машықтану, науқаспен жұмыс жасау
6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша
7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).
Сұрақтар:
1. Қалқанша безінің негізгі қызметі қандай?
2. Зобтың қандай түрлерін білесіз?
3. Гипо және гипертиреоздың негізгі себептерін атаңыз.
Тесттер:
1. Эндокринді бездерге жатпайтын безді атаңыз:
а) гипофиз, томпақ түйін тәрізді без
б) қалқанша без, айырша без
в) сілекей, терлеу, асқазан, ішек бездері
г) жыныс бездері
д) ұйқы безі
2. Ішкі секреция безін көрсетіңіз:
а) сүт бездері
б) асқазан бездері
в) тер бездері
г) ұйқы безі
д) барлық аталғандар
3. Эндокринді бездерде түзілетіні:
а) симпатолитиктер
б) холинолитиктер
в) гормондар
г) бета – блокаторлар /тежегіштер/
д) АТФ – тер тежегіштері
4. Эндокринді бездер сөлінің бөлінуі:
а) ұйқы безі өзегімен ішекке
б) жалпы өт өзегімен ішекке
в) қан не лимфаға бірден бөлінеді
г) асқазанға
д) тер бездерімен
5. Эндокринді аурулар себептері:
а) психикалық жарақаттар
б) бастың жарақаттары
в) инфекциялар /грипп, туберкулез, мерез/
г) аталғандардың бәрі
д) аталғандардың маңызы жоқ
6. Адамның алыптылығы /гигантизм/:
а) гипофиздің алдыңғы бөлігінің функциясы жоғарлағаннан, жыныс бездері функциясы төмендегеннен
б) қалқанша бездің, гипофиздің алдыңғы бөлігінің функциясы төмендегеннен
в) гипофиз және гипоталамус зақымдалғаннан қол, аяқ бастарының, бет/қабақ, шықшыт, мұрын, төменгі жақ, т.б./ сүйекткрінің көзге түсерліктей айырықша басым өсуі
г) бүйрек үсті бездері функциясы төмендегеннен
д) жыныс бездері функциясы өскеннен
7. Адамның ергежейліктілігі /карликтілік/:
а) гипофиздің алдыңғы бөлігінің функциясы жоғарлағаннан, жыныс бездері функциясы төмендегеннен
б) қалқанша бездің, гипофиздің алдыңғы бөлігінің функциясы төмендегеннен
в) гипофиз және гипоталамус зақымдалғаннан қол, аяқ бастарының, бет/қабақ, шықшыт, мұрын, төменгі жақ, т.б./ сүйекткрінің көзге түсерліктей айырықша басым өсуі
г) бүйрек үсті бездері функциясы төмендегеннен
д) жыныс бездері функциясы өскеннен
8. Акромегелия себебі:
а) гипофиздің алдыңғы бөлігінің функциясы жоғарлағаннан, жыныс бездері функциясы төмендегеннен
б) қалқанша бездің, гипофиздің алдыңғы бөлігінің функциясы төмендегеннен
в) гипофиз және гипоталамус зақымдалғаннан қол, аяқ бастарының, бет/қабақ, шықшыт, мұрын, төменгі жақ, т.б./ сүйекткрінің көзге түсерліктей айырықша басым өсуі
г) бүйрек үсті бездері функциясы төмендегеннен
д) жыныс бездері функциясы өскеннен
9. Май алмасуының бұзылуы тән мысалды көрсетіңіз:
а) адипозды генитальды дистрофия
б) жыныс бездері функциясы төмендеуі
в) Симондс ауруы
г) көбіне майлы тағамдармен тамақтану
д) барлық аталған жағдайлар
10. Семірудің ең жоғары деңгейі:
а) адипозды генитальды дистрофияда
б) жыныс бездері функциясы төмендегенде
в) Симондс ауруында
г) көбіне майлы тағамдармен тамақтанғанда
Есептер:
1. Ер адам 62 жаста, қалыпты тәбеті сақталғанымен «себепсіз» салмақ тастауға және кезеңді түрде дене қызуының 38-38,5-қа жоғарылауына, физикалық күш түскенде тез шаршауға шағымданып келді. Бұрын ештеңемен ауырмаған. Объективті мәліметтерден көзге түсетіні сыртқы көрінісі нашарлау, тахикардия, жыбыр аритмиясының пароксизмі тіркелген. Біріншілік параклиникалық тексеру:
а) ЭКГ қайталау
б) ЭхоКГ
в) Қалқанша безінің УДЗ-і
г) Қанды стерильділікке егу
д) Кеуде қуысының рентгенографиясы
2. Диффузды токсикалық зобтың клиникалық көрінісінің ерекшелігі кімдерде айқын көрінеді: а) балаларда;
б) қарт адамдарда;
в) еркектерде.
1) Тақырып: № 8 АИВ – инфекциясы. ЖИТС. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы. Терапиясы және алдын алуы.
2) Мақсаты: ЖИТС және АИВ – кезінде синдромдарды үйрету. ЖИТС және АИВ инфекцияларының негізгі себептерін, этиологиясының және патогенезін диагностика әдісін білу.
3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиісті:
-
АИВ – инфекциясы ауруы бар науқастың физикалды тексеру әдістері;
-
АИВ – инфекциясыдың этиологиясы, патогенезі;
-
АИВ – инфекциясыдың симптомдары және синдромдары;
-
АИВ – инфекциясының диагностикасының негізгі лабораторлы-аспапты тексерулері;
-
ЖИТС – инфекциясы ауруы бар науқастың физикалды тексеру әдістері;
-
ЖИТС – инфекциясыдың этиологиясы, патогенезі;
-
ЖИТС – инфекциясыдың симптомдары және синдромдары;
-
ЖИТС – инфекциясының диагностикасының негізгі лабораторлы-аспапты тексерулері
Студент үйреніп алуы тиіс:
-
науқастарды сұрастыр, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу;
-
Пульсті және артериалды қысымды өлшеу;
-
науқастарға лабораторлы-аспапты тексерулер нәтижесіне интерпретация жүргізу;
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. АИВ дегеніміз не?
2. Адамның иммунды тапшылық жағдайы және АИВ.
3. АИВ- тің берілу жолдары.
4. Инфекцияның және АИВ-тің клиникалық көрінісі.
5. ЖИТС дегеніміз не?
6. Адамның иммунды тапшылық жағдайы және ЖИТС.
7. ЖИТС - тің берілу жолдары.
8. Инфекцияның және ЖИТС-тің клиникалық көрінісі.
5) Білім беру және оқыту әдістері: Тәжірибелік дағдыларды жасау.
6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша
7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).
Сұрақтар:
1. АИВ-инфекцияның негізгі себептерінің дамуын атаңыз.
2. АИВ-инфекциясына анықтама беріңіз.
3. АИВ-инфекциясының берілу жолдарын атаңыз.
4. ЖИТС -тің негізгі себептерінің дамуын атаңыз.
5. ЖИТС-ке анықтама беріңіз.
6. ЖИТС -тің берілу жолдарын атаңыз.
Тесттер:
1. Адамның иммунды тапшылықты вирусы қашан ашылды ?
А.1983 жыл.
Б.1988 жыл.
Г.1990 жыл.
Д.1997 жыл.
Е.1986 жыл.
2.Казахстан Республикасында АИВ- инфекциясы қашан ашылды?
А.1981 жыл.
Б.1987 жыл.
Г. 1990 жыл.
Д.1997 жыл.
Е.1986 жыл.
3.ҚР-да « Адамның имунитеті тапшылығы жағдайындайымен шақырылатын вирус ауруының таралмауын ескертетін заң» қай жылдан бері жұмыс істейді?
А.1991 жыл.
Б.1999 жыл.
Г. 1993 жыл.
Д.1997 жыл.
Е.1986 жыл.
4. АИВ – инфекциясын әдейі жұқтырған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған?
А. Азаматтық
Б. Қылмыстық
Г. Администрациялық
Д. Қоғамдық
Е. Ұжымдық
5. АИВ вирусы жатады:
А.Энторовирус
Б.Аденовирус
Г. Ретровирус.
Д. Паравирус
Е.Кок инфекциясы
6. Инфицирленгенннен кейін АИВ-ке антиденелердің пайда болуының ерте кезеңі :
А.3 ай
Б.2 апта
Г.6 ай
Д.8 ай
Е.4 апта
7. АИВ вирусының қауіпті концентрациясы... құрамында болады.
А. сілекей, тері
Б. қан, емшек сүті
Г. зәр, нәжіс
Д. сілекей
Е. емшек сүті
8. +4 до +8С температура кезінде АИВ–ті тексеруге арналған қанның максималды уақыты:
А.3 сағат
Б.12 сағат
Г.24 сағат
Д.4 сағат
Е.6 сағат
9. АИВ-ке антиденелердің пайда болғанын лабораторлы табу үшін қажетті қанның минималды көлемі:
А.7-10 мл.
Б.3-5 мл.
Г.1-2мл.
Д.4-6мл.
Е.6-8мл.
10. АИВ-инфекциясының патогенезі негізіне жатады:
А. иммунокомпетентті тіндердің зақымдануы
Б. үдемелі дистрофия
Г. оппортунистті инфекция
Д. тіндердің зақымдануы
Е. Дистрофия
11. ЖИТС кезінде ауруға шалдығуға бейім жоғары қауіпті топқа кімдер жатады?
А. жиі ауыратын адамдар
Б. тамыр ішіне Г. жыныстық серіктестерін жиі ауыстыратындар
Д. ауырып жүрген адамдар
Е. темекі шегетіндер
12. Жиірек тропизге ие ЖИТС:
А.К Т-лимфоцитті хелпер
Б.К Т-лимфоцитті супрессор
Г.К макрофаг.
Д.ДНК.
Е.РНК.
13. ЖИТС- тің инкубациялық кезеңі:
А.7 күн
Б.6- 12 ай
Г.3-6 аптадан 3-6 ай
Д.6 күн
Е.8күн
14. ЖИТС- тің берілу жолдары:
А.трансмиссивті
Б.жыныстық
Г.парентеральды
Д.аэрозольды
Е.жұқпайды
15. ЖИТС диагнозын дәлелдеу үшін келесі әдістер қолданылады:
А.Вирусологиялық
Б.Серологиялық
Г.Биологиялық
Д.ИФА.
Е.Маркерлер
16. Ота кезінде қол жарақаттануында инфекциядан сақтану үшін қандай іс-шара қолдану қажет?
А. қолды жуып, 3 % хлорамин ерітіндісімен өңдеу
Б. жарақатты 5 % йодпен өңдеу
Г. Қолғапты өңдеп, оны шешу. Тері аздап зақымдалса қанын аздап қысып шығарып, теріні 70% этил спиртімен өңдеп, қолды ағынды судың астында сабынмен жуу, 70% этил спиртімен өңдеуді қайталап, содан соң 5 % йод ерітіндісімен өңдеу..
Е. қолды ағынды судың астында сабынмен жуу
17.ЖИТСпен- инфицирленген адам бұл, ЖИТСке антиденелер реакциясы ... оң болады.
А.Иммуноферметті анализ (ИФА)
Б.Иммунологиялық блоттинте (ИБ)
Г.РНГА
Д.ИФА
Е.Маркерлер
18. ЖИТС инфекциясының қандағы көрсеткіші:
А. Т-лимфоцитердің деңгейінің түсіп содан кейін көтерілуі
Б. Т-лимфоциттер деңгейінің көтерілуі
Г. Т-лимфоцитердің төмендеп содан соң мүлдем жоқ болуы.
Д. Т-лимфоциттердің толық жойылуы
Е.Т-лимфоциттердің көбейуі
19. ЖИТС кезінде “Серологиялық” инкубация бұл:
1. инфицирленген адамда вирустың немесе оған пайда болған антигеннің қанда пайда болуының кезеңі:
2. зақымдалудан сероконверсияға дейінгі кезең
3. ЖИТС –тің манифестті диагнозының зақымдалуының кезеңі
4. зақымдалудан клиникалық көрінісі пайда болған кезең
5. зақымдалудан қанда лейкоцит деңгейінің көтерілу кезеңі
Есептер:
1. Қазіргі куезде бүкіл әлемде кең таралған ақпаратты кампаниялар халыққа жүрепайда болған иммундытапшылықты синдромның қауіптілігі жайлы ақпараттар берілуде(СПИД). Сіз СПИД туралы халықты ақпараттандырудың жоғарылату үшін қандай PR-технологияны қолданар едіңіз?
2. Аз топ ішінде ойын
ТОП екіге бөлінеді. Әр-бір топ талқылауға сұрақ алады.
1 топ: АИВ/СПИД-тің эпидемиясымен шақырылған медициналық мәселелер;
2 топ: АИВ/СПИД-тің эпидемиясымен шақырылған экономикалық мәселелер;
3 топ: АИВ/СПИД-тің эпидемиясымен шақырылған білімдік мәселелер.
3. «Келісемін» «Келіспеймін» ойыны
Топ екіге бөлінеді. Бір топта «Келісемін» жазуы, екіншісінде «Келіспеймін» жазуы жазылған. Студенттер келісімді тыңдайды және өз таңдауларын жасайды, бөлменің белгілі бір жартысына тұрады.
1. АИВ – инфицирленген адамдарды шектеу керек.
2. АИВ – инфицирленген адамдар мектепте оқымау керек.
3. АИВ – пен жауапсыз адамдарғана зақымдалады.
4. АИВ инфицирленген адамдар дәрігер, мұғалім, әскери қызметкер болып жұмыс істей алмайды.
(өз ойларыңызды айтыңыз).
1) Тақырыбы №9: Онкологиялық аурулар. Этиологиясы, патогенезі, клиника, диагностикасы. Терапиясы және алдын алуы.
2) Сабақтың мақсаты: Студентерге онкологиялық ауру туралы түсінік беру. Этиология және патогенез механизміне анықтама беру. Жетекші симптом мен синдромамдарды және диагностика әдістерін үйрету.
3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
- онкологиялық аурудың анықтамасын
- негізгі этиологиялық факторларын
- берілген патологияның негізгі симптомдары
- синдромның даму патогенезі
- негізгі лабораторлы-аспаптық диагностика әдістері.
Студент үйреніп алуы тиіс:
-
науқасқты сұрастыру , қарау, пальпация, перкуссия, аускультацияны мушелеп жүргізу;
-
пульс санау және артериалды қан қысымды өлшеу;
-
лабораторлы-аспаптық зерттеудің нәтижесін талқылау;
-
көмек көрсету мен профилактика жүргізу.
4) Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
-
Негізгі және қосымша шағымдарын жинастыру.
-
Дұрыс ауру тарихы мен өмір тарихын сұрастыру.
-
Клиникалық зерттеу әдістері мен науқасты тексеру (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация)
-
Жетекші синдромды анықтау.
-
Анализдерді талқылау.
-
Өкпе обырының классификациясы.
-
Өкпе обырының диагностика әдістері.
5) Білім берудің және оқытудың әдістері: Тәжірибелік дағдыларды жасау
6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша
7) Бақылау ( сұрақтар, тесттер, есептер)
Сұрақтар:
-
Онкологиялық аурудың қай кезеңінде диагностика арқылы анықталады?
-
ҚР – ғы онко аурулардың статистикасын келтіріңіз?
-
Тыныс алу жолдарының қабыну және іріңді аурулары өкпе обырына ұласады ма?
Тесттер:
-
Өкпе обырының медиастиналды формасына тән:
а) акроцианоз
б) дауыстың қарылуы
в) беттің ісіуі
г) алдыңғы көкірек сарайының беткейлі көк тамырларының кеңейюы
д) қансырау
-
Эндометрияның обыралды ауруына жатады:
а) етеккір келетін әйелдердегі қайталанатын темір-кистозды гиперплазия
б) эндометрия аденоматозы
в) етеккір келетін әйелдердегі қайталанатын эндометрия өспесі
г) жатыр миомасы
д) менопауза кезіндегі қайталанатын эндометрия өспесі
-
Сүт безінің 2 кезеңінде ісік өөлшемі:
а) 2 см-ге дейін
б) 2-5 см
в) 1 см
г) 5-7 см
д) 8 см- ден көп
-
Бет тері меланомасының 1 кезеңдегі емі:
а) хирургиялық
б) лазерлы
в) сәулелі
г) аралас
д) химиотерапевтикалық
-
Құлақ маңындағы сілекей безінің жыланкөздің пайда болуы ... тән.
а) цилиндромаға
б) полиморфты аденомаға
в) мукоэпидермоидты ісікке
г) мономорфты аденомаға
д) дифференциялмаған карциномаға
-
Лимфосаркоманы диагностика әдісіне жатады:
а) рентгеноскопия
б) биопсия
в) УДЗ
г) компьютерлы зерттеу
д) термография
-
Тоқ ішектің гистологиялық формасына жатады:
а) жалпақ клеткалы
б) аденокарцинома
в) дифференцияланбаған
г) коллоид
д) карциноид
-
Гастростомия көрсеткіші:
а) пилороспазм
б) кардиоспазм
в) кардия обырының 4 кезеңі
г) асқазанның проксималды бөлімінің 2 кезең
д) дисталды бөлімнің 4 кезең
9.Анемияның дамуы:
а) кардиияның өңешке жасғасқан жерінде
б) субкардия
в) асқазан денесі
г) антральды бөлім
д) пилорикалық канал
10.Өңеш обырында жиі қолданылады:
а) аралас терапия
б) сәулелік терапия
в) хирургиялық ем
г) симптоматикалық ем
ЕСЕП № 1
Науқас 65 жаста, шағымдары: бет терісінде жазылмайтын жараның пайда болып, кейін түйінге айналғанына. Тексеріп қарағанда оң жақ бетінің терісінде домалақ пішінді жара, сары-сұрғұлт жұғұнды, шеттері ойықталған. Жақын жатқан ткандерде инфильтрация байқалады.Сіздің диагнозыңыз?
A. Бет терісінің меланомасы.
B. Бет терісінің базалдыклеткалы рагі.
C. Бет терісінің жалпақ клеткалы қатпарланбайтын обыры.
D. Бет терісінің жалпақ клеткалы қатпарланатын обыры.
E. Бет терісінің кератопапиломасы.
ЕСЕП № 2
82-і жастағы қарт кісінің дене терісінде тығыз ісіктер 0,3-тен 1 см-ге дейін диаметрде. Перифериялық лимфотүйіндер ұлғаймаған.Потоцитологиялық зерттеулер- дифференцияланбаған карцинома белгілері, жалпақклеткалық обыр болуы мүмкін. Қандай тактика жүргізесіз?
A. Түзүліске криодеструкция жүргізу.
B. Ісікті алып тастау.
C. Науқасты толық тексеруден өткізу , әсіресе өкпе мен өңешті.
D. Химиотерапиядан соң тійіндерді алып тастау.
E. Науқасты бақылауда ұстау.
1) Тақырыбы №10: Психикалық аурулар. Этиологиясы, патогенезі, клиника, диагностикасы. Терапиясы және алдын алуы.
2) Сабақтың мақсаты: Студентерге психикалық ауру туралы түсінік беру. Этиология және патогенез механизміне анықтама беру. Жетекші симптом мен синдромдарды және диагностика әдістерін үйрету.
3) Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
- психологиялық аурудың анықтамасын
- негізгі этиологиялық факторларын
- берілген патологияның негізгі симптомдарын
- синдромның даму патогенезін
- негізгі диагностика әдістерін
Студент үйреніп алуы тиіс:
- науқасты сұрастыру , қарау
- науқастан дұрыс анамнез жинау
- көмек көрсету мен профилактика жүргізу.
4) Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
-
Негізгі және қосымша шағымдарын жинастыру.
-
Дұрыс ауру тарихы мен өмір тарихын сұрастыру.
-
Клиникалық зерттеу әдістері мен науқасты тексеру (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация)
-
Жетекші синдромды анықтау.
-
Анализдерді талқылау.
-
Психикалық аурулардың классификациясы.
-
Психикалық ауруларды қандай мамандар емдейді?
5) Білім берудің және оқытудың әдістері:
-Науқастың төсек жанында кіші топпен жұмыс істеу.
6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша
7) Бақылау ( сұрақтар, тесттер, есептер)
Сұрақтар:
-
Қорқынышты қозу, іштей қобалжудың негізгі себебі?
-
Эпилепсия мен шизофренияның клиникалық айырмашылығы.
-
Кенеттен пайда болған ойлар және шынайы емес объектіні қабылдау неге алып келеді?
Тесттер:
1. Cенестопатияға тән:
а) полиморфизмнің байқалуы
б) сезімтал мінездің әртүрлілігі
в) сезімтал топографияның әртүрлілігі
г) ауырлау эффективті компонент
2. Галлюцинации – бұл:
а) қателескен талқылау,түзеуге жатпайды
б) шынайы объектілерді дұрыс емес қабылдау
в) кенеттен пайда болған ойлар
г) шынайы емес объектіні қабылдау
3. Сезімтал жағдайлар көрінуі мүмкін:
а) сезімтал ойлар - обсессия
б) сезімтал қорқыныш - фобия
в) сезімтал іс-әрекет - компульсия
г) сезімтал түс көру - түсфобия
4. Бейне сезімталдың клиникалық көрінісі:
а) шартсыз қарсы келу
б) шектен тыс қарым қатынас
в) қорқынышты қозу, іштей қобалжу
г) болған жайыттармен күресуге талпыныс
5. Келтірілген мінездемелерден сандырақ ойларға жататын:
а) пайда болудың негізгі ауырлығы
б) шыншыл екендеріне сендіру
в) психологиялық түзетуге көнбейді
г) бір нәрсені қайталай береді
6. Дисфория – бұл:
а) депрессия кезінде төмен көңіл күйді жасыру
б) көңіл күйдің тұрақсыздығы
в) көңіл күйдің төмен болуы
г) ашулы, қозғыш көңіл күй
7. Ауыр депрессияға тән:
а) депресситі ступор
б) "ашық мінез " синдромы
в) анестетикалық депрессия
г) ұйқышылдық
8. Корсаковский синдромындағы клиника:
а) фиксациялық амнезия
б) парамнезия
в) мезгіл мен мекеннің дезориентировкасы
г) айналаны иллюзорлы қабылдау
9. Ақыл естің төмендеуіне жатады:
а) делирия
б) парафрения
в) онейроид
г) кома
10. Кататоникалық синдромның клиникадағы көрінісі:
а) ішімдік
б) қанішер-депрессивті психоз
в) эпилепсия
г) шизофрения
ЕСЕП № 1
47 жаста, психиатриялық ауруханаға қозу күйінде жеткізілді. Өзімен жасты күйеуіне кәрісің және оған тұрмысқа шыққанына өкінгендігін, бухгалтер мамандығы болғанына өкініп айқайлауда. Оның ойынша ол телевиденияда өлең салып, би билеп жүру керек. Медбикелерге көмек көрсеткісі келеді, қозу үстіндегі науқасты орап тастауға.
Тапсырма: Сіздің диагнозыңыз. Емдеу жоспарыңыз.
ЕСЕП № 2
Науқас 56 жаста ,соңғы 2 жылда есте сақтау қабілетінің төмендеуіне . Сұрақтарға дұрыс кейде дұрыс емес жауап береді, яғни түскен аурухананы , ағымдағы жыл мен айды дұрыс айтты , алайда бүгін қаншасы екенін есіне түсіре алмады. 3 күннен соң әпкесіне шағымданды: науқастың біреуі оның мұрын сүлгісін ұрлап алды деп. Сөйлемдерінің ұйқасы жоқ . Халатты дұрыс түймеленбеген.
Тапсырма: Сіздің диагнозыңыз. Емдеу жоспарыңыз.
1) ТАҚЫРЫБЫ №11: Тері аурулары. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы. Терапиясы және алдын алуы.
2) САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Студентерді сұрау әдістерінің тәртібімен, негізгі шағымдарымен оның сипатын, аурудың өмірі тарихы мен анамнезін анықтауын үйрету. Науқасты жалпы қараудың дұрыс, ретімен жүргізуге үйрету. Тері аурулардың негізгі себептерін білу. Аурудың этиология және патогенезін анықтау. Тері аурулардың дамуның қауыпты факторларының алдыналу, көмек көрсету.
3) ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
Студент білуі тиісті:
-
Тері аурулары бар науқастарды физикалық зерттеу әдістерін;
-
Тері ауруларының этиологиясын, патогенезін;
-
Тері ауруларының симптомдары мен синдромдарын;
-
Тері ауруларының негізгі лабораториялық-аспаптық диагностикалық әдістерін;
Студент істеуге тиісті:
-
Тері аурулары бар науқастарды сұрау, қарау, пальпациялау, диференцация жүргізуге;
-
Тері аурулары бар науқастардың лабораториялық-аспаптық көрсеткіштерін интерпретация жасау;
4) ТАҚЫРЫП БОЙЫНША НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР:
-
Тері аурулары бар науқастарды сұрау тәртібі.
-
Тері аурулары бар науқастарды жалпы қарау әдісі.
-
Тері ауруларының клиникалық көріністері.
-
Тері ауруларының жіктемесі.
-
Тері ауруларының диагностикалық әдістері.
-
Тері ауруларының қоздырғыштары.
-
Аурудың ағымы мен асқынулары.
5) БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ: Кіші топтарда жұмыс
6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша
7) БАҚЫЛАУ( сұрақтар, тесттер, есептер)
СҰРАҚТАР:
1. Жыныс жолдарымен жұғатын аурулардың жұғу жолдарын атаңыз?
2. ЖЖЖА негізгі клиникалық критерилерін атаңыз?
3. Гонорея, сифилис, трихомониаз қоздырғыштарын атаңыз?
4. Жыныс жолдарымен жұғатын аурулардың қандай түрлерін білесіз?
5. Жыныс жолдарымен жұғатын аурулардың алдан алу шараларын білесіздер?
ТЕСТТЕР:
1. Үшіншілік сифилисте жиі қандай ішкі ағзаның зақымдануы кездеседі?
а) нефросклероз
б) орхит
в) бауыр циррозы
г) мезаортит
д) энтерит
2. Аортаның шықпалы бөлімінің аневризмасы бар науқаста бірінші кезекте қандай ауруды ойлау керек?
а) қан ауруы
б) туберкулез
в) ревматизм
г) сифилис
д) қызыл жиегі
3. Гонореяның қоздырғышы – гонококк – жатады
а) грам-оң жұп кокктарға
б) грам-вариабелді жұп кокктарға
в) грам-теріс жұп кокктарға
г) грам-теріс коккобацилларға
д) грам-вариабелді коккобациларға
4. Гонореялы-хламидиялы-уреаплазмалық инфекцияларға тексерудің көрсеткіші болып біреуінен басқасының барлығы жатады:
а) бедеулік
б) жүктілік патологиясы
в) кіші жамбас ағзаларының созылмалы қабыну аурулары
г) қалқанша безінің аурулары
д) менструалды циклдың бұзылыстары
5. Көз гонореясының клиникалық симптомдарына біріеуінен басқасының барлығы жатады:
а) қабақтың ісіктері
б) жарықтан қорқу, ірің ағу
в) конъюнктиваның гиперемиясы
г) экзофтальм
д) роговой қабықтың жайылмалы жаралары
ЕСЕП № 1
1. Тері – венерологиялық диспансерге алдын алу қаралуға әйел келді. Венеролог дәрігер жағындыны алып екі әйнекке жағып лабороторияға жіберді, жағындының біреуін Грам бойынша бояап, екіншісін көкшіл-метиленмен боялды.Микроскопиялық сурет бойынша «Гонорея» : диагнозы қойылды.
Тапсырма:
Гонорея қоздырғышын атаңыз?
Инфекцияның жұғу жолдары?
1) ТАҚЫРЫБЫ №12: Венерологиялық аурулар. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы. Терапиясы және алдын алуы.
2) САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Студенттерді сұрау әдістерінің тәртібімен, негізгі шағымдарымен оның сипатын, аурудың өмірі тарихы мен анамнезін анықтауын үйрету. Науқасты жалпы қараудың дұрыс, ретімен жүргізуге үйрету. Венерологиялык аурулардың негізгі себептерін білу. Аурудың этиология және патогенезін сұрақтары.Венерологиялык аурулардың дамуның қауыпты факторларының алдыналу, көмек көрсету.
3) ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
Студент білуі тиісті:
-
Венерологиялык ауруларды бар науқастарды физикалық зерттеу әдістерін;
-
Венерологиялык аурулардың этиологиясын, патогенезін;
-
Венерологиялык аурулардың симптомдары мен синдромдарын;
-
Венерологиялык аурулардың негізгі лабораториялық-аспаптық диагностикалық әдістерін;
Студент істеуге тиісті:
-
Венерологиялык ауруларды бар науқастарды сұрау, қарау, пальпациялау, диференцация жүргізуге;
-
Венерологиялык аурулары бар науқастардың лабораториялық-аспаптық көрсеткіштерін интерпретациялау ;
4) ТАҚЫРЫП БОЙЫНША НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР:
-
Венерологиялык ауруларды бар науқастарды сұрау тәртібі.
-
Венерологиялык ауруларды бар науқастарды жалпы қарау әдісі.
-
Венерологиялык аурулардың клиникалық көріністері.
-
Венерологиялык аурулардың жіктемесі.
-
Венерологиялык аурулардың диагностикалық әдістері.
-
Венерологиялык аурулардың қоздырғыштары.
-
Аурудың ағымы мен асқынулары.
5) БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ: Кіші топтарда жұмыс
6) Ұсынылған әдебиеттер: негізгі және қосымша
Орыс тілінде
Негізгі:
1. Гребенев А.А. Пропедевтика внутренних болезней, М., Медицина, 2001г.
2. Маколкин В.И., Овчаренко С.И. Внутренние болезни. М., Медицина, 1999г.
3. Комарова Ф.И. Внутренние болезни, М., Медицина, 1991г.
4. Комаров Ф.И. «Диагностика и лечение внутренних болезней», Том 1-2. М. 2000г.
5. Жаманкулов К.А. Внутренние болезни. Алматы. 2006.
6. Методические разработки по пропедевтике внутренних болезней под ред. Б.Н. Айтмембетова. Алматы 1989 г.
7. Буянов В.М. Первая медицинская помощь. М. Медицина 1986г.
8. Н.И. Федюков «Внутренние болезни» Ростов-на-Дону 2001г.
9. Султанов В.К. Исследование объективного статуса больного. Санкт-Петербург 1996г.
10.Мухин Н.А., Моисеев В.С. Основы клинической диагностики внутренних болезней. М. 1997г.
Қосымша:
1. Фрида М., Райнс С. «Кардиология в таблицах и схемах», Москва, 2004.
2. Виноградов А.В. «Дифференциальный диагноз внутренних болезней», Москва, 2001.
3. Окороков А.Н.«Диагностика болезней внутренних органов», Минск, Том 1-4 2003г.
4. Окороков А.Н. «Лечение болезней внутренних органов», Минск, Том 1-3. 2003г.
5.Чучалин А.Г. Бронхиальная астма. М., 1997
6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2003.-870с.
7. Шелагуров А. Пропедевтика внутренних болезней. М. Медицина 1989.
8. Айтбембетов Б.Н., Айтмуханова Л.М., Ермуханбетова Т.К. Клинические задачи по пропедевтике внутренних болезней. Алматы. 1988г.
9. Никитин А.В., Гусманов В.А. непосредственное исследование больного с основами синдромной диагностики 1995г.
10. Внутренние болезни. Полный справочник. М., 2003г.
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. Алматы. 2005.
2. Жаманкулов К.А. Iшкi аурулар пропедевтикасы. I-II болiм. Актобе 1992 ж.
3. Қалимурзина Б.С. Ішкі аурулар. Алматы. 2006.
4. Сейсембеков Т.З. Iшкi аурулар пропедевтикасы. 1997 ж. Алматы.
Қосымша:
1. Қаражанова Л.К. Ішкі аурулар семиотикасы негіздері, Семей. 2007.
2. Жаманқұлов Қ. А. Ішкі аурулар. Алматы, 2007.
3. Қаражанова Л.К., Мусина А.А., Карибаев Қ.Р. Дәнекер тіннің диффузды аурулары. Семей, 2000.
7) БАҚЫЛАУ( сұрақтар, тесттер, есептер)
СҰРАҚТАР:
1. Венерологиялык аурулардың жұғу жолдарын атаңыз?
2. Гонорея, сифилис, трихомониаз қоздырғыштарын атаңыз?
3. Венерологиялык аурулардың қандай түрлерін білесіз?
4. Венерологиялык аурулардың алдан алу шараларын білесіздер?
ТЕСТТЕР:
1. Жыныс жолдарымен жұғатын аурулардың инфекциясына біреуінен басқасының барлығы жатады:
а) гонорея
б) сифилис
в) хламидиоз
г) микоплазмоз
д) шигеллалар
2. Гонореяның инкубациялық кезеңіні ұзақтығы қанша?
а) 3-7 күн
б) 2-3 апта
в) 1 ай
г) 10 күн
д) 20 күн
Трихомониаздың қоздырғышына жатады –
а) Neisseria gonorrhoeae.
б) Trichomonas vaginalis.
в) virus Human Papilloma.
г) Mycoplasma genitalium
д) Ureaplasma urealyticum
Сифилистің қоздырғышына жатады –
а) бозғылт трепонема
б) гонококк микробы
в) қарапайым герпес вирусы
г) трахоматис хламидиясы
д) қынаптық трихомонада
Жыныс жолдарымен жұғатын ауруларының белгілеріне біреуінен басқасының барлығы жатады:
а) жыныс мүшелерінің аймағының қышынуы және ашуы
б) жиі, ауырсынумен зәр шығару
в) патологиялық, иіспен жыныс ағзаларынан бөліндінің бөлінуі
г) көтеншік пен жыныс ағзалары аймағының қызаруы
д) дене салмағының артуы
Хламидиоздың қоздырғышына болып –
а) Neisseria gonorrhoeae.
б) Trichomonas vaginalis.
в) virus Human Papilloma.
г) Mycoplasma genitalium
д) Chlamydia trachomatis
ЕСЕП № 1
Науқастың денесінің терісінде көптеген майда розеолезды ашық қызыл түсті бөрпелермен алақаны мен табанының терісінде майда папулар бар. Айқын полиаденит, жыныс мүшелерінде қатты шанкрдың қалдықтары бар. Қандай диагноз қоюға болады?
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Терапия бакалавриат кафедрасы
Мамандық: 051102 « Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пән: Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы
СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР
КУРС : 3
ШЫМКЕНТ, 2013 ж.
Кафедра мәжiлiсiнде талқыланған
№_______хаттамасы _________2013ж.
Кафедра меңгерушiсi
м.ғ.д., проф. Бекмурзаева Э.Қ.________
1) Тақырып: № 1. Туберкулездің терапиясы және алдын алуы.
2) Мақсаты: Өкпе туберкулезін алдын алуды оқыту.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру
-
тест тапсырмаларын шешу
-
берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру
4) Орындау түрі: Презентация, интеллект-карта, «Кейс-стади», Постерлі баяндама,тақырып бойынша эссе ,кластерлер, тақырып бойынша Глоссарий ж/е т.б.
5) СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):
1. Презентация – өз бетінше орындалуы керек, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және кемінде 5 әдебиет көзі болуы керек. Слайдтар мазмұнды және көркемді болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялауы қажет, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеуі керек. Слайдтардың мазмұны толық және көркем, тақырып бойынша өз ойымен интегрирленген мәлімет болуы керек.
2. Интеллект карта және буклет жинақы орындалған және белгіленген уақытында өткізілген болуы керек. Өз бетінше кемінде 5 әдебиет қолданылуы керек. Сызбалар, кестелер және суреттер болуы керек.
3.Студенттердің жеке сұхбатының жазбасы және, немесе дәрігердің пациентпен сұхбатының видеоаудио таспасын таңдау.
4.Меңгерген тәжірибелік дағдылары жазылған күнделік арнау
5.Әр тақырып бойынша өзінің индивидуалды ой қатынасын суреттеу
6.Рөлдік ойындар қою
Терапия бакалавриат кафедрасында 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 3.08.389-2006 негізінде өңделген
1.
|
Презентация тақырыбы
|
Өте жақсы
|
Презентация – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды және көркемді. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша тереңірек білімін демонстрациялады, талқылауда сұрақтарға жауап бергенде қателіктер жібермеді.
|
|
|
Жақсы
|
Презентация – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды және көркемді. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша жақсы білімін демонстрациялад. Сұрақтарға жауап бергенде өзі қайта түзеген тиянақты емес қателіктер жіберді.
|
|
|
Қанаңат
Танар
лық
|
Презентация – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды емес. Қорғау кезінде автор сұрақтарға жауап бергенде тиянақты қателіктер жіберді.
|
|
|
Қанағат
танарлықсыз
|
Презентация – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, көлемі кемінде 20 слайд және 5 әдебиет бар. Слайдтар мазмұнды емес. Қорғау кезінде автор сұрақтарға жауап бергенде қатаң қателіктер жіберді. Өзінің құралдарын пайымдай алмайды.
|
2.
|
Интеллект карталар, кейс-стади және буклеттер дайындау және қорғау
|
Өте жақсы
|
Интеллект карталар, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде материалды оқымай айтып берді. Қойылған барлық сұрақтарға сенімді және қателіксіз жауап берді.
|
|
|
Жақсы
|
Интеллект карталар, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде материалды оқымай айтып берді. Қойылған барлық сұрақтарға жауап бергенде тиянақты емес қателіктер жіберді.
|
|
|
Қанағат
танар
лық
|
Интеллект карталар, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде тақырыпты оқыды. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде тиянақты қателіктер жіберді.
|
|
|
Қанағат
танар
лықсыз
|
Интеллект карталар, кейс-стади және буклет – өз бетінше орындалған, белгіленген уақытта, кемінде 5 әдебиет қолданған. Тақырыпқа сай сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Қорғау кезінде тақырыпты оқып берді. Қойылған сұрақтарға қатаң қателіктер жіберді, өзінің құралдарын пайымдай алмады.
|
3.
|
Тестілік тапсырмаларды орындау
|
Өте жақсы
|
Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап варианттары біртипті және адекватты. Жауап алгоритмі бар. Дұрыс жауаптар анық белгіленген.
|
|
|
Жақсы
|
Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап варианттары біртипті және адекватты. Жауап алгоритмі бар. Дұрыс жауаптардың барлығы анық белгіленген.
|
|
|
Қанаға
танар
лық
|
Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізді, сұрақ анық қойылған. Жауап варианттары біртипті емес. Жауап алгоритмі бар. Дұрыс жауаптардың барлығы анық белгіленбеген.
|
|
|
Қанағат
танарлықсыз
|
Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытында тапсырылған. Тесттің мазмұны негізсіз, сұрақ анық қойылмаған. Жауап варианттары біртипті емес. Жауап алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптардың 50% қате жауап берген.
|
6) Тапсыру мерзімі: 1-ші апта.
7) Әдебиет: негізгі және қосымша
8) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер).
Сұрақтары:
-
Туберкулездің этиологиясын атаңыз.
-
Өкпе туберкулезіне тән қандай белгілерді білесіздер?
-
Өкпе туберкулезінің қандай түрлерін білесіздер?
Тесттер:
1~ Туберкулин – бұл
-
туберкулездің өлтірілген микобактериясы
-
туберкулездің микробиологиялық өмір сүру өнімі
-
ТМБ – патогендік дақылы
-
ТМБ тірі әлсіретілген дақылы
-
ТМБ әр түрлді штампының ерітіндісі
2~ Теріастылық Кох сынамасы не үшін жасалады:
-
туберкулезді ерте алдын алу үшін
-
емдеу үшін
-
дифференциальды диагностика үшін
-
туберкулезді алдын алу үшін
-
БЦЖ ревакцинациясы үшін контигенттілікті таңдау
3~ Манту сынамасын жасаған соң фтизиатрға жолдама берудің мына жағдайда қажеті жоқ
-
теріс нәтиже
-
вираж
-
гипераллергиялық реакция
-
ұлғайған сынама
-
везикула- некротикалық өзгерістер
4~ Манту сынамасын жасау мақсаты:
-
ағзалардың ТМБ-мен инфицирленуін анықтау
-
туберкулез диагностикасы
-
туберкулезга қарсы иммунитетті жасау
-
БЦЖ реакциясын бақылау
-
диспансерлік бақылау
5~ Егер Манту сынамасы оң мәнді -папула 12 мм болса, онда бұл бала
-
міндетті түрде ауру
-
дені сау
-
тек инфицирленген
-
инфицирленген немесе ауру болуы мүмкін
-
вакциналық аллергиямен
6~ Вакцина дегенiмiз, бұл-... .
-
тiрi әлсiзденген туберкулез микобактериясы
-
туберкулез микобактериясы өмiр сүру ортасының жуындысы
-
өлi туберкулез микобактериясы
-
ТМБ културасының сұзiндiсi
-
туберкулез микобактериясының патогендi культурасы
7~ ДОТС стратегиясы бойынша балаларға ... БЦЖ вакцинациясы жүргiзiледi.
-
туылғанда ғана
-
вакцинация жасалынбайды
-
туылғанда және 1 рет ревакцинация жасалынады
-
туылғанда және 2 рет ревакцинация жасалынады
-
туылғанда және әр 5-7 жылда 30 жасқа дейiн ревакцинация жасалынады
8~ БЦЖ вакцинациясы ... қолданылады.
-
туберкулезге қарсы иммунитеттi тудыруға
-
туберкуллездi емдеуге
-
әр түрлi инфекциялы аурулардан ағза қорғауына
-
туберкулездi анықтауға
-
ажыртпалы диагностика жүргiзуге
9~ Вакцинациядан кейiн жасанды иммунитет ... сақталады.
-
10 жылға
-
2-3-4 жыл аралығында
-
1-2-3 жыл аралығында
-
0-1 жыл аралығында
-
5-7 жыл аралығында
10~ Манту сынамасын жүргiзгенде туберкулин ... енгiзiледi.
-
көк тамырға
-
интратрахеалды
-
терi iшiне
-
терi үстiне
-
терi астына
11~ Бiрiншiлiк туберкулез дегенiмiз, бұл-... .
-
бiрiншi рет залалданғаннан кейiн пайда болатын ауру
-
екiншiретзалалданғаннанкейiндамитынтуберкулездi процесс
-
туберкулездi бронхоаденит жазылғаннан кейiн дамитын туберкулездi процесс
-
ошақтытуберкулезденкейiндамитынтуберкулездi процесс
-
инфильтративтi туберкулез
Есептер:
1.Науқас 32 жаста, салқын тигеннен кейін шырышты қақырық бөлінуімен жөтелге, дене қызуының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Емделмеген. Қарағанда көрінерліктей өзгерістер жоқ. Тыныс қозғалысы симметриялы. ТАЖ 20 рет мин. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Жауырынасты аймағында қатқыл тыныс, сол жерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдар анықтаңыздар?
2. Науқас 42 жаста. Тұтқыр шырышты-іріңді қақырықпен жөтелуге, ентігуге шағымданады. Жағдайының нашарлауын суық басталуымен байланыстырады. Бірнеше жылдан бері ауырады. Жиі салқын тигізіп ауырады. Қарағанда өзгерістер жоқ. Тыныс алу қозғалысы симметриялы. Дауыс дірілі өзгермеген. Перкуторлы ашық өкпелік дыбыс. Тынысы қатқыл, екі жақта да құрғақ ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі. Бронхофония өзгермеген.
А. Науқастағы негізгі клиникалық синдромдарды анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |