Жұмыс бағдарламасы пән: Кардиологиядағы, онкологиядағы және неврологиядағы реабилитация және мейірбикелік күтім. Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет139/159
Дата19.12.2022
өлшемі493.05 Kb.
#467525
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159
reabl i ses delo kz

Ситуациялық есептер:
Есеп №1.
О. есімді науқас 63-те. Ми қан айналымының жедел бұзылысына шалдыққан. Шағымдары: сөйлеуінің қиындауы, жұтынудың мүмкін болмауы. Науқас ашулы, ұйқысы бұзылған. Объективті қарағанда оң қолы және аяғының сезімталдығының бұзылуы және әлсіздігі, сілекейінің мөлшерден тыс бөлінуі.
Сұрақ:

  1. Науқастың басымды проблемасын айқындаңыз.

  2. Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз

  3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?



Есеп №2.
Науқастың жасы 47-де. Ми қан айналымының жедел бұзылысына шалдыққан. Шағымдары: сөйлеуінің қиындауы, жұтынудың мүмкін болмауы. Науқас ашулы, ұйқысы бұзылған. Объективті қарағанда оң қолы және аяғының сезімталдығының бұзылуы және әлсіздігі, сілекейінің мөлшерден тыс бөлінуі.
Сұрақ:
1. Жұтынуды бағалаудың орындалуын түсіндіріңіз.


4 – сабақ


1. Тақырыбы: БЦП-мен ауыратын науқастардағы реабилитация және мейірбикелік күтім.


2. Мақсаты: Студенттерді БЦП - мен ауыратын науқастардағы реабилитациямен таныстыру.


3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:

Студент істей білуі тиіс:

  • БЦП – мен ауыратын науқаста өз денесінің схемасы жайлы түсінік қалыптастыруды;

  • БЦП – мен ауыратын науқаста айналасы жайлы түсінік қалыптастыруды;

  • БЦП – мен ауыратын науқаста сипап сезу сезімін қалыптастыруды;

  • БЦП – мен ауыратын науқаста түстерді ажыратуды үйретуді;



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. БЦП емдеудің жалпы принциптері

  2. Гросс тренажерының әсер ету механизмі және оны қолдану

  3. «Сенсорлы бөлме» комплексінің әсер ету механизмі және оны қолдану

  4. Иппотерапияның әсер ету механизмі және оны қолдану

  5. Дельфинотерапияның әсер ету механизмі және оны қолдану

  6. БЦП – мен ауыратын науқастарды оңалтудағы Су-Джок акупунктура

  7. БЦП – мен ауыратын науқастарды оңалтуда цветотерапияны қолдану





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет