Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет17/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
med is neg 2k kz (1)

Ситуациялық есептер:

  1. Қабылдау бөліміне ыстығы шыққан үш жасар баланы алып келді, баланың ыстығы көтерілген, жағдайы орташа ауырлықта. Балаға дәрігер ыстығын түсіретін дәрі берді. Бала қолында шприці бар мейірбикені көргенде қорыққаннан айқайлап жылады. Бұл кезде мейірбике не істеу керек?

  2. Кардиология бөлімінде жатқан 72 жастағы қария науқас ауруының қауіпті екеніне қарамастан, мен бәрібір емделмеймін «өлімім» жеткен көрінеді деп мейірбикенің манипуляцияларынан бас тартты. Бұл кезде мейірбике науқасқа қандай көмек көрсету керек?



12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1, 1 - бөлім , 3 -12 бет


2 – cабақ

  1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық мекемелердің негізгі түрлері.

  2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

  3. Сабақ түрі: теориялық

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды ЕСҰ негізгі типтерімен таныстыру

  • тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын ЕСҰ шарттарына тәрбиелеу.

  • дамыту: кез – келген медициналық ұйымдардың түрін ажырата білуді үйрету

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлме.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет