Кәсіптік міндеттері:
Науқастардың ауруының алдын алу, емдеу диагностикалау шараларын жүргізуге;
Халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайы туралы деректерді жинауға;
Біздің елде және шет елде халықтың денсаулығын қорғаудың даму болашағына қатысуға;
Халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғаудың қағидасын, негізгі қолданылатын медициналық жабдықтардың, құжаттардың мазмұнын білуге;
Медициналық этика мен деонтологияны , денсаулықты алдын ала сақтаудың негізгі жағдайларын білуге
Халықты диспансерлеуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруын білуге міндетті.
Мейірбике маманының міндеттері:
Науқастарды күте білуі;
Балалардың, қартайған кісілердің үйінде, емханадағы жағдайына баға бере білуі және оларды бақылап, күтіп, керек болған кезде дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу;
Жасанды реанимациялық іс-шаралардың әдістерін қолдана білу;
Күрделі манипуляцияларды орындай білу;
Дәрігерге ассистенттік көмек көрсетуді білу;
Науқастарды және емдеу диагностикалық процедураға қажет аспаптарды әзірлей білу;
Анализдерді талдай білу;
Халықтың санитарлық-эпидемиялық ережелерді орындауын қамтамасыз ету;
Құрал-жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыру, дезинфекциялауды білу;
Медициналық құжаттарды толтыру;
Медициналық этика мен деонтологиялық ережелерді орындай білу.
Орта буынды медицина қызметкерлері өз жұмысында, тек қана моральдық жауаптан басқа, заң алдында да жауап береді, мысалы, дәрігерлік құпияны жариялағаны үшін, құрамында наркотик бар дәрілерді ұрлағаны немесе сатқаны үшін керек жерде медициналық көмек көрсетпегені үшін және т.б.
11. Жаңа сабақты бекіту. 9 мин (10%)
Мейірбикеге қойылатын талаптар мен негізгі міндеттерді бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |