Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет26/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80
med is neg 2k kz (1)

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР.



  1. Науқас 44 жаста. Ауырғаннан соң 3-күні жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, аздап басының ауыратынына, тыныс алудың қиындағанына, көзі көрудің нашарлағанына шағымданып ауруханаға түсті. Үй жағдайында маринатталып консервіленген саңырауқұлақ жеген.

Қарап тексергенде: дене қызуы 38 градус, жалпы жағдайы өте нашар, қимылсыз, ес - түсі қалыпта. Анық байқалатыны – жоғарғы қабағының түсіп кетуі, жеңіл анизокерия, даусының мыңқылдауы анық байқалады, жұтуы қиындаған. Бұл қандай ауру?

2. Бір жасар баланы үйінде қарап тексергенде мейірбике оның дене қызуының 39,2 градусқа дейін көтерілгенін байқады. Балаға дәрігерге дейінгі көмек көрсеткенде қандай манипуляцияны істеуге болады?




12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1, 1- бөлім , 173 – 183 бет


4 - сабақ


1. Сабақтың тақырыбы: Ауруханалық жұқпаның пайда болу себептері және эпидемиологиясы
2. Сағат саны: 2 (90 мин -100%)
3. Сабақ түрі: теориялық
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларға ауруханалық жұқпаның пайда болу себептері және эпидемиологиясымен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын аурухана ішінің шарттарына, оның тазалығы бұзылу кезінде этика деонтология заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: Ауруханалық жұқпаның пайда болуының алдын алу үшін қажетті іс – шараларды қолдана білу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас
6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет