Диета 10.
Белгілеуге қолданылатын кезі; жүрек- қан тамыры жүйесінің аурулары, а) 1 дәрежелі қан айналымы - қан айналымы жеткіліксіз кездегі және алмасу кезендегі жүректің ревматикалық ақауы; б) 1 және 2 дәрежелі гипертониялық аурулар. Нерв жүйесінің аурулары. Созылмалы нефрит жэне несеп тұнбасының өзгерістері бар пиелонефрит, жедел және созылмалы пиелит. Белгілеудің мақсаты; қан айналымына неғұрлым қолайлы жағдай жасау нерв жүйесін қоздыратын заттарды болдырмау, азоттық заттардың шығуын жақсарту және несеп шығаратын жолдарды тітіркендіретін тағамдарды қолданбау.
Жалпы сипаттамасы; ас тұзы шектелген (5-6 г), азот экстрактивті заттар мен тұздар қолданбайды. Ішектің қызметін реттейтін тағамдар, құнарлы өсімдік клеткасы бар көкөніс, жеміс- жидек, сондай-ақ кебекті ақ және қара бидай наны енгізіледі. Механикалық өңдеуді ептеп пайдалана отырып өңдейді.
Калориясы мен құрамы ; 80 г белок, 67-70 г май, 350-400 г көмір сутегі, 2500-2800 калорий.
Тамақтану режимі; күніне шақтап тамақтанады, кешкі тамақты ұйқыдан 3 сағат бүрын ішеді. Жүрек- қан тамыры жүйесімен ауыратындарға көп су ішуге болмайды. Сүйықтық 1000-1200 мл дейін шектеледі.
Диета 11.
Белгілеудің қолданылатын кезі; егер басқа ішкі мүшелерінің аурулары болмаса, өкпе туберкулезінің асқынған, басылған немесе созылмалы кезеңінде.
Белгілеудің мақсаты; организімнің туберкулез инфекциясына қарсылығын арттыруға көмектесу. Сырқаттың жалпы тамақтануын жақсарту және витаминдер қорын жинауға көмектесу.
Жалпы сипаттамасы; витамині мен белогы көп май мен көмір сутегі шағындап көбейтілген калориялы диета. Кальциі мол сүт тағамдары жеткілікті мөлшерде. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі. Татымдықтар рұқсат етіледі. Аспаздық өңдеуі әдеттегідей, онда азот экстрактивті заттары сақталған.
Калориясы мен қүрамы; 120-140 г белок, 100-200 г май, 500-550 г сутегу, 3800-4000 калорий. Витаминдер мол мөлшерде.
Тамақтану режимі; күніне 4-5 мәрте тамақтанады.
Диета 13.
Белгілеудің қолданылатын кезі; инфекциялық аурулар жедел, қызбалы кезеңдерде, баспалар, құрт тәрізді соқыр ішек өскінін алып тасталғаннан кейінгі 2-3 күндегі асқазанның бір бөлігін кесіп тастаған соң көрсетулер бойынша 8-9 күннен кейін.
Белгілеудің мақсаты; сырқаттың температурасы көтерілген қызба кезеңінде жөне операциядан кейін күш- қуатын жинауга көмектесу, қарын-ішек жолын сақтау.
Жалпы сипаттамасы; белоктың төменгі физиологиялық нормада болуы, май, көмір сутегі мен калориясын шамалап шектеу. Қызуы қатвд сырқаггарга витамин қосқан сусьш, көп мөлшерде сұйық беру. Асраздық өндеуі; тағамды үгіп, немесе тартып береді, химиялық тітіркендіргіштері шағын болуы тиіс.
Калориясы мен қүрамы; 70-80 г белок, 70 г май, 300 г көмір сутегі, 22ООк калорий . Көп мөлшерде С және басқа витаминдер.
14 диета
Белгілеудің қолданылатын кезі; несепті сілтілі реакция бар және фосфорлы калий тұзының шөгіндісі түзетін фосфатурия.
Жалпы сипаттамасы; диетаға несеп реакцияны қышкыл етіп өзгертуге көмектесетін тағамдар енгізу. Кальцийге бай сут, ірімшік, сыр және сілтілендіретін өсері бар тағамдар қолданылмайды. Сұйықтық жалпы мөлшері 5-2 л. Аспаздық өңдеуі өдеттегідей.
Калориясы мен құрамы; 80-100 г белок, 100 г май, 400 г көмір сутегі, 2800 калорий.
Тамақтану режимі; күніне 4—5 мәрте тамақтанады.
Достарыңызбен бөлісу: |