Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет68/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
med is neg 2k kz (1)

Тамақтану тәртібі
Емдеу мекемелерінде 4рет тамақтандырады. Асқазан, ішек, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары 5-6 рет тамақтанады.
Диета 1
Белгілеудің қолданылатын кезі: ішкі ірінді жара ауруларының асқынуы басылған кезде, тыртықтаньш біткен кезде, сондай-ақ ауру бетінің қайтуы кезінде 2-3 ай бойы, гастриггың асқыну кезеңіндегі жоғары секрециясы.
Белгілеудін мақсяты:
Химялық тітіркендіргіштерді болдырмай және механикалық тітіргендіргіштерді шектей отырып , асқазан мен ұлтабарды сақтау, жараның тыртықтанып бітуіне мүмкіндік беру.
Жалпы сипаттамасы: асқазан сөлін қоздырғыш заттарды болдырмау. Тағамды көбінесе ұнтақтап пісірілген немесе буланған күйде береді. Калориясы қалыпты және А мен С витаминдері көп белок, май мен көмірсутегі біркелкі болып келген қалыпты диета.
Калориясы мен қүрамы: ЮОг май, ІООг белок , 400г көмірсутегі, ЗОООг калорий.
Тамақтану режимі: күніне 6 рет тамақтану , ұйықтау алдында сүт немесе кілегей , айран ішу.
Днета 2
Белгілеудін қолданынатын кезі: қатпа (іш қату)
Белгілеудін мақсаты; перисталтиканы (қуыс мүшелерін созылып , жиырылуы) күшейту, ішті босатуды реттеу.
Жалпы сипаттамасы; диетада өсімдік клеткасына бай және ішектің қызметін күшейтетін тағамдардың мөлшерін көбейту. Минералды суларды жиі пайдалану. Калориясы мен құрамы ІООг белок , ЮОг май, 450г көмірсутегі, 3500 калорий. Ас түзы көбірек(25г).
Тамақтану режимі; күніне 4-5 рет тамақтану, түнге қарай айран , қара өрік, қызылша беріледі.
Диета 3
Белгілеудің қолданылатын кезі; секрециялық кемшілігі бар созылмалы гастрит. Асқынбаған созылмалы энтероколит(тоқ ішек пен аш ішектің кабынуы.) Шайнау аппараты қызметінің бұзылуы. Операциядан және жедел инфекциядан сауығу кезінде , сондай-ак асқазан-ішек жолын сақтау қажеттілігі көрсетілген басқада жағдайларда .
Белгілеудің мақсаты; асқазан мен ішектің секрециялық және қозғалыс қызметін келтіруге жәрдемдесу, асқазан ішек жолын механикалык сақтау. Жалпы сипатгамасы; экстракт заттар және асқазан сөлін бөлуге жөрдемдесетін , бірақ қарынның шырышты қабығын тітіркендірмейтін басқа да заттарын сақтайтын физиологиялық толық жарамды диета. Құнарсыз дәнекер ет пен өсімдік клеткасы тағамдарды көбіне ұнтақталған тұрде береді. Калориясы мен құрамы ; 80-100г белок, 80-100г май, 400г көмірсутегі, ЗОООг калорйи , ЮОмг С витаминдері( көбірек). Тамақтану режимі; кұніне 4-5 рет тамақтанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет