Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет12/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

215. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Полиэфирлі, эпоксидті, фенолформальдегидті және басқа қара май негізінде байластырушыларды дайындаудың барлық схемаларындағы технологиялық процесті жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері арқылы қызмет көрсететін учаскенің барлық кезеңдерінде рецептура мен режимге сәйкес байластырғышты алудың технологиялық процесін ретту және бақылау. Дайын өнімді түсіру және жартылай фабрикаттар мен шикізаттарды, тиеу, мөлшерлеу процесін реттеу. Қажетті материалдарды және дайын өнімнің шығуын есептеу. Технологиялық режим нормасынан ауытқу себептерінің алдын алу және оларды жою, құрал-жабдықтың істен шығуын болдырмау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың күрделі емес жөндеу және жапсырма жұмыстары.Талдау жүргізу.

Білуі тиіс: байластырушылар өндірісінің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құралдардың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; шикізат пен жартылай фабрикаттардың, майлағыш және басқа көмекші материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; процестерді реттеудің ережелерін, технологиялық режимді және технологиялық процестің мәнін; талдау жүргізу әдістемесін.


216. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыға басшылық етумен басқаруымен полиэфирді фенолформальдегидті, эпоксидті қара май негізінде байластырғышты дайындаудың барлық схемасы бойынша технологиялық процесті жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Құрал- жабдықтардың жұмысын, бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Негізгі және көмекші құралдарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі қажет: байластыратын өндірістің технологиялық сызбаларын; бақылау- өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың қызмет көрсету ережелерін және құрылымдық ерекшеліктерін; коммуникациялар және арматура сызбасын; жартылай фабрикаттың, шикізаттың, майлайтын және басқа да қосымша материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық процесті, процестерді реттеудің ережелерін және технологиялық режимін.


217. Химиялық ерітінділерді дайындау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Берілген рецепт бойынша антинакипин дайындау немесе анағұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен химиялық ерітінділерді дайындау кезінде бөлек операцияларды орындау. Шикізатты дайындау мен тиеу. Аппараттарға еріткіш жіберу. Берілген рецепт бойынша ерітінділерді құрастыру. Ерітінділерді одан әрі өңдеуге тапсыру. Құрал-жабдықты тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: ерітінділерді дайындау процесінің негізін, құрылғыны, негізгі және көмекші құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың сызбасын; сынамалар алу ережесін.


218. Химиялық ерітінділерді дайындау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық регламенттерге сәйкес жай заттардың екікомпонентті немесе көпкомпонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу; күрделі көпкомпонентті ерітінділерді немесе қатаң технологиялық параметрлерін сақтау мен компоненттердің дәл мөлшерін талап ететін ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесі кезінде анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басқаруымен бөлек операцияларды орындау. Шикізатты ерітуге дайындау; оны қоспалардан тазарту, ұсақтау, мөлшерлеу. Аппаратты шикізатпен қамтамасыз ету, еріткіш жіберу, қыздырып немесе суытып араластыру. Ерітіндіні тазалау немесе одан әрі өңдеуге тапсыру. Технологиялық регламенттің сақталуын бақылау, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдаулар нәтижелері бойынша немесе көзбен ерітіндінің белгілі құрамын қолдау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерін алдын алу және жою. Сынамалар алу. Ерітуге, сорғылауға, коммуникация және және басқа құрал-жабдықтарға арналған әртүрлі конструкциялы аппараттарға қызмет көрсету. Шикізат шығынын есептеу. Жөндеуден құрал-жабдықты қабылдау. Болған жағдайда неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: өнім өндірісінің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің физикалық-химиялық негізі мен мәнісін; құрылғыларды, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың жұмыс істеу қағидасын; технологиялық режим мен процесті реттеу ережелерін; сынамалар алу ережесін; шикізат шығынын есептеу әдістемесін.


219. Химиялық ерітінділерді дайындау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық қосындылардың көпкомпонентті ерітінділерін немесе қатаң технологиялық параметрлерін сақтау мен компоненттердің дәл мөлшерін талап ететін ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Ерітіндіні тұндыру не сүзу арқылы тазарту. (Технологиялық регламентпен көзделген жағдайда – ерітіндіні бейтараптандыру, бөлінген газдарды ұстау.) Дайын өнімді қоймаға түсіру немесе оны одан әрі өңдеуге тапсыру. Аппараттарды қақтан тазарту. Процесті реттеу – шикізатты мөлшерлеу және тиеу, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері не анализдер нәтижелері бойынша ерітіндінің белгілі құрамын реттеу. Талдаулар жасау. Коммуникация жүйесіне, бақылау-өлшеу құралдары мен басқа да құрал-жабдықтарға қызмет көрсету.

Білуі тиіс: өнім өндірудің технологиялық сызбасын; құрылғыны, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарға, бақылау-өлшеу құралдарға қызмет көрсету ережелерін; қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиетін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар; технологиялық процестің мәнісін; технологиялық режим мен процесті реттеу ережесін; бақылау сынамаларын алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.


220. Эмульсияны дайындау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типтегі қоспалауыш аппараттарда– дірілдеуіш диірменмен, қоспалауыштармен, жанышқыш және бояу езгішпен полиакриламид немесе латекс эмульсиясын, нитрогрунт пен пергамин және глифталь линолеумын алғашқы бояу үшін негізгі бояу топырағын, сонымен қатар анағұрлым біліктілікті аппаратшының басқаруымен орнықты және жоғарыдисперсты эмульсияларды дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Қоспалауыш аппараттарды, сыйымдылықтарды, өлшеуіштерді, мөлшерлік құрылғыларды, саймандар мен тетіктерді жұмысқа дайындау. Берілген рецептке сәйкес құрама компонент-пигменттерді, майларды, желімді, жұмсартқыштарды, сұйылтқыштарды және толтырғыштарды мөлшерлеу мен тасып жеткізу. Қоспалауыш аппараттарға жүйелі түрде компоненттерді салу және тапсырған консистенцияның біртекті массасын алу үшін мұқият араластыру. Араласу температурасы мен жалғасу циклін реттеу. Өңдеудің белгілі технологиялық режиміне сәйкес масса беру. Технологиялық процесті көзбен немесе бақылау-өлшеу құралдармен бақылау. Сынамаларды алу, өнімнің даярлық деңгейін анықтау және сапасын бақылау. Сыйымдыққа топырақты немесе эмульсияны төгу және грунттау бөлімшесіне немесе нитролинияға тапсыру.

Білуі тиіс: оқшауланған қабаттарды қондырудың негізгі технологиялық процесін; құрылғыны, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын; құрама компоненттердің негізгі қасиеті мен олардың өзара әрекеттесуін; топырақ пен эмульсия сапасына қойылатын талаптарды; өнімнің сапасы мен даярлығын анықтау әдістемесін; коммуникациялар сызбасын; жұмысты қабылдау.

221. Эмульсияны дайындау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Орнықты және жоғарыдисперсты эмульсияларды дайындаудың технологиялық процесін жүргізу.

Шикізат дайындау, сұйықтықты қоспалардан тұндыру не сүзу арқылы тазарту; берілген рецепт бойынша компоненттерді мөлшерлеу және аппаратқа салу; араластыру. Салынды эмульсия бөлшектерін өлшемдік мөлшерге дейін қарқынды үгіту. Эмульсия тұрақтылығын жоғарылататын стабилизаторларды қосу, өнімді ыдысқа төгу және қоймаға немесе келесі технологиялық операцияға тапсыру. Реакцияның аяқталу сәтін анықтау үшін сынама алу. Талдаулар өткізу. Технологиялық режимнің сақталуын, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері не анализдер нәтижелері бойынша және жұмысшы тәжірибесі негізінде өнім сапасын бақылау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін аодын-алу және жою. Толтырып салатын компоненттерді есептеу. Эмульгаторларға, ультрадыбыстық құрылғыларға, мөлшерлі құрылғыларға, жинақтарға, қоспалауыштарға, фильтрлерге, коллоидты диірмендерге, гомогенизатор-машиналарға, элеваторларға, сорғыларға, бақылау-өлшеу құралдарға, коммуникациялар мен басқа да құрал-жабдықтарға қызмет көрсету. Дайын өнімнің шикізат шығынын есепке алу. Құрал-жабдықтарды жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: Эмульсия өндірісінің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құрылғылардың құрылысын; арматуралар мен коммуникациялардың сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскенің физикалық-химиялық негізі мен технологиялық процестің мәнісін; қолданатын компоненттердің физикалық-химиялық қасиетін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процесс кезінде ауытқулардың туындау себебі мен оларды жою ережелерін; технологиялық режимді; процесті реттеу ережелерін; есептеу әдістемесін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.

222. Эмульсияны дайындау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Компоненттердің дәл мөлшерін талап ететін көпкомпонентті эмульсияны дайындаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу және қатаң технологиялық параметрлерін сақтау. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процестерді басқару мен реттеу. Талдау мен байқау нәтижелері бойынша процесті түзету. Шикізат шығыны мен дайын өнімнің шығуын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша өнім сапасын бағалау. Бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштерін, құрал-жабдықтардың жұмысы мен жағдайын байқау. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: Эмульсия өндірісінің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтарға, бақылау-өлшеу құралдарға қызмет көрсету ережелері мен конструктивті ерекшеліктерін; арматуралар мен коммуникациялар сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскенің физикалық-химиялық негізі мен технологиялық процесін; қолданылатын компоненттердің технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімдерге қойылатын мемлекеттік стандарттар; технологиялық процесс кезінде ауытқулардың туындау себебі мен оларды жою ережелерін; технологиялық режимді; процесті реттеу ережелерін; есептеулер әдістемесін.
223. Жарық құрамын өндіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен жарық құрамын немесе олардың жартылай өңделген өнімдерін өңдеудің технологиялық процесін жүргізу (елеу, ұсақтау, шаншу, тұндыру және басқалар). Берілген есепке сәйкес аппаратқа шикізат пен материалдарды дайындау, мөлшерлеу, салу. Бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштер арқылы процесті реттеу. Сынамалар алу. Шикізат шығыны мен дайын өнімнің шығуын есепке алу. Құрал-жабдықтар жұмысында қателіктерді жою.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; құрылғыларды, негізгі және көмекші құрал-жабдықтар мен бақылау-өлшеу құрылдардың жұмыс істеу қағидасын; арматура сызбасын, қызмет көрсеткен жұмыс орнындағы коммуникацияларды; сынамалар алу ережесін; жұмысты қабылдау.


224. Жарық құрамын өндіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Көптоннажды немесе азтоннажды (тапсырыс бойынша істелген) жарық құрамын жасаудың бірнеше сатылы технологиялық процесті жүргізу. Шикізатты қабылдау мен дайындау, ерітінділерді даярлау мен тазалау, технологиялық регламенттерге сәйкес жарық құрамасын сығу, жуу, кептіру, шаншу, ұсақтау, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен анализдер нәтижелері бойынша температураны, қысымды, режимнің басқа да параметрлерін бақылау мен реттеу. Шикізатты, жартылай өңделген және дайын өнімді есепке алу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерін алдын алу және жою.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың құрылысын; арматура сызбасын, қызмет көрсетілетін учаскенің коммуникацияларын; шикізаттың, жартылай өңделген және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; процесті реттеу ережелерін; шикізат пен дайын өнімнің МемСт-ры мен техникалық шарттарын.


225. Жарық құрамын өндіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Көптоннажды немесе бірнеше (3-тен кем емес) тапсырыс бойынша жарық құрамын жасаудың технологиялық процесінің барлық деңгейде жүргізу. Қатаң белгіленген мөлшерде шикізат пен материалдарды дайындау, есептеу, салу. Жарық құрамының шихталарын жасау, тұндыру мен сұрыптау (көзбен және талдаулар нәтижелері бойынша). Жарық құрамының бөлек партияларын орташалау процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен анализдер нәтижелері бойынша режимнің белгілі параметрлерін(температураны, қысымды, вакуумды) барлық деңгейлерде бақылау мен реттеу. Реакциялық массаны тасымалдау; дайын өнімді түсіру мен ресімдеу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; құрылғыны, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың жұмыс істеу қағидасын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; шикізат пен көмекші материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімнің МемСт-рды және техникалық шарттарды; есептеудер жүргізу әдістемесін; органикалық емес және органикалық химияны.


226. Жарық құрамын өндіру аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жаңа технологияларды меңгеруге байланысты жарық құрамын жасауда күрделі химиялық процестерді жүргізу. Қолдануында ерекше жауапкершілік пен сақтықты талап ететін тез жарылғыш, тез тұтанғыш, улы және күйдіретін заттарды пайдалануымен, сонымен қатар тұрақты және радиоактивті изотоптармен таңбаланған монокристалдар мен өнімді өндірудің технологиялық процестерін жүргізу. Жарық құрамының жіктелуін, оның шихталарын, балқымалары мен активаторларын есептеу, дайындау, мөлшерлеу мен салу, фаза бойынша бақылау жасау. Технологиялық режим параметрлерін бақылау мен реттеу: температураны, рН, қысымды. Жарық құрамының партиясын қалыптастыру. Процесті тиімді жағдайларға бағыттап, өзіндік реттеу. Бақылау талдауларды жүргізу. Шикізаттың, жартылай өңделген және дайын өнімнің шығынын есепке алу. Құрал-жабдықты іске қосу, тоқтату және жұмысын бақылау. Қызмет көрсетілген өндірістік учаскеде барлық мамандықтағы жұмысшылардың жұмысын үйлестіру және басқару.

Білуі тиіс: жарық құрамын бірнеше күрделі өндірудің технологиялық сызбасы мен регламентін; люминисценцияның, химиялық реакциялардың және технологиялық процестердің физикалық-химиялық негізі мен мәнісін; азтоннажды (тапсырыс бойынша істелген) жарық құрамын жасаудың әртүрлі әдістемесі мен тәсілін; жарық құрамының жаңа маркаларын игеру; құрал-жабдыққа, бақылау-өлшеу құралға қызмет көрсету конструкциясы мен ережесін; коммуникациялар мен арматура сызбасын; шикізат пен дайын өнімнің МемСт-рды және техникалық шарттарды; бақылау талдаулар жүргізу әдістемесін.

Орта кәсіби білім қажет.

227. Спектральды-таза газдарды өндіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым таза газдарды өндіру процесін жүргізу. Мыс және кальций пештерін, адсорберді, мембрана компрессорларын, гелий мен аргонды ыдысқа бөліп құю стендты, форвакуумдық сорғыны, азот танкі мен баллондарды газға толтыру үшін қызмет көрсету. Пештерді қыздыру, кальций мен кальций пешін ауыстыру, жүйе мен баллондардан газды тартып шығару, газға толтыру мақсатында баллондарды дайындау; шаю, тазалау. Пеш температурасын, қысымын, азот ваннасына сұйық газдың құюлуын бақылау мен реттеу. Жоғары жиілікті тоқ ажыратқыш арқылы құрамында азотты анықтау үшін бақылау анализдерін өткізу. Құрал-жабдық пен коммуникация жұмысындағы қателіктерді анықтау мен жою. Қажет жағдайда – газ және газды-оттекті шілтердің жалыны үстінен шыны үрлеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсеткен учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдың құрылысын; өзінің учаскесіндегі арматура мен коммуникациялар сызбасын; температура, қысым, вакуум параметрлерінің шекті мүмкіндігін; шикізаттың, өнім мен көмекші материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
228. Химиялық реактивтерді өндіру аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары біліктіктілікті аппаратшысының басқаруымен өндірістік учаскеде технологиялық процестің бөлек операцияларын орындау. Аппараттарға шикізатты дайындау және тиеу. Өнімді түсіру мен тасымалдау. Құрал-жабдықты тазалау. Бастапқы заттардың өзгеруіне байланыссыз операцияларды өткізу кезінде қатысу (еріту,сүзу, сығу және басқалар.).

Білуі тиіс: өндіріс регламенті мен технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасы мен құрылысын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; шикізат пен көмекші материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімнің МемСт-рды және техникалық шарттарды.


229. Химиялық реактивтерді өндіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік учаскеде (дәлірек, радиоактивті және тұрақты изотоптарды қолданатын өндірісте) бір реактивті өнімді жасаудың технологиялық жеңіл процеске қызмет көрсету. Технологиялық регламент пен жұмыс нұсқамасына сәйкес бастапқы заттың өзгеруіне байланыссыз өз бетімен операция жүргізу (еріту, сүзу, сығу, булау, кристалдандыру, центрифугалау, кептіру, ұсақтау және тағы басқалар). Технологиялық процестің дұрыс жүруін бақылау; технологиялық режимнің берілген параметрлерін қолдау (температура, қысым, вакуум және басқалар). Бақылау-өлшеу құралдары мен анализ нәтижелері бойынша не көзбен химиялық реакциялар мен технологялық процестің жүруін бақылау. Реакцияның аяқталу сәтін анықтау. Құрал-жабдықты іске қосу, тоқтату және жұмысын бақылау. Салынған шикізат пен дайын өнімді есепке алу. Құрал-жабдықтың алдын ала тексерісін орындау және жұмысындағы ұсақ қателіктерін жою.

Білуі тиіс: өндірістің регламенті мен технологиялық сызбасын; технологиялық режим мен процесті реттеу ережелерін; негізгі және көмекші құрал-жабдық пен бақылау-өлшеу құралының құрылысын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; шикізат пен көмекші материалдың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімнің МемСт-рды және техникалық шарттарды.


230. Химиялық реактивтерді өндіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік учаскеде (дәлірек, радиоактивті және тұрақты изотоптарды қолданатын өндірісте) бір немесе бірнеше реактивті өнімдерді жасаудың технологиялық процестің барлық сатыларына қызмет көрсету. Өз бетімен барлық операцияларды, соның ішінде бастапқы заттың өзгеруіне байланысты бір-екі операцияларды (галогендеу, сульфаттау, гидроксаттау, нитраттау, тотықтыру, метилдеу, қалпына келтіру, диазоттау, нитрозалау, конденсаттау және қайта топтастыру), сонымен қатар еріту, сүзу, сығу, булау, кристалдандыру, центрифугалау, кептіру, ұсақтау, таблеткалау және басқа да физикалық-химиялық операцияларды технологиялық регламент пен жұмыс нұсқамасына сәйкес жүргізу. Қатаң берілген көлемде аппаратқа шикізат пен материалдарды дайындау, мөлшерлеу,салу. Алынған сынамалар мен анализдер нәтижелері бойынша химиялық реакциялардың жүруін үнемі бақылау. Құрал-жабдықтың жұмысындағы жеке қателіктерін жою және күрделі емес жөндеуін орындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскеде физикалық-химиялық реакциялар мен процестің мәнін; технологиялық режим мен процесті реттеу ережелерін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдың құрылысы мен қолдану ережелерін; арматура мен коммуникациялар сызбасын; шикізат пен көмекші материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарын.

Жұмыстар үлгісі. Натрий этилаты мен натрий метилатын және хлорлы сутегіні әзірлеу.
231. Химиялық реактивтерді өндіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік учаскеде (дәлірек, радиоактивті және тұрақты изотоптарды қолданатын өндірісте) бір немесе бірнеше тоннажды реактивті өнімдерді жасаудың технологиялық процестің барлық сатыларына қызмет көрсету. Өз бетімен барлық операцияларды, соның ішінде бастапқы заттың өзгеруіне байланысты үштен кем емес операцияларды (галогендеу, сульфаттау, гидроксаттау, нитраттау, тотықтыру, метилдеу, қалпына келтіру, диазоттау, нитрозалау, конденсаттау және қайта топтастыру), сонымен қатар еріту, фильтрлеу, сығу, булау, кристалдандыру, центрифугалау, кептіру, ұсақтау, таблеткалау және басқа да физикалық-химиялық операцияларды технологиялық регламент пен жұмыс нұсқамасына сәйкес жүргізу. Анағұрлым таза заттар мен тапсырыс бойынша істелген реактивтердің технологиялық сызбасы мен қондырғыларға қызмет көрсету. Технологиялық сызбалар мен қондырғыларды бөлшектеу мен құрастыру. Қатаң берілген көлемде процес кезінде шикізат пен материалдарды дайындау, есептеу, салу. Жеке сатыларда технологиялық процесті жүргізу мен реттеу. Қолдануында ерекше жауапкершілік пен сақтықты талап ететін тез жарылғыш, тез тұтанғыш, улы және күйдіретін заттарды пайдалануымен күрделі химиялық реакцияларды жүргізу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: өндірістің регламенті мен технологиялық сызбасын; жүзеге асыратын процестердің физикалық-химиялық негіздерін; технологиялық процестің жүргізу тәртібі мен реттелуін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың конструкциясын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; шикізат пен көмекші материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарттарды және техникалық шарттарды; бақылау талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесін; органикалық емес және органикалық химияның негізін.


232. Химиялық реактивтерді өндіру аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Прогресшіл процестер мен құрал-жабдықтарды игерумен байланысты (хроматография, электрофорез, ультрадыбыс және т.б.) өз бетімен күрделі химиялық реакцияларды жүргізу және қолдануында ерекше жауапкершілік пен сақтықты талап ететін жоғары уытты, тез жарылғыш, тез тұтанғыш, улы және күйдіретін заттарды, радиоактивті және тұрақты изотоптарды қолдану. Тапсырыс бойынша істелген реактивтерді, сонымен бірге анағұрлым таза заттарды жасайтын автоматтандырылған өндірістерге қызмет көрсету. Шикізат пен басқа компоненттерді есептеу мен даярлау, өз бетімен технологиялық процестің жүруін бақылау, бақылау анализдерін орындау; реакцияның аяқталу сәтін анықтау, белгілі деңгейдегі таза дайын өнімді түсіру мен ресімдеу. Байқау нәтижелерін өңдеу. Аз көлемде реактивті өнімді құрастыру үшін инженерлік-техникалық жұмысшылардың басшылығымен зертханалық-іздестірушілік сызбаларын құрастыру.

Білуі тиіс: бірнеше күрделі өндірістің, химиялық реактивтердің және анағұрлым таза заттардың регламенттері мен технологиялық сызбасын; химиялық реакциялар мен технологиялық процестердің физикалық-химиялық негізі мен мәнін; тапсырыс бойынша істелген реактивті өнімді жасаудың әртүрлі әдістемесі мен тәсілдерін; тазалығы жоғары заттар мен жаңа дәрі-дәрмектерді игеру ережелерін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың конструкциялық ерекшелігін; арматура мен коммуникациялар сызбасын; шикізат пен көмекші материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарын; органикалық емес және органикалық химияның негізін.

Орта кәсіби білім қажет.
233. Қыздыру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Катализаторды, селикагельдік тасымалдаушы мен электропештердегі және шахталық типтегі пештердегі басқа да өнімдерді қыздыру процесін жүргізу. Химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіпте қолданылатын муфельдегі немесе ретортадағы тұздар мен көмірді қыздыру процесін жүргізу. Шикізат пен жартылай дайын өнімдерді қабылдау мен дайындау, пешке салу, қыздыру, шаю, отынның жіберілуін реттеу; дайын өнімді түсіру; салқындату мен өлшеп орау, басқа технологиялық операцияларға тапсыру. Қыздырудың температуралық режимін бақылау жәнесу шайындыларын байқау. Қыздырылған өнімдердің түсі не анализдер нәтижелері бойынша қызу дәрежесін анықтау. Іске қосу, тежегіш және реттеуші құрылғыларды қолдану. Құрал-жабдық пен коммуникация жұмысындағы қателіктерін жою. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау. Шикізет пен дайын өнімнді есепке алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет