Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 4.06 Mb.
бет10/23
Дата16.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдарының, құрал-жабдықтардың қызмет көрсету ережелерін, олардың құрылымын; учаскедегі арматура мен коммуникациялардың сызбасын; жартылай фабрикаттар мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; процесті реттеу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін,шикізатқа деген мемлекеттік стандарттарды.

Орта арнайы білім қажет.

Жұмыс мысалдары. Балқытылған күкіртті, толуолдың шикі фракцияларын, пиробензолды, керосинбензолды және басқа да осыларға ұқсайтын жарылғыш сұйықтарды күкіртті қышқылмен тазарту.
176. Айдау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ажырату процесінің жеке операцияларын орындау, немесе ажырату колонналарында өз бетінше тазартылған суды алу, немесе ескі-құсқыдан скипидарды айыру, немесе таза пиридин мен бета-пиколинді өндірудің процесін енгізуге қатысу. Технологиялық ережеге сәйкес технологиялық параметрлерді реттеу, шикізатты аппараттарға тиеу, қыздыру. Дайын өнімді құйып алу және қоймаға беру. Аппаратура мен коммуникацияларды тазалау.

Білуі тиіс: өнім өндірудің технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын, өнімдер мен шикізаттың қасиеттерін.


177. Айдау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен ыдыратудыңкүрделі технологиялық процесін (дистилляция, ректификаттау, шаншу арқылы шыңдау) енгізу немесе қоспаларды алдын ала өрескел бөлу мақсатымен су буымен немесе вакуум астында қарапайым ыдыратудыңтехнологиялық процесін жүргізу.

Тауарлы фракцияның қайнау температурасына дейін шикізатты қыздыру, температуралық режимді, қысымды, шикізатты беру жылдамдығын және т.б. параметрлерді технологиялық ережеде белгіленген нақты дәлдікпен реттеу. Конденсатор-тоңазытқышта сұйық буының конденсациясы. Тоңазытқыштағы судың температурасын берілген деңгейде ұстап тұру. Аппараттарда сұйықтың берілген деңгейін ұстап тұру. Құбырларды булап шығу. Конденсатор-тоңазытқыш пен буландырғыштың жұмысын қадағалау. Сақтау қоймасына сұйық полимерлерді қабылдау. Дайын өнім және ашық көк қалдықтардың сынамаларын алу. Көзбен шолу және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесті реттеу және бақылау. Ажырату аппараттарының, жылытқыш құралдардың, конденсаторлардың, сорғылардың, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын;қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, құралымын; технологиялық процестің мәнін, негізін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; жартылай өнім мен шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнімге деген техникалық шарттарын; дайын өнімге техникалық шарттарды; сынамаларалу ережесін.

Жұмыс мысалдары. Заттарды қара май қоспаларынан қоспалар мен өнімнің қайнау температурасының әр-түрлісін қолдану әдісімен тазарту.


178. Айдау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Айдаудың орташа күрделі технологиялық процесін жүргізу (ратификаттау, дистилляция, шаншу арқылы шыңдау) заттарды қоспалардан нәзік тазалау немесе ұшпалы сұйықтардың көпкомпонентті қоспалардың толықтай бөлінуі немесе біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар айдаудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау, дайындау және берілген температураға дейін қыздыру. Технологиялық режимнің параметрлерін сақтау (температураны, қысымды немесе жүйедегі вакуумды, аппараттардағы судың деңгейін т.б), аппараттарды бумен қыздыру немесе пештің қызмет көрсетуі. Буды конденсациялау және тауарлы фракцияны алу. Шығатын газды тазарту және улы заттарды тұту. Аппаратураны шламнан тазарту, өнімді қоймаға өткізу және тасымалдау.Талдаулар жүргізу. Талдау нәтижелері бойынша және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы технологиялық процесті реттеу және бақылау. Ректификатталған колонналардың, тоңазытқыштардың-конденсаторлардың және басқа аппаратуралардың қызмет көрсетуі. Технологиялық ереженің қалыптан ауытқуының себептерін анықтау және алдын-алу, құрал-жабдықтардың істен шығуын болдырмау. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмысынан қабылдап алу.

Білуі тиіс :өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдарының және қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын, технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; физикалық-химиялық процестердің мәнін; шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатқа қойылатын талаптарды; талдау жүргізу әдістемесін; сынамаларды алу ережелерін.

Жұмыс мысалдары:

1. Өңделген қара май дайындау процесін жүргізу.

2. Таза пиридин мен бета-пиколин өндірудің процесін жүргізу.

3. Азеотропты ажырату арқылы еріткішті кептіру процесін жүргізу.


179. Айдау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Айдаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу, заттарды қоспалардан нәзік тазалау немесе ұшпалы сұйықтардың көпкомпонентті қоспалардың толықтай бөлінуі немесе біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар айдаудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу. Адсорбционды жүйеде органикалық еріткіштердің буын қалпына келтіру процесін жүргізу. Адсорберлердегі белсендірілген көмірдің қалпына келтіру процесін жүргізу. Сұйық фракцияның- қалпына келтіргішін жинау, бөлу, конденсациялау және қалдықтарды термиялық зиянсыздандыруға ауыстыру. Өнімдерді өндірістің келесі кезеңдеріне жіберу және тасымалдау. Қорытынды талдаулар жүргізу. Талдау нәтижелері бойынша дайын өнімнің сапасын бағалау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Адсорберлердің, экстракторлардың, буланлыру аппараттардың, ажырату кубтарының, сорғылардың және басқа аппаратуралардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, оларды жою.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдарының және қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың құрылымын, олардың сындарлы ерекшеліктерін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; физикалық-химиялық процестердің мәнін; шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізатқа қойылатын талаптарды; талдау жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары. Винилацетатты, көпкомпонентті улы, токсинді, жарылғыш және басқа осыған ұқсас өнімдерді ректификаттау.
180. Айдау аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Айдаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу, өнімдерді ажырату және молекулярлы тазарту бойынша барлық учаскелер мен бөлімшелердің жұмысын бақылау және үйлестіру, сонымен қатар өндірістің осы учаскелеріндегі біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқару. Технологиялық процестерді басқарудың дистанционды тетігімен жүргізу. Автоматика және бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен негізгі шикізаттың, көмекші материалдардың, электр энергиясының шығындалуын, температураның, қысымның, жүйе вакуумының, колонналардағы сұйықтық деңгейін және басқа да процес көрсеткіштерін реттеу және бақылау. Өндірістің барлық кезеңдері бойынша дайын өнімнің шығуын, материалдар, жартылай фабрикаттар және шикізаттың шығынын есептеу. Дабылды құрылғылар арқылы технологиялық процестің бұзылуын, құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, олардың алдын-алу шараларын жүргізу. Өзара байланысқан өндірістік учаскелер мен бөлімшелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Технологиялық процесті дистанционды басқару тетігінің «автодиспетчер» жүйесінің автоматты құрылғыларының қызмет көрсетуі. Қажетті ақпаратты зауыт диспетчеріне беру.

Білуі тиіс: шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін өндірістің технологиялық сызбасын; құрал-жабдықтар және автоматика жүйелерінің, бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсету ережелерін, олардың құрылымын; шикізатты шығындау және өнімнің шығу есебінің әдістемесін; процесті автоматтау және блоктауды бақылау сызбасын; процесті реттеу ережелерін және технологиялық режимді; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерін және улы және әсері күшті заттарды өндіру кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережелерін.

Орта арнайы білім қажет

Жұмыс мысалдары

1. Сіркесу қышқылын сіркесу ангидридін, фракциялар мен шикі бензолды, дивинилбензолды қышқылды, винилацетатты, көпкомплектті улы, жарылғыш және басқа күрделі өнімдерді айдау.

2. қызмет көрсететін құрал-жабдықтың автоматты түде реттеу жұмысымен сода өндірісінде дистанционды басқару тетігімен процестерді жүргізу.


181. Химиялық өндірістің қалдықтарын өңдеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен химиялық өндірістің қалдықтарын өңдеудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау, тиеу, өнімді түсіру. Аппараттарды тазалау. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: химиялық өндірістің қалдықтарын өндірудің технологиялық процесінің мәнін; жартылай фабрикаттар мен шикізаттың физикалық-химиялық негіздерін, оларға қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін аппараттардың жұмыс істеу қағидасын.


182. Химиялық өндірістің қалдықтарын өңдеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық өндірістің қалдықтарын өңдеудің (тазарту, буландыру, айыру, күйдіру, кептіру, газды ажырату т.б.) үшке дейінгі технологиялық кезеңдерін жүргізу.

Шикізатты қабылдау, талдаулар нәтижесі бойынша олардың сапасын тексеру. Жартылай фабрикаттар мен шикізатты бекітілген жүйелілікті сақтай отырып, қатаң рецептура бойынша аппараттарға тиеу және мөлшерлеу. Сынамаларды алу және қорытынды талдаулар жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша және талдау нәтижелері арқылы технологиялық процесті реттеу және бақылау.Технологиялық режимнің бекітілген нормадан ауытқуының себептерін анықтау, олардың алдын алу. Негізгі және көмекші құралдардың қызмет көрсетуі.Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмысынан қабылдап алу.

Білуі тиіс: химиялық өндірістің қалдықтарын өндірудің технологиялық процесін; бақылау-өлшеу құралдарының және қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың құрылымын жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялар сызбасын; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін және қорытынды талдауларды жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары. «КО» құю бекіткіші – тауар өнімін, модельді массаның синтетикалық битум алу мақсатында негізгі өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу процесін жүргізу.


183. Химиялық өндірістің қалдықтарын өңдеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық өндірістің қалдықтарын өңдеудің (тазарту, буландыру, айыру, күйдіру, кептіру, газды ажырату т.б.) үшке дейінгі технологиялық кезеңдерін жүргізу.

Шикізатты есептеу және мөлшерлеу. Барлық аппаратура мен құрал-жабдықтарды жөнге келтіру. Талдаулар мен қадағалаулар нәтижесі бойынша процеске түзетулер енгізу. Реттеу құрылғыларын басқару. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жартылай фабрикаттар мен шикізатты шығындау есебі. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру.

Білуі тиіс: химиялық өндірістің қалдықтарын өндірудің технологиялық процесінің мәнін;қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың құрылымын, ақаулықтарын түзету әдістерін; арматура және коммуникациялар сызбасын; қолданылатын материалдарға және дайын өнімнің сапасына қойылатын технологиялық талаптарды.
184. Пиролиз аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен пиролиздің технологиялық процесінің жеке операцияларын орындау. Шикізатты дайындау, тиеу, өнімді түсіру. Сынамаларды алу. Құрал-жабдықтарды тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскедегі көмекші құралдардың жұмыс қағидасын; шикізат пен жартылай өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін.


185. Пиролиз аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен пиролиздің технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау, талдау нәтижесі бойынша оның сапасын тексеру. Шикізатты мөлшерлеу және тиеу. Дайын өнімнің шығымы мен шикізатты шығындауды өлшеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесті реттеу. Технологиялық құралдарды жабдықтау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскедегі негізгі және көмекші құралдардың жұмыс істеу қағидасын; шикізат пен жартылай өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін.


186. Пиролиз аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Пиролиздің технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттың булануы, шикізаттың буы мен су буын пиролиз пештеріне жіберу, немесе сұйық шикізатты тікелей пиролиз пешіне беру. Пирогаздың сууы, пиролиз өнімдерінің конденсациясы, конденсацияланбаған пирогаздарды тұту, перегаздың келесі технологиялық операцияларына жіберілуі. Пиролиз пешін қыздыру, бүріккілерге отынды, ауаны беру, отынның жану режимін реттеу. Талдау нәтижелері және бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштері арқылы технологиялық процесті реттеу; пиролиз өнімдерінің, алынған пиролиздің және шикізаттың шығынын есептеу. Қорытынды талдауларды жүргізу. Әр-түрлі пиролиз пештерінің, буландырғыштардың, конденсаторлардың, сорғылардың және басқа құрал-жабдықтардың қызметі. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан қабылдап алу.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасы мен құрылымын, сындарлы ерекшеліктерін; жартылай өнім мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық процесті реттеу ережелерін және мәнін; технологиялық режимді; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.


187. Пиролиз аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Пиролиздің технологиялық процесін жүргізу, біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыны басқарумен қатар барлық бөлімшенің жұмысын үйлестіру.

Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Талдау нәтижелері бойынша дайын өнімнің сапасын бағалау. Талдау және қадағалау нәтижелері арқылы процеске түзетулер енгізу. Реттеу құрылғыларын пайдалана білу. Құрал-жабдықтардың жай-күйіне қадағалау жасау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын жүргізу. Құрал-жабдықтардың істен шығуын болдырмау.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың қызмет көрсету ережелерін, олардың құрылымын; жартылай өнім мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық процесті реттеу ережелерін және мәнін; технологиялық режимді; қорытынды талдау жүргізу әдістемесін.

Арнайы орта білім қажет.


188. Балқыту аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен балқытудың технологиялық процесін жүргізу. Балқыту аппаратының қабылдау шанабына шикізатты тиеу және ұсатуға қатысу. Аппараттарды шламнан тазарту. Сұйық өнімді басқа технологиялық операцияларға беруге қатысу. Құрал-жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысу.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнін; шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін.


189. Балқыту аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту қазандары мен электр пештерінде балқытудың технологиялық процесін жүргізу. Балқыту аппаратының қабылдағыш бункеріне шикізатты мөлшерлеу, қыздырылған бумен немесе отынды газбен балқыту аппаратын қыздыру, балқытылған шикізаттың деңгейін қадағалау және балқытудың берілген температурасын сақтау; өнімді сүзгіден өткізу немесе тұндыру. Шығатын газдарды тұту, аппаратураны герметизациялау, жинағыштар мен коммуникацияларды инертті газбен үрлеп тазарту. Сұйық өнімнің ауысып құйылуы оны басқа технологиялық операцияларға жіберу, орау. Өнімнің сыртқы түрі бойынша және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің барысын бақылау. Технологиялық ережеден қалыптан ауытқуының себептерін анықтау, олардың алдын алу. Уатқыштардың, әр-түрлі балқыту аппараттардың, тұндырғыштардың, сүзгілердің, сорғылардың, газ үрлегіштердің, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу және бекітуді реттеу құрылғыларына қызмет көрсету. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын;технологиялық процестің мәнін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережелерін; шикізат, жартылай фабрикаттар, технологиялық отын және көмекші материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасы мен құрылымын;

Жұмыс мысалдары. Нафталинді балқытудың процесін жүргізу.

190. Балқыту аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Улы және әсері күшті заттарды балқытудың немесе үш қабатты балқытпа алудың (натрий,калий,қорғасын) немесе біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар электр пештері, цистерналар және балқыту қазандарында балқытудың технологиялық процесін жүргізу. Пневмокөлікті жүргізу. Теміржолды және автоцистерналардағы өнімдерді балқыту, технологиялық ыдыстарға ауыстырып құю. Ыдыстар мен цистерналарды бумен қыздыру. Аппаратураның герметикалығын тексеру, коммуникациялар мен жинағыштарды инертті газды үрлеп тазарту. Түсетін өнімнің сапасы мен температурасын бақылау. Технологиялық құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, олардың алдын алу. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан қабылдап алу.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережелерін; шикізат, жартылай фабрикаттар, технологиялық отын және көмекші материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін құрылғылар мен құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын.

Жұмыс мысалдары.

1. Фосфорды, фенолды, сілтілерді, натрий, калийді, күкірт пастасын, күкірт концентратын және басқа да улы заттарды балқыту процесін жүргізу.

2. Фталилік ангидрид және канифоли алу процесін жүргізу.


191. Балқыту аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен үш қабатты балқытпалы, улы, әрі әсері күшті заттарды балқытудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Дайын өнімнің шығуы мен шикізаттың шығындалуын есептеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Талдау мен қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Реттеу құрылғыларын пайдалана білу. Құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалап отыру. Құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың кішігірім жөндеу жұмыстарын орындау. Балқу процесінің барысы туралы өндірістік журналда жазба жүргізу.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережелерін; жартылай фабрикаттар мен шикізаттың, технологиялық отын мен көмекші материалдардың технологиялық, физикалық-химиялық қасиеттерін; бекітілген құрал-жабдықтар мен құрылғылардың құрылымы мен ережелерін.

Мысал жұмыс. Құрғату, балқыту және қатты каустик алу үшін концентранцияланған каустик ерітінділерінен бөтен қоспаларды алып тастау процесін жүргізу.
192. Шикізатты дайындау және жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді шығару аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен шикізатты, жартылай фабрикатты және дайын өнімді дайындау, қабылдау және жіберу бойынша процесті жүргізу. Дайын өнімді орау үшін ыдыс дайындау; өнімді ыдыстарға өлшеп орау; қоймалардағы өнімді орналастыру; ыдыстарды басқа қоспалардан тазалау.

Білуі тиіс: дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; құрал-жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципі; дайын өнім және жартылай фабрикаттарды сақтау ережелерін.


193. Шикізатты дайындау және жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді шығару аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатты дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатты қабылдаудың бағытын жөнге келтіру. Құбырлардың, крандардың жұмыс істеуін, өнімді өлшеудің нақтылығын тексеру. Қабылдау бактарына, цистерналарға, бункерлерге шикізатты қабылдап алу. Шикізатты дайындау (тазарту, уату, елеу, құрғату және т.б..) Жұмыс нұсқаулықтарында қарастырылған қорытынды талдаулар жүргізу. Берілетін өнімдердің (шашылатын, қатты, сұйық, газтәріздес) рецептураға сәйкес өлшемін, қоспалары мен ерітінділерін дайындау, өнім мен шикізаттың барлық түрлерінің дұрыс сақталуын қадағалау. Қажетті шикізаттың көлемін есептеу, көрсеткіштерді кір өлшеу бірлігіне қайта есептеу, техникалық құжаттаманы ресімдеу. Алатын және жіберетін өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың есебі. Ыдыстар, кептіру аппараттарының, қоспалауыштардың, уатқыштардың, елеуіштердің, таселектердің, сүзгілердің, айналым құрылғыларының, циклондардың, маневр құралдарының, виброплиталардың, сорғылардың, көлік механизмдерінің, бақылау-өлшеу құралдарының, бекітуді реттейтін құралдардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы кішігірім ақаулықтарды анықтау, олардың алдын алу. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау, қабылдап алу.

Білуі тиіс: өнім, жартылай фабрикат және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін құрл-жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; арматура және коммуникациялар сызбасын; дайын өнім мен жартылай фабрикаттарды сақтау ережелерін; өнімді шығару бойынша құжаттарды ресімдеу ережелерін; есепке алу (есеп жүргізу) және есеп беру бойынша нұсқаулықты; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; талдау жүргізу әдістемесін; жұмыстарды қабылдау.


194. Шикізатты дайындау және дайын өнім мен

жартылай фабрикаттарды шығару аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар улы, күшті әсер ететін заттарды өндіруде немесе өнімнің үлкен ассортименті бар өндірістерде дайын өнімді, жартылай фабрикаттарды және шикізатты дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Орталық материалды қоймадан, көршілес цехтардан, цистернадан қоймаға ауыстырғыш бағытты күйге келтірілген теміржол цистерналардан шикізатты қабылдау. Кристаллдандырылған шикізатты цистерналарда қыздыру, оны қорларға ауыстырып құю. Шикізатты қосуға дайындау: ылғалды талап етілетін мәнге дейін жеткізу, сұйық шикізатты қыздыру, концентрацияны орташалау. Сыйымдылығы 100 ден 2000 м3ге дейінгі ірі габаридті қордың қызметі. Дайын өнімді бөшкелер мен цистерналарға құю. ТШ және МемСтға сәйкес дайын өнімді таңбалау, орау. Көршілес цехтардан теміржол цистерналары мен бөшкелерді қабылдау, тазалығы мен дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Электротаралар және қолдың көмегімен автомашиналарға, вагондарға, бөшкелерге дайын өнімді тиеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы және көзбен шолу арқылы температуралық режимді бақылау, құралдардың апатты тоқтап қалу жағдайлары, өнімнің көлемін реттеу және бақылау. Қоймалардың, қорлардың, қабылдағыш-вакуумдардың, сорғы-вакуумдардың, блоктағыш, автоматика мен бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, оларды жою. Кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Білуі тиіс: өнім, жартылай өнім және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтар мен бақылау-өлшеу құрылғыларының, арматура мен коммуникациялардың құрылымын; улы және күшті әсері бар заттарды сақтау ережелерін; өнімді жіберу бойынша құжаттарды ресімдеуді; есеп пен есептілік бойынша нұсқаулықты; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар; тексеру талдауларын жүргізудің және сынамаларды алудың ережелерін.

Мысал жұмыстар

1. Келесі өндірістердегі дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізатты дайындаудың технологиялық процесін жүргізу: синтетикалық аммиакты, қатты азот қышқылын, күкірт қышқылын, хлорды, каустикалық соданы, кальций карбидін, метанолды, изобутанолды, жоғарғы спирттерді, формалинді, капролактамды және капролактам полимерін, техникалық хлорофосты, полиэтиленді, акрилды қышқыл нитрилін және жасанды «нитрон» талшығын, пентоэритритті, себацинды қышқылды, ионоалматырғыш қара майды, карбамидті қара майды, полихлорвинилді пластикатты, полиформальдегидті.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет