Арнайы орта білім қажет.
15. Аминдеу аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Ацетилхолинхлорид, рибофлавин, пантотената кальций өндірістерінде органикалық қосылыстарды аминдеу процесін және ілеспе процестерді жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аминдеу аппаратшының басқаруымен басқа өндірістерде аминдеудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау, ерітінділер мен қоспаларды құру. Шикізатты реакторларға тиеу, компоненттерді аппараттарға беру, қажет болған жағдайда массаны араластыру. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процесті бақылау және реттеу. Реакцияның аяқталу сәтін анықтау. Талдауға сынамалар алу. регламентпен қарастырылған жағдайларда - өнімді суыту, шаю, сүзу, еріту және басқа процестер. Дайын өнімді өндірістің кейінгі технологиялық сатыларына беру. Шикізаттың қажетті мөлшерін есептеу. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Аппараттарды тазарту және коммуникацияларды үрлеу. Қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Ұсақ жөндеу.
Білуі тиіс: Аминдеудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын; бақылау- өлшеу құралдарының белгілеуінің; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; шикізат пен дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды; сынамалар алу ережесін; шикізатты есептеу әдістемесін.
16. Аминдеу аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Органикалық қосылыстарды аминдеудің технологиялық процесін және аминдеумен ілесе жүретін басқа процестерді (катализаторды дайындау, ерітінділерді бейтараптандыру, тұндыру, сүзу, айдау арқылы қабаттарды бөлу) жүргізу. Қысыммен гетероциклдық негіздерді аминдаудың немесе иминдеудің технологиялық процесін жүргізу. Неғұрлым төмен біліктілікті аминдеу аппаратшыларына бір уақытта басшылық етумен ацетилхолинхлорид, рибофлавин және кальций пантотенатының өндірісін аминдеудің технологиялық процесін жүргізу. Компоненттерді аса дәл мөлшерлеумен бастапқы ерітінділерді және қоспаларды құрастыру. Алдын ала дайындалған шикізатты реакторға қолмен тиеу немесе құю, аммиакты немесе аммиак суын, катализаторды және басқа компоненттерді апараттарға беру, қажет болса – массаны араластыру. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша көзбен технологиялық процесті бақылау және реттеу. Берілетін аммиактың және тасталынатын абгаздардың мөлшерін, жылдамдығын және қысымын реттеу. Реттеудің тар шеттерінде температура және қысым бойынша процестің берілген режимін қолдау және технологиялық процес сатылары бойынша оны өзгерту. Шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің шығынын есептеу. Реактор - амидаторларға , автоклавтарға, жылытқыштарға, конденсаторларға, сепараторларға, булағыш агрегаттарға , центрифугаларға, кептіргіштерге, сүзгілерге, аммиакты бағаналарға, қақпандарға, сорғыларға, арматуралар және коммуникацияларға қызмет көрсету. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және жою.
Білуі тиіс: Технологиялық процесті және оны реттеу ережесін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; өнімдердің және жартылай өнімдердің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; есептеулер әдістемесін; сынамалар алу ережесін; дайын өніммен шикізатқа қойылатын технологиялық талаптарды және мемлекеттік талаптарды.
17. Аминдеу аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Аминдеудің технологиялық процесін жүргізу немесе бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен аминдеудің технологиялық процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Құрал- жабдықтың күйін қадағалау. Құрал- жабдықтың күйін қадағалау. Технологиялық құрал- жабдыққа, бақылау- өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына қызмет көрсету. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуі тиіс: технологиялық процесті және оны реттеу ережесін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың және арматураның сызбасын, өнімдер мен жартылай өнімдердің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; есептеулер әдістемесін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жасау әдістемесін; шикізат пен дайын өнімге МемСТ-ды және техникалық шарттарды.
Арнайы орта білім қажет.
18. Ацетилдеу аппаратшысы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Ацетилдеу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын орындау. Шикізатты дайындау және тиеу, өнімді түсіру. Аппараттарды тазарту құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың жұмыс істеу қағидасын; шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды.
19. Ацетилдеу аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Фенацетин өндірісінде ацетилдеудің технологиялық процесін жүргізу немесе неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен ацетилдеу процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды және реагенттерді мөлшерлеу және апаратқа тиеу. Сынамалар алу. Өнімді өндірістің кейінгі бөліктеріне беру. Құрал- жабдықтар мен коммуникацияларға қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндуге тапсыру.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін және оларға қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін.
20. Ацетилдеу аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Сірке қышқылының немесе сірке ангидридінің әсерімен ацетилеудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды және реагенттерді есептеу және мөлшерлеу, белгіленген технологиялық режимге сәйкес қатаң реттілікпен оларды реакциялық аппаратқа тиеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесс параметрлерін (температураны, қысымды және басқ.) бақылау және реттеу. Технологиялық нұсқаулықпен қарастырылған басқа ілеспе процестерді орындау. Реакторларға, жұту қондырғыларына, тоңазытқыштарға, өлшеуіштерге, жинағыштарға, және бұл процестің және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдықтардың және коммуникациялардың икемділігін тексеру. Жұмыс нұсқаулығымен қарастарылған талдауларды орындау. Шикізаттың және жартылай фабрикаттардың шығынын және алынған өнімнің мөлшерін есептеу. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін және оларға қойылатын талаптарды; ацетилдеу процесін реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін.
21. Ацетилдеу аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. А және Е синтетикалық дәрумендерінің өндірісінде ацетилдеудің технологиялық процесін жүргізу; Сірке қышқылының немесе сірке ангидридінің әсерімен ацетилеудің технологиялық процесін жүргізу және неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету; неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен мақталы целлюлозаны ацетилдеу процесін жүргізу. Ацетилдеу қоспасының (сірке ангидридінің, бензолдың, сірке қышқылының) және бейтараптаушы қоспаның (сақар, сірке қышқыл, азотқышқыл ерітіндісі, тұз қышқылы) ерітінділерін дайындау. Мөлшерленетін компоненттерді есептеу. Аппараттарды тиеуге дайындау, қөозғалту механиздерінің ақаусыздығын тексеру, аппаратқа суыту композициясын беру. Араластырғыштың жұмысын қосу. Аппараттарға компонент тиеу, бірінші ацетилдеу қоспасын бір уақытта қыздырумен аппаратқа беру. Технологиялық процесін жүргізу – араластырғыш айналымының бағытын белгіленген уақыт аралығынан кейін өзгерту. Параметрлерді операциялық параққа жазу. Берілген рецептура бойынша реагенттердің ерітінділерін құрастыру. Талдау нәтижелері бойынша және органлептикалық түрде шикізаттың сапасын тексеру. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау көрсеткіштерін және құрал- жабдықтың күйін қадағалау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқуларды анықтау және жою.
Білуі тиіс: Құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін; ацетилдеу процесінің технологиялық режимін және мәнісін; мөлшерленетін компоненттерді есептеу әдістемесін; өндірістің барлық сатыларында ацетилдеу операцияларын орындау реттілігін; ацетилдеу қоспасын және целлюлозаны тиеу ережесін; сынамалар алу ережесін; «сироптың» пайда болу сәттерін анықтау тәсілдерін; еріткіштердің физикалық- химиялық қасиеттерін, дайын өнімге технологиялық шарттарды.
22. Ацетилдеу аппаратшысы
6-шы дәреже
Жұмыс сипаттамасы. ацетилцеллюлоза және үшацетатцеллюлоза өнімдерін алумен мақталы целлюлозаны ацетилдеу процесін жүргізу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету. Араластырғыштың қозғалтқышын берілген жылдамдыққа келтіру, екінші ацетилдеу қоспасын беру. Бірінші ацетилдеу қоспасы кезіндегі режимдермен ацетилдеу процесін жүргізу. Реакцияның аяқталу алдында араластырғыштың айналу жылдамдығын арттыру және үшінші ацетилдеу қоспасын беру. Ацетилдеу процесін жүргізу. «Қамыр» мен «Сироптың» пайда болу сәттерін анықтау. «Сироп» берілген тұтқырлыққа жеткен кезде химиялық ерітінділермен екі – үш рет шаю, сүзгі арқылы орнықтырғыш тиеу.
Білуі тиіс: құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін; ацетилдеу процесінің технологиялық режимін және мәнісін; мөлшерленетін компоненттерді есептеу әдістемесін; өндірістің барлық сатыларында ацетилдеу операцияларын орындау реттілігін; араластырғыштардың жұмыс режидерін, қыздыру және суыту температураларын реттеу ережесі мен тәсірдерін ацетилдеу қоспасын және целлюлозаны тиеу ережесін; сынамалар алу ережесін; «сироптың» пайда болу сәттерін анықтау тәсілдерін, дайын өнімді шаю режимін; еріткіштердің физикалық- химиялық қасиеттерін, дайын өнімге технологиялық шарттарды.
Арнайы орта білім қажет.
23. Бромдау аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Бромдау процесінің (буландыру, сүзу, центрифугалау, кристалдау) жекелеген операцияларын орындау шикізатты дайындау және тиеу, өнімді түсіру. Сынамалар алу. Аппараттарда тазарту. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және бромдау процесінің мәнісін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің түрлерін, құрамын, физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін.
24. Бромдау аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Бейорганикалық қосылыстарды бромдаудың технологиялық процесін жүргізу немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен органикалық қосылыстарды бромдау процесін жүргізу. Реагенттерді аппаратқа тиеу, бромдау өнімді аппараттан түсіру және оны өндірістің кейінгі сатыларына беру. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша; технологиялық процесс параметрлерін реттеу; дайын өнімнің сапасын бақылау. Нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау. Технологиялық құрал- жабдыққа, коммуникацияларға және бақылау өлшеу құралдарына қызмет көрсету. Құрал- жабдықты жөндеуге тапсыру және қабылдау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және бромдау процесінің мәнісін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, процестерді реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін; шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.
25. Бромдау аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Қышқыл ортада немесе органикалық еріткіштердің ортасында органикалық қосылыстарды бромдаудың технологиялық процесін жүргізу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау талдауларын жүргізу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Шикізатпен алынған өнімнің мөлшерін есепке алу.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаске өндірісінің технологиялық сызбасын және бромдау процесінің мәнісін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын, процестерді реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін; шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.
26. Вакуумдау аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс нұсқаулығына сәйкес буэжекциялық қондырғыдан буды эжекциялаумен және салқын сумен буды конденсациялау арқылы вакуумдалудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша суды, ауаны, бу қысымын, температураны, вакуумды бақылау және реттеу сынамалар алу. Эжекторларға, тоңазытқыштарға, конденсаторларға, сүзгілерге, тамшыбөлгіштерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету және жұмысын қадағалау. Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; вакуумдалу процесін және технологиялық режимді; эжекторлардың, негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың белгіленуін және сызбасын; құрал- жабдықты күту режимін; сынамалар алу ережесін.
27. Вакуумдау аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Дисталляциялық бағаналарда эжекторлық блоктармен, вакуум – ресиверлерімен, қабыршақты буланғыштармен және вакуум – сорғылармен жасау және синтетикалық май қышқылдарының өндірісінде көмірсутегілердің буларын конденсациялау бойынша технологиялық процесті жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті бақылау және реттеу. Талдаулар жүргізу. Құрал- жабдықтың жұмысын және күйін қадағалау. Технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; вакуумдалу процесін және технологиялық режимді; эжекторлардың, негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникациялардың белгіленуін және сызбасын; құрал- жабдықты күту режимін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
28. Қорыту аппаратшысы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен күрделі емес құрал- жабдықпен жабдықталған учаскелерде қорытудың жекелеген операцияларын орындау. Компоненттерді ұсату, еріту, және аппараттарға тиеу. Дайын өнімді түсіру. Аппараттарды қалдықтан тазарту. Құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.
Білуі тиіс: негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, сынамалар алу ережесін.
29. Қорыту аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес құрал- жабдықпен жабдықталған учаскелерде қорытудың технологиялық процесін жүргізу, немесе неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен жекелеген операцияларын күрделі құрал- жабдықпен жабдықталған учаскелерде қорытудың технологиялық процесін орындау. Шикізатты алдын ала дайындау (ұсату, еріту), реакторларға, автоклавтарға шикізатты тиеу, реациялық массаны берілген температураға дейін қыздыру, араластыру. Қорыту аппараттарына, жинағыштарға, коммуникацияларға, сорғыларға қызмет көрсету. Талдау үшін сынамалар алу. Қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнісін; технологиялық режимді негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, сынамалар алу ережесін.
Жұмыстардың мысалдары.
1. Брикетті массасы (орман химиялық өндірістер), сұйық шыны, майлар, (асбесттік техникалық бұйымдарды сіңдіру үшін), сироптар (дәрумендердің өндірісі), химикаттар (күкіртті бояғыштардың, грампластинкалардың және басқ. өндірісі) – қорыту процесін жүргізу.
2. Магнезия – ақ қорыту процесін жүргізу.
30. Қорыту аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрал- жабдықпен жабдықталған учаскелерде қорытудың технологиялық процесін жүргізу. Процестің температуралық режиміне қажетті түзетулер енгізу. Талдау нәтижелері бойынша, уақытты немесе сыртқы белгілері бойынша процестің аяқталу сәтін анықтау. Қажетті компоненттерді қосу. Дайын өнімді тиеу және тазарту. Технологиялық регламентпен қарастырылған жағдайларда, - дайын өнімді сүзу, тұндыру, булау, кристалдау немесе сілтілендіру. Технологиялық процестің барысын бақылау. Талдаулар жүргізу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнісін; технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін; талдауларды орындау әдістемесін; коммуникациялардың сызбасын
Жұмыс мысалдары
1. Бакелитті лак, топырақтар (түптеу, аяқ киім маталары үшін, калька үшін), пигменттер (көркем бояулар үшін), сәндік әрлеу материалдары – қорыту процесін жүргізу.
2. Магнезия – қара қорыту процесін жүргізу.
3. Химикаттар (күкірт бояғыштары өндірісі)-"Фредеринг" қазандықтарында қорыту.
31. Қорыту аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Ион алмасушы және фенолформальдегидті шайырлар мен лактардың, несепнәр- формальдегидті шайырлардың, полисульфидтардың, полихлорвинилдік пластикаттың, фаолиттың, эпоксидты лактардың және органикалық жартылай өнімдердің өндірістерінде қорыту технологиялық процесін жүргізу немесе бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен күрделі құрал- жабдықпен жабдықталған учаскелерде өнімдерді қорытудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттың мөлшерін есептеу. Құрал- жабдықты жұмысқа дайындау: Лактарды қорыту кезінде - әбден пісіру, еріту, сүзу, суыту, жинағыштарға құйып алу. Қорытудың үйлесімді режимін таңдау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнісін, технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жасау әдістемесін; коммуникациялардың сызбасын; компоненттерді мөлшерлеуді есептеу және қорытудың оңтайлы режимін іріктеу әдістемесін.
32. Айдау аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Булардан кейіннен кристалдаумен қыздыру кезінде оларды бу тәрізді күйге ауыстыру арқылы қатты заттарды айдау- тазартудың, бөлудің немесе бөліп шығарудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау, реакциялық аппаратқа тиеу, жылыту, айдау, конденсациялау, аппаратты босату (қалыптарға құйып алу, қалыптардан түсіру), өлшеу, орау немесе өнімді келесі технологиялық операцияға тапсыру, аппараттарды тазарту. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Бақылау үшін сынамалар алу. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Сублиматорларға, конденсаторларға, диірмендерге, қалдықбөлгіштерге, жинағыштарға, сорғыларға, оттықтарға, коммуникацияларға, бақылау- өлшеу құралдарына және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Шикізатты және алынған өнімнің мөлшерін есепке алу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестің физикалық- химиялық негіздерін, мәнісі пен параметрлерін; процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін; шикізатты және өнімнің шығымын есепке алу ережесін.
33. Айдау аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта бақылау талдауларын, қажетті шикізатты және өнімнің шығымын есептеуді орындаумен айдау процесін жүргізу және неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету немесе электр пештерде фосфорды, аспиринды, салицил қышқылдарын, каломельді, сулеманы, йодты, фталді ангидридты, нафталинды айдау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті бақылау және реттеу. Талдаулар жүргізу.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестің физикалық- химиялық негіздерін, мәнісі мен параметрлерін; процесті реттеу ережесін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін; шикізатты және өнімнің шығымын есептеу әдістемесін.
34. Айдау аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше таза селен мен хлорлы алюминий өндірісінде біруақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен айдау процесін жүргізу. Шикізатты есептеу және мөлшерлеу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Шикізаттың шығындарын және өнімнің шығымын өлшеулер, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес процесті басқару және реттеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептердің алдын алу және жою.
Достарыңызбен бөлісу: |