Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 4.06 Mb.
бет14/23
Дата16.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

252. Еріту аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Полиминералды кендерді сілтімен не қышқылдармен, металдарды (цинк, темір, мыс және басқаларды) қышқылдармен немесе бірмезгілде абсорбцион қондырғысына, мұздату құрылғыларына қызмет көрсетумен немесе бірмезгілде күшту бу қысымының ықпалымен фильтрацияны қолданумен қатар қатты және сұйық заттарды ерітудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау, суару ерітінділерін дайындау, қажет болғанда – қышқылдарды алу. Шикізатты аппаратқа тиеу, қышқылды, суару ерітінділерін, буды, бу-ауа қоспасын, конденсатты, қыздырылған сілтіні беру. Белгілі температураға дейін реакциялық массаны қыздыру, араластыру, алған ерітіндіні ыдысқа құю немесе өндірістің келесі сатысына жіберу. Регламентпен көзделген технологиялық параметрлер режимін реттеу мен бақылау: бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша температураны, ерітінділердің концентрациясы мен қышқылдығын, аппараттағы реакциялық массалардың деңгейін, процесті жүргізудің басқа да көрсеткіштерін реттеу. Шикізаттың мөлшерін, суару ерітіндінің құрамы мен өнім шығымын есептеу. Реакторларға, колонналар мен патравтық мұнараға, қоспалауыштар мен жиынтықтарға, бақылау-өлшеу құрал-жабдыққа, арматураларға, коммуникацияларға қызмет көрсету. Құрал–жабдықтың жеңіл жөндеуін орындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; металл қышқылды ерітудің технологиялық процесі мен оны реттеу амалдарын; қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың құрылысын, бақылау-өлшеу құралы мен оны қолданеу ережелерін; қышқылдардың, металдар мен ерітінділердің физикалық-химиялық қасиетттерін; талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесін; Мемст-ды, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттарын.

253. Регенерациялау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен тұндырмалы ваннаны қалпына келтірудің технологиялық процесінің жеке операцияларын орындау. Тұндырмалы ванналарын иіретін машиналардан қабылдап алып, қалпына келтірілген тұндырмалы ванналарды иіретін машиналарға жіберу. Қабыладу және қысымды барктардағы тұндырмалы ванналардың түсуі мен жіберілуін, қысымды барктардағы тұндырмалы ванналардың температурасын, ерітінділердің тұндырғыштарға және қысымды барктарға берілуін бақылау. Талдау үшін сынамалар алу. Қабылдау және қысымды барктардың, тұндырғыштар мен басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің сызбасын және тұндырмалы ванналарды қалпына келтірудің технологиялық процесін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың, коммуникациялар мен арматураның жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; өнім мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін; технологиялық режімнің параметрлерін; құрал-жабдықтарды күтудің ережелерін.


254. Регенерациялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Спирттер, қышқылдар, сілтілер және органикалық қоспаларды(бензол, толуол, анилин және т.б.) қалпына келтірудің технологиялық процесін жүргізу; тұндырғыш ванналарды қалпына келтірудің технологиялық процесінің жеке операцияларын орындау; немесе вискозды штапел талшығын өндіруде иіріп-өңдейтін агреттарда күкірт көміртегін ажыратудың аппараттарының қызмет көретуі; немесе біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшыны басқаруымен сынапты қалпына келтірудің технологиялық процесін. Қалпына келітірілетін өнімнің концентрациясына сәйкес қалпына келтіру үшін компоненттердің санын кесте бойынша есептеу. Қалпына келтіру өнімдерін аппараттарға тиеу және ваккум, қысылған ауа және сорғылардың көмегімен аппараттардан өз бетімен түсіру. Күлді шығару, тұндырғыштардан шламды құйып тастау, баллондарға металл сынаптарын құю оларды қоймаға тасымалдау. Сілтілеу және қайта тұндыру үшін химиялық заттарды мөлшерлеу. Сынапты шламды дайындау.

Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша қалпына келтіру процесінің берілген параметрлерін (температурасын, қысымын, вакуумның, концентрацияның және т.б.) реттеу мен бақылау. Реакциялық аппараттардың, ретификатталған колонналардың, айдау кубтарының, конденсаторлардың, дефлегматорлардың, центрифугалардың, тоңазытқыштардың, абсорберлердің, сүзбелердің, сорғылардың, бекіту арматурасының, бақылау-өлшеуіш құралдарының және де басқа құрал жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау, олардың алдын алу. Тұндырмалы ванналарды қалпына келтіру кезінде біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқару.

Білуі тиіс:жалпы химияның негіздерін; қалпына келтірудің технологиялық процесін;қызмет көрсететін учаскенің сызбасын; технологиялық процестің параметрелрін, мәнін және негіздерін; технологиялық процесті реттеу және бақылау ережелерін; жұмыс орнында бар негізгі және қосалқы құралдардың, бақылау-өлшеуіш құралдарының жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымы; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; дайын өнім мен қалпына келтірілген өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін;шығынның нормаларын.
255. Регенерациялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен бу-газды қоспадан алынатын күкірт көміртегін қалпына келтірудің технологялық процесін жүргізу немесе қыздыру әдісімен сынап пен күміс каиализаторды тасымалдағыш тұндырмалы ванналарды қалпына келтірудің технологиялық процесін жүргізу. Натрий сілтісін, қайнатылған тұз және азотты қышқыл натрий ерітіндісін дайындау. Сынап шламын қыздыру. Бу-газды қоспаны қабылдау, аралық қоймаға күкірт көміртегін сығу және күкірт көміртегінің бактарындағы деңгейді өлшеу. Жуатын суды, сынапты шламды әкпен залалсыздандыру. Колонкалардағы сілтіні ауыстыру, шлам шұңқырынан күкірт көміртегін ағызып алу. Шолу фонарларын, суды бөлгішті, сілтілі және жуу колонкаларын, күкірт көміртегі шығатын бағытты жуу. Натрий сульфатын қаптарға орау. Қалпына келтірілген тасымалдағышты түсіру, кептіру, қыздыру, вибро елеуіште елеу және орау. Хлолы күмісті өлшеп, орау. Талдау нәтижелері және бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен өткелдер бойынша азот қышқылы мен сілтінің ерітінділерінің, вакуумның, будың, судың және бақлқытпаның температурасы мен қысымның берілу жылдамдығын реттеу және бақылау. Колонкалар бойынша күкірт көміртегінің өтуін, конденсаттың құйылуын және сорып алатын желдтепенің жұмысын қадағалау. Жұмыс нұсқаулығында қарастырылған қорытынды талдаулар жүргізу. Жылытқыштардың, еріткіштердің, буландыру аппараттарының, төрт сатылы көлденең және буландыру айналымды кристаллдандырғыштардың, кептіру агрегаттарының, орау машиналарының және басқа да қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Сынапты қалпына келтіру кезінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: қалпына келтірудің технологиялық процесі мен қызмет көрсететін учаскенің сызбасын; технологиялық режімнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; бақылау-өлшеу құралдарының, құрал-жабдықтардың пайдалану ережелері мен құрылымын; арматура мен коммуникациялардың сызбасын; дайын өнім мен қалпына келтірілген өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін; талдаулар орындау әдістемісін; орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарлық істі.


256. Регенерациялау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Электрхимиялық әдіспен нитрон талшықтарын, күкірт көміртегін, сынапты өндіруде тұндырмалы ванналарды, күміс катализаторды тасымалдағышты қалпына келтірудің технологиялық процесін жүргізу. Азотты қышқыл натрийінің, қайнатылған тұздың және натрийлі сілтілердің ерітінділерін концентрациялауды, талдау нәтижелері бойынша тұндырмалы ваннаға компоненттерді қосуды, иіру үшін талап етілетін тұндырмалы ваннаның көлемін, сілтінің шығыны мен күкірт көміртегінің шығуын есептеу. Шикізат пен материалдардың түсуі мен шығынын, дайын өнімнің шығуын есептеу. Күкірт көміртегін, тұндырмалы ваннаны қалпына келтіру процесін, тұндырмалы ваннадан шыққан натрий сульфатын кристаллдауды және иірмелі машиналардың тұндырмалы ваннамен үздіксіз қамтамасыз етуді реттеу және бақылау. Процестің барлық кезеңдерінде сынапты шламнан тазалаудың толықтығын бақылау. Сынапты электролиздегіш пен басқа құрал-жабдықтардың, сондай-ақ бақылау-өлшеуіш құралдары, арматура мен коммуникациялардың қызмет көрсетуі. «Лурги» түріндегі аппараттарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшыларға және қышқылды стансаның барлық учаскесіне басшылық ету. Барлық учаскедегі коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың ақаулықтарын анықтау және алдын-алу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету және жұмысын үйлестіру.

Білуі тиіс: қалпына келтірудің технологиялық процесін; қызмет көрсететін учаскенің сызбасын; тұндыру, хлорлау, электролиздеу физикалық-химиялық процестердің мәнін оларды реттеудің әдістерін; қызмет көрсететін бақылау-өлшеу құралдарының, құрал-жабдықтардың кинематикалық сызбасын; технологиялық процестің параметрлерін және процесті реттеу мен бақылаудың ережелерін; дайын өнім және қалпына келтірілген өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін; талдау жүргізу әдістемесін және есептеме жүргізу әдістемесін; дайын өнім және шикізатқа қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарды; құрал-жабдықтарға алдын-алу тексерулерін жүргізудің әдістерін.


257. Рекуперлеу аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшының басқаруымен рекуператтаудың технологиялық процесін жүргізу. Құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындауға қатысу. Булы-әуе қоспасының келуін қадағалау. Сынамалар алу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау. Құрал-жабдықтарды тазалау және жуу.

Білуі тиіс: технологиялық процестің мәне мен режімін; процесті реттеу ережелерін; құрал-жабдықтардың құрылымын.


258. Рекуперлеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен ішінде катализатор болғандағы газды фазадағы қоспалардан химиялық өнімдердің бөлінуі немесе рекуператтаудың процесін жүргізу, сондай-ақ ерітінділерді ректификаттау және рекуперациялаудың процесін жүргізу. Құрал-жабдықтарды дайындау - айыру, суыту, абсорбациялау жүйелерінің істен шықпауын тексеру. Абсорберлер мен буларды буландыру, ажырату және суыту, суды бөлу үшін қоспаларды айырып, конденсациялау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Егер бар болғанда, неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: технологиялық процестің режімін және рекуперациялау процесінің мәнін; процесті реттеу ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-жабдықтардың құрылымын; сынамалар алу ережесін.


259. Рекуперлеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ерітінділерді ректификаттау және рекуператтаудың технологиялық процесін жүргізу. Құрал-жабдықтарды дайындау – ретификаттау, суыту, конденсациялау, адсорбциялау жүйлеренің дұрыстығын тексеру. Булы-әуе қоспаларын аппаратқа беру. Адсорбердегі ерітінді буларының қоюлығын, айыруды, ерітінділердің адсорбцияланған буларын булауды, ерітінділер булары қоспаларын және конденсаторлардағы суды конденсаттауды, залалсыздандыруды қадағалау. Ректификаттау арқылы өнімді бөлу және оны технологиялық процеске қайтару. Жуылатын ерітіндіні рециркуляциялау жолымен адсорбердегі белсендірілген көмірді жуу. Температура мен ауалы-булы қоспаларды беруді реттеу және бақылау. Рекуперацияланған құрылғылардың, ауаны үрлегіштердің, адсорберлердің, тоңазытқыштардың, сорғылардың және басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Рекуперацияланған өнімнің есебін жүргізу. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және олардың алдын-алу.

Білуі тиіс: ерітінділерді ректификаттау мен рекуперациялаудың технологиялық процесін; қызмет көрсететін бақылау-өлшеу құралдарының және құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; алынған өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режімнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; құрал-жабдықтарды күтудің; сынамалар алу ережесін.


260. Рекуперлеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларды басқарумен қатар ректификаттау және рекуперациялаудың процесін жүргізу.

Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмысы мен күй-жайын қадағалау. Қадағалау және талдау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: ерітінділерді ректификаттау мен рекуперациялаудың технологиялық процесін; бақылау-өлшеу құралдарын және құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін, олардың құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; алынған өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режімнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; құрал-жабдықтарды күту режімін; сынамалар алу ережесін.
261. Сатуралау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен сатуралаудың технологиялық процесін жүргізу. Құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау. Қоспаларды аппараттарға беру. Сынамалар алу. Қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмысын қадағалау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздерін; қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; сынамалар алу ережесін.


262. Сатуралау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Газды су-буымен қоюландыру немесе конденсатты (аммиакпен қоюлатылған) сатуралаудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша температура, қысым және газ сапасын, ерітінді деңгейін, ерітінді ішінде аммиактың болуын және қойртпақтағы кристалл санын, ерітінділердің қоюлануын, амииактың, экспанзерлі газдың, судың, будың берілуін және процестің басқа да көрсеткіштерін реттеу және бақылау. Күмбездері үрлеп тазарту. Қорытынды талдаулар жүргізу. Сатураторлар, амииакты адсорберлер, сатуратты су жылытқыш және конденсаттанған күмбез, сорғылар, декантатер, тоңазытқыш, компрессор және басқа қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмысын бақылау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау. Дайын өнімнің шығуы мен компоненттердің шығынын есептеу. Өндірістік журналға жазба жүргізу.

Білуі тиіс: технологиялық процестің мәні мен физикалық-химиялық негізін және газды конверсиялаудың немесе көмір аммоний тұзын алудың технологиялық сызбасын; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысын және коммуникациялар сызбасын; бумен қаныққан экспазерлі газ, аммиактың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режімді, процесті реттеу ережелерін; талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесін.


263. Сепарациялау аппаратшысы

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Пластмасс өнімдерінің ақауларынан алынған ұнтақ пен ағаш ұнтағын сепаратордан өткізу процесін жүргізу. Шикізатты тиеу және дайындау. Өнімді түсіру. Құрал-жабдықтарды тазалау және жуу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: сепаратордан өткізудің технологиялық процесін; қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; коммуникациялар сызбасын.


264. Сепарациялау ппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымды сепараторларда қатты өнімдер, газ қоспаларын, сұйық, эмульсияны, суспензияны сепаратордан өткізу процесінің жеке операцияларын орындау. Шикізатты дайындау. Өзіндік немесе вакууммен сорғылар, қысылған ауаның көмегімен сепараторларды тиеу. Технологиялық құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Өзіндік немесе вакууммен, қысылған ауа, сорғылардың көмегімен өнімді түсіру. Қажет болған жағдайда – жұмысқа стерилденген және жартылай стерилденген жағдай жасау үшін құрал-жабдықтарды және жайларды дезинфекциялау. Сынамалар алу.

Білуі тиіс: сепаратордан өткізудің технологиялық процесін; технологиялық режімнің параметрлерін; қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар сызбасын; сынамалар алу ережесін.


265. Сепарациялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымды сепараторларда қатты өнімдер, газ қоспаларын, сұйық, эмульсияны, суспензияны сепаратордан өткізу процесінің жеке операцияларын орындау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша сепараторлардағы деңгейі мен қысымын, айналым жылдамдығын, көзбен шолу арқылы бөлінетін сұйықтың үлес салмағын реттеу. Сепаратордан өткізу процесімен қарастырылған параметрлерінен ауытқудың себептерін анықтау және алдын алу. Жұмыс нұсқаулығы бойынша талдаулар жүргізу. Технологиялық құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі: әуе, сұйықтық, айналым және басқа да сепаратор түрлері, бөлу колонналары, реторт, циклондар, жуу аппараттары, экстракторлар, тұндырғыштар, дезинтеграторлар, жинағыштар, бақылау-өлшеу құралдары, арматуралар, коммуникациялар және басқа құралдары. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: сепаратордан өткізудің технологиялық процесін; технологиялық режімнің параметрлерін; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын; коммуникациялар сызбасын; бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережелерін; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін .


266. Сепарациялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Көп камералы және электрлі-магнитті сепараторларымен, үздіксіз жұмыс істейтін флорентилі ыдыстармен сепараторлаудың технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ биосинтез және бактериялы, вирусты өнімдерді өндіруде сепараторлау және неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Шикізатты қабылдау. Оны аппараттарға мөлшерлеу.Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, құрал-жабдықтардың жұмысы мен күй-жайын қадағалау. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Қорытынды талдаулар жүргізу.

Білуі тиіс: сепаратордан өткізудің технологиялық процесін; технологиялық режімнің параметрлерін; бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-жабдықтардың қызмет көрсету ережелерін және құрылымын; коммуникациялар сызбасын; сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін .
267. Жағу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымды өртеу пештерінде ашық көк түсті және қатты қалдықтарды, қалдық газды өртеудің технологиялық процесін жүргізу. Газды, өнеркәсіп ағындарды, ашық көк түсті қалдықтарды, қатты қалдықтарды пешке беру. Пештерді талап етілетін қажетті режімге жеткізу. Көзбен шолу, талдау нәтижелері және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы отын мен қалдық газдарды, өнеркәсіптік ағынды, ашық көк түсті қылдықтарды, қатты қалдықты, ауаны өртеу пешіне беруді, жинағыштардағы деңгейді, өртеу камерасындағы температураны және түтінді газдардың температурасын реттеу және бақылау. Өртеу пештері, сорғылар, желдеткіштер, жинағыштар, құбырлар, түтін сорғылар және басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі.

Білуі тиіс: өртеудің технологиялық процестің сызбасы мен физикалық-химиялық негіздерін; құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; коммуникациялар және бақылау-өлшеу құралдарының сызбасын; отын газдары мен өртейтін өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін; процесті реттеудің ережелері мен режімін.


268. Жағу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымды өртеу пештерінде ашық көк түсті және қатты қалдықтарды, қалдық газды өртеудің технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ жылу энергиясы мен химиялық шикізатқа қайта өңдеуге технологиялық түрде байланыспайтын химиялық өндірістің сұйық, қатты және газтәріздес қалдықтарын өртеуге арналған түрлі жүйедегі күрделі құрылғылардың қызмет көрсетуі. Жинағыштарға ашық көк түсті қалдықтарды қабылдау. Газды қабылдау, газды үлестіретін құрылғының газ құбырларының қызмет көрсетуі және оны келтіру. Өртеу пештерінің бекіту жүйелерін тексеру. Пештің жану камерасындағы температураны реттеудің автоматты жүйесін басқару. Технологиялық режімнің қалыптан ауытқуының, құрал-жабдықтар, коммуникациялар, газ үлестіргіш құрылғылардың істен шығуының себептерін анықтап, олардың алдын-алу. Пештің апатты түрінде тоқтауы, апатты жою бойынша шара қолдану. Факелді шаруашылықтың қызмет көрсетуі. Отын, өртейтін газ, ашық көк түсті қалдықтар, өнеркәсіп ағындары және қатты қалдықтардың есебі.

Білуі тиіс: өртеудің технологиялық процесінің сызбасын және физикалық-химиялық негіздерін; бақылау-өлшеу құралдарының және коммуникацияның сызбасын; отын газдары мен өртейтін заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін; процесті реттеу ережелері мен режімін; реттеудің автоматты және блоктау жүйелерін.


269. Жағу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қатты, сұйық және газ тәріздес отында жұмыс істейтін жылу энергиясының қайта өңделуімен технологиялық байланысқан, химиялық өндірістің сұйық, қатты және газтәріздес қалдықтарын бөлек және біруақытта өртеу үшін түрлі жүйенің аса күрделі емес құрылғыларында технологиялық процесті жүргізу. Кезекті немесе параллельді қосу, режімге шығару және әр-түрлі жүйені тоқтату. Орталықтан тепкіш желдеткіштерді, түтін сорғылары және әр-түрлі сорғыларды қосу және тоқтату. Жану процесін реттеу. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмысын қадағалау. Қорек желілері мен шиберлерін ауыстырып қосу, өртеу құрылғыларын, оның көмекші құрал-жабдықтары мен механизмдеріне алдын-алу тексеруді жүргізу. Жоспарлы-алдын-алу жөндеу жұмыстарына қатысу. Құрылғылар мен оның көмекші құрал-жабдықтарын жөндеу жұмыстарынан қабылдау, оларды жұмысқа дайындау.

Білуі тиіс: Химиялық өндірістің сұйық, қатты және газтәріздес қалдықтарын өртеудің технологиялық процестерін; шикізат пен энергияны қайта өңдеудің технологиялық процестерін; құрылғылар мен көмекші механизмдерінің құрылымын; қолданатын отын және химиялық өндіріс қалдықтарының физикалық-химиялық қасиеттерін; жанудың оңтайлы режімдерін анықтау әдістерін; бақылау-өлшеу құралдарын, реттеудің және блоктаудың автоматты жүйелерін қолданудың әдістері мен шарттарын.


270. Синтездеу аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен синтездің технологиялық процесінің жеке операцияларын орындау. Шикізатты жеткізу, көбікті шайқау, қара майды кесектерге кесу, лакты негіздерді синтездеу процесінде қара майды қоймаға ауыстыру. Фотоэмульсияны қоймалжыңдау және қоймалжың дайындығын көзбен шолу арқылы анықтау. Қараңғыда немесе ниактинді жарықта кескіш машинкаларында фотоэмульсияны ұсату. Дайын фото эмульсияны өлшеу және сақтау камерасына тапсыру. Фотоэмульсияның қоймалжыңдану кюветін тиеу және шығару. Қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтың жұмысын бақылау. Құрамында күміс бар қалдықтарды жинау. Фотоэмульсияны сақтау және шығару үшін тара дайындау.

Білуі тиіс:технологиялық сызбаны; қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және коммуникациялардың құрылысын; фотоэмульсияның әр сұрыбы үшін жарықты техникалық режімді; жұмыс әдістерін.


271. Синтездеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен синтездің технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау, өнімді шығару. Талдау үшін сынамалар алу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштеріне қарай вакуумды, бу және басқа коммуникацияларды жабу. Механизмдер мен құрал-жабдықтарды жуу, тазалау және майлау.

Білуі тиіс: жартылай фабрикаттар мен шикізаттардың негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; органикалық және органикалық емес синтез әдісімен алынған өнімдердің физикалық-химиялық негіздерін; қызмет көрсетілетін аппараттардың жұмыс істеу қағидасын.


272. Синтездеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Дайын өнім мен жартылай фабрикатты алғанға дейін синтездің (гидробромдау, ацитилдеу, диазоттау, нитраттау, бисульфаттау, қалпына келтіру, хлорлау, арсенаттау, сабындау және т.б.) технологиялық процесінің бір-екі химиялық сатысын, сондай-ақ оларға жалғаспалы процестерді жүргізу. Шикізатты қабылдау, органалептикалық және талдау нәтижелері бойынша оның сапасын тексеру. Бекітілген жүйелілік пен мөлшерлеуді сақтай отырып, қатаң рецептура бойынша жартылай фабрикаттар мен шикізатты аппараттарға тиеу, мөлшерлеу және есептеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы және талдау нәтижелері бойынша температура, қысым, концентрация, ортаның реакциясы және басқа параметрлерді реттеу және бақылау. Синтез процесінде аппараттарға қосымша шикізат компоненттерін және басқа қоспа мен катализаторларды беруді реттеу. Шаң мен газды тұту, ағын суларды залалсыздандыру. Технологиялық режімнің бекітілген нормаларынан ауытқудың себептерінің алдын-алу және жою. Реакциялық аппараттар, автоклавтар, экстракторлар, колонналар, қоспалауыштар, центрифугалар, кептіргіштер, сүзбелер, жинағыштар, өлшеуіштер, сорғылар және басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Сынамалар алу и қорытынды талдаулар жүргізу. Жартылай фабрикаттар мен шикізаттың шығынын есептеу. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Егер олар бар болса, неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет