Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 4.06 Mb.
бет9/23
Дата16.06.2016
өлшемі4.06 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; арматура және коммуникациялардың сызбасын; өнім, жартылай фабрикат, шикізат және көмекші материалдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім және шикізатқа қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәнін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін.

155. Шөктіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бағдарламалы басқарумен центифугаларда суспензияларды сұйық және қатты фазаларға бөлу және тазартылған сілтіден шыққан күшәнды және фумарлы қышқыл профлавинін, сары фосфорды тұндырудың процесін жүргізу және біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшылардың жұмысын үйлестіру. рН шамасын ұстай отырып, бастапқы ерітінділерді тиеу және мөлшерлеу. Араластырып тұру, тұндыру процесінде өнімді реагенттермен тұндырудың дұрыстығын бірнеше рет бақылап отыру. Стандартты өнімнің шығуын қамтамасыз ету. Жинағышқа суспензияны құю, тұндыру, вакуум-сүзгіге ауыстыру. Құралдарды жабдықтау.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; арматура және коммуникациялардың сызбасын; өнім, жартылай фабрикаттар, шикізат және қосалқы материалдың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәнін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін.
156. Газды кептіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Су буларын күкірт қышқылымен, фосфорлы ангидридтпен, алюмогельмен сіңіру арқылы газды кептірудің технологиялық процесін жүргізу.

Газды тоңазытқыштарда алдын-ала суыту; кептіру күмбездеріне газды өткізу; газды кептіру; кептірілген газды міндеті бойынша ары қарай өткізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері арқылы ережемен қарастылырған технологиялық режимнің параметрлерін реттеу және бақылау: температураны, қысымды, ваккумды, концетрация және т.б. Талдауды жүргізу және сынамаларды алу. Күкірт қышқылын теміржол цистернасынан ыдыстарға ауыстыру; қышқылдың деңгейін өлшеу; фосфорлы ангрдрид, алюмогельді қабылдау. Күкірт қышқылы мен басқа да су мен буды сіңіргіштердің қажетті көлемін есептеу. Кептіру күмбездерінің, компрессорлардың, сорғылардың, бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Дайын өнім мен шикізаттың есебі. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, олардың алдын-алу. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау, жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құралдардың, бақылау-өлшеу аспаптардың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын;өз жұмыс орнындағы арматура мен коммуникациялардың сызбасын; газды кептіру процесінің мәнін; кептіргіштер мен кептіретін газдың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін; технологиялық режим; процесті реттеу ережелерін; сіңіргіштердің (сорып алғыш) қажетті санын есептеу әдістемесін.
157. Газды кептіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Мұздату әдісін қолдана отырып, хлогазды, хлорметилді, ацетиленді кептіру процесін жүргізу, сондай-ақ біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар су буларын күкірт қышқылымен, фосфорлы ангидридтпен, алюмогельмен сіңіру арқылы газды кептірудің технологиялық процесін жүргізу немесе қатты сіңіргіштермен су буларын сіңіру арқылы газды кептірудің технологиялық процесін жүргізу.

Дымқыл газдарды аппараттарға қабылдау, белсенді қалайы тотығымен немесе басқа сіңіргіштермен дымды сіңіру-кептіру; сіңіргішті оның ішінен ыстық газ үрлеу арқылы қалпына келтіру; суық газдың айналымы арқылы рекционды аппаратты суыту; аппараттарды газды кептіру және қалпына келтіруге ауыстырып қосу; жеңіл қара майды жинау және шайқау; кептірілген газды келесі операцияға жіберу.

Реакционды аппараттардың, компрессорлардың, сорғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының және басқа құрал-жабдықтардың жұмысын қадағалау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулық түрлерін анықтау, олардың алдын-алу. Сіңіргіштер мен шикізат шығының есебі.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдардың, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; өз жұмыс орнындағы арматура мен коммуникациялардың сызбасын; сіңіргіштер мен кептірілетін газдың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін; технологический режим и правила регулирования процесса.

158. Газды кептіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар металлды натрий (тұзды әдіспен) өндірісінде газды кептіру және компримирлеу процестерін жүргізу. Газды кептіру бөлімшесінің барлық құрал-жабдықтарының қызмет көрсетуі, газдың шығуы мен сапасын бақылау және синтетикалық спирт өндірісіндегі біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқару.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдардың, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; қызмет көрсететін учаскедегі арматура мен коммуникациялардың сызбасын; сіңіргіштер мен кептірілетін газдардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; талдау жүргізу әдістемесін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін.


159. Сығу аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Вискозды тоқыма жіптерін өндіруде байлау материалдарын немесе куличтерді сығудың процесін жүргізу. Куличтерді центрифугаға салу және шығару,арба түріндегі өңдеу агрегаты центрифугаларының қызмет көрсету кезіндегі пресс-арбалардың баспағын босату. Куличтері бар пресс-арбаларды қозағалатын платформада баспақтан босату механизміне тасымалдау. Қозғалмалы платформаларды, бос арбаларды тасымалдау. Шикі өнімді жалпақ немесе фильтрлейтін маталы қаптарға қалыптау, пакеттерді баспаққа салу. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; сығылатын өнімнің технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; ақаулық түрлерін; құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын және құрылымын; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін.

160. Сығу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әр-түрлі конструкциялы сығу және баспақтау агрегаттарында артық ылғалды механикалық сығу әдісімен тұндырылған өнімді құрғатудың технологиялық процесін жүргізу. Процес фазалары бойынша баспақ қысымын реттеу, өнімді сығу уақытының аяқталуын анықтау. Баспақ қысым шығару, өнімді түсіру, фильтрлейтін арқауды тазарту, дайын өнімді ұсату және ыдыстарға орналастыру.Талдау нәтижелері бойынша және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы өнімнің сапасы мен механизмдердің жұмысын бақылау. Қысымды, өнім сортына және бастапқы ылғалдығына қарай сығудың уақытын реттеу. Жоғары қысымға ие гидравликалық және бұрамдықты баспақтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау, оларды қабылдап алу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; сығылатын өнімнің технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; ақаулық түрлерін; негізгі құрал-жабдықтардың құрылымын; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; жоғары қысыммен жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың қызмет көрсету ережелерін.


161. Сығу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сығу және кептіру агрегаттарының қызмет көрсетуімен қатар сығу және кептірудің технологиялық процесін жүргізу.

Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау, өнімнің шығуы мен шикізатты шығындаудың өлшемі.Талдау нәтижелері арқылы өнім сапасын бағалау. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті жүргізу. Талдау және қадағалау нәтижелері арқылы процеске түзетулер енгізу. Құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау. Оны қосу және тоқтату. Құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалау. Құрал-жабдықтардың кішігірім жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; сығылатын өнімнің технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; бақылау-өлшеу құралдардың және құрал-жабдықтардың құырылымын, олардың сындарлы ерекшеліктерін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; жоғары қысыммен жұмыс істейтін құрал-жабдықтардың қызмет көрсету ережелерін.
162. Тұндыру аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әр түрлі үйлесімі бар аппараттардағы тұндырудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау.Аппараттарды қосу. Шаю, тұндыру. Сынамаларды алу. Шламды шығару, ыдыстарды газсыздандыру. Технологиялық құралдарды жабдықтандыру. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәнін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; өнімдер мен шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін.


163. Тұндыру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшының басшылығымен әр-түрлі үйлесімі бар аппараттардағы тұндырудың технологиялық процесін жүргізу. Суспензияны тұндыру процесіне дайындау. Өнімді тұндырғышқа жіберу. Сұйық және қатты фракцияларға бөлуді жылдамдатуға берілетін суспензиялар мен реагенттердің санын реттеу. Тұндыру. Суспензияның берілген температурасын сақтау. Тұндырылған өнімді шығару немесе тазартылған мөлдір сұйықтықты құйып алу. Тұндырманы шаю, кептіру (сығу).

Моторлар, көтермелердің жұмысын қадағалау. Талдау нәтижелері бойынша технологиялық ережелердің сақталуын бақылау. Технологиялық режимнің қалыптан ауытқуының себептерін анықтау, алдын алу және оларды жою шараларын қолдану. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмысынан қабылдап алу.

Білуі тиіс: өнім өндірудің технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәні мен физикалық-химиялық негіздерін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; өнімдер мен шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың құрылымын; сынамаларды алу ережелерін; коммуникациялардың сызбаларын.
164. Тұндыру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қысыммен сабынсыз бөлікті сабынды заттардан бөлудің технологиялық процесін жүргізу; күшәнды өндіруде сақарлардың сұйық және қатты фазаларын бөлу; немесе Дорра аппараттарында тұндыру жолымен (ерітілмеген қоспаларды) ерітінділерді өлшенген заттардан тазарту; немесе фенол-формальдегидті қара майды өндіруде тұндыру процесін жүргізу.

Тұндырылған өнімді автоцистернаға ауыстырып құю немесе оны өндіріске жіберу. Бақылау-өлшеу құралдары және көзбен шолу арқылы тұндырылатын өнімнің деңгейін қадағалау. Сорғылар, араластыру құралдарының, қоюландырғыштардың жұмысын қадағалау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Талдау нәтижесінде өнімнің сапасын бағалау. Талдау жүргізу. Құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалау. Бақылау-өлшеу құралдарын және технологиялық құралдарды жабдықтау.

Білуі тиіс: өнім өндірудің технологиялық сызбасын; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеуді ережелерін; өнімдер мен шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын Мемлекеттік стандарт; бақылау-өлшеу құралдарын, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды пайдаланудың ережелерін, олардың құрылымын; коммуникациялар сызбасын.
165. Суыту аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі мұздатқыштар (ауа, су, аммиак, тұз ерітінділері, қышқылдар мен сілтілер) арқылы газтәріздес, сұйық және қатты заттарды тоңазытудың технологиялық процесін жүргізу.

Суыту үшін өнімдерді қабылдау. Су, ауа арқылы суыту; газдарды сұйық түрге айналдыру, аммиакты буландыру, фреонды буландыру және сұйық түрге айналдыру, тұз, қышқыл және сілті ерітінділерін дайындау. Суытылған өнімді тұндыру, өнімді құйып келесі операцияға жіберу. Суықты ары қарай пайдалану үшін беру. Тұндырғыштар мен мұздатқыштарды шаю. Құйылыстың бағыттарын қысылған ауамен үрлеп тазарту. Талдау нәтижелері және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы технологиялық процесті реттеу. Бақылау үшін сынамаларды алу. Электролизді каустикті суыту кезінде талдау жүргізу. Су конденсаторларының, тоңазытқыштардың, буландырғыштардың, айырғыштардың, тоңазыту барабандарының, сорғылардың, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу құралдарының және басқа да құрал жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, олардың алдын-алу немесе жою. Құрал-жабдықты жөндеу жұмысына дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: суыту учаскесінің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу аспаптары мен қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасы мен құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; салқындатқыш және салқындатылатын өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін.
166. Суыту аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар түрлі хладоагенттермен газтәріздес, сұйық және қатты заттарды суытудың технологиялық процесін жүргізу. Суыту бөлімшесінің жұмысын үйлестіру және бақылау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Қорытынды талдаулар жүргізу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу, реттеу құрылғыларын пайдалана білу. Коммуникациялар, бақылау-өлшеу құралдарының және технологиялық құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.Технологиялық режимнің қалыптан ауытқуының алдын-алу, болдырмау.

Білуі тиіс: суыту учаскесінің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу аспаптары мен қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасы мен құрылымын және пайдалану ережелерін; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; салқындатқыш және салқындатылатын өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; химиялық талдау жүргізу әдістемесін.


167. Газды тазарту аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен газды тазартудың технологиялық процесін жүргізу. Аппараттарға газдың берілуі. Аппараттарды үрлеп тазарту және механикалық сілку. Тұнбаны түсіру. Технологиялық құралдардың қызмет көрсетуі. Сынамаларды алу. Аппараттарды тазалау.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтар жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; газдың қасиеттерін.


168. Газды тазарту аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ауырлық күшінің, орталықтан тепкіш күшінің ықпалымен газды тазарту, оның ішіндегі өлшенген бөлшектерінен тазартудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу.

Түрлі конструкциялы газды тазарту немесе дайын өнімді тұту аппараттардың (тұндырма камералары, тұндырма газжүргіштер, шаңбасқыш камералар, скрубберлер, циклондар т.б.) қызмет көрсетуі. Газдың аппараттарға үздіксіз берілуін, өлшенген бөлшектердің тұндырылуын, газ ағымының берілген жылдамдығын, фильтрация жылдамдығын, газды тазартудың берілген деңгейін, қысымды, температуралық режимді және процес жүргізудің басқа көрсеткіштерін қамтамасыз ету. Шаңды тұту. Газды жою. Өндірістік учаскенің құралдарының қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтардың істен шығуын болдырмау. Нұсқаулықта қарастырылған талдауды орындау. Құрал-жабдықтарды жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтар жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; газдың қасиеттерін; қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәні және физикалық-химиялық негіздері; технологиялық режим және процесті реттеу ережелерін; талдау жүргізу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін.
169. Газды тазарту аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Газды тазартудың орташа күрделі технологиялық процесін жүргізу. Газды қабылдау, оны алдын ала суыту, суландырылатын сұйықтықты аппараттарға беру және біркелкі үлестіру. Суландырылатын сұйықтық пен газдың температурасын, сондай-ақ әр аппараттағы технологиялық режимнің бекіткен шегіндегі концентрациясын сақтау; шаңты тұту, тұманды және басқа да қоспаларды сіңіру. Газды құрғату және құрғатылған газды келесі аппараттураға өткізу. Бүркулерді тұту. Майлар мен ерітінділерді қалпына келтіру. Шайылған сұйықтықты ластану мен суудан қорғау үшін тұндырғыштар мен тоңазытқыштарға жіберу. Температураны, концентрацияны, сіңіру тығыздығын, құрғатылған газдағы берілген ылғалдық пайызын және процесті жүргізетін басқа да көрсеткіштерді реттеу. Есептік функцияларды орындау. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулар себептерін анықтау, олардың алдын алу. Талдау нәтижелері және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы технологиялық процесті реттеу. Шайғыш, құрғатқыш, ылғалдатқыш, компрессорлар, сорғылар, скрубберлер, суландыратын тоңазытқыштар, тұндырғыштар, жинағыштар, газды, қышқылды коммуникациялар және басқа да құралдардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан қабылдап алу.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі құралдардың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын; өз жұмыс орнындағы арматуралар мен коммуникациялар сызбасын; суландыратын сұйықтықтар мен газдың қасиеттерін; қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәнін және физикалық-химиялық негіздерін; талдау жүргізу әдістемесін. технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін.

Жұмыс мысалдары. Мышьяк-содалық тәсілмен, каталитикалық тәсілмен, батпақ кенімен шаю немесе оны аммиак сумен, сумен шаю немесе басқа да инерциялық күштерді қолдану принципі бойынша, сондай-ақ құрғақ және ылғал электр сүзгілерде электр тәсілімен жұмыс істейтін аппараттарда газды тозаңнан, қоспалардан, тұманнан тазарту процесін жүргізу.
170. Газды тазарту аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделі газды тазарту процесін жүргізетін біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар газды тазартудың күрделі технологиялық процесін жүргізу.

Контактілік аппараттардың, газ үрлегіш, коммуникациялар, сутекті контейнерлердің, бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетуі. Майлы және байпасты тоңазытқыштарға суды беру. Сутекті берер алдында ылғалды бөлгіш пен жоғары қысымды бағыттарды азотпен үрлеп тазарту. Құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалау. Абсорберлерде суландыру тығыздығын, жүйедегі кедергіні, температура мен газ концентрациясын, қою және қалпына келген ерітінділерді, температура мен қысым деңгейін, моноэтаноламин ерітінділерін газсыздандыру құрылғыларындағы көмірқышқылдың құрамында сутектің болуын реттеу және бақылау. Құрал-жабдықтар орналасқан жерде және бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштері бойынша дистанционды тетікпен басқару процесін реттеу. Сынамаларды алу және қорытынды талдаулар жүргізу. Ерітінділердің қалпына келуі мен қоюлануының есебін жүргізу, абсорбация процесінде сіңіргіштің қажетті көлемін есептеу, қалпына келтіру жылу алмастырғыштың сіңіру санын есептеу.

Білуі тиіс: шикі аргон, криптонды тазалаудың технологиялық режимінің негіздерін; контактілік аппараттың, газүрлегіш және басқа да негізгі құралдардың конструкциясын; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін;дайын өнім мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнімге қойылатын талаптарды;сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары:

1. Шикізатты тазартып, техникалық аргон мен криптонды алу процесін жүргізу.

2. 32000 м3/сағ және одан да көп өнімділігі бар құрылғыда коксты газдың аммиакты-сілтілі тазартудың процесін жүргізу.

3. Абсорберлерде моноэтаноламин ерітінділерімен аммиак пен метанолды өндіруде конверцияланған газды тазартудың процесін жүргізу.

171. Газды тазарту аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқару, жұмыстар мен бөлімшелерді үйлестіру, газды тазартудың күрделі технологиялық процесін жүргізу.

Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдаулар мен қадағалаудың нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Автоматика жүйесінің жұмысын бақылау. Негізгі құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс :қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдыраның жұмыс істеу қағидасын, қызмет ету ережесін, олардың құрылымын;арматура мен коммуникациялар сызбасын; суландыратын сұйықтықтар мен газдың қасиеттерін; талдау жүргізу әдістемесін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар.


172. Сұйықтықты тазарту аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен сұйықтықты тазарту технологиялық процесінің жеке операцияларын орындау.

Қысымды бактарға, ыдыстарға сұйықтықты қабылдау, реагенттерді аппараттарға тиеу. Сынамаларды алу Аппараттарды шламнан тазарту.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін учаскедегі құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасын, олардың құрылымын; жартылай фабрикаттар мен шикізаттың қасиеттерін.
173. Сұйықтықты тазарту аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тұндыру, залалсыздандыру, коагуляция, фильтрлеу, центрифугадан өткізу, қалпына келтіру жолымен реагенттердің көмегімен ағым суларын фенолсыздау және сұйықты тазартудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу. Тазартылатын сұйықтықты араластыру, қыздыру. Қажет болған жағдайда үрлегіш колонналарға және ваккумға сұйықты ерітілген газдардан тазарту. Талдау нәтижелері бойынша және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы концентрацияны, рН , сұйық деңгейін, қысым, температураны реттеу және бақылау. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдардың, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; өз жұмыс орнындағы арматура мен коммуникациялардың сызбасын; жартылай фабрикаттар мен шикізаттың қасиеттерін; процесті реттеу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін.


174. Сұйықтықты тазарту аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ағым суларын фенолсыздау және сұйықты тазартудың күрделі технологиялық процесін жүргізу және біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшылардың жұмысын басқару. Ерітінділерді дайындау. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Талдаулар жүргізу. Құрал-жабдықтардың, жұмысын күй-жайын қадағалау. Технологиялық режимнің қалыптан ауытқуының себептерін анықтау, олардың алдын алу. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарынан қабылдап алу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдардың, құрал-жабдықтардың құрылымын; арматура, коммуникациялардың сызбасын; дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; процесті реттеу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін.

Жұмыс мысалдары.

1. Антибиотиктер, бакөнімдерін, полиглюкенді және биосинтездің басқа өнімдерін өндіруде сұйықтарды тазарту.

2. Кремнийорганикалық сұйықтықты тазарту.

3. Қышқыл ортада бромтұз ерітіндісін сынаптан гипосульфитпен тазарту.

4. Шарапты-тас қышқылының ерітінділерін тазарту.

5. Сутекті тотықтың ерітінділерін электрохимиялық әдіспен тазарту.

6. Литопон өндіруде цинкті-купоростың ерітінділерін тазарту.
175. Сұйықтықты тазарту аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқару, сұйықтықты тазартудың күрделі технологиялық процесін жүргізу.

Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару. Талдау мен қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Реттеу құрылғыларын басқара білу. Құрал-жабдықтарды жұмыс істеуге дайындау. Құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалау. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет